Омыртқалы жануарларының ішек тоғышарлары


Slide 1

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ТАҚЫРЫБЫ. Жұмыр құрттар

ОРЫНДАҒАН. Сейтмұратқызы Айдана

Ержан Нұржай

Сраж Жұлдызай

Slide 2

Жұмыр құрттар - денесі буылтықтарға бөлінбеген, шұбалаңқы, цилиндр пішінді немесе ұршыққа ұқсас жәндіктер. Олардың көлденең кесіндісі дөңгелек, денесі үш қабаттан тұрады. Көпшілігі дара жынысты. Жұмыр құрттар денесінің ішкі қабырғасы мен ішегінің аралығында түтік тәрізді қуыс болады. Денесінде қуыс алғаш осы ағзаларда пайда болғандықтан, олар алғашқы қуыстылар типі деп те аталған.

Қуысқа толы сұйықтық сыртқы ортамен байланыспайды. Қуыста ішкі мүшелер еркін орналасып, біріне-бірі тәуелсіз жұмыс атқарады. Құрт денесіндегі қуыс пен сұйықтық денедегі барлық жасушалармен газдың алмасуына да қатысады.

Slide 3

Жұмыр құрттар, нематодтар- төменгі сатыдағы құрттар типі. Жер шарында кең тараған (теңіздер мен мұхиттарда, тұщы суларда, топырақта, биосферада), кездеспейтін жері жоқ, сондықтан оларды космополиттік жануарлар қатарына жатқызады. Жұмыр құрттардың 5 класы бар: нағыз Жұмыр құрттар ; құрсақ кірпікшелілер ; киноринхалар; түкті құртта ; коловраткалар. 27 мыңдай түрі белгілі. Бұлардың жалпақ құрттардан айырмашылығы - ішкі мүшелерінің арасында дене қуысының (схизоцельдің) болуы. Сондықтан Жұмыр құрттарды бірінші реттік дене қуысы бар жануарларға жатқызады. Денесі жіп тәрізді (грек. nematos - жіп) созылыңқы келеді. Ұзындығы 1 мм-ден 8 м-гежетеді. Бұлардың денесінің сырты қалың кутикула қабатымен қапталған.

Slide 4

Ас қорыту жүйесі ұзына бойына созылған тік түтік тәрізді алдыңғы, ортаңғы және артқы ішектен тұрады. Ауыз қуысы дененің алдыңғы ұшында орналасқан, ол өңешке ұласады. Зәр шығару жүйесі протонефридиялды (зәрді тері бездері арқылы шығарады) . Қан айналу және тыныс алу жүйесі дамымаған. Жүйке жүйесінің орталық бөлімін жұтқыншақ маңындағы жүйке сақинасы мен бірнеше жүйке бағаналары (ұзына бойына созылған) құрайды. Жүйке клеткалары жүйке бағаналарымен байланыса жекелеген ганглияларды құрмай, тек құрсақ жүйке бағанасында «құрсақ тізбегін» құрай дамыған. Сезім мүшелері нашар дамыған. Дара жыныстылар, арасында гермафродиттер де кездеседі. Жұмыртқалары жатынның ішінде ұрықтанады. Көпшілігі жұмыртқа салады, сонымен қатар тірідей туатын түрлері де кездеседі. Жұмыр құрттар - адам, өсімдіктер мен жануарлар организмінде де паразиттік тіршілік етеді.

Slide 5

Жұмыр құрттардың денесі сірқабықпен (кутикула) қапталады. Ауыз қуысы - денесінің алдыңғы жағында, ал аналь тесігі - артқы жағында орналасады. Көптеген жұмыр құрттарда тері-бұлшықет қапшығы болады. Көлденең жолақты бұлшықеттері жоқ. Сондықтан жұмыр құрттар денесін қысқарта да, соза да алмайды. Олар денесін тек жан-жағына ғана ие алады. Жұмыр құрттарда тынысалу және қантарату жүйесі болмайды. Бұлар - дара жынысты жәндіктер. Олардың қосжыныстылары да кездеседі. Жұмыр құрттардың аталығынан аналығы ұзын. Көбінесе жұмыртқа арқылы көбейеді. Өсімдік тамырында ауру тудыратын паразит жіпшеқұрттар (қант қызылшасының жіпшеқұрты - свекловичная нематода) шаруашылыққа орасан зор зиян келтіреді. Жіпшеқұрттардың барлығы өсімдік паразиті болып табылады, олардың мөлшері 1 миллиметрден аспайды.

Slide 6

Жұмыр құрттар адамға және жануарларға зиян келтіреді, тері астында - суыртқы (ришта), бұлшықеттерде - трихинелла, ішекте ішексорғы, үшкірқұрт паразиттік әрекет жасап, ауруға ұшыратады. Ішексорғының ұзындығы (жылқы ішексорғысы) 18 сантиметрге дейін, (кит ішексорғысы) 8 метрге дейін жетелі.

Көбінесе жасөспірімдер мен балалардың тоқ ішегіне үшкірқұрт (острина) орнығады. Ол - паразит құрт, аналығының тұрқы 1 миллиметрден аспайды. Үшкірқұрттың екі ұшы да сүйірленген, құйрығы үшкір, тұрқы 1, 5 см шамасында болады. Оның түсі ақшыл немесе сарғыш болып келеді. Үшкірқұрт екі сүйір үштарын қадап, соқыр ішекте және тоқ ішекте тіршілік етеді. Үшкірқұрттың алдыңғы ұшында - ауыз, соңғы бөлігінде аналь тесік (артқы тесік) орналасады. Аналь тесігінен кейінгі өте үшкір дене бөлігі құйрық деп аталады. Оның денесі тығыз қабықшамен - сірқабықпен қапталған. Сірқабықтың астында ұзын салалы бұлшықеттері болады. Көлденең салалы бұлшықеттері жоқ. Сондықтан үшкіркүрт денесін жиыра, қысқарта алмайды. Оның денесі созылмайды. Пішінін өзгертпей, тек жан-жағына иіледі.

Slide 7

Аскарида - жұмырқұрттар класына жататын дара жынысты құрт; нематод тұқымдасына жатады. Омыртқалы жануарларының ішек тоғышарлары. Негізгі аскарида туысына 18 түр жатады. ТМД-да 8 түрі бар. Оның кейбіреулері: адамда, жылқыда, қасқырда, т. б. кездеседі. Адам Аскаридасы паразиттік түрде тіршілік етеді. Оның ұрғашысының ұзындығы 25 - 40 см, еркегінің ұзындығы 15 - 25 см-ге жетеді. Ұрғашысы тәулігіне 200 - 250 мың жұмыртқа салады. Сыртқы ортада 20 - 30°С жылылықта дамыған жұмыртқадан 10 - 15 күнде дернәсіл пайда болады. Ащы ішекте дамыған дернәсіл жұмыртқа қабын жарып шығады.

Slide 8

Сілекеймен қайта жұтылып, екінші рет ас қорыту жолына түскен соң, ас ішекте тұрақтап, 1, 5 - 2, 5 айда ересек Аскаридаға айналады. Әлбетте Аскаридалар ішектегі қорытылған аспен қоректеніп, адам организмінде 7 - 10 айдай өмір сүреді. Организмде бірден бірнеше жүзге дейін Аскаридалар кездеседі. Соның нәтижесінде адамның орталық жүйке жүйесі зақымданады, мазасыздық пайда болады, зат алмасу процесі бұзылады. Әсіресе дернәсілдерінің зақымдау әрекеті басым келеді. Олар алғашқы өсу кезінде қан түйіршіктерін, бауыр тінін, өкпе альвеоларын теседі, аллергиялық қоздыру тудырады. Адамда Аскарида әсерінен пайда болған ауруды қазақ бөсі деп атайды

Slide 9

Аскаридоздың белгілері мен белгілері мыналарды қамтуы мүмкін:

іш симптомдар (ыңғайсыздық, ісіну, ауырсыну),

жүрек айнуы,

құсу,

безгек,

жөтел,

ысқырық,

нәжісте паразиттер мен олардың жұмыртқаларының өтуі.

Slide 10

Медициналық қызмет көрсетушілер аскаридозды диагностикалау арқылы анықтайды Ascaris lumbricoides микроскоппен нәжісте жұмыртқа; басқа зерттеулер жүргізілуі мүмкін (мысалы, рентген, ультрадыбыстық) .


Ұқсас жұмыстар
ӨСІМДІК ЗИЯНКЕСТЕРІ
Өңеш, қарын, жұтқыншақ
Таулы жер өсімдіктері мен жануарлары
Омыртқалы жануарларға сипаттама
Жануарлар түрлеріне байланысты көкірек қуысы мүшелерінің топографиясы
ОНТОГЕНЕЗ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ
Қоздырғышы Echinococcus granulosus дернәсілдік кезеңі
Иттегі простатит
Омыртқалылар
Жануарлардың зәр шығару жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz