Неотомизм және персонализм бағыттары




Презентация қосу
XX ҒАСЫРДАҒЫ БАТЫС
ФИЛОСОФИЯСЫ

ОРЫНДАҒАН:ҚЫ
ЖОСПАР:
1 ХХ ғасырдағы батыс философиясының қалыптасуы.
2 Позитивизм бағыты және оның тарихи даму
кезеңдері.
3 Прагматизм бағыты.
4 Неотомизм және персонализм бағыттары.
6 Структурализмнің негізгі идеялары.
7 Экзистенциализм бағыты мен негізін салған Батыс
ойшылдары.
8 Персонализм бағыты.
Батыс философиясы үшін ХІХ-ғасырдың соңы мен
ХХ-ғасыр дәуірдің өзіндік санасы айқын көрініс
тапқан және тарих пен мәдениет дамуының
логикасы бұрынғыдан өзгеше түсіндірілген неше
түрлі бағыттарға толы ерекше кезең болды.
ХІХ-ғасырдың соңынан бастап Батыс
философиясында философияның жаңа классикалық
емес типі қалыптаса бастады және ол ХХ-ғасырда
қарқынды дамыды.
ХХ-ғасыр философиясының қалыптасуы шарттары туралы айтсақ:

1) ХХ-ғасырда Европа басынан кешкен тарихи-әлеуметтік өзгерістер
әсіресе бірінші және екінші дүние жүзілік соғыстар қоғам мүшелерінің
бойында үрей мен қорқыныш, адамзат пен жеке адамның болашағына
деген сенімсіздік туғызды;

2) Қоғам дамыған сайын оның өміріндегі қарама-қайшылықтар күшейе
түсіп, адамзат пен өркениеттің алдында шешімі қиын, жаңа діни ұлттық,
этникалық мәселелер пайда болды, оларды шешуге дәрменсіз қоғамды
дағдарыс жайлады;

3) Бұл қоғамдық дағдарыс жеке адамның жаттануы мен өгейсінуін
туғызды, себебі қоғам тұлғаның ішкі дүниесі мен оны мазалаған мәселелер
туралы бас ауыртпады;

4) Бұрынғы философиялық жүйе ХХ-ғасыр адамын толғантқан
сұрақтарға жауап беруге қабілетсіз еді, «Жалпы адам дегеніміз не?» деген
сұрақпен шектелмей, «Мен кіммін?» сауалын қоятын философиялық
бағыттарға қажеттілік туды.
ПОЗИТИВИЗМ
Қазіргі заманғы таным теориясынын бағыты.
Оның негізін қалаушы – француз философы Огюст Конт
(1798-1857). Позитивистердің пікірінше, «болмыс»,
«материя», «сана» және т.б ұғымдарға, страктылық ойлауға
сүйенетін дәстүрлі философия енді жарамсыз, себебі, тек
тәжірибе немесе ғылыми эксперимент арқылы тексерілген
позитивті, жағымды білім ғана ақиқат, нақты,
жаратылыстану ғылымдарына математикаға жақын
философия ғана ақиқат философия.
Позитивизм өзі дамуында үш кезеңнен өтті:
1) бірінші позитивизм жоғарыда аталған мәселелерді алғашқы болып
қойып, философияның міндеті – объективті өмір сүруші материалдық
дүние туралы нақты ғылымдар жинаған білімдерді қорыту және жүйелеу
деп ымдады. Бұл кезеңнің өкілдері – О.Конт, Г.Спенсер, Дж.Милль.

О. Конт Дж. Милль Г. Спенсер
2) махизм – дүниені
түйсіктер жиынтығы
ретінде бейнелеп,
философия адам
тәжірибесінің сезімдік
негізін,
психифизиологиялық
формаларын сараптауы
тиіс деп есептеді, яғни
субъективтік идеализмге
көбірек бет бұрды. Негізгі
өкілі – австриялық физик
Э.Мах.
Э. Мах
3) неопозитивизм – ғылыми теориялардың ақиқаттылығын, салтырмалы
құндылығын анықтау тәсілдерін зерттеумен айналысты. Өкілдері: К.Поппер,
И.Лакатос, Т.Кун және т.б. Олар ғылыми білімд тексерудің негізігі принциптері
ретінде верификация, фальсификация және конвенция принциптерін ұсынды.

К. Поппер И. Лакатос Т. Кун
НЕОТОМИЗМ
ХХ-ғасырдағы философиялық ағымдардың тағы бірі –
неотомизм, немесе жаңа томизм – католик шіркеуінің
философиясы, қазіргі заманғы діни философиялық
ағымдардың арасындағы Батыс Европада ғана емес.
бүкіл әлемге ең танымалы және беделдісі. Неотомизм орта
ғасырың діни философы Томас Аквинскийдің іліміне
негізделген. Сенім мен ақылдың, дін мен ғылымның
үндестігін жария еткен бүл ілім шіркеуді қорғау үшін аса
қолайлы болғандықтан, папа Лев 13-ші 1879 жылы оны
ристиандық католиктік діннің негізгі қағидаларын
философиялық тұрғыдан дұрыс түсіндіруші бірден бір
философия деп тұжырымдады. Негізгі өкілдері:
Э.Жильсон, Ж.Маритен, П.Тейяр де Шарден.
Неотомизмнің басты қағидасы – сенім мен ақыл-ойдың, ғылым мен
діннің гармониясы. Бұл ағымның өкілдерінің пікірінше, ақиқат
философия рационализм мен иррационализмді қарсы қоюдан бас тартып,
дүниені түсінудің әр түрлі тәсілдерін біріктіріп, универсалды
мүмкіндіктерге шылуы қажет. Бірақ неотомистер құдайдан туындайтын
сенімді жоғарырақ қояды.

Қазіргі заманғы неотомизм антропологиялық сипатқа ие, яғни адамға
бағытталған. Құдайдың жаратушылық функциясы неотомизмде
шектелген, ол адамды жаратушы болғанмен, өзін жүзеге асырушы.
проектіден ішкі дүниесі, микрокосмы бай нақты тұлғаға айналдырушы,
құдайдың ісін аяқтаушы еркін, өзін-өзі жетілдірген, құдай жаратқан
космостың кішкене үлгісі адамның өзі.
СТРУКТУРАЛИЗМ
ХХ-ғасырдың 60-жылдары Францияда
қалыптасқан. лингвистика ғылымымен тығыз
байланысты, өзінің негізгі философиялық-
методологиялық міндетін адамның рухани-мәдени
қызметінің игілі бір тарихи кезеңдер үшін
жалпылық сипатқа ие болатын жемістерін зерттеу,
баяндау және түсіндіру деп анықтайтын ағым.
Басты өкілдері – К.Леви-Строс, М.Фуко.
.
Структурализм бағытының 91өкілдерінің түсінігінше, құрылым
(структура) объектінің бөліктері мен элементтері жай жиынтығы емес, ол
абстракция арқылы ашылатын жасырын қатынастардың жиынтығы.
Осы тұрғыдан алғанда структурализм белгіле: жүйесін зерттейтін
семиотика ғылымымен тығыз байланысты. Белгілер жүйесін
швейцарлық лингвист Ф. Соссюр бөліп көрсетіп, негізгі назар ды тіл
жүйесінің элементтерінің өзара әсер етуіне аударған болатын. К.Леви-
Строс осы методты қолдана отырып алғашқы қауымдық тайпаларды,
некелік-туыстық қатынастарын, рәсім-салттарын, дәстүрлерін, мифтерін
тотемизмін зерттеді және олардың қоғамдық институттардың
құрылымдары ретінде адамның мінез-құлқына айқындаушы әсер
ететінін көрсеті Леви-Стростың философиялық концепциясында
бейсаналылықтық құрылымы ерекше орын алады. Оның пікірінше,
бейсаналы Фрейд айт қандай энергиялық-биологиялық сипаттағы
иррациональдік импульстер емес, керісінше, логикалық, рациональдік
мазмұнға ие, белгі жүйелерінің жасырын, бейсаналы механизмі. Леви-
Стростың жетістігі ретінде оның мифтерді әлеуметтік құрылымның
тұрақтылығының негізі ретіңде тереңдеп зерттеуін атауға болады
ЭКЗИСТЕНЦИАЛИЗМ

XX ғасырдың орта шенінде Батыста ең кең тараған субъективтік-
идеалистік философияның бірінен саналады. Экзистенциализм
капитализмнің жалпы дағдарысының идеологиялық бейнеленуінің бір
формасы болып табылады.
Оның ірі өкілдері М.Хайдеггер (1889-1976), К.Ясперс (1883-1969),
Г.Марсель (1889-1973), ЖЛ.Сартр (1905-1980), А.Камю (1913-1960) және
басқалар. Экзистенциализм, немесе „өмір сүру философиясы",
буржуазиялық философияның иррационалистік (адамның ақыл-ойының
күшін жоққа шығаратын) бағыттарының бірінен саналады.
„Экзистенция" үғымы (латынша ехкіаіепііа — өмір сүру дегенді
білдіреді) экзистенциализмде ерекше рөл атқарады, оның барлық
философиялық қағидаларының бастапқы негізін тұрады.
ПЕРСОНАЛИЗМ
Персонализм дін мен ғылымды байланыстырады
Неотомизм кейінгі кездерде терең дағдарысқа ұшырады. Ол өзінің
алдына қойған міңдеттерін ойдағыдай орындай алмайтындай дәрежеге
жетті. Сол себепті діни философияның ішінен басқа философиялық
ағымдар шыга бастады. Солардың бірі ретінде персонализм деген теистік
антропологиялық ілім пайда болды. Ол XX ғасырдың 30-жылдарында ұсақ
буржуазиялық топтардың қоғам өмірінде адамдық қатынастардың
құлдырауына наразылық білдіруінің нәтижесі ретінде туды. Персонализм
Англия мен Америкада кеңінен тарады. Оның өкілдері Х.У.Керр (1857-
1931), Р.Т.Флюэллинг (1871-1960), Э.Ш.Брайтмен (1884-1953), В.Штерн
(1871-1938) және т.б. Персоналистер адамды дүниенің субстанциясы санай
отырып, оны екі түрғыдан талдайды: табиғаттан тыс, тәжірибеден
тысқары, рухани түрғыда (адам-түлға) жөне материалдық, төжірибелік
(жеке-дара адам) түрғыда. Адам — түлға, өйткені ол өздігінше қызмет
етсді, оның ерікті де ақыл-парасатты рухани бастамасы бар. Адам — түлға,
өйткені ол рухани болмыс ретіңде өмір сүре алады. Мүның мөні сол, түлға
дін белгілеп берген адамдық белгілердің жиынтығын қүрады — бүл адам
денссінде әрекет ететін „жан". Ал енді жеке адамға келсек, ол материяның
өншейін жай белігі, оның психикалық тіршілігі бар, қоғамның жай бөлігі.
Дін мен ғылымның қарым-қатынасын осылайша түсіну,
персоналистердің пікірінше, бір жағынан, діннің үстемдігін
нығайтуға комектеседі, екінші жағынан, дамушы ғылымның
жетістіктерін мойындауға міндеттейді. Діннің қажеттігін қорғай
отырып, персоналистер оны адамдардың қоғамдағы жағдайын
жеңілдетудің, жақсартудың бірден-бір құралы деп дәріптейді. Адам
өмірінде болатын бақытсыздық, мұқтаждықтың бәрінің себебі
қоғамдық қатынастар, қоғамдық үстем жеке меншіктер емес,
адамның рухани өміріңдегі қайшылықтар дейді олар. Егер адам
түрліше езгі, қанауды, мүқтаждықты бастан кешірсе, онда олар
оның рухани табиғатының (жанының) жетілмегендігін көрсетеді.
Бұдан шығатын қорытынды: өзінің өмірін жақсарту үшін адам өзін
рухани, адамгершілік жағынан жетілдіруі тиіс, ал мұны
қамтамасыз ететін — дін. Персонализм философиясының ғылымға
жат екені, оның үстем таптардың мүддесін қорғайтыны айдан
анық. Бұл философия еңбекші халықтың санасын дінмен
уландырып, қанау мен қайғы-қасіреттің шын себептерін
бүркемелеп қоюға тырысады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1 Алтаев Ж. Философия және мәдениеттану: оқу құралы
– 2-ші басылымы – А.: 2001
2 Тұрғынбаев Ә.Х. Философия тарихы – А.: 2001
3 Қысқаша философия тарихы – А.: 1999
4 Google.kz
5 Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым.
Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке
арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. –
Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009
Назарларыңызға
рахмет

Ұқсас жұмыстар
Персонализм бағыты
Батыс филрсофиясының негізгі бағыттары
Тарихи тұлғалар
Неотомизмнің негізгі өкілдері
Діни санадан
Мамандыққа деген махаббат пен карьерист болу екеуі біздіңше екі бөлек нәрсе
Адам тақырыбы - философияның өзекті, байырғы және өте маңызды мәселесі
Мифологияның ерекшеліктері
Ежелгі грек этикасы
Философиялық антропология
Пәндер