Әлеуметтік құрылым мен әлеуметтік институттар
Презентация қосу
Факультеті: Медицина және Денсаулық Сақтау Кафедрасы:
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі
Қоғамдық Денсаулықәл–Фараби
Сақтау Мамандығы:
атындағы Қоғамдық Денсаулық
Қазақ Ұлттық Университеті
Сақтау 1-Группа
СОӨЖ
Тақырыбы: Әлеуметтік құрылым мен әлеуметтік
институттар. Әлеуметтік топтар мен әлеуметтік
қауымдастықтар.
Орындаған: Жаба
Тексерген: Мамытқа
Алматы 2020 жыл
Кіріспе
• Әлеуметтік құрылым - [лат. structura - құрылым] - қоғамның немесе әлеуметтік топтың ішкі
құрылымы, әлеуметтік топ, институттар мен олардың арасындағы өзара қатынастардың
реттелген жиынтығы.
• Әлеуметтік құрылым негізінде еңбектің қоғамдық бөлінісі, ерекше қажеттіліктер мен
мүдделердің, ережелер мен рөлдердің, өмір салтының және әртүрлі әлеуметтік топтардың
болуы жатады. Әлеуметтік құрылым ұғымы "таптық қүрылым" ұғымынан әлдеқайда кең,
өйткені ол қоғамды тек таптарға емес, сонымен қатар басқа да әлеуметтік топтарға, жіктерге
бөледі. Әлеуметтік құрылым қоғамның түтастығын және түрақтылығын сақтауда аса
маңызды рөл атқарады. Әлеуметтік құрылым мәселелерін әлеуметтік
жіктелу теориясы қарастырады.
• Әлеуметтік және саяси институттар - тұрақты құрылымымен, өз ішінде тығыз ықпалдасқан,
көп қырлы, қызметінің икемді әрі әсерлілігімен ерекшеленетін, салыстырмалы түрде жоғары
ұйымдасқан әлеуметтік және саяси жүйелік құрылымдар.
• Әлеуметтік және саяси институттар - қоғамдық, топтық, жеке маңыздағы нақтылы
мақсаттарға жету үшін немесе аса маңызды қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін
адамдардың бірлесуі. Әлеуметтік және саяси институттарды құра отырып, қоғам маңызды
салалардағы мәселелердің нақтылы әлеуметтік және саяси іс-әрекет түрлерін белгілеп,
бекітеді, оларды сол қоғамның мүшелеріне, әлеуметтік топтарына, мемлекеттің барлық
азаматтарына немесе бір партияның мүшелеріне, басқа саяси ұйымға түрақты әрі міндетті
етеді. Әлеуметтік және саяси институттар - ол отбасы, мемлекет, оның органдары
(парламент, президент, үкімет, сот), партиялар, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік
қамсыздандыру жүйелері, зауыттар, банк жүйесі, базарлар, ғылыми және мәдени үйымдар
мен мекемелер, бұқаралық ақпарат құралдары, дін және басқалар.
• Әлеуметтік топ — жеке тұлғалардың ортақ, ынтымақты, үйлескен іс-әрекетті жүзеге
асырудағы қажеттіліктерін қамтамасыз ететін адамдар бірлестігінің, өзара әрекетінің негізгі
түрі,бірігу дәрежесі әрқилы бірлестіктердің құрамын белгілейін өте кең ұғым. Жалпы,
әлеуметтік топ ұғымы мүдделердің, құндылықтар мен жүріс-тұрыс нормаларының ортақтығы
мен айырмашылықтарына орай халықтың жіктелуін бейнелейді. Қазіргі әлеуметтік
ғылымдарда әлеуметтік топтар ретінде таптар, сословиелер, таптар және сословиелер ішіндегі
бөлімшелер, этникалық, кәсіптік, жыныстық, жас ерекшелігіне қарай, мекендік, тұтынушылық,
діни, білімі бойынша және басқа да топтар қарастырылады. Әлеуметтік
топтар теориясында топтар үлкен, орта және кіші болып бөлінеді:
• Кең мағынасында Әлеуметтiк топ ұғымы адамдардың кез келген әлеуметтік бірлесуін
– отбасынан, құрдастар тобынан елдің, тіпті, бүкіл адамзат қоғамына дейінгі түсінікті қамтиды.
Бірақ әлеуметтануда көбіне тар мағынада - қандай да бір жеке, ұжымдық немесе қоғамдық
мүдделер мен мақсаттарды жүзеге асыруды көздеген өзара әрекеттегі адамдар жиынтығы -
қоғамның ішіндегі құрылым ретінде түсіндіріледі. Әлеуметтiк топ мүшелері өздерін осы топқа
жатқызады және де басқалар да оларды сол әлеуметтік топтың мүшесі ретінде мойындайды (Р.
Мертон). Әлеуметтiк топ санына қарай үлкен және кіші; әрекет етудің ұйымдасуы мен
реттелуіне қарай ресми және бейресми болып бөлінеді
• Әлеуметтік қауымдастық - қандай да бір ортақ белгілері, ортақ мүдделері, ортақ
мақсаты, ортақ мінез-құлық түрі бар адамдар жиынтығы; бірқатар нақтылы әлеуметтік
қауымдастықтардың жалпы атауы ретінде қолданылатын ұғым. Ұлттық, этникалық
, таптық, діни, кәсіби, аумақтық, әлеуметтік-мәдени, дәрежелік, демократиялық және
басқа да әлеуметтік қауымдастық түрлері белгілі. "Әлеуметтік қауымдастық" ұғымы
саясаттануда кеңінен қолданылады. Егер олар өзінің ерекше мүддесін сезініп, оны
жүзеге асыру мақсатымен ұйымдасатын болса, онда әлеуметтік қауымдастықтар саяси
қатынастардың субъектісіне айналады.
Негізгі
бөлім
Қорытынды
1.Жалпы әлеуметтік құрылымды - тек қана сананың, адамдардың ойының нәтижесі деп түсінеді. 1-ші бағыт :
құрылымдық функционализм, ал екінші бағыт- символдық интеракционизм деп аталады. Біз осы 1-ші концепцияны,
яғни құрылымдық функционализмді қолдаймыз. Әлеуметтік құрылым біртұтас әлеуметтік организм ретінде
қарастырылады. Осы организмнің өзі оны құратын элементтерден тұрады. Ал ол элементтер өзара қарым-қатынаста,
байланыста болуы негізінде ол құрылымды жасайды.
2.Істі атқарушы адамдар осы институт қызметі идеясын және міндеттерін өзінің ісі деп қабылдап, оны ішкі түсінігіне
және қажеттілігіне айналдырған жағдайда ғана олар барлық күш-жігерімен еңбек етеді. Ал шын ниетімен емес, тек
роль атқарушы адамдар да (тіпті осы істің маманы бола тұра), өмірлік тәжірибеде кездесіп тұратын құбылыс. Бұлар
«қызметі» арқылы өздері қызмет етіп жүрген әлеуметтік институттардың қоғамдық міндеттерін дұрыс атқаруына
нұқсан келтірері сөзсіз.Сөйтіп, аталған алғышарттарға сай жаңа әлеуметтік институт пайда болып, бой көтеріп,
адамдар мен қоғам игілігіне тиімді қызмет атақара бастаса, оның институттану процесі аяқталады деуге болады.
Бүкіл даярлық жолы мен істің басталу барысын «әлеуметтік институт» процесі яғни «институттану» дейді.
3.Әлеуметтік топтарды жіктеу топтарды шағын және үлкен, бастауыш және екінші деп бөлуді ғана көрсетпейді.
Қоғамдық топтардың әлеуметтік жағдайлары бойынша өзгешелігі бейнеленетін қоғамның әлеуметтік құрылымының
сипаттамасы тұрғысынан әлеуметтік-таптық қауымдастықтар әлеуметтік-демографиялық қауымдастықтар этникалық
әлеуметтік қауымдастықтар әлеуметтік-аумақтық топтар әлеуметтік-кәсіптік қауымдас-тықтар және т.б. сияқты
әлеуметтік топтарды бөліп қарау ерекше маңызды
4. Әлеуметтік қауымдастықтарға – таптар, қабаттар, қоғамның ірі бірлестіктері жатады. Әлеуметтік қауымдастықтар
– ортақ әлеуметтік белгілердің болуымен біріккен, бірлескен, ынтымақтастық әрекетті іске асыруға деген олардың
қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған адамдардың тұтас жиынтығы. Яғни, әлеуметтік қауымдастықтар өмірлік
іс-әрекеттерімен, қандай да бір топқа қатысты өзара байланысатын индивидтерімен, тарихи қалыптасқан
территорияға жатуымен, өзара іс-әрекет ететін индивидтердің, топтардың әлеуметтік институттарға қатысымен
сипатталатын адамдар жиынтығы.Әлеуметтік қауымдастықтардың қалыптасып, дамуы оның элементтері
индивидтердің әлеуметтік байланысы мен өзара ықпалдасуының негізінде жүреді. Әлеуметтік байланыс негізі нақты
бір әлеуметтік қауымдастықты құратын адамдардың іс-әрекетімен сипатталады. Әлеуметтік қауымдастықтар ұлттық,
діни, мәдени, территориялық, этникалық, жыныстық, жастық т.б. белгілеріне қарай біріктіріледі.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz