Статистикалық мәлімет жинаудың тәсілдері




Презентация қосу
Лекция № 2
Статистикалық бақылау
2.1.Статистикалық бақылау туралы
түсінік
Статистикалық бақылау статистикалық зерттеудің
бастапқы кезеңі. Статистикалық бақылаудың
нәтижесінде қоғамдық құбылыстар мен процетердің
және зерзаттар жайында жиналған бастапқы
мәліметтер статистикалық зерттеудің екінші және
үшінші кезеңдерінің негізін қалаушы болып табылады.
Статистикалық бақылау – қоғам өмірінің көптеген
құбылыстар мен процестер туралы бастапқы
мәліметтерді алдын ала жасалынған бағдарлама
бойынша тіркеу, жинау тәсілі айтылады.
Статистикалық бақылаудың алдына қойған негізгі
мақсаты - зерттеліп отырған зерзаттар (объектілер)
туралы шындықты нақты дәлдікпен көрсететін,
ғылыми негізделген, сапалы мәліметтерді белгіленген
мерзімде жинау.
Статистикалық бақылау кезінде бастапқы жиналған
көрсеткіштерде көптеген кемшіліктер кездесетін
болса, онда бақылау жұмысының қорытындысы
нәтижесіз болып шығады және алдына қойған
мақсатына жете алмайды.
2.2.Статистикалық бақылауды
ұйымдастыру және оның
бағдарламасы.
Статистикалық бақылауды жүргізбес бұрын оның
ұйымдастыру жоспары жасалынады. Мұндағы негізгі
қарастырылатын мәселе бақылаудың мәні мен маңызын,
міндетін және алдына қойған мақсатына байланысты
бастапқы мәліметтерді жинаудың формалары, түрлері,
тәсілдері, анықталады, соңынан оның бағдарламасы
жасалынады. Сондықтан бұларды нәтижелі шешу үшін
алдын ала бағдарлама жасалуы тиіс. Бірақ алдымен
статистикалық бақылаудың мақсаты мен міндеті
анықталады да, соңынан оның бағдарламасы жасалынады.
Ұйымдастыру жұмыстарының ішіндегі ең негізгісі -
статистикалық бақылауды жүргізудегі алдына қойған
мақсат, оның өзі сол жүргізілетін зерттеудің мән мен
маңызына байланысты. Бұл дегеніміз бақылауды не үшін
және қайда жүргізетінімізді, қандай мәліметтердің
жиналатындығын, қалай өндеу керек екендігін,
қолданылатын кестенің пішінін және есептеу тәсілдерін
анықтау болып табылады. Сол себепті статистикалық
бақылауды ұйымдастыру және оның бағдарламасын жасау
мағынасы жағынан өте күрделі жұмыс болып есептелінеді.
Статистикалық бақылау зерзаты дегеніміз -
зерттеуге жататын әлеуметтік кұбылыстар мен
процестер жиынтығы. Статистикалық бақылау
жұмыстарын ғылыми жүйеде ұйымдастыру
кезеңінде ең бастысы - бақылау зерзатының
шегін дұрыстап анықтау. Егер бақылау
зерзатының шегі дұрыс анықталмаған болса,
онда оның кейбір бөліктерінің зерттеуден тыс
қалуы немесе зерттеуге жатпайтын мүлде басқа
зерзаттардың кіріп кетуі де мүмкін.
Статистикалық бақылаудың зерзаттары бөлек
злементтерден тұрады және оны нышандарына
қарай бір-бірінен ажыратуға болады. Сондықтан,
ол статистикалық бақылау жүргізудің негізгі көзі
болып саналады. Оны статистикалық бақылау
бірлігі деп атайды.
Бақылау бірлігі деп, бастапқы статистикалық
мәліметтер жиынтығын зерттеуге жататын зерзат
құрамының белгілі бір бөлігін айтады. Бақылау
бірлігін анықтау - зерттеуге жататын жиынтық
құрылымына, оның алдына қойған мақсатына,
атқаратын міндетіне байланысты.
Статастикалық жиынтық бірлігі - жиынтықтың
құрамына кіретін жеке белгісі. Мысалы,
республикадағы ұжымшарлардың, өнеркәсіп
орындарының, халықтың жиынтық бірліктері болып
ұжымшар, кәсіпорын және адам есептеледі.
Статистикалық бақылаудың бағдарламасы-
статистикалық зерттеуді жүргізер алдында оның
зерзатын, жиынтық және бақылау бірліктерін
анықтағаннан кейін, негізгі бір ұйымдастыруға
жататыны бақылау бағдарламасына жете дайындала
білу. Статистикалық бақылау бағдарламасы деп
зерттеу кезінде бастапқы мәліметтерді жинау үшін
ұғымды, жинақы, ойға қонымды бақылау бірліктеріне
берілетін сұрақтар тізімінің жиынтығын айтады.
Бақылау бағдарламасын құрастыру кезінде бельгая
ғалымы А. Кетленің ұсынған төмендегі ережесін естен
шығармауымыз керек:
1) бағдарламаға керексіз, артық сұрақтар кіргізілмеуі
және ондағы көрсетілген сұрақтардың жауаптары
бақылаудың алдына қойған мақсатын анықтауы тиіс;
2) бақылау бағдарламасына дұрыс және нәтижелі
жауап алынатын сұрақтардың кіргізілгені жөн;
3) бақылау бағдарламасына кіргізілген сұрақтар жауап
берушіге кері әсерін тигізетіндей, яғни оның болжамы
бойынша қисынсыз жүрізілген сияқты күдік туғызбауы
керек.
Статастикалық бланк (формуляр) дегеніміз -
бақылау кезінде берілген сұраққа жауап жазуға
және керекті мәліметтерді жинауға арналған
бір бет қағаз (бірнеше бет болуы да мүмкін).
Олар әр түрлі атпен аталуы (бастапқы есеп
беру формасы, карточка, бланк, акт, табель,
санақ қағазы, сұрақ қағазы және т.с.с.) әбден
мүмкін. Әрбір формулярда титулдық және
мекен-жайлық көрсеткіштер жеке бөлім ретінде
көрсетіледі.
Статистикалық тәжірибеде формулярдың жеке-
дара, яғни карточкалы және тізімдік екі түрі
қоданылады. Жеке-дара немесе карточкалық
формулярда әрбір бақылау бірліктерінің
мәліметтері жеке бланкіге толтырылады.
Тізімдік формулярда бір бланкіге екі немесе
одан да көп бақылау бірліктерінің мәліметтері
көрсетіледі.
Статистикалық бақылау кезінде қолданылатын
құжаттарды (бланкілер, нұсқаулар және т,б.)
жұмыс жабдықтары деп атайды.
2.3.Статистикалық бақылауды
ұйымдастырудың негізгі формалары
Статистика мекмелері бастапқы мәліметтерді жинауда
ұйымдастырудың негізгі екі жолын (формасын) қолданады.
біріншісі - есеп беру,
екіншісі - арнайы ұйымдастырылған бақылау.
Статистикалық есеп беру статастикалық бақылаудың негізгі
формасы болып саналады. Есеп беру деп кәсіпорындар,
мекемелер мен ұйымдар және т.б. өз жұмыстары туралы міндетті
түрде арнайы бекітілген құжаттар үлгісінде және белгіленген
уақыт аралығында керекті мәліметтерді статистика
органдарына немесе тиісті орындарға тапсырып отыруды
айтамыз. Халық шаруашылығы салаларының барлығы
бекітілген үлгіде және көрсетілген уақытта міндетті түрде есеп
беруге тиіс. Және ондағы көрсетілетін көрсеткіштер барынша
анық, дұрыс болғаны жөн.
Бухгалтерлік есеп беру формалары статистикалық
мәліметтерді жинаудың неігізгі көзі болып саналады.
Статистикалық есеп беру екі түрге бөлінеді.
біріншісі - жалпы мемлекеттік есеп беру, яғни барлық
кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар және шаруашылықтар өз
жұмыстары туралы керекті мәліметтерді міндетті түрде
тапсырып отырады.
Екіншісі - ішкі ведомстволық есеп беру, яғни әрбір ведомстваның,
министрліктің өздерінің ішкі істерін басқару үшін қолданатын
мәліметтер жинағы.
Есеп беру мерзіміне байланысты мәліметтер
тапсыру төмендегідей түрлерге бөлінеді: шұғыл
(бір күндік, бес күндік, он күндік, он бес күндік),
айлық, тоқсандық, жарты жылдық және
жылдық.
Есеп беру мәліметтердің келіп түсуіне,
жеткізілуіне қарай почталық және телеграфтық
болып екіге бөлінеді. Негізгі, мәліметтер құжат
түрінде почта арқылы жеткізіледі, ал телеграф,
телетайп, телефон, электронды e-mail, whatsapp,
әлеуметтік желілер және т.б. арқылы тек шұғыл
мәліметтер ғана беріледі, соңынан құжаттармен
куәләндырады.
Арнайы ұйымдастырылған бақылау - есеп беру
формаларында толық көрсетілмеген жағдайларда
немесе жинауға мүмкіндік жоқ болса, онда сол
керекті мәліметтерді жинау үшін арнайы
ұйымдастырылған статистикалық бақылау
жұмыстары жүргізіледі.
2.4.Статистикалық бақылаудың
түрлері
Статистикалық бақылау бағдарламасы
жасалынғаннан кейін бақылаудың мақсатына
байланысты бақылаудың түрін анықтау қажет.
Статистикалық бақылауды жүргізу кезінде
зерттелініп отырған зерзаттың жиынтық
бірліктерінің толық қамтылуына, яғни тіркелуіне
қарай жаппай және жартылай бақылау болып екі
түрге бөлінеді.
Жаппай бақылау кезінде зерттелуге жататын
жиынтық бірліктері толығымен түгел тіркеуге
алынады.
Зерттеліп жатқан жиынтық бірліктерін толық
қамту мүмкіндігі болмаған жағдайда және
қаржылай шығын мен жұмыс көлемін көбейтіп
және уақытты созбау үшін жартылай бақылау
тәсілі қолданылады, онда зерттелінетін жиынтық
бірліктерінің белгілі бір бөліктері ғана қамтылады.
Статистикалық тәжірибеде жартылай бақылау
зерттеу тәсілдеріне қарай ішінара, жеке аукымды
(монографиялық) және жиынтықтың негізгі бөлігі
Жалпы жиынтық кездейсоқ немесе белгілі бір
тәртіппен алдын - ала іріктеліп алынған бөліктері
негізінде ғылыми жүйеде зерттелетін болса, онда
оны ішінара бақылау деп атайды. Ішінара бақылау
жартылай бақылаудың ішінде ең көп
қолданылатын жетілдірілген түрі және
статистикалық зерттеуде оның атқаратын ролі өте
жоғары.
Жеке қоғамдық құбылыстың, зерзаттың
кейбіреулері ғана белгілі бір мақсатта егжей-
тегжейлі, жан-жақты зерттелетін, анық және
айқын жазу арқылы көрсетілетін болса, онда оны
жеке ауқымды (монографиялық) бақылау деп
атайды.
Статистикалық зерттеудің алдына қойған
мақсатына қарай, жалпы жиынтықтың негізгі
бөлігін құрайтын, ал үлесі жағынан аса ірі
бірліктері болып саналатын құрамы зерттелетін
болса, онда оны жиынтықтың негізгі бөлігін
бақылау деп атайды.
Статистикалық бақылауды уақыт мерзіміне қарай
тіркеу, үзіліссіз немесе ағымдағы және үзілісті
немесе кезеңдік болып 2 түрге бөлінеді.
Үзіліссіз немесе ағымдағы бақылау деп болған
фактінің пайда болғанына қарай тұрақты,
жүйелі түрде, белгілі уақыт мерзімінде тіркеуге
алуды айтады.
Үзілісті бақылау деп зерттеуге алынған
құбылысты, процесті ұдайы, бірақ, белгілі бір
уақыт аралығында тіркеуге алуды айтады.
Үзілісті бақылау уақыт мерзіміне қарай кезеңдік,
мерзімдік және бір жолғы болып бөлінеді.
Зерттеу жұмысы бір уақыт аралығында тұрақты
түрде жүргізілетін болса, онда оны кезеңдік
немесе мерзімдік, ал егер зерттеу жұмыстары
бірақ рет жүргізілетін болса, онда оны бір жолғы
бақылау деп атайды.
Статистикалық бақылаудың шекті уақыт кезеңі
дегеніміз - зерттеу жұмыстарын есепке алатын
күн мен уақыт мерзімі.
Статистикалық мәлімет жинаудың жолдары.
Статистикада мәліметтерді жинаудың бірнеше жолы
бар, олар тікелей қатысу, құжаттар және сұрақ-жауап
арқылы болып үш түрге бөлінеді.
Бақылауға жататын зерзаттың әрбір жиынтық
бірліктерін арнайы адамның өзі өлшеу, санау арқылы
есепке алатын, тіркейтін болса, онда оны тікелей
қатысу арқылы мәліметтер жинау тәсілі деп атайды.
Статистикалық бақылау жүргізу кезінде қажетті
мәліметтер тиісті құжаттармен куәландырылса, яғни
есеп беру формаларының негізінде жиналған болса,
онда оны құжаттар арқылы мәліметтер жинау тәсілі
деп атайды.
Статистикалық сұрақ-жауап тәсілі деп керекті
мәліметтерді сұралушы адамдардың айтқандары
бойынша сұрақ немесе санақ қағаздарына жазып алу
арқылы жинауды айтады. Сұрақ-жауап тәсілі арқылы
мәліметтер жинау ауызша немесе жазбаша түрде
жүргізіледі және оның экспедициялык, тілшілік, сауал-
сұрақтық және өзін-өзі тіркеу сияқты бірнеше жолы
бар.
2.5.Статистикалық мәлімет
жинаудың тәсілдері
Экспедициялық тәсілмен мәліметтерді жинауда
арнайы дайындалған санақшылар сұралушымен
келісілген уақытта кездесіп, қажетті мәліметті
ауызша сұрау арқылы сұрақ қағаздарын толтырады,
соңынан оны статистика мекемелеріне откізеді.
Өзін-өзі тіркеу тәсілімен мәліметтер жинау үшін
статистика мекемелерінің қызметкерлері
сұраушыларға арнайы үлгідегі сұрақ қағаздарын
таратып береді, оны қалай толтыру керек екендігін
түсіндіреді.
Тілшілік тәсілімен мәліметтерді жинау байланыс
бөлімшелері арқылы ерікті түрде жүргізіледі.
Сауал-сұрақтық тәсілмен керекті мәліметтерді жинау
сұралушының келісімі бойынша ерікті түрде
жүргізіледі. Оны жүргізу үшін сұралушылардың
белгіленген тобына сұрақ қағаздары таратылып
беріледі және ол жедел толтырылады.
Жаңа ғасырдың талаптарына сай жаңа
ақпараттық технологияның және компьютерлер
жүйесінің кеңінен енуіне байланысты
статистикалық бақылау жүргізу, оны топтау,
өңдеу және қортындылау жұмыстары жоғарғы
деңгейге көтерілді.
Қазіргі таңда республика деңгейінде
статистикалық мәліметтерді топтау, өңдеу
автоматтандырылған мәліметтер қоймасы
негізінде жүргізіледі, яғни мәліметтерді табу
мерзімі тездетілді және олардың сапасы осыған
байланысты артты.
Статистикалық қате және оның түрлері

Статистикалық бақылаудың нәтижесінде
жиналған бастапқы мәліметтер жан-жақты
тексеруден өтеді.
Бірақ, есеп беру немесе арнайы ұйымдастырылған
бакылаудың қайсы бірін алсаң да, онда әр түрлі
себептердің салдарынан қате кетуі мүмкін.
Статистикалық қате деп нақты факті мен зерттеу
нәтижесінің көрсеткіштері арасындағы
сәйкессіздікті, айырмашылықты дұрыс санамауды
және түрлі себептерге қатысты болатын
бұрмалаушылықты айтады. Статистикалық
бақылау мәліметтеріндегі жіберілген қателер
репрезентативті және тіркеу кезіндегі қате болып
екі түрге бөлінеді.
Репрезентативті қате тек ішінара бақылау
жүргізгенде ғана кездеседі. Бұл - жалпы жиынтық
қорытындысын ішінара бақылау жиынтықтары
толық қалпында көрсете алмаушылығы деген
ұғымды білдіреді
Тіркеу кезіндегі жіберілетін қате - әлеуметтік-
экономикалык құбылыстар мен процестердің
өзгеруіне әсерін тигізетін фактілердің дұрыс
анықталмауы салдарынан туатын қате. Бұл қателік
дұрыс жазбағандықтан, тіркеуді дұрыс
жүргізбегендіктен, бұрмалау мен қате есептеудің
салдарынан пайда болады. Оның өзі фактінің
біртектілігіне қарай кездейсоқ және жүйелі түрде
жіберілген қате болып екіге бөлінеді.
Кездейсоқ жіберілген қате арнайы мамандығының
жоқтығынан, шаршап-шалдығудан, жұмысқа атүсті
салдыр-салақ қараудан болады.
Жүйелі түрде (ұдайы) жіберілетін қатеде
көрсеткіштер белгілі бір себептерге қарай біржақты
бұрмаланып, яғни не көбейтіліп, не кемітіліп
жазылады. Жүйелі түрде ұдайы жіберілетін қате
қасақана, әдейі жіберілген және абайсызда,
байқаусызда жіберілген болып екіге бөлінеді.
Абайсызда, байқаусызда жіберілетін қате
қастандықпен, әдейі жасалынбайды. Ол қателік
сұралушы адамдардың дұрыс жауап бермеу
салдарынан жіберілуі мүмкін.
Қасақана немесе әдейі жіберілетін қате - алдын-ала
ойластырылған (саналы түрде), көбейтіп немесе
Статистикалық бақылауды жүргізгеннен кейін,
2.6.Статистикалық қатені болдырмауды тексе

жиналған мәліметтер ішінде жоғарыда көрсетілген
қателерді жібермеу. Болдырмау үшін, барлық
жиынтықтар міндетті түрде тексеруден өткізіледі.
Және ол қисынды түрде тексеру және есептеу арқылы
тексеру (арифметикалық) болып екі түрге бөлінеді.
Қисынды түрде тексеру дегеніміз - статистикалық
бағдарламада көрсетілген сұрақтарға қайтарылған
жауаптардың өзара байланыстылығын бір-бірімен
салыстыру арқылы жіберілген қатені түзету.
Есептеу арқылы (арифметикалық) тексеруде - жалпы
жиынтық көрсеткіштеріндегі жіберілген қателерді
түзету үшін орта шаманы және процентті қайта
есептеу тәсілін қолдану арқылы түзетулер енгізіледі.
Статистика органдары жоғарыда көрсетілген
тексерулерден бөлек бірізді және жоспарлы түрде
әрбір мекеменің, кәсіпорынның, шаруашылықтың есеп
беру формаларындағы көрсеткіштердің дұрыстығын
тексереді. Оның өзі тақырыпты, жиынтықты
(комплексті) және жаппай болып үш түрге бөлінеді.
Тақырыпты тексеруге жеке кәсіпорындардың
белгілі бір формасы немесе оның жеке көрсеткіші
ғана алынады.
Жинақты (комплексті) тексеру кезінде
кәсіпорынның барлык есеп беру формалары
түгелдей тексеріледі. Ал жаппай тексеруде
барлық есеп беретін кәсіпорындардың белгілі бір
есеп беру формасы немесе көрсеткіші толығымен
тексеріледі.
Ұлттық статистика агенттігі мен оның жергілікті
мекемелерінің алдына қойған негізгі мақсаттары
есеп беру формаларындағы мәліметтердің
дұрыстығын және сапасының жоғары болуын
қадағалап отыру.
- Өзін өзі бақылау үшін сұрақтар
1. Статистикалық бақылауды ұйымдастырудың
түрлері және бағдарламасы.
2. Мәлімет жинаудьщ жолдары мен тәсілдеріне
талдау жасау.
3. Статистикалық қате қай кездерде пайда
болады.
- Семинар сабағы сұрақтары
1. Статистикалық мәлімет жинау жолдары мен
тәсілдерін талдау.
2. Статистикалық қате, қатенің түрлері және
оны тексеру түрлерін зертгеу.
3. Бақылаудың түрлері бойынша бастапқы есеп
беру формасы, карточка, бланк, санак кағазы,
акт, сұрақ қағаздарды толтырудың жолын
түсіндіру.

Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтанулық зерттеу бағдарламасын құру
Әлеуметтік зерттеулер
АҚПАРАТТЫ ЖИНАУДЫҢ НЕГІЗГІ ӘДІСТЕРІ
Эмпирикалық зерттеу әдістері
Статистика ұғымы
Статистикалық мәліметтерді жинақтау, топтау және кесте құру
Әлеуметтанулық зерттеудің сандық және сапалық әдістері
Бақылау әдісі
Басқару жүйесінің маңызды бөлігі қоғамның қалыпты қызмет етіп, қолайсыз жағдайларға жол бермеу үшін әлеум
СОЦИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР
Пәндер