Қазақ фонетикасының тарихы мен негізгі зерттеу мәселелері


Slide 1

Ғалымдардың фонетикаға қатысты зерттеулері

Дайындаған:Таңатар Самал

Группа:Р3-2

Slide 2

Фонетика(грекше phonetikos-Дыбыстық) -дыбыс туралы ілім, тілдің дыбыстық жүйесін зерттейтін тіл білімінің бір саласы. Қазақ тіл білімінің атасы А. Байтұрсынұлы фонетиканы Дыбыстық жүйе деп алған.

Slide 3

Фонетиканың өзекті мәселесі - тіл/гі дыб/ң санын, сапасын, ан/у және сол дыб/ға қатысты түрлі заңд/ң сырын ашу.

Slide 4

Қазақ тілі дыбыс құрылысының арнаулы жүйемен жан-жақты

зерттелуі - совет дәуірі тұсынан басталды. Совет дәуірі кезінде

жаңа ғылым - қазақ лингвистикасы туды, оның фонетика,

грамматика, лексикология, диалектология, стилистика

сияқты бірнеше салалары пайда болды. Қазақ тілін

зерттейтін дербес Институт ұйымдасты және көптеген

маман-кадрлар шықты. қазақ тіл білімінің арнаулы

бір тармағы болған - фонетика саласында едәуір жұмыс істелді.

Фонетика мен фонологияның зерттеу әдістері, тәсілдері анықтала

түсті.

Қазақ фонетика мәселелерін арнаулы жүйеге салып зерт­теу кезеңі

проф. Құдайберген Жұбановтан басталады. Проф. Қ. Жұбанов қазақ

лингвистикасының ірге тасын қалаушылардың бірі болды.

Ол қазақ фонетикасының бір топ мәселелері (атап айтқанда

- тіл дыбыстарының фонологиясы мен жіктелуі, дыбыстардың

өзгеру құбылысы, үндестік заң, сөздің буын құрылысы және

акцентуация саласы) жөнінде зерттеу жүргізіп, олар туралы белгілі

шешімге келеді.

Slide 5

А. Байтұрсыновқа дейінгі еңбектерде қазақ тілі

жүйесі түрде зерттеледі, орыс

ғалымдарының еңбектеріндегі зерттеулердің ғылыми

дәрежесі төмен болды, қазақ тілінің өзіндік табиғи

қасиеті көп жағдайда ескерілмеді, бір жақты байымдаулар

мен үстірт пікірлерге құрылды, көбіне фиктивті құрылымды

тілдердегі ережелерге сәйкестендірілді. Мысалы, Санкт-

Питербургте 1875 жылы жарық көрген М. А. Теретьевтің

«Грамматика турецкая, персидская, киргизская» деп аталатын

кітабында қазақ тілі, оның дыбыс жүйесі мен грамматикалық

құрылысы жайында азды- көпті ғана, қазақ тілінің қасиетін,

мәнін т. б. ерекшеліктерін аша алиайтын мағлұмат берілген

Slide 6

Қазақ тіл білімінің соның ішінде фонетикасының негізін қалаған А. Байтүрсынұлы өзінің 1912 жылы «Айқап» журналында жариялаған «Жазу тәртібі» деп аталатын алғашқы мақаласында: «Қазақ тілінде 24 дыбыс бар. Оның бесеуі дауысты, он жетісі дауыссыз, екеуі жарты дауысты. Дауысты дыбыстар: а, о, ұ, ы, е», - деп анықтаған

Slide 7

1954 жылы "Қазipгi қазақ тiлi" атты монографияда шыққан ғалым I. Кеңесбаевтың еңбегіне дейiнгi зерттеулерге тоқталдым. Оларда кемшiлiктеp де бар. Ол кемшiлiктеp ғалымдаpдың жат тiлдiң қыp-сыpлаpын жiтi түсiнбегендiктен және түpкi тiлдеpiндегi күpделi заңдылықтаpды оpыс тiлiмен салыстыpа қаpастыpуларынан болды. Солай бола тұpа, түpкітанудың дамуына әpқайсысының ҥлесi болғаны және кейiнгi зеpттеулеpге септiгi тигенi анық. Дәлірек айтқанда, I. Кеңесбаев монографияны жазуда аталған еңбектерге сүйеніп, дыбыс жҥйесін талдайды. Сол себепті де түркі тіл білімі зерттеушілері мен І. Кеңесбаевтың пайымдауларында ӛзара ұқсастықтар кездеседі. Мәселен: а) Л. В. Щербаның идеясын басшылыққа алып, фонема мәселесін тҥсіндіруі; ә) дыбыстарды дауысты және дауыссыз деп жіктеп, іштей ерекшеліктеріне қарай саралауы; б) к, г, қ, ғ дауыссыздарының артикуляциясына баса кӛңіл бӛліп, оларды ӛз алдына жеке фонема деп санауы;

Ісмет Кеңесбаев еңбегі

«Қазақ тіл білімінің мәселелері»

«Қазіргі қазақ тілі»

Slide 8

Әлімхан Жүнісбек қазақ фонетикасына, орфография мен орфоэпия мәселелеріне, сингармонизм теориясына еңбек сіңірген ғалым. Ол жалпы, түркі және қазақ тілтанымындағы сөзқұрауыш (просодика слова) мәселесі; қазақ тіліндегі сингармонизм (үндесім түрленім) заңы; қазақ тілінің артикуляциялық базасы (моделі) құрамындағы артикуляциялық үлгілер; қазақ тіліндегі буын және морфеманың дыбыс құрамы мен желісі (линейная величина) ; латын әліпбиіне көшу мәселелері; қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне үйрету әдістемесі мәселелерімен айналысады.

Еңбектері

Slide 9 Slide 10

Назарларыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі фонетикасының зерттелу тарихы мен даму кезеңдері
Қазақ тілінің фонетикасының зерттелу тарихы, нысаны және салалары
Қазақ фонетикасының миссионерлік зерттелуі: артикуляциялық, акустикалық және перцептивтік негіздер
Қазақ тілінің грамматикасын зерттеу тарихы және негізгі зерттеушілер
Қазақ көшпелілерінің мәдени мұрасы мен өркениетін зерттеу мәселелері
Қазақ тіліндегі функционалды-семантикалық грамматикалық категориялар: теория мен зерттеу мәселелері
Әлеуметтік лингвистика: қалыптасу тарихы, ұғымдық аппараты мен зерттеу мәселелері
Этика мен құндылықтар философиясы: құрылымы, негізгі мәселелері және қазақ философтарының дәстүрі
Қазақ тіліндегі тұрмыстық лексика: ұғымы, жіктелуі және зерттеу мәселелері
Сандар тарихы мен қазақ халқының киелі сандық ұғымдарын зерттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz