Темперамент түрлері мен мінез - құлықтың психологиялық құрылымы



Темперамент түрлері мен мінез-құлықтың психологиялық құрылымы
Қабылдаған: Байжуманова Н. С.
Орындаған: Кентай А. А.
Тобы: АиУ-21-1
“Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті”
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Темперамент түрлері мен мінез-құлықтың психологиялық құрылымы
Бұрын кейбір психологтар темперамент табиғатын адамның эмоциялық саласына байланысты түсіндіретін. Шындығында, темперамент тек эмоциялық жағдайлардан ғана байқалмайды, ол ақыл-ой және ерік үрдістерінен де көрініп жатады. Адам темпераментті туралы сөз болғанда жекеленген психикалық үрдістердің динамикасы жайлы айтылмайды, мұнда жеке адамның тұтас мінез-құлқы бар синдромы (жүйесі) жөнінде сөз болады.
Сөйтіп темперамент - адамның жүйке қызметінің қасиеттерінен көрінетін, мінез-құлқының импульсивті-динамикалық көрінісінің жалпылама сипаттамасы болып табылады.

Темперамент түрлері мен мінез-құлықтың психологиялық құрылымы
ХОЛЕРИК ТЕМПЕРАМЕНТІ. Бұл типтің өкілі аса қозғыштығымен, соған орай мінез-құлқының ұшқалақтығымен көзге түседі. Холерик қарым-қатыста - күйгелек, бір беткей, шабуылға жаны құмар, іс-әрекетте - пысық. Холериктер жұмысты үзіп-үзіп істегенді ұнатады. Олар айналысқан ісіне жан-тәнімен беріледі. Осы жолда кездескен қиындықтың бәрін жеңуге даяр тұрады, кедергілерді жеңіп, мақсатына жетеді. Қайрат-жігері мұқалы, өз мүмкіндігіне сенімі кетсе, еңсесі түсіп, еш нәрсеге мойны жар бермей қояды. Осылайша, тек көңілі ауғанда істеушілік, оның жүйке қызметінің бір қалыпты тепе-тең еместігінен болады.
САНГВИНИК ТЕМПЕРАМЕНТІ. Бұл темпераменттің өкілін И. П. Павлов қызу қанды, іскер адам деп санайды. Бірақ ол ылғи қызықты іспен айналысқанда ғана осындай күйде болады. Мұндай іс жоқ кезде ол жабырқаңқы, сылбыр жүреді.
Сангвиникке қимыл қозғалыста - белсенділік, өмір жағдайының өзгеруіне жеңіл бейімдеушілік тән. Ол адамдармен тез тіл тауып, шүйіркелесе кетеді, жұртты жатырқамайды. Ұжым ішінде сангвиник көңілді ақ-жарқын, іске бар ықыласымен кірісетін, әуесқой адам. Осылайша жалындап тұрғанымен іске зауқы болмаса, яғни күнделікті күйбеңі, төзімділікпен ерінбей-жалықпай істеуді қажет ететін жұмыс тап болғанда суынып қалады.
ФЛЕГМАТИК - салмақты адам, ол күшін босқа сарп етпейді, бастаған істі аяғына жеткізеді. Ол бөспелікті сүймейді. Жұртпен қарым-қатынасы да бір сарынды жүріп жатады.
Баяулық пен селқостық - флегматиктің осал жағы. Оған ырғалып, жырғалуға, жиналып, қамдануға біраз уақыт қажет. Селқостық оның стереотиптерінің оралымсыздығынан мінез-құлқының оңтайлы еместігінен, жаңа жағдайға тез үйлесе қоймайтындығынан жақсы байқалады. Дегенмен, бұл қасиет мінездің тұрақтылығын көрсетеді, істі аспай-саспай тыңғылықты аяқтауға мүмкіндік береді. Флегматиктер ұзақ уақыт жұмыс істеуге сабырлық пен әрекет етуге төзімді болады.
МЕЛАНХОЛИК ТЕМПЕРАМЕНТІ - бұл типтің өкілдері аса сезімтал соның салдарынан жаны тез жараланғыш келеді. Меланхоликтер тұйық, қиын жағдайлардан жол тауып шығуға олақ, адамдардан оқшау жүргенді ұнатады. Ол қауіпті жағдайлардан қорқады.
Қозу және тежелу үрдістерінің әлсіздігі бұлардың бір-бірімен тең келмеуі, кез келген күшті әсер -меланхоликтің қимыл қозғалысын баяулатып, онда шектен тыс тежелу туғызады. Меланхоликті әлсіз тітіркендіргіштер де мазалайды, одан да зор әсер алады, сондықтан да ол ұсак-түйектің бәріне де қатты мұңаяды немесе қатты қуанады. Психологтар мұны меланхоликтердің күшті сезіне білу қабілетінен деп есептейді. Үйреншікті жақсы, тату ұжым арасында меланхоликтер өзін жақсы ұстайды, жұртпен қарым-қатысқа түсіп, алған ісін нәтижелі орындай алады, кедергілерді жеңіп, табандылық көрсетеді. Темпераменттің негізгі төрт типінің өкілдері бір қалыпты жағдайдың өзінде өздерін түрліше ұстайды екен. Осылайша темперамент адамның белсенділік сипатынан, мінез-құлықтың түрлі қалпынан үнемі өзгерістегі сыртқы ортаға бейімделе алу жағдайынан көрініп отырады.

Жеке тұлғаның психологиялық ерекшеліктерін сипаттайтын «қажеттілік», «қызығушылық» ұғымдарын талдау
ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ - бір нәрсе туралы жағдайға қарай білуге құмарлық, дүниедегі заттар мен құбылыстарды танып-білуге бағытталған адамның жеке ерекшеліктерінің бір көрінісі. Адамның іс-әрекетіне, көзқарасы мен талғамына, мұрат-мүддесіне байланысты қызығушылықтары әр түрлі болады. Қызығушылық тұрақты қасиетке айналғанда ғана адам өз іс-әрекетінен жақсы нәтиже шығара алады.
Қызығушылық мазмұны мен бағытына қарай:
материалдық,
қоғамдық,
саяси,
кәсіптік,
танымдық,
эстетикалық болып сараланады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz