Ата - аналарға арналған психологиялық кеңес беру пункті жұмысын ұйымдастыру
Презентация қосу
Тақырыбы:
Бастауыш мектептегі психологиялық
қолдау коррекциясы.
Қабылдаған: Дауеева Ж.
Орындаған: Бабай Қ.
Тобы: СПиС 14-3
Коррекциялық психология – психофизикалық
дамуында түрлі ауытқушылықтары бар
балаларды оқыту және тәрбиелеу
мәселесімен айналысатын педагогиканың
ерекше бір саласы. Коррекциялық педагогика
мінез- құлқында, психикалық дамуында
ауытқушылығы бар жасөспірімдер мен
балаларды тәрбиелеу және психологиялық-
педагогикалық тұрғыдан білім беру мен оқыту
заңдылықтарын қарастырады.
Коррекциялық психологияның негізін салушы Кащенко
өзінің практикалық және ғылыми жұмысында оқыту –
тәрбиелеу үрдісінің әдістемелік жағына көп көңіл
бөлген. Ол тәрбиелеу жүйесіне және оқыту
бағдарламасына бала емес, керісінше олар балаға
бейімделу қажет деген. Осыған орай, мектеп
мүмкіндігінше оқушының жекелей ерекшеліктерін
ескеру қажет деген талап пайда болды. Талапты
орындамаған жағдайда мектеп оқушыға шамасы
келмейтін талаптар қойып,оның қабілеттері мен
мүмкіншіліктерін толық пайдаланбай, дамытпай,
оқушыны жалықтырып жіберуі мүмкін. Осыдан барып
әрбір оқушының ерекшеліктерін толық зерттеу
қажеттілігі пайда болады.
Коррекциялық сихологияның атқаратын жалпы міндеттері төмендегідей:
1. Балалар мен жасөспірімдердің дамуындағы кемшіліктерді, мінез- құлықтарындағы
түрлі ауытқушылықтарды, сондай- ақ олардың пайда болу себептері мен шарттарын
анықтау;
2. Коррекциялық педагогикалық іс- әрекеттердің даму деңгейін бақылап отыру;
3. Балалар мен жасөспірімдердің мінез-құлқында, дамуында көрінетін ауытқушылықтар
мен бұзылуларды түзету және алдын-алу бағдарламаларын жасау;
4. Баланың психофизикалық дамуында байқалатын әлеуметтік педагогикалық
факторларды айқындау;
5. Ауытқуы бар балалар категориясына жататын баланың тұлғасына коррекциялық -
педагогикалық әсер ететін түрлі әдіс-тәсілдер мен құралдар жасау;
6. Ауытқуы бар балалармен жұмыс жасайтын педагогтарға коррекциялық-
педагогикалық жұмыс бойынша оқыту әдістемесін құру;
7. Тәрбиеленушілер тарапынан түрлі жағдайлардың тууына жүйелі бақылау жүргізіп
отыру;
8. Балалардың жеке тұлғасын және мінез-құлқын зерттеуге арналған арнайы
әдістемелерді таңдау;
9. Түрлі деңгейдегі тұйық, қиын типтегі агрессивті балалар мен жасөспірімдердің
себебін анықтап, олардың жан дүниесін түсіне білу;
Тұрақты Өзін-өзі
кері диогностика
байланыс Дамыту
Өзара лау
принципі. оңтайланды
диалогизац принципі.
ру
ия
принципі.
принципі.
Бастауыш сынып оқушыларымен
жүргізілетін тренингтік топтары Топтың
Ену
жұмысын келесі принциптерге тұрақты
принципі.
сай жүргізу қажет. құрамы
Тренингке өз Еркін
еркімен кеңістік
қатысу Интелектуалд принципі.
ы және Бөлектену
эмоциялық принципі.
принципі.
Бастауыш сынып оқушыларымен
жүргізілетін іс-шаралар
бағдарламасы:
- Балаларды мектепке қабылдау барысында оқуға даярлығын анықтау үшін
психодиагностикалық минимум бағдарламасы бойынша зерттеуден өткізу.
- Балаларды мектепке қабылдау барысында оларды мектеп режиміне үйретуге
бағытталған сауықтыру іс-шараларын жүргізу.
- Балалардың мектепшілік қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеуге арналған
коррекциялық ойындар ұйымдастыру.
- Үлкен үзілістер кезінде сауықтыру ойындарын ұйымдастыру, эмоциялық зорлану
жағдайын шығарып, оларды басқалармен сыйысымды мінез-құлық көрсетуге ізгі ниет
білдіру.
- Балалардың жан саулығын сақтауға бағытталған отбасы мен мектептің бірлесіп
жүргізетін жұмыстары туралы ата-аналарға кеңес беру.
- Ата-аналарға арналған психологиялық кеңес беру пункті жұмысын ұйымдастыру.
- Бастауыш сынып оқушыларын психодиагностикалық зерттеу нәтижелерімен
таныстырып, оны талдау, балалардың ризашылығымен оның кейбір көрсеткіштерін
ата-аналарымен бірге талдау.
- Психокоррекция жүргізу қажеттілігі орын алғанда балалармен арнайы
түзету-дамыту және коррекциялық жұмыстар жүргізу.
- Балалардың және олардың ата-аналарының психологиялық білімін
жетілдіру үшін мини лекциялар мен практикалық сабақтар ұйымдастыру.
- Балалар мен олардың ата-аналары арасында түсініспеушіліктер орын
алғанда одан шығу жолдарын іздеу туралы психологиялық кеңес беру.
- Проблемасы бар отбасына психологиялық көмек беру.
- Талапкерлерге арналған өзіне-өзі көмек көрсету апталығын
ұйымдастыру.
- Оқушылар көмегімен мектепте психологиялық білімді насихат жүргізу
апталығын көрсету.
- Сұраныс бойынша мінез-құлқында ауытқулары бар балаларға арналған
топтық психокоррекция және тренингтер жүргізу.
Г.И.Щукинаның пікірі бойынша: қарым-қатынас оқушылардың танымдық
қызығушылығын қалыптастыру мен бекітуіне маңызды әсер етеді. Оқушыға
сенім арту, оның танымдық ізденуіне қолдау жасау қызығушылықтарын
тудырады, ынталандырады.
Осы міндеттерді жүзеге асыратын басты тұлға – ұстаз.
Ұстаз білім берумен қатар балалардың мінез-құлық, қарым-қытынас
мәселесін жолға қойып, түрлі педагогика-психологиялық тұрғыдан
туындаған қайшылықтарды реттеп отыруы тиіс. Өзара қарым-қатынас
реттелген жағдайда тәрбие мен білім бала бойына сіңімді болары белгілі.
Оқушы мен ұстаз арасындағы қарым-қатынас ізгілікпен ұштасып, бала
жүрегінің төрінен орын алған жағдайда жас ұрпақтың рухани бай,
адамгершілігі мол, жан-жақты үйлесімді дамыған, елін сүйер тұлға ретінде
қалыптасары сөзсіз.
Пайдаланған әдебиеттер:
Қасымова Г. Коррекциялық педагогика және психология: Даму мүмкіндігі
шектеулі балалармен жұмыс. Педагогический мир. - 2005. - №2.
Мектептегі психология : - Алматы. 2013 №8 (62), – 48 бет.
Смирнова Е. О. Межличностные отношения дошкольников: диагностика,
проблемы, коррекция / — М.: Гуманитар. изд. центр ВЛАДОС, 2005, 158 с.
Назарларыңызға рахмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz