Хадистерді жіктеу және қайшылықтарын шешу: мақбул, мухкам, мухталиф, насих пен мансух


Slide 1

Мақбул хабар, оның түрлері: Мағмул, Ғайру мағмул, мухкам, мухталиф, насих, мансух хадистердің түсіндірмесі.

Slide 2

Хадистер қабылдануына қарай

Мардуд

Мақбул

Мағмул

Ғайру Мағмул

Мансух

Насих

Мухкам

Мухталифул хадис

Slide 3

Іштей қайшылығы бар хадистер екіге бөлінеді:

1. Мухкам (المحكم)

Сөздіктегі мағынасы: жорамалдауды қажет етпеу, үкімі анық болу деген ұғымды білдіреді.

Терминдік мағынасы: өзара қайшылығы жоқ, қабыл етілген хадистер.

Slide 4

2. Мухталиф (المختلف)

Сөздіктегі мағынасы: таласу, тартысу, қайшы болу деген ұғымды білдіреді.

Терминдік мағынасы: өзара қайшылығы бар болған хадистер. Мухталиф хадис болу үшін бір-біріне қарама-қайшы келген риуаяттарды өзара жинақтау мүмкіншілігі болу қажет.

Slide 5

Бір-біріне қарама-қайшы хадистердің шешім жолдары:

1. Әрбір екі хадис өзара жинақталып, бір ізге түсірілсе (әл-жамғу уәт-тАлиф), екеуі де қабыл етіледі.

2. Бірі үкім жоюшы (насих) ретінде қабыл етіліп, екіншісі үкімі жойылған (мансух) деп қабыл етілмейді.

3. Белгілі себептерге қатысты біреуі таңдалып, екіншісі таңдалмай қабылданбайды.

4. Екеуі де таңдалмаған хадистерде таңдалғанға дейін амал етпей күтіледі.

Slide 6

Насих жане мансух хадистер

Насхтың анықтамасы - күшін жойушы деген мағынаны білдіреді. Яғни, алдыңғы үкімнің, кейінгі үкімді келіп жоюы. Ал мансух дегеніміз - «үкімі жойылған» деген мағына береді. Бұған мысал: Бурайдадан Муслим (р. а) марфуғ хадис риуаят етеді «Қабір зиярат етуден сендерді тыйған едім, кейін рұқсат етілді».

Насих және мансух хадистерді анықтап, ажырата білу керек. Әз-Зуһри: «Фиқһ ғалымдарына насих пен мансухты білу қиынға соқты», - деген. Осы салада алғашқы болып танылғандардың бірі имам әш-Шафиғи еді.

Slide 7

Насхты білу жолдары:

1. Пайғамбардың (с. а. с. ) өзі айтып кетеді

«Қабір зияратын сізге тыйғам, енді зиярат етеберіңіздер»

«Абдулла ибн Масғуд (р. а. ) Хабешистаннан қайтқанда намаз оқып тұрған Алла елшісіне (с. а. с. ) сәлем беріп, сәлемін намаз оқып біткеннен кейін алып, намазда сөйлеуге болмайтынын білдіреді»

Slide 8

2. Сахабаның сөзінен

«Мусғаб ибн Сағдтан келген хадисте «сәждеге барарда қолдарымыз тізелерімізден бұрын жерге тиетін, Кейін тізелеріміздің қолдарымыздан алдын жерге тиуі бұйырылды» деп айтқан сөзі. » (Ибн Хузайма)

Хз Алидің «жаназа өтіп баражатқанда тұруымыз бұйырылған еді. Кейін Пайғамбар отырды және бізге де отыруымызды бұйырды. » (Ибн Ханбал)

3. Хадистің айтылу уақытына қарай

Шаддад ибн Әус (р. а. ) Мекке алынуында «хижама жасатқан да жасағанның да оразасы бұзалды» деп айтқан. Ибн Аббас (р. а. ) Қоштасу қажылығында «Алла елшісі (с. а. с. ) ихрам киген, ораза ұстаған күйде хижама жасатты»

Slide 9

Мухталифул хадиске қатысты ең атақты еңбектер

Шафиғидің «Ихтилафул хадис» атты еңбегі

Ибн Қутайбаның «Тәуилу мухталифул хадис» атты еңбегі

Тахауидің «Мушкилул әсар» атты еңбегі

Slide 10

Насих және Мансухқа қатысты жазылған еңбектер

Әбу Бәкір Хазимидің «әл-Иғтибар финНасих уәл Мансух» атты еңбегі

Ахмал ибн Ханбалдің «ән-Насих уәл Мансух» атты еңбегі


Ұқсас жұмыстар
Жоғары дәрежелі көпмүшеліктер теңдеулерін шешу: Безу теоремасы, Горнер алгоритмі және көбейткішке жіктеу әдістері
Отансүйгіштік пен азаматтық тәрбие: рухани-адамгершілік тәрбиенің мәселелері және шешу жолдары
Құжат түрлері және пәндік жіктеу тәсілдері
Ашық сабақ: Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу
Экономикалық интеграция сипаттамаларын топтастыру және көрініс негізінде жіктеу
Периодтық кестенің құрылымы және элементтерді жіктеу принциптері
Жанжал жағдайларын талдау және шешу: даму кезеңдері, шешу тактикасы және арнайы дағдылар
Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеу: әдістері мен есептер
Вирустарды жіктеу: құрылымдық, геномдық және таксономиялық негіздері
Керамикалық материалдар мен бұйымдарды жіктеу және дайындауға арналған шикізат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz