Экология пирамидасының түрлері




Презентация қосу
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

презентация
пән:Экология және өмір қауіпсіздігі
тақырып:Табиғи экожүйелер және олардың деградациясы.
Экологиялық пирамида

Тобы:1402-11-4
Орындаған:Сейтбеков Д, Жүрсінбек М, Қаржаубай Н, Аманжол Б
қабылдаған:Байдуйсенова Т.У.
Жоспар:

1. Экологиялық жүйе, экожүйе;
2. Экологиялық пирамида;
3. Продуценттер, Консументтер, Редуценттер;
4. Экология, қорық, ұлттық парк;
5. Экология пирамидасының түрлері;
1. Экологиялық жүйе, экожүйе – тірі ағзалар жиынтығының
қоректену, өсу және ұрпақ беру мақсатында белгілі бір тіршілік
ету кеңістігін бірлесе пайдалануының тарихи қалыптасқан
жүйесі. Экологияның ең негізгі объектісі экологиялық жүйе,
немесе экожүйе. Функциялық тұрақтылығы аз уақытқа созылса
да қарым -қатынаста болатын құрағыштары бар кез келген
бірлікті экожүйе деп атауға болады. Экожүйе деген терминді
1935 жылы бірінші рет ұсынған ағылшын экологі А. Тенсили.
Экожүйе құрамына организмдер де, табиғи орта да кіретін тірі
табиғаттың негізгі функционалдық бірлігі болып табылады.
Экожүйенің құрылымын энергияны трансформациялаудың үш
деңгейі (консументтер, продуценттер, редуценттер) мен қатты
және газ тәрізді заттар айналымы құрайды. Экожүйенің
қасиеттері оның құрамына кіретін өсімдіктер мен жануарлардың
әрекеттеріне байланысты. Әр түрлі экожүйелерде өсімдіктің күн
энергиясын, минералды заттар мен судың қорын пайдалануы әр
түрлі мөлшерде жүреді. Биомасса мен энергияның ауысып,
өзгеріп отыратын кездерінде тіршілік қорлары барынша толық
пайдаланылатын экожүйелерді қаныққан деп, ал осы қорды
толық пайдаланбайтын экожүйелерді қанықпаған деп атайды.
2.Экологиялық пирамида — экожүйедегі
продуценттер, консументтер (бірінші және
екінші реттік) және редуценттер арасындағы
олардың массасымен өрнектелген
арақатынас. Өрнектелу түрлері:
• нақты массамен (биомасса пирамидасы),
• дарақтар санымен (Элтон сандарының
пирамидасы),
• дарақтардың энергия мөлшерімен
(энергиялар пирамидасы).
Продуценттер - өз ағзаларын өздері қалыптастыратын
организмдер. Продуценттер – жер бетіндегі тірі
организмдер, олар жай бейорганикалық қосылыстардан
күннің энергиясының әсерімен күрделі органикалық
заттар түзеді.

Консументтер (лат. consumo – тұтынамын),
тұтынушылар – қоректік тізбекте фотосинтез жүргізетін
өндіргіштер (продуценттер) түзетін дайын органикалық
заттарды пайдаланатын организмдер.

Редуценттер (лат. reducentіs — қалпына келтіруші),
ыдыратушылар— өлі органикалық заттарды (өлекселер
мен организм қалдықтарын) ыдыратып, оларды
органикалық емес заттарға айналдыратын организмдер
(сапротрофтар). Оларды кейде деструкторлар, яғни
ыдыратушылар деп те атайды.
Экология ( лат. оіkos – үй, баспана; logos – ілім) – жеке организмнің
қоршаған ортамен қарым-қатынасын, ортаға бейімделу заңдылықтарын,
сондай-ақ организм деңгейінен жоғарырақ тұрған биологиялық
жүйелердің, организмдер қауымдастықтарының, экожүйелердің,
биосфераның ұйымдастырылу және қызмет атқару заңдылықтарын
зерттейтін ғылым. Экология терминін ғылымға енгізген. Э. Геккель (1866
ж).
Қорықтар- қоршаған ортаның табиғи эталондар, реликтілері, ғылыми
зерттеулерге, ағарту білім беру ісіне, туризмге және рекреацияға
арналған нысандары ретінде экологиялык, ғылыми және мәдени
жағынан ерекше құнды, мемлекеттік қорғауға алынған аумақтарының
жиынтығы. Қорықтардың басты мақсаты - табиғи ландшафтылар
эталонын мұндағы тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен
коса сақтау, табиғат кешендерінің табиғи даму заңдылықтарын анықтау.
Қазақстан қорықтар саны жөнінен ТМД-ға кіретін республикалар
арасында 16 -шы орын алады. Дегенмен, республика жерінің көлеміне
шақканда корықтар үлесі жөнінен 13 -ші орында. . Қазіргі кезде нақты 10
қорық жұмыс істейді. Қазақстандағы қорықтардың барлық ауданы 1 610
973 га.
5.Экология пирамидасының түрлері
Экологиялық пирамида ережесі – экожүйедегі
консументтер, продуценттер және редуценттер
арасындағы олардың массасымен өрнектелген
арақатынас заңдылықтары [1]. Осының нәтижесінде бір
трофикалық деңгейден екіншісіне өткен сайын биомасса,
сандық құрамы мен энергия азайып отыратыны
анықталған. Бұл заңдылықты кезінде эколог Ч.Элтон
зерттеп, өзінің есімімен «Элтон пирамидасы» деп атаған.
Экологиялық пирамида ережесі көбіне бағана түріндегі
сызбанұсқалар арқылы беріліп, табиғи бірлестіктердің
белгілі бір өнімділігі арқылы ерекшеленеді. Ол массалық
не энергиялық өлшем бірлігі арқылы өлшенеді.
Экологиялық пирамиданың 3 типі бар: Сандық пирамида,
Биомасса пирамидасы, Энергия пирамидасы
деңгейлеріндегі организмдер саны арақатынасының
заңдылығы. Сан пирамидасы диаграммасының биомасса
мен энергия пирамидаларының диаграммасынан басты
ерекшелігі – оның төменгі деңгейлеріне қарағанда
жоғары деңгейлері бірте-бірте ұлғая түседі.
Сандар пирамидасының құрылуы мына факторларға
байланысты:
Кез-келген экожүйеде ұсақ жануарлар саны жағынан ірі
жануарлардан басым болады және тезірек көбейеді.
Кез-келген жыртқыш жануар үшін оның жемтіктерінің
көлемінің төменгі және жоғарғы шегі бар. Жоғарғы шегі
жыртқыштың өз денесінің көлемінен әлдеқайда ірі
жануарға шамасы жетпейтіндігімен, ал төменгі шегі –
жемтігінің көлемі тым кішкентай болғанына байланысты
оны аулаудың мәнінің болмауы. Өйткені, жыртқыштарға
ұсақ жануарларды көбірек аулауға тура келеді.
Сондықтан да жыртқыштардың әр түріне оптимал
көлемді жемтіктері азық болады
бір түрдің,түрлер тобының немесе
бүтіндей бірлестіктердің
(өсімдік,микроағза және
жануарлардың) тіршілік ететін
мекенінің бірлік бетіне не көлеміне
келетін жалпы құрғақ массасы ; аудан
немесе көлем (г/м2 немесе г/м3)
бірлігіне салмағы бойынша
өрнектелген тірі ағзалар мөлшері.
Өлшем бірліктері: кг/га, г/м2, г/м3, кг/
м3, т.б. Өсімдіктердің биомассасы
фитомасса, жануарлардың
биомассасы зоомасса деп аталады.
арақатынастарын егер ағзалардың көлемі жағынан
айтарлықтай айырмашылықтары болмаса, онда әр
трофикалық деңгейдегі даралардың биомассасын көрсете
отырып сатылы пирамида құруға болады.
Биомасса пирамидасы экожүйедегі коректік қарым-
қатынасты сипаттайды. Бұл пирамиданың нысаны сан
пирамидасының нысанына ұқсас үш бұрышты болады.
Тұтынушылардың биомассасы продуценттердің
биомассасына қарағанда екі еседей аз. Биомасса
пирамидасы биомассалардың азаюын, ал энергия
пирамидасы фитобиомассалардың азаюына байланысты
энергияның төмендеуін көрсетеді. Продуценттер
фотосинтез процесінің нәтижесінде жалпы биоөнімнің —
фитомассаның негізгі мөлшерін жасайды. Өсімдіктердің
өзінде заттек алмасу процесіне, яғни метаболизмге
бастапқы түзілген фитомассаның 40%-ы жұмсалады.
Өсімдіктерді қоректік заттек ретінде бірінші қоректік
деңгейдегі өсімдік коректі жануарлар фитофагтар немесе
тұтынушылар пайдаланады. Фитофагтарды әрі қарай
жыртқыштар пайдаланады.
беретін түрі, себебі әр трофикалық деңгей әр түрлі
жағдайларда тіршілік ете алатын ағзалардың санымен
массасы ілгері тұрған деңгейдегі осы сәтке жинақталған
энергияның мөлшеріне емес, азықтың өндірілу
жылдамдығына тәуелді. Энергия пирамидасы азық
массасының қоректік тізбесі арқылы өту жылдамдығын
көрсетеді.
Энергия пирамидасы – қоректік тізбектегі бірінші
деңгейден келесі әрбір деңгейге берілетін энергия
мөлшерінің заңдылығы. Бұл энергия мөлшері де бір
деңгейден екінші деңгейге өткенде 10 еседей азая
береді.
Энергия пирамидасының маңыздылығына тоқталатын
болсақ, экожүйедегі энергия ағынын бақылай отырып,
біздің көптеген экологиялық қауіптің алдын алу
мүмкіндігіміз бар. Өйткені, осы аталған үш пирамидалық
көрсеткіштер тіршілік қауіпсіздігін сақтауға қажетті
факторлар немесе процестерді анықтауға көмектесе
алады
Қорытынды:
Қорыта айтсақ, экологиялық
пирамидаларды жүйелей отырып,
жердегі зат алмасу, фотосинтез, тіршілік
процесінің тұрақтылық деңгейін
анықтауға болады. Ал ол экологиялық
мәселелерді шешуде маңызды рөл
атқарады. Сол себепті экологиялық
пирамидаларды бақылау, олардың
көрсеткіштерін анықтау арқылы қазіргі
әлемдік деңгейде өзекті болып отырған
бірқатар экологиялық мәселелерді
шешуге болады.
Экология. Оқулық. -Алматы Экономика,
2002 Т.Рысқұлов атындағы қазақ
экономикалық университеті ISBN 9965-
532-69-9
2. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия /
Бас редактор Ә.Нысанбаев. – Алматы. –
«Қазақ энциклопедиясы» Бас
редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-
9, X том
3. М.Ш.Алипов. Экология және тұрақты
даму. Алматы 2012 ISBN 978-601-7275-58-

Ұқсас жұмыстар
Экология бөлімі
Экологиялық пирамида
Биомасса пирамидасы - қоректік тізбектің бірінші деңгейінен екінші деңгейіне берілетін органикикалық заттар массасы
Тірі зат
Алдыңғы өскін
Үшкіл және бет нервтері
Вегетативтік орталықтары
ЭКОЛОГИЯ және ТҰРАҚТЫ ДАМУ. Экожүйедегі энергия
Экология жайлы
Ағзалар мен орта қарым-қатнасы
Пәндер