Беттік аудан мөлшерінің көлемге қатынасының диффузия жылдамдығына әсері




Презентация қосу
Неліктен адамға тасымалдау жүйесі қажет, ал
амебаға қажет емес?
Тақырып:

Беттік аудан мөлшерінің көлемге
қатынасының диффузия жылдамдығына
әсері
Сабақ мақсаттары

•Заттардың жасушаға қалай келіп, диффузия арқылы қалай
кететінін түсіндіре алады

•Беттік аудан мөлшерінің көлемге қатынасының мәнін
есептеу және олардың заттарды тасымалдауға қатысты
маңызын түсіндіру
Бағалау критерийлері
Беттік шамасының көлемге қатынасының мәнін
есептейді және олардың заттарды тасымалдауға
қатысты мәнін түсіндіреді. Екі жануарлардың
беттік аудан мен көлемінің арақатынасын дұрыс
есептейді. Көрсетілген екі жануарлардың
қозғалысы туралы дұрыс қорытынды жасайды
(мысалы, амеба бетінің ауданы мен көлемінің
жоғары қатынасына сәйкес оттегі амеба
орталығына жетуі мүмкін, сондықтан оған
элементтерді тасымалдау жүйесі қажет емес).
Беттік ауданның көлемге қатынасы:

Заттардың жасушаға және одан қозғалу қабілетін анықтайды
Дене неғұрлым көп болса, соғұрлым ара қатынасы аз болады
БА:К
Диффузияға жұмсалатын уақыт әлдеқайда көп
болатындығын анықтайды
Диффузия (лат. dіffusіo – таралу, жайылу) – нақтылы дене бөлшектерінің жылулық
қозғалыстарға ұшырай отырып, сол дене концентрациясының селдір аудандарына
қарай жылжуы; молекула олардың жылулық қозғалысы салдарынан шекаралас
орналасқан әртүрлі заттардың бір-біріне өту құбылысы. Диффузия дененің бүкіл
көлеміндегі концентрация мөлшерінің бірте-бірте теңелуін, сөйтіп оның бірқалыпты
сипат алуын қамтамасыз етеді. Кейбір денелердің өте шағын бөлшектері ғана емес
(атомдар, молекулалар, иондар), біршама ірі түйіршіктері де диффузиялық қасиетті
иемденуі мүмкін.
Диффузия жылдамдығы температураға тікелей байланысты, алайда бұл процесс
газдарда өте тез,
сұйықтарда одан гөрі баяу,
қатты заттарда өте баяу өтеді.
Диффузия құбылысы барлық агрегаттық күйде, диффузияланатын заттың сол
ортадағы шоғырлануы теңелгенге дейін жүре береді. Газ немесе сұйықтың
молекулаларының бір орыннан екінші орынға ауысуы арқылы өз ішінде
диффузиялануы өздік диффузия деп аталады. Диффузияның өту шапшаңдығы —
диффузияланатын заттың тегіне және оның қандай жағдайда болуына байланысты
анықталатын шама — диффузия коэффициентімен сипатталады. Диффузия
коэффициентінің халықаралық бірліктер жүйесіндегі өлшеу бірлігі — м 2/сек.
Диффузия құбылысы табиғатта маңызды рөл атқарады: атмосфераның жер бетіне
жақын орналасқан қабаттарындағы ауа құрамының біркелкі болуына ықпал етіп,
өсімдіктердің дұрыс қоректенуіне жағдай туғызады.
Диффузияның түрлері
Диффузияның екі түрі бар:
қарапайым диффузия
жеңілдеген диффузия.
Қарапайым диффузия-ол концентрациясы жоғары ортадан концентрациясы
төмен ортаға қарай заттардың өтуі, яғни заттардың ауысып өтуі концентрация
градиентіне (айырмашылығына) байланысты іске асады

Концентрация градиенті- ол жасуша ішіндегі жəне оның сыртындағы заттар
концентрациясының айырмасы. Бұл кезде заттар липидтік биқабат арқылы
мембранаға бойлап еніп кеткен мембрана ақуыздары түзеді. Қарапайым
диффузия жолымен су, кейбір органикалық жəне бейорганикалық иондар
өтеді.

Жеңілдеген диффузия- тасымалдаушы ақуыздардың көмегімен заттардың
жоғары концентрациялы ортадан төменгі концентрациялы ортаға ауысуы.
Тасымалдаушы ақуыздар плазмалық мембранада болады. Бұл процессте
концентрация айырмашылығы бойынша жүреді. Бұл белгілі бір молекулаларға
арнаулы тəн болады, қарапайым диффузиямен салыстырғанда тезірек жүреді.
Амин қышқылдары, моносахаридтер, нуклеотидтер, глицерол жəне əр түрлі
иондар үшін арнаулы тасымалдаушылар.
Егер текше жағы а тең болса, онда
текше көлемі а3 тең болады,
бір жақтың ауданы – тиісінше а2, сәйкесінше
алты жақтың ауданы (текше бетінің ауданы) - 6а2.
Санаймыз:
а 1 2 3 4 5 6
S=6а2 6 24 54 96 150 216
V=а3 1 8 27 64 125 216
S/V 6 3 2 1,5 1,2 1

Біз не көреміз? Текше өлшемінің өсуімен (жасыл жол) оның бетінің ауданы (сары
жол) біртіндеп өседі (6-дан 216-ға дейін). Және текше көлемі (көк жол) өседі (1-
ден 216 - ға дейін). Барлығы өседі, бірақ көлем бетке қарағанда жылдам өседі.
Бұны беттің көлемге қатынасын көрсететін қызыл сызық арқылы көз жеткізуге
болады: ең кішкентай текшедегі көлемнің бір бірлігіне бетінің алты бірлігі, яғни
ең үлкен текшеге тек біреу ғана сәйкес келеді.
РЕФЛЕКСИЯ
Сіздерге ұнаған Сіздерге түсініксіз, Білетін және білүге
жағымды әсерін жағымсыз,әсерін қызықтыратын
жазыңыздар жазыңыздар мәселе туралы
ұсыныстар мен
сұрақтар жазыңыздар

Ұқсас жұмыстар
Фазааралық керілу
Эмульсия. Эмульсияларды тұрақтандыру үшін қолданылатын ЖМҚ және БАЗ
Илеу үрдісі
Электромагниттік өріс
Химиялық реакция жылдамдығына температураның әсері
Сіңіруші зат Сіңірілетін зат адсорбент адсорбтив
ХИМИЯЛЫҚ КОРРОЗИЯ
Реакция жылдамдығы
Ақуыздың өзгеруі
Физика табиғат туралы ғылым
Пәндер