МАЙ ЖӘНЕ МАЙ ӨНІМДЕРІ




Презентация қосу
МАЙ ЖӘНЕ МАЙ
ӨНІМДЕРІ

ІЛЕСБЕК АЯЖАН
АБЖАМИЕВА ЖАЗИРА
МАЙ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

• Май — организмге қуат беретін астың жұғымы. Май ақуыздарды, минерал тұздарды,
сондай-ақ майды ерітетін витаминдерді организмнің қалыпты сіңіруіне қажет. Тамақтық
рационында майдың болуы әртүрлі тағамдардың дәмділігін жақсартып, тәбетті
арттырады. Тамақтағы майдың біраз бөлігі адамның денесіндегі май қорын жасауға
жұмсалады. Бірақ адам майлы тамақ ішкеннен ғана семірмейді, ол көмірсуларды артық
қабылдаудан да болады. Мұны етжеңді тез толуға оңтайлы адамдардың есте
сақтаулары қажет. Организмнің майды қажетсінуін қанағаттандыру майдың түрі мен
сапасына байланысты. Мал майы мен өсімдік майының бір-бірін толықтыра түсетіні
белгілі. Биологиялық жағынан алғанда тәулігіне аспен бірге қабылданатын майдың
70%-ы мал майы, 30%-ы өсімдік майы болғаны қолайлы. Тамақ рационындағы майдың
нормасы кісінің /жасына, кәсібіне, ұлттық тамақтану ерекшелігіне, ауа райының
жағдайына қарай белгіленеді.
• Тәуліктік тамақ рационындағы майдың мөлшері әр 1000 ккал-ға
35 г болуы керек. Майды артық пайдалану жүйе жүйесіне, қан
айналымына кері әсер етеді, тәбетті төмендетіп, тамақты сіңіруді
нашарлатады. Тамаққа әртүрлі мал майын, сүт майын (сары май
немесе тортасы айырылған май), сондай-ақ өсімдік майын
(күнбағыс, соя, жержаңғақ, зәйтүн т. б. майлар) пайдаланады.
Май тектес заттар. Тамақ рационы құрамына май тектес заттар —
холестерин және лецитин кірелі.
ОРГАНИЗМДЕГІ РӨЛІ

• Организмнің тіршілік қызметі, атап айтқанда, жүйке жүйесі үшін холестерин
маңызды рөл атқарады. Ол мал майында, жұмыртқаның сарыуызында,
уылдырықта, бауыр, бүйрек те едәуір мөлшерде болады. Бірақ мұндай азық-
түліктерді көбірек тұтыну бауырлық қызметінің нашарлауына әкеліп соғады, өтке
тас байлана бастайды, атеросклероз ауруын асқындыра түседі.Лецитин
организмнің дамуына, қан құрылымына жәрдемдеседі, жүйке жүйесінің,
бауырлық қызметіне пайдалы әсер етіп, организмнің уландырғыш заттарға
қарсыласуын күшейтеді, майлардың сіңімділігін жақсартып атеросклероздың өріс
алуына кедергі жасайды. Лецитин жұмыртқаның сарыуызыңда, балықтың
уылдырығында, қарақұмық ботқасында, салатта едәуір мөлшерде болады Соя,
асбұршақ, басқадай бұршақ дәнді өсімдіктерде де лецитин көп.
МАЙ ТҮРЛЕРІНЕ ТАЛДАУ

• Күнбағыс майыӨңдеуКүнбағыс майын күнбағыс дәнінен алады. Оның иісі кетірілген,
қоспадан тазартылған, гидрадталған және қоспадан тазартылмаған түрлері
шығарылады. Иісі кетірілген, қоспадан тазартылған, гидрадталған майлар мөлдір,
сары, ашық-сары түсті болып келеді. Сонымен бірге олар тұнғанда су жиналмалы.
Қоспадан тазартылмаған майдың түсі ашық-сары келеді, өзіне тән иісі болады.
Тұнғанда аздап су жиналады. Ал иісі кетірілген май әйнек немесе полимерлік
герметикалы ыдысқа құйылып шығарылады. Күнбағыс майының құрамында ағза
үшін өте бағалы, толық қаныққан қышқыл зат (60—70%) болады. Бұл майды
салаттар мен винегреттерге қосады. Күнбағыс майынан соустар, тұздықтар
дайындайды, сонымен бірге ет, балық, көкөністер мен қамырдай әзірленетін кейбір
тағамдарды (пирожныйлар, пончиктер т.б.) қуыруға пайдаланады.
• Мақта майыӨңдеуМақта майын мақтаның тұқымынан (дәнінен) алады. Тағамға
оның тазартылған (иісі кетірілген және кетірілмеген), жоғары немесе бірінші
сұрыптары пайдаланылады. Оның өзіне тән дәмі мен иісі болады, түсі сары болып
келеді. Мақта майы майдың сұйық (70—75%) және бөлме температура
жағдайындағы қатты қоспаcынан (30—25%) тұрады. Сақтау кезінде қатты майда
тұнба пайда болады. Мақта майын шамамен 0°С температураға дейін
тоңазытқанда толық қатады, ал оны қыздырғанда ериді де, мөлдір түске енеді.
Сондай-ақ, тоңазыту арқылы құрамындағы қатты бөліктерінен салаттық деп
аталатын мақта майы шығарылады. Мақта майының құрамында 33%-тен 55%-ке
дейін линоль қышқылы бар. Бұл майды аспаздықта күнбағыс майының орнына
пайдаланады. Оны Орта Азия республикалары кеңінен қолданады.
• Соя майыӨңдеуСоя майын экстрациялық тәсілмен соя бұршағынан алады.
Тағамға тек қоспасынан тазартылған түрін пайдаланады. Тазартылған соя
майы ақшыл сары түсті болып келеді, оның өзіне тән дәмі мен иісі болады.
Онда 50—57% линоль қышқылы бар. Кулинарияда оны күнбағыс майының
орнына пайдаланады. Соя майы – дәрумендермен, фосфолипидтермен және
басқа да пайдалы заттармен байытылған. Оның құрамында қанық емес май
қышқылдары, әсіресе линол және линолен қышқылдары өте көп. Бұл
қышқылдар жануарлар ағзасында синтезделмейді, дегенмен жасушалар мен
кейбір гармондарды қалыптастыру үшін өте маңызды. Соя майының құрамында
соя бұршағының жалпы санынан шамамен 60% табиғи антиоксиданттар бар.
• Қыша майыӨңдеуҚыша майын (горчица) оның тұқымын (дәнін)
престеу арқылы алады. Оның түсі сары, кейде көкшіл. Қыша
майының өзіне тән жағымды дәмі мен иісі болады. Құрамындағы
қышқылдық мөлшері (20%) біршама аз. Қыша майын нан пісіру
өнеркәсібінде нан, бөлкелер, пряник т.б. нан тағамдарын әзірлеу
мақсатына пайдаланады. Өзіне тән дәмі мен түсінің тым айқындығы
оны кулинарияда кеңінен қолдануға мүмкіндік бермейді. Оны салат
майы ретінде аздаған тағамдарға ғана (винегретке, ашыған капуста
салатына) пайдалануға болады, себебі ол көптеген азықтардың
дәмін бұзады немесе түсін (сарғайтып жібереді) өзгертеді
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

Ұқсас жұмыстар
САРЫ МАЙ САПАСЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Қантты түріне карамель
Кондитер өнімдері - әдетте, құрамында қанты көп тағамдық өнімдер
Бидай ұнынан дайындалған нан
Балық өнімдері
Теңіз өнімдерінің құрамы
Жұмыр кеспе өнімдерін пісіру
Пісірілген шұжық
Оқушылар арасында қолданыста жүрген фаст - фуд өнімдері
Маногидроциклондағы майдың байыту коэффициенті
Пәндер