Тыныс алу - ағза мен қоршаған орта арасындағы газ алмасу үдерісі


Slide 1

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетеі ПРЕЗЕНТАЦИЯ пән: оқушылардың физиологиялық және психологиялық дамуы тақырып: тыныс алу және оның ерекшеліктері

Тобы:1402-11-4

Орындаған: Сейтбеков Д., Жүрсінбек М.,

Аманжол Б., Сағындықов Б.

Қабылдаған:Анарбаева А. И.

Slide 2

Тыныс алу - ағза мен қоршаған орта арасындағы газ алмасу үдерісі. Құнарлы заттардан энергия алу үшін оттегі қажет. Сондықтан тыныс алу үнемі жүзеге асып тұруы тиіс. Тыныс алу жүйесінің орталық мүшесі - өкпе. Одан басқа ауа жолдары: мұрын қуысы, ауыз қуысы, аңқа, жұтқыншақ, көмей, кеңірдек және ауа тамырлар қажет. Ауа тарататын барлық жолдар ішкі жағынан кірпікшелі эпителиймен астарланған, ол кірпікшелердің қимылымен қатты тозаң бөлшектерін шығарып тастайды. Мұрын қуысы қан тарату қылтамырларымен мейлінше жабдықталған және оны иіс сезу рецепторлары бар сілемейлі, кірпікшелі эпителий астарлайды. Сондықтан ауа мұрын қуысында шаң мен ұсақ ағзалардан тазартылып, дене температурасын қабылдайды, оның иісін анықтайды.

Slide 3 Slide 4

Ауыз қуысы дегеніміз - тынысалу жүйесінің мұрын уақытша жұмыс істемеген кезде (мұрын бітелгенде, мұрыннан қақ бөлінгенде, қан ақанда, т. б. ) пайдаланылатын сақтама жолы. Аңқа дегеніміз - ауыз және мұрын қуыстарының қосылған жері. Ол тыныс алу және ас қорыту жүйесінің ортақ бөлімі - жұтқыншаққа ұласады. Жұтқыншақтың соңғы ұшы тармақталады. Бір тармағы - өңешке қарай, екіншісі көмекейге астасады. Көмей (көмекей) шеміршектерден түзілген, олардың ең үлкені қалқанша шеміршек (еркекте өндіршек) .

Slide 5

Мұның арасындағы маңызды шеміршек - көмей қақпашығы (көмей шодыры) . Ол асты көмейге жібермей, өңешке қарай бағыттайды. Көмекей құрамына шеміршектерден басқа дауыстық ағзалар жиынтығы енеді. Ол екі сілемейлі дыбыстық байламнан құралады да, олардың аралығында дыбыстық саңылау орналасады. Әңгімелесу кезінде саңылауды байламдар жауып қалады да ауа олар арқылы күшпен қысылып шығып, дыбыс түзіледі. Байламдар неғұрлым (көмейден үлкен) ұзын болса, дыбыс соғұрлым жуан болады. Дыбыстың еркекте-жуан, әйелде көбінесе жіңішке болатыны сондықтан.

Slide 6

Көмекей жартылай сақиналы шеміршектерден тұратын түтік - кеңірдекке ұласады. Кеңірдек өңештің алдыңғы жағында орналасады. Сондықтан ішкі жағында және жартылай сакиналар аралығында жұмсақ дәнекер ұлпатек болады. Соның арқасында ас жентегі кеңірдек шеміршегіне қысым түсірмей, өңешпен еркін жылжиды. Кеңірдек екі ауатамырларға тармакталады. Ауатамырлар шеміршек сақиналарынан құралады. Олар бұрынғысынан да ұсақ ауа тамырлық тармақшаларға (бронхиолдарға) тармақталып, өкпе ішінде «бронхиолды ағаш» түзеді. Ауатамырлық тармақшалардың ең ұсақтары өкпе көпіршіктері - альвеолдармен аяқталады. Көпіршіктердің әрқайсысын қан тарату қылтамырлары торлап жатады. Оларда веналық қан болады, ол оттегіне қанығып, артериялық қан болып шығады

Slide 7

Гемоглобин көмірқышқыл газды беріп, оттегін қосып алады (карбогемоглобиннен оксигемоглобинге айналады) . Өкпе көпіршіктері және веналық қылтамырлардын кабырғасы арқылы газ алмасады. Өкпе альвеолдар жәрдемімен өте қан ұяшықтарға бөлініп, газалмасатын үстіңгі қабаттың көлемін өте ұлгайтады. Қанның оттегіне қанығуына өкпедегі ауа құрамы алмасады. Атмосфералық ауа (тыныс алғанда) құрамында 21% оттегі және 3% көмірқышқыл газы болады. Өкпе арқылы (тыныс шығарғанда) өткен ауа құрамында 16% оттегі және 4% көмір қышқылы қалады. Ауадағы азот мөлшері өзгермейді (74%) . Өкпе қызметың маңызды көрсеткіші ӨТС-өкпенің тіршіліктік сыйымдылығы. Бұл өте терең тыныс алған соң адамның тыныс шығара ала-I ми пуп мөлшері. Оның орташа мөлшері 3, 5 л немесе 3500 см3. Жаттыққан адамдарда ӨТС бұдан көбірек (5-7 л және одан артықтау) болады. ӨТС неғұрлым жоғары болса, өкпе соғұрлым жақсы қызмет атқарады.

Slide 8

Өкпе жұптасқан мүше. Оң жақ өкпе үлкен және үш бөлікке, ал сол жак өкпе жүрек есебінен екі бөлікке бөлінеді. Өкпені сыртынан тегіс дөнекер түптек (ұлпа) - өкпесіріқауызы (ішкі) қаптайды. Ол өкпемем тұтасып кеткен, оларды ажыратып алу мүмкін емес. Кеуденің (қабырғалар, қабырға аралық бұлшықет және көкет) ішкі жағына сыртқы тарақ - сыртқы сіріқауыз тұтасып кетеді. Сіріқауыздың екіта-рақтарының аралығында мөлшері 1-2 мм шағын кеңістік бар. Бұл -сіріқауыздық куыс. Оған сіріқауыздық сұйықтық толы болады.

Slide 9 Slide 10

Соның арқасында өкпе кеудеге берік жалғасатындықтан, біз тынысалу қимылдарын іске асырамыз. Егер қабырға аралық бұлшықеттер мен көк ет жиырылса, одан кеуденің көлемі және соғни сөйкес өкпенің көлемі арта түседі. Сөйтіп тынысалу жүзеге асады. Егер қабырға аралық бұлшықеттер мен көк ет босаңсыса, онда кеуде мен өкпенің көлемі кішірею есебінен тыныс шығарылады. Тынысалу жүйке гуморальды жолмен реттеледі. Тынысалу орталыгы сопақша мида орналасады. Ол тыныс алу және тыныс шығарудың рефлекторлық алмасуын реттейді.

Slide 11
Ұқсас жұмыстар
Анаэробты тыныс алу
Өкпедегі газ алмасу
Тыныс алу аппаратының және зәр бөлу мүшелерінің жүйесі
Ауа жолдары
Атмосфералық қысымды өлшеу
Тыныс алу аурулары
Кеңірдек бифуркциясы
Тыныс алу мүшелерінің орналасуы, құрылысы
Зат пен қуат алмасу
ГЕОСФЕРАДАҒЫ ЗАТТАР МЕН ЭНЕРГИЯНЫҢ АЙНАЛЫМЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz