Қан жасушалары мен қан құрамы


Slide 1

Қан

Нурмуханова Айым 100 Б

Slide 2

Қан туралы мәлімет

Қан (гр. haemo ; лат. sanguis - қан) - ағзадағы ішкі сұйық ортаның бірі. Ол қантамырларының тұйық жүйесін бойлай ағып, тасымалдау қызметін атқарады. Қан барлық мүшелердің жасушаларына қоректік заттар мен оттегін жеткізеді және тіршілік әрекетінің өнімдерін зәр шығару мүшелеріне тасымалдайды.

Қанның құрамы: a - эритроцитҚанның құрамы: a - эритроцит; b - нейтрофильҚанның құрамы: a - эритроцит; b - нейтрофиль; c - эозофильҚанның құрамы: a - эритроцит; b - нейтрофиль; c - эозофиль; d - лейкоцит.

Slide 3

Ересек адам ағзасында шамамен бес литр қан болады. Қан - ағзадағы дәнекер ұлпасының бір түрі. Оның негізгі бөлігі жасуша аралық сұйық зат - плазмадан құралады. Плазмадан қан жасушалары - эритроциттер мен лейкоциттер және қан пластинкалары - тромбоциттер болады. Тромбоциттер сүйектің кемік майындағы жасушалардан түзіледі. Олардың жетілуі, қорға жиналып, бұзылуы басқа мүшелерде өтеді.

Плазма негізінде еріген органикалық және бейорганикалық заттары бар судан тұрады. Плазма құрамының өзгеруі ағза үшін өте қауіпті. Қанға үздіксіз көптеген заттардың қосылуына қарамастан, плазманың құрамы өзгермейді. Плазмадаға артық заттар зәр шығару мүшелері арқылы шығарылады: қан өкпеде көмір қышқыл газынан, ал бүйректе - судың артық мөлшері мен онда еріген минералды тұздардан арылады.

Slide 4

Қан туралы деректер

№1. Адам организміндегі қанның жалпы қалыпты мөлшері 7л, бұл, шамамен, оның денесінің денесінің 5 % - ын құрайды.

№2. Қан сұйық бөліктен - плазмадан және онда қалқып жүретін формалы элементтер: эритроциттер мен тромбоциттерден тұрады.

Slide 5

Қанның қызметі

Қан келесі қызмет атқарады:

асқорыту - қан, ұлпалар мен мүшелерге қоректік заттарды, суды, минералды тұздарды және витаминдерді тасымалдайды;

бөліп шығару - қан бөліп шығару мүшелері арқылы ыдырау өнімдерін шығарады;

тыныс алу - өкпе мен ұлпалардың арасында газ алмасу процесін қамтамасыз етеді;

регуляторлық - әр түрлі мүшелердің гуморальдық реттелуін анықтайды, ағзада гормондар мен басқа заттарды жеткізеді, олар мүшелердің қызметіне әсер етеді (күшейтеді немесе бәсеңдетеді)

қорғаныш - қанның құрамында фагоцит қабілеті бар жасушалар болады және арнайы ақуыздар - антиденелер болады, олар улы ағзалардың көбеюіне кедергі жасайды да оларды бөліп шығарады.

терморегуляторлық - қан ағзаның тұрақты дене қызуын сақтайды.

Slide 6

Қанның ұюы

Тамырлар жарақаттанғанда одан аққан қан ұйып, қанның ағуына кедергі жасайтын іркілдек зат - тромб түзеді. Іркілдек зат бірте-бірте қоюланып тамырдың зақымданған жерін бітейді де, аққан қанды тоқтатады. Біраз уақыт өткен соң тамыр жарақаты жазылып, тромб жойылады.

Slide 7

Тромб негізінен ерімейтін талшықты ақуыз - фибриннен құралады. Фибрин плазмада еріген ақуыз - фибирногеннен түзіледі. Фибрин түзілуі үшін қанда және қан пластинкалары, тамырлар мен оларды қоршап жатқан ұлпадер бұзылғанда пайда болатын ерекше заттар қажет. Қан ұйығанда кальций тұздарының маңызы зор. Егер кальций тұздарын бөліп алса, қан ұйымайтын болады. Фибрин жіпшелерінің аралығына қан жасушалары тұтылып, іркілдек зат қызыл түске боялады. Қанның іркілдек заты үш-сегіз минутта түзіледі.

Лимфада да фибриноген болады. Ол қан ұйитын жағдайда, бірақ қаннан гөрі баяуырақ ұйиды.

Кейбір адамдар іштен туа қаны ұйымайтын ауруға тап болады. Мұндай адамдар болмашы жарақаттанудан-ақ қаннан айырылып, қаза табуы мүмкін.

Қанның ұйюы дегеніміз ағнаны қан кетуден сақтандыратын, оны қорғанышты бейімділігі болып табылады.

Slide 8

Қан плазмасы

Қан плазмасы (қан сарысуы) - қанның сарғыштау түсті сұйық бөлімі. Егер қанды ыдысқа құйып тұндырса, ыдыста 3 қабат айқын білінеді. Соның ең үстіңгі сарғыш түсті мөлдірлеу қабаты плазма. Ал астыңғы қызыл түсті қабаты - қан жасушалары. Плазманың құрамында 90-92% су; 7-8% нәруыз (белок) ; 0, 12% глюкоза; 0, 7% май; 0, 9% тұз болады. Бұлардан басқа сүтқышқылы, ферменттергормондар бар. Плазмадағы нәруыздар (7-8%) 3 топқа бөлінеді: альбуминдер (4, 5%) ; глобулиндер (1, 7-3, 5 %) және фибриногендер (0. 4) . Фибриноген нәруызы қанның ұюына қатысады. Құрамында фибриноген нәруызы болмайтын қан сарысуы сарысу деп аталады .

Slide 9

Қан жасушалары.

Қан жасушалары. Қан жасушаларына - эритроциттер (қанның қызыл түсті жасушалары), лейкоциттер (қанның түссіз жасушалары) және тромбоциттер (қан пластинкалары) жатады Қызыл денешіктер - эритроциттер, ағы - лейкоциттер. Жасушалар арасында тромбоциттер бар.

Slide 10

ПЫСЫҚТАУ СЫЗБАЛАРЫ

су - 90 -92 %

нәруыздар - 7-8 %

глюкоза, майлар, минералды тұздар - 2%

Қан плазмасының құрамы

Slide 11

Плазманың құрамы

глобулиндер (бактериялардан қорғайды)

Альбуминдер

(су мөлшерін

реттейді)

фибриноген

(қанды ұйытады)

Қан плазмасындағы нәруыздар

Slide 12

Гемоглобин дегеніміз не?

Эритроциттердің тіршілік ұзақтығы, шамамен, 120 күн, содан кейін олар көкбауырда немесе бауырда бұзылады. Қоршаған ортада оттек концентрациясының төмендеуі қандағы гемоглобин мен эритроциттер санының артуына соғады, ағзаның бейімделгіш маңызы артады. Гемоглобин иіс газымен қосылып карбокси-гемоглобин берік қосылысын түзеді, бұл адам өміріне қауіпті.

Slide 13
Ұқсас жұмыстар
Қаннын құрамы мен қызметі
ҚАН ПЛАСТИНКАЛАРЫ
ҚАН ӨКПЕДЕ
Дәнекер ұлпасы
Қан жасушалары
Қан құрамы, қан жасушалары. Эритроциттер
Қан ұюы
ҚАН ЛИМФА ДӘНЕКЕР
Қанның құрамы мен қасиеттері
ҚАННЫҢ ФОРМАЛЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz