Халықтың өмір сүру сапасы жөнінде мемлекеттік саясат




Презентация қосу
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы

Халықтың өмір сүру сапасы
жөнінде мемлекеттік саясат

Орындаған: Жолдасбай Г .
Мазмұны:

Кіріспе
1.Халықтың өмір сапасы ұғымы және анықтамасы.
2.Халықтың өмір сапасын бағалаудың озық халықаралық тәжірибесіне шолу.
3.Қазақстан Республикасындағы халықтың өмір сапасын талдау және бағалау.
4.Өңірлер халқының өмір сапасын интегралдық бағалау.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Халықтың өмір сапасы ұғымы және анықтамасы

Адамдардың өмір сүру деңгейін арттыруға қатысты мәселелерді зерделеуге көптеген экономистердің
жұмыстары арналды. Бұл саладағы зерттеулермен Кейнс, Котлер, Брю, Маслоу, Фишер және т.б. сияқты
теоретиктер айналысты. Көрсетілген экономистер өмір сүру деңгейінің әртүрлі ұлттық үлгілерін, оларды бағалау
көрсеткіштерін, реттеу тетіктерін әзірледі.
Соңғы онжылдықтарда ғалымдар «өмір сапасы» деген терминге беретін мағына және оған салынатын
мазмұны елеулі өзгерістерге ұшырады.
Қазіргі уақытта өмір сапасы анықтамасының көптеген тұжырымдамалық тәсілдері бар.
Өмір сапасы адамдардың материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру дәрежесін
субъективті бағалау ретінде анықтала бастады. Өмір сапасы проблемаларына жаңа қызығушылық
тоқтамаған экономикалық дағдарысқа және әлемде әлеуметтік-экономикалық қарама-
қайшылықтардың ушығуына байланысты соңғы жылдары туындады, бұл негізінен әлем елдерінің
көпшілігінде халықтың нақты табыстарының төмендеуінен, мүліктік сараланудың тереңдеуінен
көрінді.
Нақты өмір сапасы - бұл халықтың мемлекет азаматтар алдындағы өзінің
міндеттерін қалай орындауына қанағаттандырылуының өзіндік индексі.
Адамдарға өмірлік перспектива керек. Шектеулер мен кедейшілікті емес, әл-
ауқатты жоспарлау және қамтамасыз ету керек. Таза экономикалықтан өмір
сапасын анықтайтынға бағдарды ауыстыру қажет. Азаматтар республикалық
және өңірлік биліктің қызметінен ел экономикасының одан әрі дамуы, тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық жүйесін реформалау, халықтың қауқарсыз
санаттарын әлеуметтік кепілдіктермен қамтамасыз ету, экологияны сауықтыру,
білім және денсаулық сақтау қызметтерін алу кезінді тең құқықтарды
қамтамасыз ету сияқты мәселелерді шешуді күтеді. Ал бұл өмір сапасының
мәселелері болып табылады.
Идеологиялық негіз ретінде өмір сапасымен
байланысты үш негізгі сипаттама алынды:
1. Өмір сапасы елеулі дәрежеде 3. Өмір сапасы объективтік
жеке тұлғалардың жеке өмірлік және субъективтік өлшем
жағдайларына жатады, яғни 2. Өмір сапасы көп шамалы ұғым бірліктермен өлшенеді.
тұжырымдама соңғыларын онда болып табылады. Жоғарыда атап Субъективтік және мінез-
адамдардың жеке сезінуі негізгі көрсетілгендей, өмір сапасы ұғымы құлықты қабылдау жеке
рөл атқаратын шағын деңгейде тек қана адамдардың табыстарына адамның жеке мақсаттар және
қарастырады. Елдегі экономикалық және материалдық өмір бағдарларын анықтауда ерекше
және әлеуметтік жағдайды шарттарына назар аударып қоймай, мәнге ие. Жеке қабылдау және
сипаттайтын макрокөрсеткіштер сондай-ақ, адам қызметінің бірден бағалау оның үстіне олардың
сондай-ақ, нәтижелерге әсер етеді, бірнеше салаларын бір уақытта объективтік өмір шарттарымен
бірақ субъективті факторлар қарастыруды талап етеді. байланыстылығымен құнды
басымдықта қалады. болып табылады.
Алдыңғы зерттеулерге сүйене отырып, Қор зерттеу үшін алты негізгі саланы
таңдап алды. Оларға мыналар жатады:

• жұмыспен қамтылу;

• экономикалық ресурстар;

• отбасылар және үй шаруашылығы;

• қоғамдық өмір және әлеуметтік белсенділік;

• денсаулық және денсаулық сақтау;

• білім деңгейі және білім.
2009-2011жж. «International Living» рейтингісіндегі өмір сапасы индексі.

2009-2011жж. жүргізілген жыл сайынғы зерттеулерге сәйкес, Қазақстан ТМД елдері тізімінде өмір сапасы
деңгейі бойынша соңғы орындардың бірін алды. Біздің ел, басылымның бағалары бойынша кейде Тәжікстан,
Қырғызстан және Әзірбайжан сияқты елдердің қалып қойды. 2009 жыл қорытындылары бойынша Әлемнің
196 мемлекеттерінен тұратын тізімді 100 мүмкін болған балдан 80 балл жинаған Франция бастады, ал өмір
сапасы ең төмен ел Сомали (32 балл) болып анықталды. Қазақстан 49 балл жинап және 144 орында болып
тізімнің соңына жақын орналасты, ал ТМД елдерінің арасында соңынан үшінші орынды алды.[45]

2010 жылғы рейтингте 48 баллмен 154 орында болды. Бұл жолы ТМД елдерінен 46 баллмен Түрікменстан
Қазақстаннан төмен болды, бұл ретте соңғы елдің экономикасы Қазақстандық экономика деңгейінде
бағаланды.

Жағдай 2011 жылы айтарлықтай өзгерді – Қазақстан 20 позициядан жоғары серпіліп, жиынтық 52 балл жинап
және Беларусь, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстанды артта қалдырып, 133 орынға көтерілді.
Қырғызстан 2010 жылы 54 жиынтық балл жинады, бұл ретте талдау жалпы оның көрсеткіштері олар бойынша
көршіміз бізден асып түсетін өмір құнын және климатты қоспағанда Қазақстандық көрсеткіштермен
салыстыруға келетінін көрсетеді.

Рейтинг авторларының өздері мойындайтын алдын ала алуға түзетулерді және оның батыс экспатриантына
бағдарланғандығын ескере отырып, жалпы International living тәжірибесі барынша қызықтылардың бірі болып
көрінеді.
Халықтың табыс құрылымы, %
Суреттен көріп отырғанымыздай,
еңбекпен табылған табыстың үлес
салмағы артып келеді, дәлірек 2004
жылы ол барлық табыстардың ішінде
76% болса, 2008 жылы 82% (ақшалай
динамикасы осы жылдарда 28329 және
60805 тенге). Ақшалай көрінісінде
үлкен алшақтық айқын көрінеді. Еңбек
ресурстарының ішінде жұмыспен
қамтылған халықтың жалдамалы бөлігі
66%-ды құрайды (5 199 400 адам). Осы
категория зерттелініп отырған өмір сүру
деңгейі мен сапасын анықтау және
орташа көрсеткіштерді табуда негіз
болатындығын ескерсек, онда келесідей
мәліметтерді келтіру жөн.
Ең төменгі жалақы, зейнетақы,

күнкөріс минимумының динамикасы
Диаграммадан көріп отырғанымыздай, 1999 жылы ең төменгі жалақы – 2605 теңге, ең төменгі зейнетақы – 3000
теңге, күнкөріс минимумы 3394 теңге болса, 2004 жылы – сәйкесінше, 6600 теңге, 2800 теңге, 5394 теңге, ал 2010
жылға үкімет аталған көрсеткіштердің ішінде ең төменгі жалақы мен күнкөріс минимумы мөлшерлерін бірдей
етіп бекітті, ол 14 952 теңге.

Орташа жалақыға келетін болсақ, ол 1999–2009 жылдар аралығында 11 864 теңгеден, 60805 теңгеге дейін өскен
(өсу қарқыны 5,1 есе). Бұл 10 жыл ішіндегі көрсеткіш үшін аздық етеді. Себебі, 10 жыл ішіндегі ақшалай
айырмашылықтың 48941 теңге болатынын ескерсек, ол әр жылға 4894 теңгені құрайды, ал экономикалық өсу
көрсеткіші жалпы ішкі өнімді алатын болсақ, ол 1999 жылы 2 016 456,3 млн. теңгеден, 2008 жылы 16 052 919,2
млн.теңгеге дейін өскен, айырмашылығы 14 036 462,9 млн. теңге. Халық санында осы жылдарда небары 874 900
адамға артқан. Немесе жан басынан шаққандағы ЖІӨ-ді алатын болсақ, ол 1999 жылы 135 075 теңге, ал 2008
жылы 1 024 175,1 теңге. Осындай алшақтықтар халықтың өмір сүруі деңгейі жөнінде нақты көрініс бермейтінін
байқаймыз.
Тұтыну шығыстарының құрылымы, %

Халықтың ақшалай
шығыстары 2005-2008
жылдарда тұтыну
шығыстары (95% және
94,2 %), оның ішінде,
азық-түлік тауарларына
43%, және 41,2%, азық-
түлік емес тауарлар 29%
және 26,5%. Тұтыну
шығыстарының өзін жеке
алып қарайтын болсақ,
оны құраушы азық-түлік,
азық-түлік емес тауарлар,
ақылы қызметтер құрамы
мен үлес салмағы әралуан.
Табысы күнкөріс минимумы, азық–түлік себеті

деңгейінен төмен халықтың үлесі, %
2030 ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Бағдарлама Мемлекет басшысының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты
векторы» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасына сәйкес әзірленген. Оның мақсаты
орта және ұзақ мерзімді перспективада моноқалалардың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын
қамтамасыз ету болып табылады. Осыған байланысты Бағдарлама шеңберінде қарастыру үшін халық
саны 1,5 млн. адам 27 моноқалалар, бұл қалалық ел халқының 16%құрайды, әлеуеті жоғары – 6 қала, орта
– 19, төмен – 2 қала іріктеп алынды.
Әлемдік тәжірибені және қолда бар проблемаларды талдауды ескере отырып, моноқалалар мемлекеттік
қолдау шараларының келесі басымдық берулері ұсынылды:
1-басымдық. Әлеуеті төмен моноқалалардың бірінші кезекті өткір проблемаларын шешу.
2-басымдық. Әлеуеті орташа моноқалалардың дамуы үшін жағдайлар жасау.
3-басымдық. Әлеуеті жоғары моноқалаларды одан әрі тұрақты дамыту.
• моноқалалардың еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру,
әлеуметтік-экономикалық даму жоғары елді мекендерге және
экономикалық өсу орталықтарына ерікті түрде көшуді ынталандыру.
• экономиканы әртараптандыру 2
• жұмыс істейтін кәсіпорындар өндірістік қажетсінуіне байланысты 1
моноқалаларды оңтайландыру.
БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ
2030 ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ
2030 ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ
БАҒДАРЛАМАСЫ
Бағдарламаекі кезеңге бөлінген: бастапқы кезең 2013-2015 жылдар және2020 жылға
дейінгі сенімді өсу кезеңі. Оның іске асыру 2020 жылға қарай моноқалалардағы
белсенді қолданыстағы шағын кәсіпорындар санын 2011 жылмен салыстырғанда 4 есе
ұлғайтуға, моноқалаларда табыстары ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халық
үлесін 6%-дан аспайтын деңгейге дейін төмендетуге, жұмыссыздық деңгейін 5%-дан
аспайтын деңгейге дейін төмендетуге мүмкіндік береді.
Осы Бағдарлама сондай-ақ, алдыңғысы сияқты азаматтардың барынша аз
қаматамасыз етілген санаттарын – өмір сапасы бүгінде экономикалық және өзге де
жағдайларға байланысты жақсартуды талап ететін шағын қалалардың және
поселкелердің тұрғындарын дамытуға бағытталған. Ол осы өмір сүру орнында оларға
өзінің әлеуметтік позициясын нығайтуға не өзін барынша дамыған елдімекен
жағдайларында табуға мүмкіндік береді.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2011 – 2015 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН «САЛАМАТТЫ
ҚАЗАҚСТАН» ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДЫ ДАМЫТУ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Осы бағдарламаның денсаулық сақтаусаласындағы алдыңғы мемлекеттік саясаттың жалғасы
болып табылатынын атап өту керек. Бағдарламаны құрастырушылар ана өлімінің төмендеуінің
нысаналы көрсеткіштерін белгілеу кезінде сақ болды: 2013 жылға қарай 100 мың тірі туғандар 28,1
дейін, 2015 жылға қарай 24,5 дейін жеткізу жоспарланған болатын. Шын мәнінде бұдан бұрын
қабылданған шаралар, сондай-ақ, өзге де факторлар бұл көрсеткішті күрт жақсартты және 2010
жылдың өзінде ол 100 мың тірі туғандарға 22,7, ал 2011 – 17,4 құрады, бұл ретте 2009 жылы өлім-
жітім 36,8 болған еді.
Нәрестелер өлімінің төмендеуін 2013 жылға қарай 1000 тірі туғандарға 14,1 дейін, жылға қарай –
12,3 дейін жеткізу жоспарланады. Іс жүзінде 2010 жылы көрсеткіш 1000 тірі туғандарға 16,54, ал
2011 – 14,84 құрады.
Жалпы өлім-жітім көрсеткіші 2013 жылға қарай 1000 халыққа 8,14 дейін, 2015 жылға қарай –7,62
дейін төмендету жоспарланған. Шын мәнінде 2010 жылғы факт бойынша 1000 халыққа 8,9, 2011 –
8,7 өлім-жітім тіркелген.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2011-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БІЛІМДІ
ДАМЫТУ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Білім беру жүйесін дамытуға арналған Бағдарламаның бірінші кезеңін
республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемі 461,1 млрд. теңгені құрауға тиіс.
Бағдарламаның шеңберінде көптеген іс-шараларды жүзеге асыру болжанады.
Олардың бөлігін орындауды бүгінде бағалауға болады. Мәселен, 2020 жылға дейін
3-6 жас аралығындағы балалар 100% мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен
қамту болжанады. Бұл үшін қадамдар бүгінің өзінде іске асырылуда:
Бағдарламаны іске асыру мақсатында 2011 жылы жалпы ел бойынша 1 352 бірлік
мектепке дейінгі мекемелер ұйымдастырылды, өсуі алдыңғы жылмен
салыстырғанда 28,2%-ға асты. Өңірлер бойынша бөлінісінде мектепке дейінгі
мекемелердің барынша көп саны Алматы облысында – 369 бірлік, өсуі – 4 есе
дерлік, барынша аз саны Жамбыл облысында 6 пайда болды
Пайдаланылатын материалдар және интернет-ресурстар тізімі

1.Gregory, Derek; Johnston, Ron; Pratt, Geraldine et al., eds. (June 2009). "Quality of Life". Dictionary of Human Geography (5th
ed.). Oxford: Wiley-Blackwell. ISBN 978-1-4051-3287-9.

2.Costanza, R. et. al. (2008) "An Integrative Approach to Quality of Life Measurement, Research, and Policy". S.A.P.I.EN.S. 1 (1).

3.Layard, Richard (6 April 2006). Happiness: Lessons from a New Science. London: Penguin. ISBN 978-0-14-101690-0.

4.Қазіргі заманғы экономикалық сөздік. Райзберг Б.А., Лозовский Л.Ш., Стародубцева Е.Б.

5.Субетто А.И. Ұлттық өмір сапасы, денсаулығыжәне мемлекетқауіпсіздігі – тұмыстың негізгі функционалдары және
мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының өлшемдері// «Тринитаризм Академиясы», М., Эл № 77-6567, жарял.10904,
25.12.2003.

6.Г. Аймақова, О. Айтмағамбетов, Кедейлікпен күрес - Дағдарыс кезеңіндегі елдің әлеуметтік-экономикалық өсуінің маңызды
шарты Экономика және статистика, №1, 2011ж. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі.

7.Қазақстандағы халықтың өмір сүру деңгейі (2011ж.шығарылым) ҚР Статистика агенттігінің статистикалық жинағы.

Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттің өмірлік маңызды мүдделері
Демографиялық факторлардың ерекшеліктері
Салауатты өмір салты - ұлт болашағын қалыптастырудың негізі
САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ
Ауыл шаруашылығындағы өзгерістер
МЕМЛЕКЕТТІК ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫЛАР. ҚР ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҚТАРЫН ТАЛДАУ
Швецияның аралас экономикасы
Экономикалық тиімді мемлекет
Салауатты өмір салты ересектер мен балалар арасында аурулардың алдын алу негізі ретінде
ЭКОНОМИКА САЛАЛАРЫН ЦИФРЛАНДЫРУ
Пәндер