Саяси биліктің деңгейлері



Аралық бақылау тапсырмасы
Орындаған: Айтжан Арай
Сапарбаева Дания
Сейтмұратқызы Айдана
Сраж Жұлдызай
Ержан Нұржай
Шымырбай Арайлым
Тексерген: Сарсенбаева Жанар
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Алматы 2022 жыл

САЯСАТТАНУ
сөзі гректің «политика» (саясат) және «логос» (ілім) деген сөздерінен шыққан, саясат туралы ғылым деген мағынаны білдіреді. Ал саясат сөзінің өзі көне грек ұғымдарына негізделген politike - «мемлекетті басқару өнері немесе мемлекеттік істі жүргізу» деген сөзінен алынған.
Дәстүрлі түсінік бойынша саясат дегеніміз, ең алдымен, мемлекеттік және қоғамдық істер, адамдар, әлеуметтік топтар, халықтар мен мен мемлекеттер арасындағы айқын көрінетін және өкімет билігі жөніндегі қатынастармен байланысты қызмет саласын білдіреді.
Саясат - өкімет билігі мен қоғамды басқару тұрғысындағы таптар мен әлеуметтік топтар арасындағы
қатынастардың, қызметтің, тәртіптің, бағдарлардың және комуникациялық байланыстардың сан алуан
әлемі ретінде түсіндірілетін әмбебап қоғамдық сирек ұшырасатын құбылыс.

Саясаттанудың құрылымы мен элементтері
Пәні, Зерттеу обьектісі:
-саясат
-саяси жүйелер
-саяси процестер
-саяси қатынастар
Заңдары:
-жалпы адамзаттық мүдденің таптық, мемлекеттік топтық
мүдделерге қарағанда біріншілігі
-қоғамның саяси жүйесіне тәуелділігі.
Басқа ғылымдармен байланысы:
-философия
-әлеуметтану
-экономика
-мемлекеттік құқық
-тарих
Категориялары
-саясат, саяси билік, саяси жүйе, саяси қатынас, саяси мәдениет, саяси мүдде, саяси күрес, демократия.
-бихетиористтік
Принциптері:
-Жалпы адамзаттық мүдделердің басқа мүдделерден артықшылығын мойындау, саяси ақиқатты есепке алу, басқа ғылымдардың жетістігін талдап пайдалану
Функциялары:
-теориялық танымдық, методологиялық, тәрбиелік, талдау, болжау, өмірге нақты көзқарас қалыптастыру, саяси әрекеттерді зерттеу.

САЯСАТТАНУДЫҢ ӘДІСТЕРІ
ӘЛЕУМЕТТАНУЛЫҚ
ТАРИХИ
САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ
ҚҰРЫЛЫМДЫҚ-ФУНКЦИОНАЛДЫҚ
БИХЕВИОРИСТІК
ЖҮЙЕЛІК
Саясатты қоғам өмірінің экономикалық, әлеуметтік және мәдени деңгейіне байланыстырады.
Саяси құбылыстарды өткендегі, қазіргі және болашақтағы байланысымен айқындай отырып қарастырады.
Түрлі елдердегі саяси құбылыстарды өзара салыстырып, олардың жалпы, ортақ және жеке ерекшеліктерін ажыратуға мүмкіндік береді
Қоғамдағы игілікті ең мол қамтамасыз ететін саяси құрылыстың түрін іздейді.
Жеке адамдармен топтардың іс-әрекетін, адамдардың өздерін өздері қалай ұстауын танып білуге негізделеді.
Саяси құбылыстарды күрделі құрылымның бір бөлігі ретінде зерттейді.

Саясаттанудың қызметі
2. Бағалау қызметі
3. Саяси өмірді жетілдіру қызметі
Ол саяси құрылысқа, институттарға, іс- әрекеттерге және оқиғаларға саяси баға береді. Қоғамдағы саяси оқиға мен құбылыстарды бағалау арқылы көпшілік оны ақтайды немесе қаралайды.
Бұл қызметтің көмегімен заңшығарушы және атқарушы органдар қабылдайтын құқықтық жарғылар мен саяси шешімдер алдын-ала сарапқа салынып зерттеледі.
1. Танымдық қызметі
Саясаттану қоғамдағы оқиғаларды танып білуге олардың саяси мәнін түсінуге және болашақты болжауға мүмкіндік береді.
Демократиялық мемлекеттерде ол азаматтықты, халықтың демократиялық саяси мәдениеттілігін қалыптастырады. Қазіргі кезеңде азаматтарымыздың саяси құндылықтарында қайшылықтық тұстар байқалуда. Бұл саяси әлеуметтендіру жұмысын жетілдіруді қажет етеді.
Бұл қызмет арқылы саясататну ғылымы адамдардың саяси өмірінде өзін- өзі ұстауын іс-әрекетін реттейді. Саяси дамудың бағдарын бақылай отырып саясаттану қоғамдағы оқиғаларды тиімді басқару үшін нақтылы мәліметтер береді
Саяси зерттеулердің құндылығы саяси процестердің үрдісін сол күйінде бейнелеумен тоқтамайды. Ол белгілі бір саяси жағдайларда алдыңғы қатарлы, озық саяси өзгерістер жасауға бағытталған ғылыми болжаумен аяқталуы тиіс.
4. Саяси әлеуметтендіру қызметі
5. Реттеушілік, басқарушылық қызметі
6. Болжау қызметі

САЯСАТТАНУДЫҢ ПАРАДИГМАЛАРЫ
саясатты, билікті құдайдың құдыретімен түсіндіреді, яғни адамға саясат әлемін, саяси қатынастарды түсіндіретін діни пайымдарды Құдай берген деп қабылданады. Теологиялық парадигманың дамуының бастапқы кезеңінде мифология көрнекті орын алды. Бұл парадигма саясаттану ғылымының алғашқы дами бастаған кезеңінде пайда болды
саясатты әлеуметтік сипаты жоқ табиғи себептермен, атап айтқанда, географиялық ортамен, биологиялық және психофизиологиялық ерекшеліктерімен түсіндіреді. Натуралистік парадигма мемлекет пен биліктің шығу тегінің табиғилығын, олардың пайда болуы мен қызмет етуінің табиғи қажеттілігін негізге алады.
саясаттың табиғаты мен пайда болуын әлеуметтік факторлар арқылы түсіндіреді. Қоғамдық өмірдің тұтастай түсінігінен шыға отырып, әлеуметтік парадигма қоғамдық дамуды ішкі қарама қайшылыққа толы үдеріс ретінде қарастырады. Әлеуметтік парадигма топтар мен тап күресі идеологиясының концептуалды тұғыры болып табылады.
ТЕОЛОГИЯЛЫҚ
НАТУРАЛИСТІК
ӘЛЕУМЕТТІК
ТИІМДІ-СЫНИ
Саясаттың табиғатын оның өз ішіндегі себептерімен, қасиеттерімен элементтерімен түсіндіреді. Оны жанжалды және мәлемеге келу парадигмалары деп екіге бөледі.

КӨНЕ ГРЕЦИЯ
Көне Грекия территориясында алғашқы мемлекеттер б. э. д. I мың жылдықта дербес, егеменді қала - мемлекеттер - полистер ретінде пайда болды.
Алғашқы кезең - (б. э. д IX-VI ғғ. ) ол көне грек мемлекеттерінің қалыптасуымен тұспа-тұс келеді және мемлекеттің пайда болуын философиялық-құқықтық (Пифагор, Гераклит) негізде түсіндіру үрдісі қалыптасады
Екінші кезең - (б. э. д. V-IV ғғ. ) грек философиясының өркендеуі мен саясиқұқықтық идеялардың даму кезеңіне сай келеді. Бұл Демокрит, Сократ, Платон, Аристотель заманы еді
Үшінші кезең - эллинизм дәуірі, грек мемлекеттерінің құлдырауы мен грек қала полистерінің әуелі Македонияның, одан кейін Рим империясының қол астына енуімен сипатталады.

ЕЖЕЛГІ ҮНДІСТАНДАҒЫ САЯСИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ІЛІМ.
Біздің заманымыздан бұрынғы 2500 ж. шамасында Инд өзені бойында үнді мәдениетінің негізі қаланды. Көп ұзамай Үндістанға Орталық Азиядан арий тайпалары басып кіріп, шамамен біздің заманымыздан бұрынғы 1500 ж. бүкіл Солтүстік Үндістанды басып алды . Арий өмірі туралы негізгі ақпарат көзі Веда, ол санскрит тілінде жазылған. ( Үндістан ежелгі әдеби тіл )
Үнділерде каста маңызды орын алған. Каста төрт варнаға бөлінген:
Брахмандар
Абыздар, дінбасылар. Аңыз бойынша олар Бхарма құдайының ауызынан түскен.
Кшатрийлер
Әскер, ақсүйектер. Олар Бхарма қолынан жаратылған.
Вашилер
Қатардағы қауым мүшелері. Құдайдың жабасынан туғандар.
Шудралар
Төменгі таптағы адамдар. Құлдардың аяқтары. Олардың ешнәрсеге құқығы болмады.

ЕЖЕЛГІ ҚЫТАЙДАҒЫ САЯСИ ОЙЛАРДЫҢ ДАМУЫ
ДАОСИЗМ
КОНФУЦИЗМ
МОИЗМ
ЛЕГИЗМ
Атақты ойшыл Лао Цзы идеяларына негізделіп құрылған ежелгі Қытай философиялық және діни дәстүрі, Даосизм - табиғат күштерін мойындаудың және онымен үйлесімділікте болудың маңыздылығын қолдайтын теория.
Ежелгі Қытайдағы басты идеялық ағымдардың бірі, саяси-этикалық ілім. Конфузцийшілдіктің негізін қалаушы - Конфуций (б. з. б. 551 - 479), оның көзқарасын ізбасарлары “Лунь ой” (“Әңгімелері мен ой-пікірлер”) кітабында баяндап берген. Конфузцийшілдікке сәйкес, адам тағдырын “аспан” айқындайды және адамдардың «мейірімділерге» және «нашарларға» бөлінуінің өзгеріске ұшырауы мүмкін емес. Жасы кіші үлкенге, қызметі төмен адам жоғары қызметтегі адамға сөзсіз бағынуға тиіс
«Мо мектебі» б. з. д. V-IV ғасырларды құрылған. Ежелгі Қытайлық философиялық - діни ілім. Моизм конфуцийшілдікке қарсы шыққан алғашқы реакцияшылдардың бірі. Осы мектептің негізін салушы, өз атымен аталатын Мо Ди немесе Мо Цзы, Хуайнань Цзының айтуынша, алдымен, конфуцийшілдікті қолдаған, кейіннен оған сыни көзқараспен қарады.
Моизмнің негізгі шығармасы - «Мо-цзы» трактаты.
Ерте легизмнің ірі өкілі Шань ян (б. з. д. 390 - 338 жылдар шамасы) ұсынған реформалардың жобалары мен жарлықтары "Шань цзюнь шу" трактатына ("Шань облысының әміршісі кітабы") енген. Легизм ілімі оның алдындағы тұжырымдамалардан едәуір өзгеше болды. Легистер саясатты дәстүрлі моральдық баяндаудан бас тартып, билікті атқару техникасы туралы ілімді жасады.

ОРТА ҒАСЫР МЕН ҚАЙТА ӨРЛЕУ ДӘУІРІҢДЕГІ САЯСИ ҰҒЫМДАР
Саяси ой тарихында орта ғасырлардағы феодалдық қоғамның орны ерекше. Батыс Еуропада феодализм мың жылдан артыққа созылды (V-XVI ғасырлар) . Бұл дәуірде рухани өмірде дін түгелдей үстемдік етті. Христиан діні феодалдық қоғам көзқарасының өзегі, біртұтас христиан мәдениетінің негізі болды.
Бұл заманда христиан дініне көп еңбек сіңірген Аврелий Августин (354-) еді. Ол христиан фәлсафасының негізгі қағидаларын зерттеп, жетілдірді. Оның саяси көзқарастары "Құдай қаласы туралы" деген еңбегінде баяндалған. Августин барлық әлеуметтік, мемлекеттік және құқықтық мекемелер мен заңдарды адамның күнәсінің нәтижесі деп санады. Оның ойынша, құдай адамға еріктің еркіндігін береді, яғни ол өз бетімен (күнәһар болып) немесе құдай жолымен өмір сүруге мүмкіндігі бар. Соған орай ол адамдарды құдай жолымен және адам жолымен өмір сүрушілер деп екі түрге бөлді. Бұл топтарды рәміз ретінде екі қала деп атайды. Біріншісін, болашақта құдаймен мәңгілік патшалық құратын, екіншісін, жын-шайтандармен бірге мәңгілік жапа шегіп, сазайын тартатын адамдардың екі қоғамы деп түсіндірді.
Христиан дінінің саяси теориясын жасап, шыңына жеткізген монах Фома Аквинский (1225-1274) болды. Оның саяси көзқарастары "Билеушілердің басқаруы туралы", "Теологияның жиынтығы" деген еңбектерінде қаралды. Аквинский өз шығармаларында Аристотельдің көзқарастарын католик дінінің қағидаларына бейімдегісі келді. Фоманың ойынша, билік құдайдың құдіретімен орнайды. Сондықтан патшалык билік жоғары діни билікке бағынуы керек, оның түсіндіруінше, аспанда құдай, жерде Рим папасы билеуі тиіс.

Қайта өрлеу дәуірінің көрнекті өкілі буржуазиялық саяси ғылымның негізін салушы Никколо Макиавелли (1469-) болды. Оның атақты шығармалары "Патша", "Тит Ливийдің бірінші онкүндігі жөнінде ойлар", "Флоренцияның тарихы".
Макиавелли діни көзқарасқа қарсы болды. Шындықтың белгісі сенім емес, тәжірибе деп білді. Ол мемлекет деген атауды ғылымға, әдебиетке бірінші боп кіргізді. Мемлекетті билік жүргізуші мен оған бағыныштылардың қарым-қатынасы деп ұқты. Ол республикалық мемлекетті, еркіндікті, тендікті қалады. Мемлекет ерікті болса ғана қуатты, абыройлы бола алады. Патша рақымсыз, сараң, опасыз, қаһар болмай, қайырымды, адал, қамқоршыл, мырза болуға тырысуы керек. Бірақ елдің бірлігі мен қол астындағы адамдардың берілгендігіне келгенде, Макиавелли әділдік пен адамгершілік емес, алға қойған саяси мақсат тұрғысынан карады. Ол мақсатқа жету үшін амал, айланың қай түрін болса да қолдануға кеңес берді. Мемлекеттің басын қосып, жаңарту үшін сөзге түсінбейтін кертартпалармен күресте жауыздық пен күшті пайдалануға болады. Қаталдық өзіңе бағыныштылардың пайдасы үшін бір-ақ peт қолданылуы керек. Бірақ Макиавеллидің бұл ескертпесі көп жағдайда еске алынбай, "мақсат әдіс, тәсілді ақтайды" деген қағида кейін макиавеллизм деген атпен тарап кетті. Қайбір жауыз патшалар Макиавелли де қаталдықты қолдаған деп, өздерінің қара ниеттерін ақтағылары келеді.

ЖАҢА ЗАМАҢДАҒЫ САЯСИ ОЙ
XVII ғасырда буржуазиялық революция Еуропа көлемінде ең бірінші Англияда болды. Ол феодализмге күйрете соққы беріп, капиталистік қатынастардың тез дамуына жол ашты.
Бұл дәуірдің көрнекті өкілдерінің бірі ағылшын ойшылы Томас Гоббс (1588-) еді. Оның ойынша, мемлекет қоғамдық келісімнің негізінде жалпыға бірдей бейбіт өмір мен қауіпсіздікті сақтау үшін пайда болды. Қоғамдық келісім бойынша патшаға (не мемлекет ұйымдарына) жеке адамдардың кұқы тапсырылады. Адамдар өз тілектері мен еріктерін шектеп, барлық билікті мемлекетке берді. Ол монархиялық мемлекетті ұнатты.
Франциядағы буржуазиялық революцияның көрнекті өкілі Шарль Луи Монтескье (1689-) әр халыктың адамгершілік бейнесін, оның заңдарының айырмашылығын, қоғамның дамуын географиялық ортаға (ауа райына, топырағына, жер бедеріне, көлеміне, т. б. ) байланыстырды. Бостандық -заң неге ерік берсе, соны істеу. Саяси бостандық экономиканың, өндірістің, сауданың дамуына әсер етеді. Ол сөз, баспасөз, ұждан бостандығын жақтады. Мемлекет азаматтарды өмірге қажетті қаражаттармен қамтамасыз етуге міндетті. Бостандықты баянды ету мақсатында және төнкерістерге жол бермеу үшін билікті заң шығаратын, атқарушы және сот билігі етіп бөлу керек деді.

Францияның тағы бір ойшылы - Жан-Жак Руссо (1712-1778) ұсақ буржуазияның шаруалардың мүддесін қорғады. Ол еркіндік пен теңдікті ең жоғары игілік деп санады. Мемлекет шектен тыс байлық пен кедейлікке жібермей, адамдар арасында теңдікті сақтауы керек.
Американың ойшылы Томас Джефферсон (1743-1826) . 0л Америка Құрама Штатының "Тәуелсіздік декларадиясын" жазды. Декларацияда адамдардың табиғи құқығы мемлекет белгілеген зандардан жоғары түруы керек. Жаратушы барлық адамдарды тең етіп жаратты және олардың өмірге, бостандыққа, бақытқа тырысуына құқығы бар делінген.
Томас Пейн (1737-1809) . Ол Америка халқын азаттық күреске шақырды. Ол бірінші болып қоғам мен мемлекетті ажыратты. Оның ойынша, мемлекетті қоғам тудырды. Үкіметтің мақсаты қауіпсіздікпен бостандықты қамтамасыз ету. Пейн соғысқа қарсы болды, бейбітшілікті жақтады.
Германияның ойшылы Иммануил Кант (1724-1804) . Оның "Космополиттік көзқарас жөніндегі жалпы тарихтың идеялары", "Өмірлік бейбітшілікке" деген еңбектері бар. Оның ойынша адам бір іс бастағанда өнегелік, адамгершілік заңын басшылыққа алу керек. Ол басып алушылықты, тонаушылық соғысты, оған дайындықты әшкерледі. Мемлекеттер арасындағы халық аралық сауда мен өзара қарым-қатынасты бейбітшілікті орнату мен сақтаудың құралы деп білді.
Жаңа замандағы саяси ой пікірлер

ЖАЛПЫ САЯСИ ОЙЛАРДЫҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ МЕН ОЙШЫЛДАРЫ
Ерте дүние
Конфуций, Будда, Заратустра, Иеремия, Пифагор, Демокрит, Платон, Аристотель.
Ортағасырлық
А. Августин, Ф. Аквинский, М Лютер.
Қайта өрлеу
Н. Макиавелли, Томас Мор, ТКампанелла, Т. Гоббс, Д. Уинстенли, Джон Локк.
Ағарту
Ш. Монтескье, Вольтер, Ж. Ж. Руссо, Д. Дидро, К-Гельвеци, Ж. Ламетри, Ж. Мелье, Морелли, Г. Мабли, Р. Н. Радишев
Жаңа және жаңаша уақыт
. Кант, И. Фихте, Ф. Шеллинг, Г. Гегель, К. СенСимон, Ш. Фурье, Р. Оуэн, Н. Чернышевский, АХерцен, В. Белинский, Н. Добролюбов, К. Маркс, Ф. Энгельс, В. И. Ленин. Казак ойшылдары

ЖАҢА ЗАМАНДАҒЫ САЯСИ ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
1. ХVIII ғ. аяғы - XIX ғ. басындағы "Философиялық революция": И. Кант, И. Вихте, Ф. Шеллинг, Гегельдің саяси ілімі азаматтық қоғам, мемлекет, үш үкімет, тәуелсіздік, әлемдік Рух;
2. Сыншыл утопиялық-социализм - Сен-Симон, Ш. Фурье, Р. Оуэн; капитализмді күрт сынау, қоғамдық меншіктің пайдасына бола жекеменшікті жоққа шығару, еңбек басты тұтыным жеке адамның дамуы революцияны жокқа шығару.
3. Революциялық демократиялық утопиялық социализм-Н. Чернышевский, А. Герцен, В. Белинский, Н. Добролюбов. Қоғамды революцпялық жолмен жаңартуды қолдау, халықтың күшіне сену орыс шаруаларының қауымдастығы негізіндегі социализм.
4. Марксизм-ленинизм - К. Маркс, Ф. Энгельс, В. И. Ленин. Капитализмнің тарихи күйреуінің сөздігі және комунистік қоғам құру Әлеуметтік социалистік революция және социализм теориялары. Әлемдік революциялық процесс. Социализм құрылысының жолдары.

БИЛІК ТУРАЛЫ
Шығыстың көрнекті ойшылы Ибн-Халдун (1332-1406) - адамның басқа жан-жануарлардан ерекшелігі - ол билік үшін күреседі.
Ағылшын философы, қоғам қайраткері Бертран Рассель (1872-1970) - физикада басты ұғым энергия болса, қоғамдық ғылымдарда негізгі ұғым билік.
Американдық әлеуметтанушы Талкотт Парсонс (1902 - 1979) - экономикалық жүйеде ақша қандай орын алса, саяси жүйеде билік те соншалықты орын алады.

Билік - саясаттанудағы негізгі түсініктердің бірі. Оны саяси құрылым саяси қозғалыс және саясаттың өзін түсінудің кілті деуге болады. Билік түсінігінің анықтамасы, оның мәні мен сипаты мемлекет пен саясаттың табиғатын танудың маңызды шарты. Сонымен бірге оның бүкіл қоғамдық қатынастардың ішінен саясатпен саяси қатынастарды бөліп қарастыруға мүмкіндік беретінін айту керек.
Билік өз еркіңді жүзеге асыруға қабілеттілік пен мүмкіндік, адамдардың жүріс-тұрысы, ісәрекетіне қайсыбір амал-әдістер - бедел, құқық, күштеу арқылы шешуші ықпал ету.
САЯСИ БИЛІК

Бихевиористік
Телеогиялық
Конфликтілік
Структуралистік
Инструменталистік
Бұл анықтама бойынша билік адамдардың мінез-құлқына әсер ету мүмкіндігіне негізделген айрықша мінез-құлық түрі болып табылады.
Ол бойынша, билік алға қойған мақсатқа сәйкес белгілі бір нәтижеге жету.
Инструменталистік билік анықтамасы бойынша билік белгілі шаралар қолдану құралы ретінде қарастырылады, мәселен зорлық, күштеу т. б.
билік жүргізушілер мен бағынушылар арасындағы айрықша бір қатынастың көрінісі ретінде түсіндіріледі. Яғни ол біреулердің екінші біреулерге ықпал жасауы.
Конфликтілік билік анықтамасы бойынша иеліктерді даулы жағыдайларда бөлісуді үйлестіру құралы ретінде түсіндіріледі.
САЯСИ БИЛІКТІҢ АНЫҚТАМАЛАРЫ

БИЛІКТІҢ ЛЕГИТИМДІЛІГІНІҢ ТҮРЛЕРІ:
Дəстүрлі - салт-дəстүр, əдет-ғұрып беделіне, олардың сақталуына негізделеді. Салт-дəстүрлер реттеуші рөлді ғана атқармайды, сонымен қатар олар тарихи процестердің тұтастығын, ұрпақ жалғастығын қамтамасыз етеді. Дəстүрлі легитимдік монархияға тəн.
а) патриархалды - туыстық қатынастарға тəн;
б) патримониализм - билеушінің дəстүрден белгілі бір дəрежедегі еркіндігі (əскерге жəне əкімшіліктік аппаратқа қажеттілік туындайды) ; в) сұлтандық - патримониализмнің түрі. Шығыс елдеріне тəн; .
Харизматикалық - харизма грек тілінен аударғанда құдайдың берген сыйы, сүйкімділік - саяси қайраткердің ерекше, мінсіз қасиеттеріне соқыр сенімге негізделген. Мұндай сапа, қасиет ретінде ақыл, парасат, кемеңгерлік, ермінезділік жəне т. б. саналады. Харизматикалық, осылайша, қандай да бір жоғары, тіпті мистикалық қасиеттерді бойында бар деп санайтын көшбасшыға берілуден туындаған билік
Рационалды-құқықтық легитимділік - демократиялық билікке тəн. Легитимділіктің бұл типінің көзі болып адамдарды билік шешімдеріне бағынуға үндейтін, демократиялық процедуралардың негізінде, яғни жалпы қабылданған ережелер бойынша қалыптасқан, рационалды түсініктегі қызығушылық табылады. Мəселе жетекшінің жеке басында емес, билік өкілдері əрекет ететін заңдарға бағынатын мемлекет турасында болып отыр.

БИЛІКТІҢ РЕСУРСТАРЫ
экономикалық (материалдық қажеттіліктер)
қоғамдық және өзіндік өндіріс пен тұтыну үшін қажетті керек-жарақ құндылықтары: ақша, техника, құнарлы жерлер, пайдалы қазбалар, т. б.
әлеуметтік (статусты өзгертуге арналған құралдар)
қызмет орнын, дәрежені, білім беру, дәрігерлік қызмет, әлеуметтік тұрғыдан қамтамасыз ету, т. б.
күш ресурстары (әскер, қару жарақ, полиция)
күш көрсету арқылы көндіру қондырымдары арнайы дайындалған адамдар: әскер, полиция, қауіпсіздік сақтау ісіндегі қызмет орындары, сот, прокуратура, ғимараттары, қару-жарағы, техникасы, абақтылары, т. б.
- ақпараттық (білім және ақпараттық құралдар)
білім мен ақпарат, оларды қабыладау мен таратудың құралдары: ғылым мен білім мекемелері, бұқаралық ақпарат құралдары, т. б.
демографиалық (адам- ең негізгі әләуметтік құрал) .
бұл ресурсқа адам жатады.

саяси, идеологиялық, əлеуметтік, экономикалық, заңды, зайырлы жəне рухани (діни)
мемлекеттік, халықаралық, отбасылық жəне т. б.
қоғамдық, кластық, партиялық, жеке
тоталитарлық, деспотиялық, бюрократиялық, авторитарлық, демократиялық жəне т. с. с
құл иеленушілік, феодалдық, буржуазиялық, социалистік жəне т. б.
экономикалық, əлеуметтік, рухани-ақпараттық, мəжбүрлеу
Қызмет ету аумағы бойынша:
Прерогатив көлемі бойынша:
Билік нысаны бойынша:
Басқару тəртібі бойынша:
Әлеуметтік типі бойынша:
Ресурстары бойынша:
БИЛІКТІҢ ЖІКТЕЛУІ

БИЛІК ТҮРІ
Саяси билік
таптық, топтық жеке адамның саясатта тұжырымдалған өз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді
Мемлекттік билік
барлық адамдарға міндетті заңдарды шығаруға жеке-дара құқығы бар заңдар мен ұйымдарды сақтау үшін ерекше күштеу аппаратына сүйенетін саяси биліктің түрі жатады

Биліктің функциялары
ҚОҒАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕРДІ БАСҚАРУ
ҮСТЕМДІК ЕТУ, БИЛІК СУБЪЕКТІСІН ТОЛЫҚ БАҒЫНДЫРУ
ИНДИВИДТЕРДІ, ТОПТАРДЫ, ҚОҒАМДЫ МАҢЫЗДЫ МАҚСАТТАРҒА ЖЕТУГЕ ЖҰМЫЛДЫРУ
ҚОҒАМ ДЫҚ МІНДЕТТЕРДІ ОРЫНДАУҒА ҚАТЫСТЫ ІС-ӘРЕКЕТТЕРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ, ҮЙЛЕСТІРУ
ҚОҒАМДЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ РЕТТЕУ

Демократиялық қоғамдарда билікті тармақтарға бөлу қолданылады. Оның негізін салушы ағылшын ойшылы Дж. Локк пен француз ғалымы Ш. Л. Монтескье болды.
Билік тармақтары
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz