Сандардың бөлінгіштік белгілері және 7-ге бөлінудің әдістері


Slide 1

Сандардың бөлінгіштік қасиеті

Қалдықсыз бөлінуі

Slide 2

1-ге бөлінгіштік белгісі

Кез келген сан 1-ге қалдықсыз бөлінеді.

Slide 3

2-ге бөлінгіштік белгісі

Егер санның соңғы цифры 2-ге бөлінсе, онда сол сан 2-ге бөлінеді

Немесе соңғы цифры 0, 2, 4, 6, 8 деген цифрлармен аяқталса, онда сол сан 2-ге бөлінеді.

Slide 4

3-ке бөлінгіштік белгісі

Егер санның цифрларының қосындысы 3-ке бөлінсе, онда сол сан 3-ке бөлінеді.

мысалы: 9654 9+6+5+4=24 24/3=8 яғни 9654 саны 3-ке бөлінеді.

Slide 5

4-ке бөлінгіштік белгісі

Егер санның соңғы 2цифрынан құралған 2таңбалы сан 4-ке бөлінсе, немесе сан екі 0-мен аяқталса, онда сол сан 4-ке бөлінеді.

Slide 6

5-ге бөлінгіштік белгісі

Егер санның соңғы цифры 0 немесе 5 болса, онда сол сан 5-ке бөлінеді.

Slide 7

6-ға бөлінгіштік белгісі

Егер сан бір уақытта 2-ге де 3-ке де бөлінсе, онда сол сан 6-ға да бөлінеді.

Slide 8

7-ге бөлінгіштік белгісі

Бұны түсіндіру ұзақ

Сол себепті соңына қалдырайық.

Slide 9

8-ге бөлінгіштік белгісі

Егер санның соңғы 3цифрынан құралған 3таңбалы сан 8ге бөлінсе, немесе соңы үш 0-мен аяқталса, онда сол сан 8-ге бөлінеді.

Slide 10

9-ға бөлінгіштік белгісі

Егер санның цифрларының қосындысы 9-ға бөлінсе, онда сол сан 9-ға бөлінеді.

Slide 11

10-ға бөлінгіштік белгісі

Егер санның соңғы цифры 0 болса, онда сол сан 10-ға бөлінеді.

Slide 12

11-ге бөлінгіштік белгісі

Егер санның тақ орналасқан цифрларының қосындысы мен жұп орналасқан цифрларының қосындысы тең болса, немесе олардың айырымы 11-дің еселігі болса, онда сол сан 11-ге бөлінеді.

Мысалы: 8052 (8+5) -(0+2) =11 яғни 8052 саны 11-ге бөлінеді.

Мысалы: 91949 (9+9+9) -(1+4) =22 яғни 91949 саны 11-ге бөлінеді.

Slide 13

11-ге бөлінгіштік белгісі (екінші әдісі)

Берілген санды соңынан бастап екі-екі цифрдан екі таңбалы сандарға жіктейміз, (егер берілген сан тақ таңбалы цифрдан тұратын болса, соңғы цифр жеке сан ретінде қарастырылады) .

Шыққан әр санның қосындысы 11дің еселігі болса, онда берілген сан 11-ге бөлінеді

Мысалы: 91949 9(19) (49) 9+19+49=77 77/11=7 яғни 91949 саны 11-ге бөлінеді.

Мысалы: 8052 (80) (52) 80+52=132 (1) (32) 1+32=33 33/11=3 яғни 8052 саны 11-ге бөлінеді.

Slide 14

12-ге бөлінгіштік белгісі

Егер сан бір уақытта 3-ке де 4-ке де бөлінсе, онда сол сан 12-ге де бөлінеді.

Slide 15

15-ке бөлінгіштік белгісі

Егер сан бір уақытта 3-ке де 5-ке де бөлінсе, онда сол сан 15-ке де бөлінеді.

Slide 16

16-ға бөлінгіштік белгісі

Егер санның соңғы 4цифрынан құралған 4таңбалы сан 16-ға бөлінсе, немесе соңы төрт 0-мен аяқталса, онда сол сан 16-ға бөлінеді.

Slide 17

18-ге бөлінгіштік белгісі

Егер сан бір уақытта 2-ге де 9-ға да бөлінсе, онда сол сан 18-ге де бөлінеді.

Slide 18

20-ға бөлінгіштік белгісі

Егер сан бір уақытта 4-ке де 5-ке де бөлінсе, онда сол сан 20-ға да бөлінеді.

Slide 19

25-ке бөлінгіштік белгісі

Егер санның соңғы 2цифрынан құралған 2таңбалы саны 25, 50, 75 болса, немесе соңы екі 0-мен аяқталса, онда сол сан 25-ке бөлінеді.

Slide 20

100-ге бөлінгіштік белгісі

Егер санның соңғы 2цифры 00 болса, онда сол сан 100-ге бөлінеді.

Slide 21

7-ге бөлінгіштік белгісі

Егер берілген санның бірлігін 2-еселеп, оны қалған цифрлардан құралған саннан (бірлігіне дейінгі) азайтқанда шыққан сан 7-ге бөлінсе, онда сол сан 7ге бөлінеді.

мысалы: 665 66-5*2=56 56/7=8 яғни 665 саны 7-ге бөлінеді.

Мысалы 8337 833-7*2=819 81-9*2=63 яғни 8337 саны 7-ге бөлінеді.

Slide 22

7-ге бөлінгіштік белгісі көөп таңбалы сан болса ше?

Егер көөп таңбалы сан болса, берілген санды соңынан бастап үш-үш цифрдан жіктейміз.

Тақ бөліктерін бөлек, жұп бөліктерін бөлек қосамыз.

Нәтижелеріне қарай үлкенінен кішісін азайтамыз.

Егер шыққан нәтиже 7-ге бөлінсе, онда берілген сан да 7-ге бөлінеді.

мысалы: 403889738 403+738=1141 1141-889=252 252/7=36 яғни 403889738 саны 7-ге бөлінеді.

Slide 23
Ұқсас жұмыстар
3 және 9-ға бөлінудің белгілері және бекіту тапсырмалары
Арнайы мектеп оқушыларына арналған 100-ге дейінгі сандардың нөмірленуін оқыту әдістемесі
Сандардың жуық мәндері және дөңгелектеу әдістері
Сандардың киелі ұғымдары: мақал-мәтелдер және сандардың символикасы
Комплекс сандардың геометриядағы қолданылуы және негізгі қасиеттері
Коррекциялық мектептерге арналған 100-ге дейінгі сандарды нөмірлеу әдістемесі
Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері
Киелі сандардың сыры: тарихи, мәдени және математикалық аспектілері
Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері: анықтамалар, мысалдар және бекіту сұрақтары
ҰБТ-ге психологиялық дайындық және емтихан стратегиялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz