Жасуша физиологиясы



Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті презентация
Орындааған: Сары Жанна, Сұлтан меруерт, Шүкірбекова Арайлым, бегалиев Қасымхан, Тайын айгүл
Тобы: Ап-20-8к1
Қабылдаған: Қамбаров Алтынбек

Жоспар
1. Кіріспе:
1. Физиология ғылымының даму тарихы
2. Негізгі бөлім:
•1. Жануарлар физиологиясының мақсаты
•2. Физиология салалары
•3. Физиология әдістері

Организм қызметтері туралы өз пікірлерін айтқандар - Гиппократ (медицина атасы), Аристотель (бірінші оқытушы) - Ежелгі Рим, Клавдий Гален - эксперименталдық медицинаның негізін қалады. Физиологияның дамуында анатомиядағы табыстар көп әсер етті. А. Везалийдің «Адам денесінің құрылысы туралы» деген кітабы физиологияда көп жаңалықтарды ашуға себеп болды. XVIIғ. ғылыми физиология дамыды. Вильям Гарвей-үлкен қанағу шеңберін ашты, вивисексияны енгізді. М. Мальпиги артерия мен веналардың капиллярлар арқылы байланысатынын көрсетті. Физиологияның дамуына Рене Декарттың рефлексты ашуы өте маңызды болып табылады. XVIII-XIXғғ. Ломоносов масса мен қуат сақталу заңын ашты. Горянинов, Шванн, және Шлейден-ағзаның жасушалардан тұратынын ашты. 1859ж. Дарвин эфолюциялық ілімді дүниеге келтірді. XIX және XXғ. физиология аса гүлденуге жетті. Клод Бернар(фр) - қан тамырлары тонусының реттелуінде көміртектік алмасуда жүйке жүйесінің рөлін зерттеді. Организмнің ішкі ортасы туралы түсінік берді. Германияда Дюбуа-Реймон-электрофизологияның негізін қалады. Шерингтон - жұлын физиологиясын зерттеді. Кеннон-вегетативтік жүйке жүйесін зерттеді. Сегенов, Павлов, Боткин, Бехтерев нервизмді дамытты. XIXғ. рефлекторлық доға бөліктерінің рөлі анықталды, жүйке әрекетінің рефлекторлық теориясия, мидың үлкен шарты - шарлар маңызы ашылды. И. М. Сегенов «орыс физиологиясының атасы». Ол қан газдарды тасымалдайтынын ашты. «Ми рефлексі» деген кітап жазды. Идеяларын ары қарай И. П. Павлов дамытты. Ухтомский-доминанта туралы ілімді жасады. И. П. Павлов XV Халықаралық конгрессте (1935) -дүниежүзілік физиологтар атасы деп аталды. Павлов мына бағыттарды зерттеді:
қан айналу;
ас қорту;
жоғарғы жүйке іс әрекеті.
Ол жоғарғы жүйке іс әрекетінің (жжіә) типтері туралы ілім құрды. Павлов шығармашылығының шыңы үлкен ми қыртысының сигналдық жүйелер туралы ілімі. Павловқа дейін физиологияда аналитикалық тәсіл басымды болса ол синтетикалық бағытты жасады.
Физиология ғылымының даму тарихы

Тірі ағза - біртұтас. Онда жасушалар, тіндер, ағзалар, жүйелер әрекеттері байланысты және келісімді де болады. Организм өзін-өзі реттейтін қасиеті бар. Ол өзіне қажетті нәрселерді алып оған зат алмасудың соңғы өнімдерін бөліп тұрады. Организм тек қоршаған ортамен тұрақты қатынаста ғана белсенді түрде тіршілік ете алады. Нервизм принципы - жүйке жүйесінің әсерін ағзаның көптеген әрекеттеріне қаратуға тырысатын физиологиялық бағыт. Зат алмасу - өмір белгісі және қажетті шарт болып табылады. Адаптация - органзмнің қоршаған орта әсерлеріне бейімделуі. Ол жеке-жеке физиологиялық жүйелердің қызметтерінің өзгеруіне әкелуі мүмкін. Мысалы, ұзақ уақыт ас рационынында нәруыздар қорытатын ферменттер көбейеді. Организмнің өзін-өзі реттеуі оның (тірі ағзадан) ерекшелігі болып табылады да қоршаған ортаның әсерлеріне ағзаның тұрақты орнын (тіршілік жағдайына бейімделуін) қамтамасыз етеді.

Жануарлар физиологиясы мақсаты
Жануарлар физиологиясы - биологияның маңызды салалары- ның бірі. Физиология деген сөз грек тілінде тірі организмнің функциялары туралы ғылым немесе тіршілік тану деген мағына береді. Физиология организмнің тіршілік əрекетін, жеке мүшелер мен жүйелердің қызметін зерттеп, олардыңерекшеліктерін, био- логиялық маңызын анықтайды, организмнің сыртқы ортамен қарым-қатынастарындағы заңдылықтарды ашады. Бұл ғылым организмнің тіршілік əрекеттерін даралаптексермей, оларды бір- тұтас тығыз байланыстағы процестер жиынтығы ретінде қарай- ластырады жəне организмге тəн біртұтастық қасиет орталық жүйке жүйесі кызметі мен əр түрлі биологиялық белсенді(активті) заттардың əсерінен қалыптасады деп тұжырымдайды. Физиология пəнінің негізгі мақсаты - əртүрлі құрылымдық деңгейдегі тіршілік процестерінің (зат алмасу, тыныс алу, қорек- тену, т. б. ) заңдылықтарын зерттеу; организмнің жеке жүйелерінің жəне тұтас организм мен сыртқы орта араларындағы өзара əсерлердің механизмін анықтау; əртүрлі эволюциялық даму деңгей- індегі жəне түрлі экологиялық жағдайлардағы жануарлар орга низміндегі физиологиялық функциялардың сапалықайырмасын тексеру; организмнің жеке даму (онтогенез) жағдайында түрлі қалыптасу заңдылықтарын зерт- теу. Осы аталған мақсаттарға сəйкес жануарларфизиологиясы бірбірімен тығыз байланысты, бірақ дара дамитын бірнеше са- лаларға бөлінеді. Олардыжалпы, салыстырмалы, эволюциялық, жас жəне салалық (дербес) физиология деп атайды.

Физиология салалары
Физиология тəжірибелік (эксперименттік) ғылым. Сондықтан оның негізгі əдісі тəжірибе жүргізу. Физиологиялық тəжірибе үш нұсқада- жедел тəжірибе, созылмалы тəжірибе жəне органдарқызметін модельдеу, жүргізіледі . Жедел тəжірибелерде малға наркоз беріп, хирургиялық опе- рациялар жасайды да, ішкі органдарға əсер ету (тітіркендіру, та- мырларды қию, дəрі-дəрмектер жіберу) арқылы олардың тіршілік əрекеттеріндегі өзгерістерді бақылайды. Жедел тəжірибелер то- бынаағзаларды оқшаулау əдісі де жатады. Оқшауланған ағза- ны (бауыр, жүрек, желін) тамырлары арқылықоректік заттар- мен шаймалап (перфузиялап) немесе қанды алмастыратын изотониялық ерітінділердеұстап, олардың тіршілік əрекетерін ұзартып, зерттейді. Кейбір жағдайларда органдарды толық оқшаулайды, олардың тамырларын арнаулы аппараттарға қосып (мысалы, жасанды жүрекке), жасандытүрде қоректендіреді де, олардың қызметін тексереді. Бұл тəжірибелердің арқасында органдарда жүретінфизиоло- гиялық процестерге терең талдау жүргізеді. Созылмалы тəжіри- белер алдын ала арнаулыоперация жасалып, зерттеуге дайын- далған жануарларға жүргізіледі. Осы мақсатпен малдың қарнына, ішектеріне көбек (фистула) қойылады, ас қорыту бездерінің өзектері сыртқа шығарылады, тітіркендірунемесе биоток тарту мақсатымен органдарға электродтар қондырылады, тамырлар тү- тікшеменсүңгіленеді (катетрлендіріледі), т. б. Бұл əдіс нақтылы бір мақсатпен арнаулы операциядан өткен малғаұзақ уақыт бойы- на тəжірибе жүргізуге мүмкіндік береді

Физиологияның салалары олар жасушалық, адам, өсімдік, қоршаған орта, эволюциялық және салыстырмалы физиологиядан тұрады. Физиология - тірі жаратылыстың қалыпты қызметін зерттейтін ғылым. Бұл ағзалар, анатомия, жасушалар, биологиялық қосылыстар және олардың барлығы тіршілік ету үшін өзара әрекеттесу сияқты көптеген тақырыптарды қамтитын биология пәні.
Ежелгі теориялардан бастап молекулалық зертханалық әдістерге дейін физиологиялық зерттеулер дененің компоненттері туралы, олардың қалай байланысатындығы және Жерде тіршілік ететін тіршілік туралы түсінік қалыптастырды.
Физиологияның маңыздылығы - дене ішіндегі мүшелер мен жүйелердің қалай жұмыс істейтінін, бір-бірімен қалай сөйлесетінін және тіршілік ету үшін қолайлы жағдай жасау үшін күш-жігерді қалай біріктіретіндігін тексереді.
Бұл саладағы зерттеушілер жасуша физиологиясындағы микроскопиялық органеллалардан бастап, экофизиология сияқты неғұрлым күрделі тақырыптарға, яғни бүкіл организмдерді және олардың қоршаған ортаға бейімделуін қарастырады.


Физиология әдістері
Кейінгі кезде организм функцияларын арнаулы аппараттар- мен алыстан бақылауғамүмкіндік беретін əдістер қолданылып жүр. Мысалы, мал денесіне өте қондырып, оның əртүрлі функцияларын (тыныс алу, жүрек жұмысы, ішекқарын қимылы, т. б. ) еркіндік жағдайында бақылайды. Функцияларды модельдеу əдісіорганизмді биокибернетикалық жүйе ретінде қараудың негізінде қалыптасқан. Осы тұрғыдар жүретін процестерді математикалық формулалар жəне теңдеулермен болжау(малдың өсу қарқынын, сүттілігін, т. б. ) организмде өтетін түрлі процестерді бейнелейтінфизикалық аспаптар (жүйке торшасының моделі, күйісті малдың “жасанды қарны”, т. б. ) жасау принциптері қолданылады. Модельдеу əдісі физиологиялық тексеруге, немесе модельдер арқылы кейбір функцияларды бейнелеуге, органдарды уақытша алмастыра алатын аппараттар жасауға мүмкіндік береді. Дегенмен, қандай бір болмасын физикалық немесе математикалық модель организмде өтетін күрделіпроцестердің барлық биологиялық заңдылықтарын толық қамти алмайды. модельдеу функцияларды қарапайым түрде бейнелейді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz