Көлем сөзі




Презентация қосу
Мектепалды топ балаларында «шама»
ұғымдары туралы түсініктерді қалыптастыру
әдістемесі
Шама — мәні математиканың дамуына байланысты жалпыланып отырылған негізгі математикалық
ұғымдардың бірі.
Ұзындық, аудан, салмақ сияқты тағы басқа нақты ұғымдардың жалпылануы нәтижесінде алғашқы шама
ұғымы пайда болды. Математикалық ұғымдардың бірі – көлем. Көлем туралы нақты түсініктер: ұзындық,
алаң, көлемі, өлшем, жылдамдық т.б. Белгілі бір өлшемді белгілеп алады: мысалы: құмды, суды өлшеу үшін
стақанды өлшем бірлігі ретінде алу т.с.с. өлшем бірлігі санмен белгіленеді. Көлемді өлшеудің міндеті
көптеген заттардың сандық мөлшерін анықтау. Балабақша бағдарламасында мектеп жсына дейінгі
балалардың заттардың көлемі, оны өлшеу тәсілдері жөнінде білім беру қарастырылады. «Көлем» сөзі 2
ұғымды білдіреді, яғни математикалық көлем, заттардың кеңістіктегі белгісі заттардың көлемін толық және
дұрыс бағалауда оның жеке белгілерінің де алатын орны зор.
Заттардың көлемі туралы түсінік қалыптастырудың жөнін анықтау мектеп жасына дейінгі
балалардың көлем туралы түсінігін дамыту балабақшаның тәрбиелеу, білім беру міндеттерінің
бірі болып саналады.
Кез келген заттың толық және дұрыс сипаттамасын беру үшін заттың көлемін анықтау үлкен
мәнге ие. Заттың қасиеті ретінде көлемді ерекшелеп, оның атын атау затты тану үшін ғана емес,
сонымен қатар, заттар арасындағы қатынасты түсіну үшін қажет. Қоршаған орта туралы
балаларда түсініктерінің қалыптасуына ықпал етеді. Заттың көлемін анықтау баланың ақыл
ойының дамуына тікелей әсер етеді, салыстыру, топтастыру, өлшемді математикалық түсінік
ретінде қабылдауға және баланы мектепте математиканы игеруге дайындайды.
Мектеп жасына дейінгі балалармен тәжірибелік әрекеттер нәтижесінде зерттеушілер, балаларды
көлеммен таныстыруда ескерілу қажет міндеттерді анықтады. Олар:
-балаларда заттардың көлемін ерекшелеуге бағытталған, бұл өз кезігінде негізгі тәсілдер ретінде
беттестіру мен сәкестендіруді пайдалана отырып, бағдарлы іс-қимылдарды дамыту;
-балаларды алдымен қарама-қарсы заттарды ажыратуға үйрету, содан кейін үлкендеу, кішілеу, аласа
заттарды және ақырында көлем жағынан тең заттарды ажыратуға үйрету; бірқатар шамалар тізбегін
құру;
-көлемнің жеке параметрлерін ерекшелек және атау (ұзындығы, ені, биіктігі, қалыңдығы және т. б.);
-заттарды көлемі бойынша салыстыру әдістері мен тәсілдерін оқыту;
-балалардың көзмөлшерімен өлшеуін, аналитикалық-синтетикалық қызметін, кеңістіктік
қабылдауды дамыту;
-шаманың эталондары туралы түсініктерді қалыптастыру, арнайы терминологияны меңгеру.
«Сөзді керісінше ата» сөздік ойыны
Мақсаты: Балаларды қарсы мағынадағы сөздерді таба білуге үйрету; көлем, кеңістіктегі ара
қатынас туралы білімдерін бекіту.
Мазмұны.
Тәрбиеші көлемді, кеңістіктегі бағытты немесе сандық қатынасты анықтайтын сөзді атап, допты
бір балаға лақтырады. Бала осы сөзге қарсы мәндес сөзді атап, допты қайтадан тәрбиешіге
лақтырады (үлкен – кіші, кең – тар, ұзын – қысқа, биік – аласа, қалың – жұқа, сол жақта – оң
жақта, жоғары – төмен, аз – көп, қалыңырақ – жұқарақ, ұзынырақ – қысқарақ, кеңірек – тарырақ,
т.б.
«Көзіңді жұмып, қолыңмен анықта»

Ойынның мақсаты: Ұзын-қысқа, жуан-жіңішке, үлкен-кіші ұғымдарын бекіту.
Ойынның құрал-жабдықтары: қарындаштар, таяқшалар.
Ойынның мазмұны: Балалар сипап – сезу арқылы заттың ұзын - қысқалығын анықтау. Ұзындығы
әртүрлі қарындаштар алынады. Жүргізуші бір баланы шақырып, оған «көзіңді жұм да,
қарындаштың ұзын-қысқалығын анықта» деген тапсырма береді.
«Ұзын-қысқа»

Ойынның мақсаты: өлшемдердің қасиеттерін қабылдауға үйрету; тапсырманы орындауға
жаттықтыру.
Ойынның құрал-жабдықтары: ұзын және қысқа жолақшалар.
Ойынның мазмұны: Балаларға ұзын және қысқа жолақшаны көрсету. Өлшемін анықтау.
Жолақшаларды таратып беру. Үстелдің үстіндегі жолақшалардың ішінен ұқсас жолақшаны
табуға тапсырма беру.
«Сипаттамасы бойынша тап»
Мақсаты: Ұзын-қысқа, кең-тар, биік-аласа, үлкен-кіші ұғымдарын бекіту.
Көрнекілік: Топтағы жануарлар бейнелейтін ойыншықтар.
Ойынның мазмұны: Сөреге аю, қоян, қасқыр, түлкі т.с.с 5-6 ойыншықтар қояды. Әрбір
ойыншықтарды анықтап қарап, атын қайталайды. Балалардың біреуін бөлмеден шығарып,
ойыншықтар туралы жұмбақтар құрастырады, м: «Ұзын құлақ, қыли көз, қысқа құйрық-бұл қай
аң? Жұмбақтарды құрастырып болған соң, баланы шақырады. Егер ол жұмбақ дұрыс шеше
алмаса, қолына сол ойыншық беріледі де, жұмбақ қайта айтылады.
«Кең-тар» дидактикалық ойыны
Мақсаты: кең-тар идеясын қалыптастыру.
Мазмұны: сабақ ұқсас түрде өткізіледі, бірақ қазір балалар заттың енін, яғни бірдей ұзындықтағы
кең және тар ленталарды ажыратуды үйренеді. Ойын жағдайын жасау кезінде келесі ойын
техникасын қолдануға болады. Үстелде екі картон жолақ орналастырылған – кең және тар
(бірдей ұзындық). Қуыршақ пен аю кең жолақпен (жолмен) жүреді, ал тар жолақпен екеуінің
біреуі ғана жүре алады.
«Бір біріне қос» ойыны.
Педогог үлкен және кішкентай бал салынған бөшкелердің суретін көрсетеді.
Үлкен бөшкені үлкен бөшкемен, ал кішкентай бөшкені кішкентай бөшкемен
қосуларын ұсынады.
«Үлкен және кішкентай киіз үйлер» ойыны.
Педогог балаларға үстелдегі үлестірмелі материалдар мен жолақтар салынған тәрелкені көрсетеді.
Үлкен киіз үйлерді жоғарғы жолаққа, ал төменгісіне сонымен бірдей етіп кішкентай киіз үйлерді
орналастырыңдар. Солдан оңға қарай орналастыру керек.
-Үлкен киіз үйлер мен кішкентай киіз үйлер саны тең бе?
-Үлкен киіз үйлер қайда тұр?
-Кішкентай киіз үйлер қайда?
Назарларыңызға рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
Инерция. Күш
Тарауды қайталауды ойын түрінде өткізу
Фосфор қышқылы
Идеал газ - газ бөлшектерінің өзара толық әрекеттеспейтін немесе шамалы әрекеттесетін қайсы бір газ моделі
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУДЫҢ ӘДІСТЕРІ
Тыныс шығару
Зaттың тығыздығы
Күшті өлшейтін құрал
Авогадро заңы. Газдардың молярлық көлемі. Газдардың салыстырмалы тығыздығы
АММОНИЙ ТҰЗДАРЫ
Пәндер