Османлы мемлекеті



Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Әлеуметтік -гуманитарлық ғылымдар факультеті Педагогика және психология кафедрасы
Орындаған:Ахмет Ұ.
Тобы:ППП-111
Қабылдаған: Зұлпыхарова Э.
Осман империясы

Жоспары:
Кіріспе
Осман империясының құрылуы
Осман империясы туралы жалпы сипаттама
Сұлтандар
Басқару нысаны
Осман империясының әкімшілік басқаруы
Осман тұғрасы
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
ОСМАН ИМПЕРИЯСЫ, Оттоман империясы - сұлтандар билеген Түркияның ресми атауы. 15-16 ғасырларда түріктердің Азиядағы, Европа мен Африкадағы басқыншылығы нәтижесінде пайда болды. Монғолдардың 1219-1921 жылдардағы Орта Азияға шабуылы кезінде Эртоғрұл бастаған Қайы тайпасы батысқа қарай жылжып, 13 ғасырдың 30 жылдарында Кіші Азияға жетті. Эртоғрұл салжұқтардан алған өз билігіндегі жерді Византия есебінен кеңейте түсті. 1281 жылы Эртоғрұл өлгеннен кейін оның баласы Осман I билігіндегі әмірлікті өз есімімен атап, Осман әулетінің негізін салды.

Құрылуы (1299-1402)
Османлылар ата-тегі оғыздардың қайы тайпасынан шығады. Бұл тайпа XIII ғасырдағымоңғол шапқыншылығынан құтылып, Анадолыжеріне көшеді. Тайпаның басшылары осында әскер жинап жатқан хорезмшаһ Жалаладдин Мәңгібердінің (1199-1231) қызметінде болады. Кейінірек Ертұғрыл бей (1198-1281) бастаған тайпаның бір бөлігі Анадолы Селжұқ Мемлекетіне көшеді. Селжұқтардың сол кездегі сұлтаны I Алаеддин Кейқұбат (1192-1237) Ертұғрылға Анадолыдағы Сөгүт қаласын сыйлайды. Ертұғрылдың ұлы I Осман (1258-1324) осы қалада 1299 жылы Османлы бейлігінің негізін қалайды.

Осман империясы
Осман империясы (осм. دولت عالیه عثمانیه - Devlet-i Âliyye-i Osmâniyye, Ұлы Осман мемлекеті) - Еуропа, Азия және Африка құрлықтарында орналасқан ортағасырлық көпұлтты мемлекет.
Ірі қалалары:Қаһира. Тілдері:Османлы тілі Александрия. Діні:Ислам Бағдат Дамаск. Мекке
Ақша бірлігіақша, құрыш, сұлтани, лира
Аумағы5 200 000 км² (1683)
Халқы35 350 000 адам (1856)
Басқару формасыМонархия
Сұлтандары:
Осман-
Мехмет
Сәлім
Сүлеймен
VМехмет

I Осман (осм. عثمان اول - Oŝmân-ı evvel; 1258 - 1 тамыз 1326) - Осман империясының 1-ші ұлыбейі және негізін қалаушысы[1], қолбасшы.
I Осман 1281 жылы қайтыс болған әкесі Ертұғрыл бейден Кіші Азиядағы түрік ордаларын мұраланады. Кейін 1299 жылы I Осман осы ордаларды біріктіріп, Османлы бейлігін құрды. Жаңа мемлекеттің әр азаматы өз билеушілерінің есімімен "османлылар" деп аталып кетті. Келешекте бұл ел өз заманының ең қуатты еліне айналды.
Алдымен I Османның немересі I Мұрат өзін сұлтан етіп жариялайды. Ал II жаулап алып, осы елді империяға айналдырды. I Сәлім Мекке мен Мединені өз қол астына алып, өзін халиф етіп жариялайды. Ал оның баласы I Сүлеймен 46 жыл билеп, елді дамудың шарықтау шыңына дейін жеткізді. Осылайша I Осман әлем тарихындағы ең ұлы мемлекеттердің бірі Османлы мемлекетінің негізін қалаушысы болды, және адамзат тарихындағы ең ұлы әулеттерінің бірі Османлы әулетінің арғы атасы болды.

II Мехмет (осм. محمد ثانى - Mehmed-i sânî; 30 наурыз 1432 - 3 мамыр 1481) - Османлы мемлекетінің 7-ші сұлтаны, қолбасшы.
Османлы тарихындағы ең ұлы сұлтанның бірі, мемлекетті империя дәрежесіне көтерген сұлтан. Константинопольдің жаулаушысы ретінде күллі әлемге танымал билеуші. Бұл жаулаудан кейін өзіне "Рим кайзері" деген атақ алды. Бұдан былай Османлы мемлекеті Шығыс Рим империясының ізбасары ретінде қарастырыла бастады. II Мехметтің әскери күші өте мықты еді, өзінің барлық ондаған шайқастарының ішінде тек бірнеше рет қана жеңілді. Оның Италияныжаулау, Рим папасын тізе бүктіру және т. б. ірі жоспарлары оның нашар денсаулығы кедергі болды. Әйтпесе, аз уақыт ішінде Солтүстік Италияны бағындырған II Мехмет өз жоспарларын іске асыруы әбден мүмкін еді.

I Сәлім (осм. سليم اول - Selîm-i evvel; 10 қазан1465 - 22 қыркүйек 1520) - Османлы мемлекетінің 9-шы сұлтаны (1512-1520), Ислам халифатының 74-ші халифі (1516-1520), ақын, қолбасшы.
Османлы тарихындағы ең ұлы жаулаушылардың бірі болып саналады. Сонымен бірге ол өзінің қатігездігімен ерекшеленеді. Еуропа патшалары одан қорқып, онымен соғыс жүргізуден қашқақтайтын. Қол астындағы уәзірлері оның бір қарағанынан үрейленетін. Бірақ оның қатігездігі мемлекетке өте үлкен пайда әкелді: жаулаулар нәтижесінде жер ауданы екі жарым есеге ұлғайды (2 375 000 км²-ден 6 557 000 км²-ге дейін), ірі олжалар арқасында қазына толды, парсы елінен айдап әкелінген өнер адамдары Ыстамбұлға көшірілгеннен соң османлы өнері күрт дами бастады, Сәлім 1516 жылы "халиф" атағын алғаннан соң, Османлы мемлекеті халифат ретінде ислам әлемінде ең беделді елге айналды.

I Сүлеймен (осм. سليمان اول - Süleymân-ı evvel; ақындық лақап аты - Мүхибби (түр. Muhibbî) ; 6 қараша 1494 - 7 қыркүйек 1566) - Османлы мемлекетінің 10-шы сұлтаны, Ислам халифатының 75-ші халифі, ақын, зергер, қолбасшы. Османлы мемлекетінің ең ұлы сұлтаны. Оның тұсында ел өзінің шарықтау шегіне жетті. Жер ауданы екі есеге ұлғайды (6 557 000 км²-ден 14 893 000 км²-ге дейін), мемлекеттік басқарма, ғылым, өнер (әсіресе, сәулет өнері) жоғары деңгейге шықты, көптеген мешіттер (мысалы, Сүлеймение мешіті), медреселер, хаммамдар (мысалы, Хүррем сұлтан хаммамы) салынды, уақыптар ашылды (мысалы, Рүстем паша қоры), Османлы мемлекеті Батыс пен Шығысты байланыстыратын ірі транзиттік державаға айналды, Паргалы Ибраһим паша, Матрақшы Насух әпенді, Қызыр Қайыреддин паша, Тұрғыт рейс, Пір рейс, Мимар Синан, Тастыжалы Жақия, Дамат Рүстем паша, Соколлы Мехмет паша есімді атақты мемлекеттік қайраткерлер, өнер адамдары, ғалымдар I Сүлейменнің тұсында өмір сүрді.

VI Мехмет (осм. محمد سادس - Mehmed-ı sâdis; 2 ақпан 1861 - 15 мамыр 1926) - Османлы мемлекетінің 36-шы сұлтаны, Ислам халифатының 101-ші халифі.
VI Мехмет 1861 жылы османлы елордасы Константинопольде османлы сұлтаны I Әбділмәжит шаңырағында дүниеге келді. VI Мехмет тұсындағы Османлы мемлекеті
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz