Маркетинг және Маркетингтік зерттеулер




Презентация қосу
Маркетинг және Маркетингтік зерттеулер
«Маркетинг» ұғымына берілген анықтамалардың бірі – «Қажеттіліктерді
қанағаттандырудан пайда табу». Сондықтан да маркетингтік зерттеулердің кілттік
маңызды міндеттерінің бірі нарықтың қажеттіліктерін анықтау және түсіну болып
табылады.
Маркетингтік зерттеулер бұқаралық өндіріс және бұқаралық тұтыну нәтижесінде
пайда болған өндіруші мен тұтынушының арасындағы ақпарат алмасудағы бос
орынды толтыруға мүмкіндік береді.

Маркетингтік зерттеулер жүргізу «тұтынушылардың пікіріне құлақ асуды»
білдіреді. Өнім өндіруші компаниялар көптеген сұрақтардың жауабын білгісі келеді:
өздерінің клиенттері кім? Оларды қайдан табуға болады? Олардың қажеттіліктері
қандай? және т.б сұрақтарға жауап басқару шешімдерінің сапасын жақсартуға
мүмкіндік беретіндіктен онымен байланысты салалардағы қауіптерді азайтады.
Маркетингтік зерттеулер, бұл ақпараттар сатып алынатын немесе шығарылатын
тауарлардың номенклатурасы мен көлемін анықтауға және оларды нақты
тұтынушылар тобына мекен-жайы бойынша өткізуді ұйымдастыруға қажетті толық
және сенімді ақпараттар алу мақсатында жүргізіледі. Маркетингтік зерттеулер жаңа
тауарлар мен қызметтерді жобалауда, оларды ең жақсы үлгіде тарату мен
жарнамалауда кілттік маңызды рөл ойнайды. Маркетингте сандық та, сапалық та
зерттеу әдістері жиі қолданылады.
Қазіргі замандағы маркетингтің мәні тұтынушының қажеттілігін кәсіпорынның пайдасына айналдыратын кәсіпкерлік қызметте көрініс алады. Қазақстанда маркетинг
экономикалық сала ретінде біршама жақын уақыттан бастап қолданыла бастады, ал бұған дейін бұл капитализмге ғана тән теориялық түсінік және тәжірибелік әрекет ретінде
саналып келді.
Маркетингтің біздің бәріміздің өмірімізге қатысы бар. Маркетинг процесс кезінде адамның қарауына тауар және қызметтер беріліп, оларды пайдалану нәтижесінде бірқатар
өмір деңгейі қанағаттандырылады. Макетингтің құрамына аса көп мағыналы жұмыс түрлері кіреді, оның ішінде: маркетингілік зерттеулер, тауарды дайындау, оны таратуды
ұйымдастыру, баға тағайындау, жарнама және жеке сату және т.б. Маркетинг – мұқтаждық және тұтыныс қажеттерін алмастыру арқылы орындауға арналған адамзат
әрекеттерінің түрі, яғни маркетинг негізіне алынатын бастапқы ұғым – адамдардық мұқтаждық идеясы [1].
Маркетинг (ағылшын сөзінен market – нарық) – мекемелер алдында тұрған мақсаттарды шешуге қажетті тұтыныс мұқтаждықтарын қанағаттандыруға, қызмет атқаруға және
табуға қажетті бірнеше жұмыс түрлерін үйлестіреді. Маркетингтің мақсаты – тауар және қызмет көрсетудің сапасын арттыру, оларды сатып алу жағдайларын жақсатру.
Маркетинг қызметіне келесілер жатады:
- әртүрлі тұтынушылар топтарының мұқтажын, қажеттіліктерін, сұранысын анықтау;
- тұтынушыға керекті және қажеттілігін қанағаттандыратын тауар шығару;
- тауардың құндылығына сәйкес тұтынушыға қолайлы және өндірушіге пайданы жеткілікті деңгейде қамтамасыз ететін баға қою;
- өндірген тауарды тұтынушыға ең пайдалы және ыңғайлы арнамен жеткізуді анықтау;
- нарыққа, сұранысты қалыптастыруға және өтімді ынталандыруға белсенді әсер ету жолдарын табу.
Осы маркетинг қызметтерінің әрқайсысының бағыттары, олардың құндылығы және маңыздылығы тек оларды бірге қарастырып қолданса ғана өседі. Маркетинг қызметінің
негізгі мақсаты – тұтынушы мен өндірушіні тығыз байланыстыру, бір-бірін табуға көмектесу болып табылады.
Маркетингтік зерттеулер – бұл фирманың алдында тұрған жағдайға байланысты мәліметтер шеңберін жүйелі түрде
анықтау, оларды жинақтау, талдау және нәтижелер туралы есеп беру. Олар тауарлардың өндірушілерден
тұтынушыларға жетуіне және сатылуына қатысты мәселелер бойынша барлық факторларды талдау және тіркеуді,
объективті жинақтауды мәлімдейді.
Маркетингтің негізгі мақсаты болып кешенді маркетингтік зерттеулер табылады, олар өзіне нарықты және
тұтынушыларды ынталандырудың сыртқы маркетингтік ортасын зерттеуді және фирманың өндірістік-
өткізушілік мүмкіншіліктерін сонымен қатар маркетингтік барлау мен бенчмаркингті қосатын ішкі
маркетингті зерттеуден тұрады.
Маркетингтік зерттеулердің негізгі мақсаты – нарықтық процестер мен құбылыстардың дұрыс сипаттамасын
беруге ұмтылу, фирманың нарықтағы позициясын көрсету.
Фирманың көлемі мен тұрпатына қарай, тауардың ерекшелігіне қарай маркетингтік зерттеулердің нақты
есептері ұсынылады [2]:
-нарық коньюнктурасын, фирманың өз мүмкіндіктерін, бәсекелестерін талдау және бағалау;
-сұранысты, оның икемділігін болжау;
-коммерциялық қауіп-қатерді анықтау және бағалау;
-тұтынушылардың пікірлерін, түрлі нарықтық жағдайларда олардың мінез-құлықтарын анықтау, модельдеу
және т.б.
Маркетингтік зерттеудің объектісі болып фирманың маркетингтк ортасы табылады.
Маркетингтік зерттеулерді жүргізген кезде негізгі принциптерді басшылыққа алу қажет: жүйелілік,
кешенділік, объективтілік, үнемділік, үздіксіздік, оперативтілік, нақтылық, көкейкестілік.
Маркетингтік зерттеудің нәтижесі болып маркетингтің стратегиясы мен тактикасын таңдау және жүзеге асыру
кезіндегі әзірлемелер табылады. Маркетингтік зерттеулер квалификациялы басқарушылық шешімдерді
қабылдау үшін ғылыми және тәжірибелі негізделген базаны құрастырады.
Зерттеудің тереңдігіне тәуелді оның келесі түрлері болады: барламалы (нарықтың жеке элементтерін зерттеу,
немесе бөлшекті және терең зерттеудің алдындағы), сипаттамалы (екінші ретті ақпарат негізінде), талдамалық
(себепті-салдарлы байланыстырды айқындау, орталарды салыстырмалы талдау).
Тәжірибе жүзінде зерттеулерді жүргізуді фирма өз күшімен, сонымен қатар берілген облыста
мамандандырылатын басқа ұйымдардың көмегімен жүргізе алады. Зерттеулерді жүргізу түрі туралы шешім
қабылдаған кезде факторлар қатарын ескеру қажет: зерттеу құны, зерттеу жүргізу тәжірибесінің және қажетті
квалификация мамандардың бар болуы, өнімнің техникалық ерекшеліктерін терең білу, объективтілік, арнайы
жабдықтардың болуы (ДК және оларға арналған арнайы бағдарламалар, тесттілеуге қажетті жабдықтар),
құпиялылық.
Маркетингтік зерттеулер процессі бірнеше кезеңдерден тұрады [3]:
Бірінші кезең. Маркетингтік зерттеуді жүргізу нәтижесінде шешілуге тиісті мәселе анықталады.
Екінші кезең. Зерттеудің мақсаты қойылатын зерттеудің объектісі мен әдістері анықталатын маркетингтік
зерттеулердің жоспары құрастырылады.
Үшінші кезең. Бріншіден екінші ретті, ал содан кейін бірінші ретті ақпаратты жинақтау жүзеге асырылады.
Төртінші кезең. Ең сенімді, сапалы ақпаратты таңдау жүзеге асырылады, ал артық қажетсіз ақпарат
жойылады.
Бесінші кезең. Сәйкес мәліметтер қорларын толықтыра отырып, ақпарат жинақталады.
Алтыншы кезең. Маркетингтік зерттеулердің алдына қойылған мәселелерді шешу үшін ақпарат сипаты және
олардың көлемдері жеткілікті болған кезде, олар болашақтағы нұсқаларды талдауларға қолайлы болуы үшін
кестелерге, графиктерге және т.б. құрастырылады.
Жетінші кезең. Маркетингтік зерттеулердің нәтижесінде алынған мәліметтерді маркетинг бойынша
сараптаушылар, мамандар және менеджерлер тиянақты ойластыруға тартады, оларды өңдейді, салдарлар мен
қорытындалар шығарады.
Сегізінші кезең. Салдарлар мен қорытындылар негізінде нарықтық жағдайдың, тұтынушылар
сұраныстарының, фирманың бәсекелестік позициясының және т.б. келешектегі дамуының болжамдары
құрастырылады және зерттеулердің алдына қойылатын мәселені оптималды шешуді қамтамасыз ететін
ұсыныстар әзірленеді, олар есеп және нарықтық іс-әрекеттердің маркетингтік жоспары түрінде рәсімделеді.
Ақпарат жинақтау үшін зерттеулер жүргізген кезде әдістердің екі негізгі топтарын қолданады: бөлмелік
зерттеулер әдістері және өрістік зерттеулер әдістері, сонымен қатар аралас әдістер.
Бөлмелік зерттеулер әдістері алғашқы емес қайнар көзден (тұтынушы немесе сатып алушы) алынған берілген
зерттеудің мақсатымен тура байланысқан есептерді шешуге дайындалған екінші ретті ақпаратты жинақтауды
көздейді.
Бөлмеден тыс (өрістік) зерттеулер әдістері тұтынушы мен сатып алушыдан алынған немесе басқа зерттелінетін
субъектіден алынған алғашқы ақпаратты жинақтауды көздейді. Бұл әдістер сұрау, бақылау, тәжірибе жүргізу
және имитацияға бөлінеді.
Зерттеулердің аралас әдістері маркетологтармен әзірленген ұсыныстар мен стратегиялық бағыттары дұрыс па
деген сұраққа жауап беруге тағайындалған. Олар өзіне бөлмелік те, өрістік те зерттеулерді қосады
(тұтынушылардың ақпараттық панельдерінің есептері, сараптаушылық бағалау әдісі).
Маркетингтік ақпараттар деп хабарламалардың анықтылығын қамтамасыз ететін, маркетингтік қызметті жүзеге
асыру мәліметтерін, маркетингтік ортаны ұйымдастыру мен оның үрдістері түсініледі.
Әдетте маркетингтік ақпаратты алғашқы және екінші ретті деп бөледі.
Алғашқы ақпарат – бұл нақты маркетингтік мәселені шешу үшін арнайы жүргізілген өрістік зерттеулердің
нәтижесінде алынған мәліметтер. Артықшылықтары: нақты қойылған мақсатқа сәйкес жинақтау методологиясы
бақыланады және танымал, сенімді және т.с.с. Кемшіліктері: жинақтау және өңдеуге уақыттың көп кетуі,
қымбаттылығы және фирманың өзіне барлық қажетті мәліметтерді жинақтауға мүмкіншілігінің болмауы және
т.с.с.
Екінші ретті ақпарат – бұл нақты маркетингтік зерттеулердің мақсатынан ерекше ертерек жинақталған
мәліметтер. Екінші ретті ақпарат қайнар көздері ішкі (фирманың құжаттамасы) және сыртқы
(статистикалық жинақтар, газеттер мен журналдардағы мақалалар, каталогтар және т.с.с.) болып бөлінеді.
Артықшылықтары: арзандылығы және алғашқы ақпаратты жинақтаумен салыстырғанда жинақтаудың
тезділігі, бернеше ақпарат көздерін салыстыру мүмкіншілігі және т.с.с. Кемшіліктері: толықсыздығы,
ескіруі, сенімділігін бағалау мүмкіншілігінің болмауы және т.с.с. [4].
Маркетингтік ақпараттық жүйе – бұл өзіне персонал, жабдықтарды, процедураларды, жинақтау әдістерін,
маркетингтік шешімдерді дайындау және қабылдауға қажетті белсенді және сенімді ақпаратты бөлу,
бағалау, талдау, өңдеуді қосатын тұрақты қызмет ететін жүйе.
Назарларыңызға рақмет!

Ұқсас жұмыстар
Маркетинг тік зерттеулер
Ақпарат жинау әдістері
ПРЕЗЕНТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ МАРКЕТИНГТІК ЗЕРТТЕУЛЕР
МАРКЕТИНГ ЖӘНЕ МАРКЕТИНГТЕГІ
Қазақстанның сауда жүйесінде маркетингті қолдану ерекшеліктері
Кәсіпорынның маркетингтік қызметі
Кәсіпорынның маркетингтік қызметін талдау
Білім беру ұйымындағы маркетинг
Маркетингті стратегиялық жоспарлау
Мейрамхана мейманхана бизнесі маркетингінің ұғымы, мақсаттары мен міндеттері
Пәндер