Түйсік негізгі заңдылықтары



Танымдық үрдістердің зерттеу әдістері
Орындаған: Манап Қ.
Мырзатаева Н.
1-004 топ
Тексерген: Жакишева Г. С

Жоспар:
Танымдық үрдістер
Түйсік
Қабылдау
Зейін
Ес
Ойлау
Сөйлеу
Қиял
Қорытынды
Ойын (тест )
Пайдаланылған әдебиеттер

Психикалық үрдістер
Психикалық үрдістердің мына түрлері болады:
Танымдық
Эмоцианалды
Еріктік

Танымдық үрдістің түрлері
Түйсік
Сөйлеу
Қиял
Ес

Түйсік
Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерiнiң сезiм мүшелерiне тiкелей әсер етуiнен пайда болған мидағы бейнелердi түйсiк деп атайды.
. Мәселен, жолдасыңнан көзiн жұмуын өтiнiп, оның алақанына белгiсiз бiр затты тигiзсең, сосын одан оның не екенiн сүрасаң, ол: “қатты, жылтыр, мұздай, жүмсақ, жылы, кедiр-бұдыр бiр нәрсе” деп жауап бередi. Заттардың нақты атауы емес, тек түрлi қасиеттерiн бiлдiретiн осы сөз тiркестерi түйсiк болып табылады.

Түрлері
Экстерорецептор - көру, есту, иісті сезу, сипап сезу және т. б. жатады (сыртқы құбылыстар)
2. Интерорецептор - дәм түйсіну, ауруды түйсіну және т. б. ( ішкі құбылыстар)
3. Проприорецептор - бұлшықеттер, діріл, тамыр тартылу ( қозғалысты түйсіну)

Түйсік негізгі заңдылықтары
1. Сезгіштік - адамның түйсіне алу қабылеті. Ол екіге бөлінеді : абсолюттік және айырма.
Абсолюттік - сезім мүшелерінің өте әлсіз тітіркендіргіштерді түсіндіре алуы.
Айырма - сезім мүшелерінің тітіргендіргіштердің арасындағы болмашы айырмашылықты түйсіне алуы.
2. Адаптация - сезім мүшелерінің біртіндеп бейімделуін айтамыз. Сезгіштіктің артуын және төмендеуін көрсетіп отырады. Мысалы, жарық жерден қараңғы бөлмеге кіргенде, немесе керісінше.
3. Сенсибилизация - сезгіштіктің артуын ғана көрсететін құбылыс. Біреуінің әсерінен басқаларының сезгіштігі артады.
4. Синестезия - тітіркендіргіштер сезім мүшелерінің біреуінде ғана түйсік туғызудың орнына сол сәтте басқа түйсіктердің пайда болуына да жағдай жасайды. Қосарланған түйсіктер. Мысалы, кейбір адамдар біреудің сөзін естігенде, бұған қоса түрлі дәмдер мен түстерді де сезеді.
5. Бірізді бейнелер - тітіркендіргіш әсерінің тоқталғандығына қарамай, аз ғана уақыт болса да, түйсіктің қалатын кездерін бірізді бейнелер деп атайды

Қабылдау
Егер түйсік сыртқы дүние заттары мен қүбы-лыстарының жеке қасиеттері мен сапаларының миымызда бейнеленуі болса, қабылдау заттар мен құбылыстардың мида тұтастай бейнеленуі болып табылады.
Қабылдауда заттар мен құбылыстардың түсі, дыбысы, дәмі, иісі, формасы т. б. қасиеттері түтас күйінде бейнеленеді. Мысалы, алманы қабылдауды алайық. Мүнда біздің анализаторларымызға оның қызыл түсі, хош иісі, тәтті дәмі т. б. осындай қасиеттері бір мезгілде эсер етеді де, миымызда түтас зат бейнесі пайда болады.

Ерекшеліктері
Тұтастығы - қабылдау объектісі жеке қасиеттерден, бөлшектерден тұрғанымен біз оларды бүтіндей тұтас қабылдаймыз.
Иллюзия - түрлі себептерге байланысты өмір шындығының теріс, жаңсақ қабылдануы. Алдамшы көріністер көбінесе танымға жат, түсініп болмайтын бейнелер түрінде көрінеді.
Мағыналығы - қабылданған нысан тұтас, оның мəнi сөзбен берiледi, мазмұны тұжырымдалады. Қабылдау мағынасының қарапайым түрi - тану. Тану жалпылап тану немесе талғаусыз тану жəне даралап тану болып бөлiнедi. Жалпылап тануда нəрселердiң жай-жапсары терең бiлiне бермейдi, ал даралап тануда заттар мен құбылыстарды айыру анық əрi толық түрде өтедi.
Таңдамалылығы - бізге қабылдау кезінде бірнеше заттар немесе құбылыстар әсер етуі мүмкін. Бірақ біз өзіміздің қажеттілігімізге байланысты біреуін ғана қабылдаймыз. Қабылданған зат қабылданғанның объектісі деп аталады. Ал объектіден тыс қалған заттар қабылданғанның фоны деп аталады
Апперцепция - қабылдаудың тәжірибеге, білімге, сенімге, іс-әрекеттің нәтижесіне және мамандыққа тәуелді болуын аперцепция деп атаймыз. Аперцепция 2-ге бөлінеді: тұрақты және уақытша.
Тұрақтылығы - біз өзіміздің тәжірибемізге, білімімізге байланысты заттар мен құбылыстарды тұрақты түрде қабылдаймыз. Қабылдау кезінде қабылданатын заттар мен құбылыстардың кейбір белгілері, түрлері, формалары өзгерсе де біз оларды бұрынғы қабылданған күйінде қабылдаймыз.

. Зейін - адамның психикалық әрекетінің белгілі бір нәрсеге бағытталып шоғырлануы. Адам өмірінде зейіннің алатын орны зор. Әсіресе, таным процесінде, білім алу ісінде маңызы ерекше. Шәкірттің сабақты түсіне қоймауы, есінде дұрыс сақтай алмауы, тапсырманы орындауда қате жіберуі оған дұрыстап зейін қоймаудан болады.
Зейін қою, көбінесе, адамның айналысып жатқан іс-әрекетінің сипаты мен маңыздылығына байланысты. Сондай-ақ, ол адамның жеке бас ерекшеліктеріне, оның мүддесіне, талап-тілегіне, мақсат-мұратына, ерік-жігер сапаларына, темпераментіне, мінез бітіміне байланысты болады
Зейін

Зейін ерекшеліктері
Бөлінуі
Тұрақтылық
Ауыспалалылығы
Ауқымдылығы
Алаң болушылық

Ес
. Ес - адамның бұрын көрген, естіген, білген нәрселері мен бейнелерін ойында ұзақ уақыт сақтап, қажет кезінде қайта жаңғырту қабілеті, жүйке жүйесінің негізгі қызметтерінің бірі. Адамның есте сақтау қабілеті үнемі дамып, жетіліп отырады.

Есте сақтау түрелрінің 3 негізгі түрі
Тыңдау есте сақтау қабілеті
Көріп есте сақтау қабілеті
Сезу арқылы есте сақтау қабілеті

Ой
Ойлау - объективті шындықты белсенді бейнелеудің жоғарғы формасы, дүниені тану мен игерудің жоғарғы сатысы, тұлғаның танымдық әрекеті. Ойлау формалары мен құрылымдарында адамзаттың бүкіл танымдық және тарихи-әлеуметтік тәжірибесі, материалдық және рухани мәдениеті дамуының басты нәтижелері қорытылып, бекемделген. Сыртқы дүниені толык тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау аркылы ғана білеміз.

Ойлау тәсілдері
Анализ - бүтінді бөлшектеп, майдалау, мүшелеу, белгілерге бөліп қарау. Адам өзінің күнделікті әрекетінде заттар мен нәрселерді алдымен бөлшектеп, талдап отырады
Синтез деп - ой арқылы бүтіннің белшектерін біріктіріп, оны бүтінге айналдыруды айтады. Анализсіз синтез, синтезсіз анализ болмайды, Бұл екеуі - бірінен-бірі ешқашан ажырамайтын ой процесінің негізгі компоненттерінің бірі

Ойлау формалары
Ұғым - ойдың бастапқы формасы.
Пікір - ойды мақұлдау, не оны бекерге шығару.
3. Ой қорытындылары - бірнеше пікірлерден жаңа пікір шығару. Ой қорытындыларының өзң 3-ке бөлінеді: 1. Индукция 2. Дедукция 3. Аналогия
Ұғым
Ой қортындылар
Пікір

Сөйлеу
Сөйлеу - адамның тілдік амалдар арқылы пікір, ой білдіру әрекеті. Сөйлеу анатомиялық мүшелердің қатысуымен іске асқанымен, негізінен, адамның психикалық қабілетіне, қоғамдағы пікір алмасу тәжірибесіне сүйенеді. Сөйлеу процесі айтылатын пікірдің мазмұнына, пікір айтудың жағдайына (пікірді ауызша не жазбаша айту, диалог түрінде айту, көпшілік алдында айту, тындаушының білім дәрежесін, жас мөлшерін ескеру т. б. ) сай түрліше құрылады.

Сөйлеу түрлері
Сыртқы сөйлеу
Ауызша сөйлеу
Диалогтық сөйлеу
Жазба сөйлеу
Монологтық сөйлеу

Қиял
Қиял - сыртқы дүние заттары мен қүбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өндеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс.

Қиял түрлері
Пассив
Актив
Арман
Шығармашылық

Ғылыми танымның әдісі
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz