Жыл мезгілдері: бастауыш сыныпқа арналған сабақ жоспары


Slide 1 Slide 2

Сабақтың тақырыбы: Жыл мезгілдері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:жыл мезгілдері туралы мәлімет беру. Білетіндерін қайталау, тереңдету. Сөздерді дұрыс қолдана отырып, сөйлем құрауға баулу.

Дамытушылық:ой-өрісін дамыту, табиғаттың әр мезгілінде әр түрлі өзгерістер болатынын байқауға дағдыландыру, ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік:туған өлке табиғатына, табиғат заттарына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: ауызша, суреттеу, ауызекі сөйлеу.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер

Slide 3

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

-Сәлеметсіздер ме, балалар!

-Қазір қай жыл мезгілі?

-Бүгін аптаның қай күні?

Жаңа сабақ

-Бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбы:Жыл

мезгілдері.

Бүгінгі сабақта алдыма қойған

мақсатым, сендерге жаңа тақырып туралы түсіндіріп, осы тақырып жайында білімдеріңді терендету. Көрнекіліктерді қолдана отырып, сөйлем құратып үйрету, еркін сөйлеп үйретуге баулу. Табиғаттың әр мезгілінде әр түрлі өзгерістер болатынын байқауға дағдыландыру және табиғатқа деген сүйіспеншіліктеріңді арттыру.

Slide 4

-Бір жылда неше жыл мезгілі бар?

-Қазір қай жыл мезгілі?

-Кім қай мезгілді жақсы көреді?

Бүгін бізге Жыл мезгілдері қонаққа келеді.

Slide 5

Қар еріп, су ағады,

Сарқырап сайға толады.

Күн ұзарып жылиды,

Бұл қай кезде болады?

Көктем айларын атаңдар.

Көктемнің бірінші гүлі.

Көктемде ауа райы қандай болады?

Көктемде қандай мерекелер болады?

Балалар, қандай құстар ұшып келеді?

Slide 6

-Ей жарқын жаз, жарқын жаз

Қандай көркем даламыз,

Алаңсыз демаламыз

Біз бақытты боламыз,

Шырқап әнге саламыз.

Slide 7 Slide 8

Алдында тұр, алтын күз

Дала толы жеміске

Диқан толы егіске

Бау-бақшаға барайық

Жемістерді жинайық.

Егіншілер не жинайды?

Оқу жылы қашан басталады?

Күзде қандай көкөністерді жинайды?

Slide 9

Біз тебеміз сырғанақ

Таудан төмен сырғанап.

Қар жауады аппақ

Аяз қатты азынап

Қыста қандай киім киеміз?

Slide 10

Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жазындар.

Қыста . . . суытады. Балалар . . . шаңғы тебеді. Адамдар . . . киімдерін киеді. Қыста балалар . . . , коньки тебеді. Қыс-жылдың ең . . . мезгілі.

Керекті сөздер:күн, қыста, жылы, шаңғы, суық.

Slide 11

Жұмбақ шешу.

Қолы жоқ, сурет салады;

Тісі жоқ, тістеп алады. (аяз)

Аппақ, аппақ, ақ мамық,

Жерде жатыр тапталып. (қар)

Slide 12

VII. Қорытынды

VIII. Бағалау


Ұқсас жұмыстар
Жыл мезгілдері: сабақ жоспары және үй тапсырмалары
Құрмалас сөйлем: бастауыш сыныпқа арналған сабақ жоспары
Бастауыш сыныпқа арналған Хабарлы сөйлем тақырыбының сабақ жоспары
Бастауыш сыныпқа арналған сөйлем тақырыбындағы саяхат сабақ жоспары
Сан есім: бастауыш сыныпқа арналған сабақ жоспары
Топырақтың қасиеттері: бастауыш сыныпқа арналған оқу-әдістемелік сабақ жоспары
Бастауыш сыныпқа арналған сабақ жоспары: Біріккен сөздер және емле ережелері
Е. Емельяновтың Бүркіт шығармасы бойынша бастауыш сыныпқа арналған сабақ жоспары
Жыл мезгілдері: маусымдық өзгерістердің себептері мен көріністері
Я әрпінің жазылуы: бастауыш сыныпқа арналған әдістемелік сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz