Қорғалжын қорығы: көл экожүйесінің биоәртүрлілігі мен халықаралық қорғауы


Slide 1

Қорғалжын қорығы

Slide 2

Қорғалжын қорығы Астана қаласының оңтүстік-батысына қарай 130 шақырым жерде орналасқан. Қорықтың басты мақсаты - табиғи комплексті қорғау және табиғатты аялау ниеттерін халыққа жеткізу. Қорық Қорғалжын шұңқырында орналасқан. Оның ауданы 259, 9 мың гектарды құрайды, оның 198 мыңы акватории. Жалпы айтқанда қорық аумағы бұл екі үлкен көл: Теңіз және Қорғалжын. Теңіз көлінің ұзындығы 85 км, ені 35 км. Судың минералдығы 5-6 рет Әлем теңізінен артық. 2000 жылдан бастап «Тірі көлдер» ұйымына кірді. Жазда көл бетінде аққу, қаздар мен үйректер қалқып жүреді. Қорғалжын қорығында мекендейтін және Қызыл Кітапқа енгізілген құстардың 32 түрі бар. Жан-жануарлардың түрі 40-тең. Мұнда жабайы қабандар, ақ бөкендер, борсықтар бар. Қорғалжын қорығы Әлемдегі ерекше бақылауды талап ететін Рамсар Конвенциясының «А» тобына кіреді. Жақын арада бұл қорықты Юнеско тізіміне кіргізуге жоспарланып отыр. Қорғалжын қорығына санаулы қалған құстар тізімі кіреді. Олар Қызыл Кітапқа енгізілген. Олардың ең әдемісі - қызғылт фламинго. Латын тілінен аударғанда «Flame» сөзі жалын деген мағынаны білдіреді. Бұл ірі әрі сәнді құс. Фламингоны бақылау өте қызықты нәрсе.

Slide 3

Қорық жан-жануарлар дүниесіне бай. Мұнда сүтқоректілердің 37 түрі, құстардың 294, бауырымен жорғалаушылардың 3, қосмекенділердің 2, балықтардың 10-нан астам түрлері тіршілік етеді. Сондай-ақ, дала суыры, қоян, күзен, борсық, ақбөкен, т. б. мекендейді. Қорғалжында 32 мыңдай қасқалдақ, 10 - 12 мыңдай үйрек, аққу, қаз, т. б. құс түрлері ұя салады. Қорықтан ақ құтан, қызыл жемсаулы қарашақаз, тұрпан, қара дегелек, бірқазан сияқты саны жылдан жылға азайып бара жатқан құстарды кездестіруге болады. Мұнда ұя салатын қанаттылардан гөрі мамырлауға келген құстар саны бірнеше есе көп болғандықтан қорықты Құс базары деп те атайды

Slide 4

Қорықта дүние жүзінде өте сирек кездесетін - қызғылт қоқиқаз бар. Ол Қазақстан жерінде тек Теңіз к-нде ұя салып, жұмыртқа басады. Түсі қызғылт қанатты қоқиқаздар топталып аспанға көтерілген кезде бүкіл көл айдыны қызыл алау өрттей лаулап, ерекше шұғылаға бөленеді. Сондықтан оны кейде “Қызылқанат” деп те атайды. 1960 жылдары қорықта қоқиқаздың саны 45 - 60 мыңдай болса, 2000 жылдары 10 - 15 мыңдай ғана қалды.

Slide 5

Халықар. маңызы бар, қорғауға алынған батпақты-сулы жерлердің тізіміне Қорғалжын, Теңіз көлдері енгізілген. Қорықтағы фауна мен флора толық есепке алынған. Көп жылдан бері “Табиғат шежіресі” күнделігі жазылады. Қазір қорықта экологиялық туризм саласы дамып келеді


Ұқсас жұмыстар
Қорғалжың мемлекеттік табиғи қорық: географиясы, биоәртүрлілігі және халықаралық қорғау маңызы
Қорғалжың мемлекеттік табиғи қорығы: биоалуантүрлілік, батпақты көлдер мен ЮНЕСКО мәртебесі
Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы: тарихы мен биоәртүрлілігі
Наурызым мемлекеттік қорығы: тарихы, экожүйелері мен биоәртүрлілігі
Ақсу-Жабағылы мемлекеттік қорығы: Қазақстанның ең көне және ЮНЕСКО биосфералық қорығы - тарихы, ландшафты мен биоәртүрлілігі
Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы: географиясы, биоәртүрлілігі және сақтау мәселелері
Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы: экожүйелері, биоәртүрлілігі және ғылыми зерттеулері
Қазақстанның мемлекеттік табиғи қорықтары: сипаттамалары мен биоәртүрлілігі
Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының экожүйелері, биологиялық алуантүрлігі және сақтау шаралары
Солтүстік Қазақстан облысының физика-географиясы және Наурзум мен Қорғалжын қорықтарының флорасы мен фаунасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz