ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ - ТҮРК УНИВЕРСИТЕТІ ПРЕЗЕНТАЦИЯ




Презентация қосу
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ –ТҮРК УНИВЕРСИТЕТІ

ПРЕЗЕНТАЦИЯ
ТАҚЫРЫП:ҚАЗАҚСТАННЫҢ РЕСЕЙ
ҚОЛАСТЫНА ӨТУIНIҢ АЯҚТАЛУЫ
ЖХБ-211ТОБЫ
ҚАБЫЛДАҒАН:НУРБЕТОВА ГУЛНАРА

2022-2023
• Ұлы жүз Ресейдің қоластына Кіші жүз бен Орта жүзден кейін
өтті. Өйткені XIX ғасырдың 20 жылдары Ұлы жүздің бір бөлігі,
Орта және Кіші жүздердің оңтүстік аймақтары Хиуа және Қоқан,
Бұхар хандықтарының иелігінде болды. Олар Каспий теңізі
жағалауларынан Жетісуға дейінгі жерлерге жиі-жиі шабуыл
жасап отырды.1821 жылы Орта Азия хандықтарына қарсы
Тентектөре басқарған қазақ шаруаларының қозғалысы
басталды. Көтерілісшілер саны 10 мыңнан асып, Түркістан,
Шымкент, Әулиеата, Сайран өңірін қамтыды. Көтерілістің
халықтық сипатынан шошынған феодалдар опасыздықпен Қоқан
жағына шықты, шаруалар көтерілісі қатыгездікпен басылды.
• Верный бекінісінің салынуы XIX ғасырдың 50-жылдарында Қазақ елінің Оңтүстік аудандары мен
қырғыз жерінің Ресейге қосылуын тездетті.Патша үкіметі Оңтүстік Қазақстан өңірінен Қоқан
хандығын ығыстырып, өз бақылауына алу үшін әскери қимылдарын көбірек ұйымдастыра
бастады.1859 жылы Ұлы жүзде тұрғызылған Қастек бекінісі Ресейдің тірегі саналып, Қоқан
ханының шабуылдарына тосқауыл болды.Шу алқабынан полковник Циммерман тобы шабуылдап,
1860 жылы 26 тамызда Тоқмақты, 4 қырқүйекте Пішпекті алды. 1860 жылы 27 қазанда Ұзынағаш
түбінде Алатау округінің билеушісі Г.А.Колпаковский басқарған орыс отряды Қоқан әскерін
жеңеді.1863 жылы Қоңыраттың 4 мыңға жуық, бестаңбалы руының 5 мыңға жуық шаңырағы Ресей
билігін мойындайды.1864 жылы қөктемде Қоқан хандығына қарсы жіберілген патша әскері Шу
алқабын, Мерке, Әулиеата, Түркістан бекіністерін алса, осы жылы 22 қыркүйекте Черняев тобы
Шымкентті алады, ал Ташкентті шілде айында 1865 жылы үш күндік шайқастан кейін алды.1866
жылы Бұхар хандығын орыс әскерлері жаулап, 1867 жылы хандық иеліктері Түркістан генерал-
губернаторлығының құрамына кірді, ал 1868 жылы Қоқан хандығына тәуелді болған қазақ жерлері
Ресей құрамына еніп, Түркістан генерал-губернаторлығына бағындырылды. 1873 жылы Хиуа
хандығының орыс әскерінен жеңілуі Хиуа хандығы билігінен қазақтардың толық бөлініп шығуын
тездетті.Сөйтіп, XIX ғасырдың 30 жылдарынан басталған қазақ елінің Ресей құрамына қосылу
процесі – Ұлы жүздің Ресей империясының құрамына енуімен аяқталды. XIX ғасырдың 60
жылдарында қазақ жері түгелдей Ресей империясының отарына айналды.
• Қазақстанның Ресейге қосылуы үш кезеңнен тұрады:-Бірінші кезең - XVIII ғасырдың 30-шы
жылдарынан басталып 19 ғасырдың 20-шы жылдарына дейін. Бұл жүзжылдықтың ішінде Ресей
мен Қазақ хандығының арасында сауда қарым-қатынасы орнады.-Екінші кезең - XVIII ғасырдың
60-шы жылдары аяқталды. Оның негізгі көрінісі 1822 жылы қабылданған «Сібір қазақтары
туралы Жарғы» мен 1824 жылы қабылданған «Орынбор қазақтары туралы Жарғы». Осы
жарғылардың нәтижесінде хандық билік күшін жойып, Ресей бодандығындағы қазақ өлкесіңде
округтер мен бөлімдер ашылды. Округ басшылары - аға сұлтандар мен сұлтан-правительдер
генерал-губернаторлықтарға бағынды. Өз кезегінде округтерде болыстықтар мен дистанциялар
ашылды.-Үшінші кезең - 1860-шы жылдары басталады. Оның негізгі белгісі Қазақ жерінің
тұтастай Ресей империясының құрамына енуі, облыстарға бөліну, олардың өз кезегінде уездерге
т.б. бөлінуі. Қазақтың саяси элитасы сұлтандар мен билер биліктен біржолата шеттетілді.Ресей
үкіметі өзінің әкімшілік-саяси реформалары арқылы Қазақстандағы дәстүрлі басқару жүйесін
бұзып, көшпелілерді құнарсыз жерлерге ығыстырып, Ресейден келген қара шекпендерге үлкен
жеңілдік берді. 1867-1868 жылдары «Уақытша Ережеден» кейін шексіз билікті алған
отаршылдық саясат кең етек жайды. Сонымен қатар Қазақстаның Ресейге қосылуының
нәтижесінде қазақ көшпелілері айырбас және сауда қатынасын жасайтын мүмкіндікке ие болды,
қазақ ауылдарында сауданың даму барысында капиталистік, өндірістік қатынастар пайда бола
бастады
ҚОРЫТЫНДЫ
• Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы XIX ғасырдың 60-жылдарының соңы мен 70-
жылдарының басына тұспа-тұс келді. Орта Азия хандықтарының езгісіне шыдамаған Ұлы
жүз қазақтары Россия империясының құрамына қосылуға ниет білдіре бастады.

1855 жылға қарай үйсін руы Россия құрамына енді. Россия болса Орта Азия
хандықтарынан қорғану мақсатында өзіне бағынышты болған рулардың жерінде
бекіністер салады. Қоқан хандығымен болған шайқастардың нәтижесінде Ұлы жүз
рулары Россия империясы құрамына енеді.

Бұл 1865 жылы болды. 1866 жылы Бұхара хандығын, 1873 жылы Хиуа хандығын
бағындырғаннан соң, оның құрамындағы қазақтар мен басқа да халықтар Россия
империясы құрамына қосылады.
• ПАЙДАЛЫНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
• Қазақстан тарихы» (көне заманнан
бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том. —
Алматы: Атамұра, 2010.—59ISBN
978-601-282-027-0,1-т.
ISBN 978-601-282-026-3
•НАЗАРЛАРЫҢЫЗ
ҒА
• РАХМЕТ!

Ұқсас жұмыстар
Диуани хихмет
ҚОЖА АХМЕТ ЯССАУИ
Қожа Ахмет Яссауи өмірбаяны
Қысқаша теориялық мәліметтер
Ұлы ғалымның еңбектері
Қожа Ахмет Йасауи кесенесі
Ахмет Ясауи кесенесі
Қожа Ахмет Яссауи - түркістандық ғұлама, әулие
Қожа Ахмет Яссау өмірбаяны
Қожа Ахмет Яссауи сопылық ілімі
Пәндер