Эстетикалық сезімді және эстетикалық қабылдасауды тәрбиелеу


Slide 1

Негізгі эстетикалық категориялар. Сұлулықтың құндылығы.

Slide 2

Эстетика - адамның дүниені эстетикалық тұрғыдан ұғынып-түсіну заңдылықтары туралы, әсемдік заңдарын арқау еткен шығармашылықтың мәнісі мен формалары туралы ғылым

Slide 3

Эстетика мәселесі мен міндеттері көбінесе келесі жәйтпен айқындалады. Адамның дүниені эстет. тұрғыдан ұғынып-түсінуі бір-бірімен тығыз байланысты үш нәрседен тұрады

объективті шындықтағы эстет. ұғым

субъективті эстет. үғым (эстет. сана)

өнер (субъективті және объективті эстет. ұғымдардың бірлігі ретінде)

Slide 4

Эстетика және өнер

Өнер - мәдениеттің маңызды саласының бірі. Сондықтан болар, "өнер - мәдениет айнасы" деген қанатты сөздің қалыптасқандығы. . . Өнердің шынайы мәнінің діңгегі - сұлулық, әсемдік. Сұлулык, әсемдік - адамды ерекше бір жан ләззатына бөлейтін сезім тудырар қасиет. Соның нәтижесінде, өнер көңіл күйді, сезімді білдіреді, соларға тікелей байланысты. Өнер адамды имандануға, жан дүниесімен біртұтас нұрлануға бастайды. Өнердің басты мақсаты - қандай да бір жетілу, кемелдену үлгісін, мұратын (идеалын) беру әрі соған адамды талпындыру, құштар ету.

Өнер философиясы, өнер ілімі болып табылатын эстетика үшін де жоғарыда аталған мақсаттар бірінші маңызды болмақ. Ендеше, эстетиканы оқытудың, яғни эстетикалық тәрбиенің басты мақсаты - адамдарда өзінің айналасындағы сұлулықты көре, сезіне білу, бағалай және қабылдай білу қабілетін арттырып, сұлулық заңдарына сәйкес өмірді жаңартып, өзгертіп отыру.

Slide 5

Негізгі эстет. категориялар - сұлулық пен сұрықсыздық, асқақтық пен пасықтық, трагед. және комед. болса, олар қоғамдық байланыста, адам өмірінің әрбір саласында - өндірістік-еңбек пен қоғамдық саяси қызметте, табиғатқа көзқараста, мәдениет, тұрмыста, т. б. жағдайларда дүниені эстет. тұрғыдан ұғынып түсінудің көрінісі ретінде байқалады.

Эстет. тұрғыдан ұғынып-түсінудің субъективті жағы - ішкі сезімдерді, талғамдарды, бағалауды, күйзелісті, идеяларды, мұраттарды Эстетиканы объективті өмірлік процестер мен қатынастарды көрсете бейнелеудің өзіндік формасы ретінде қарастырады.

Slide 6

Эстетика - философиялық ғылым. Ендеше, ол да этика сияқты нақты ғылымдар өлшеміне сай келмейді. "Эстетика" ұғымын ғылыми қолданысқа XVIII ғасырдың орта шенінде неміс философы Александр Баумгартен енгізді. Ол эстетиканы грек тіліндегі "айстетикос" сөзінен құрас- тырып шықты. Этимологиялық тұрғыдан алғанда "айстетикос" - сезім, сезіммен қабылданатын деген мағынаға ие. Этимологиялық түбір өлі күнге дейін "анестезия" сезінде кездеседі.

Slide 7

Эстетикалық тәрбие

жаратылыс дүниесіндегі немесе өнер туындысындағы сұлулық пен әсемдікті қабылдап, ғибраттануға баулитын, адамның эстетикалық сезімін, талғамын қалыптастыратын тәрбие

Slide 8

Космологизм

Космологизм деп ғарыштық үйлесімділік пен әсемдіктщ адамзат әлемінен орын алғандығы туралы баяндайтын көзқарастарды айтады. Көне гректердің түсінуінше, ғарыш денелерінің қозғалысында болсын, орналасуында болсын езіндік жарастық, үйлесімдік, гармония бар. Сол гармонияны адам өз әлемінен де, яғни әз қолынан жасап шығарған заттардан да табуға тырысады. Адамның енері макроғарыштың, үлкен ғарышқа ұқсап бағуынан, еліктеуінен, яғни мимезистен (грек тілінде "мимесші - "еліктеу") туады. Осылайша грек ойшылдарының көбі өнер табиғатын мимесиспен байланыстырған.

Грек эстетикасын сонау грек мәдениетінің архаикалық немесе гомерлік (Гомердің "Илиада", "Одиссеясы" дүниеге келген уакыт) кезеңінен бастаса да болады. Антикалык эстетиканың орталық категориясының бірі болып табылатын "гармония" ұғымы Гомердің "Одиссеясында" өзінің бастапқы нақты заттық мағынасында беріледі. Онда "гармония" деп қайық жасалған ағаш кесінділерін бірік- тіруші қыстырғышты, шегені айтатын болған. Ал "Илиадада" "гармония" қосымша мағынаға ие болып, адамдар арасындағы келісім, тыныштык, бейбітшілікті білдіретін болған. Осылай бастапқыда тікелей әлеуметтік өмірдің ортасынан алынған сөз бірте-бірте философиялық, эстетикалық категория деңгейіне дейін көтерілген.

Slide 9

Эстетикалық тәрбие мектеп жасына дейінгі кезеңнен басталады. Эстетикалық тәрбие арқылы бала қоршаған ортадағы әсемдікті, үйлесімділікті көре білуге, алған әсерін шығарм. жұмысында көрсетуге, бейнелей білуге үйренеді. Мектепте Эстетикалық тәрбие барлық оқу-тәрбие процесінде жүзеге асырылады. Баланы тәрбиелеуде әдебиет, музыка, бейнелеу өнері сабақтарының, сыныптан, мектептен тыс жұмыстардың маңызы зор. Эстетикалық тәрбие ақыл-ой, адамгершілік, дене тәрбиелерімен тығыз байланысты. Ол адамды рухани байытып, көркем-шығарм. қабілетін дамытуға ықпал етуге тиісті. Эстетикалық тәрбие берудегі негізгі бастау қайнар көз дәстүрлі қазақ қоғамында ғасырлар бойы қордаланған құндылықтар жүйесі, рухани мұралары, халық ауыз әдебиеті болуы, жаїандану дәуіріндегі рухани азғындау қаупінен сақтанатын бірден-бір жол.

Slide 10 Slide 11 Slide 12

міндеттері

Бейнелеу өнері арқылы көркем шығармашылық сезімін, талғамын дамыту.

Эстетикалық құралдарды: өнер, әдебиеттерді, қолдана білу дағдысын қалыптастыру.

Эстетикалық сезімді және эстетикалық қабылдасауды тәрбиелеу.

Оқушыларды әсемдікті көре біліп, сезінуге тәрбиелеу.

Slide 13

Эстетика мәселесі мен міндеттері

Эстетика мәселесі мен міндеттері көбінесе келесі жәйтпен айқындалады. Адамның дүниені эстет. тұрғыдан ұғынып-түсінуі бір-бірімен тығыз байланысты үш нәрседен тұрады:

объективті шындықтағы эстет. ұғым

субъективті эстет. үғым (эстет. сана)

өнер (субъективті және объективті эстет. ұғымдардың бірлігі ретінде) .

Эстетика дүниені эстет. тұрғыдан ұғынып-түсінудің объективті негізін адамдардың қоғамдық мәнісін және табиғат пен қоғамды өзгертуге бағытталған жасампаздық күштері ашылатын олардың шығарм. қызметінің іс жүзіндегі көрінісі ретінде анықтайды.

Slide 14

Эстетикалық тәрбиенің мақсаты - жеке адамның эстетикалық мәдениетін дамыту.

Оның негізгі компонентері

• Эстетикалық қабылдау әсемдікті қабылдау процесін айтады, мұның нәтижесі эстетикалық әсерлену, эмоция болып табылады

• Эстетикалық сезім адамның рухани өмірін жоғары даәр тарапты дамытудың қажетті шарты

• Эстетикалық талғам әсемдікті дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу

Slide 15

Күнделікті өмірдегі адамның жеке басының эстетикасы

Қатынас эстетикасы

Мектепте оқушыларының ата-аналармен, мұғалімдер мен басқа адамдармен қарым-қатынас жасауы эстетикалық тәрбиенің іргетасы. Мұндай қатынас балалардың күнделікті өмірінде, іс-әрекетінде қалыптасып, эстетикалық сезіміне үнемі әсер етеді.

Slide 16

Үй-жағдай эстетикасы

Әрбір үйелмен өз үйіне жайлы жағдай жасауға тырысады. Дүние мүліктерініңіз орнында әдемі, ыңғайлы тұруын ойластырады. Балаларды үй ішінде өзінің жеке заттарын, нерселерін ретке келтіріп ұстауға, күтуге, үйді жинауға, тазалық сақтауға үйретеді. Осы жұмыстардың бәріне балаларды қатыстыру - әке-шешенің басты міндеті.

Slide 17

Киім-кешек эстетикасы

Адамның сыртқы көрінісі, киімі, жүріс-тұрысы оның эстетикалық мәніне байланысты. Киім эстстикасы, қазіргі өмір талабына сәйкес болуын талап етеді: Киім-кешек эстетикасында сұлулықтықтың өлшемін есепке алуы керек. Манера, жест (дене қимылы) - бұл әрбір адамның өзін ұстай білу үлгісі және дене қимыл жөніндегі ұғымды білдіреді. Адамның сыртқы мәдениетімен ішкі дүниесінің ұштасып жатуы - эстетикалық сұлулықтың белгісі. Ата-аналар мен мұғалімдер оқушы жастардың эстетикалық танымын, сезімін, мәдениетін, білімін көтерудегі ең басты сүйеніші. Олар өздері үлгі болып эстетикалық тәрбие жұмысының мазмұнын, нормаларын және әдістерін жетілдірудің жолдарын іздестіріп, іске асырады.

Slide 18

Мінез-құлық эстетикасы


Ұқсас жұмыстар
Эстетикалық талғам әсемдікті дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу
Эстетикалық тәрбиенің міндеттері
Эстетикалық сезім
Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру
АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕСІНІҢ МІНДЕТТЕРІ
Әдебиет - өнер, көп өнердің ішінде сөз өнері
Өнердің генезисі.Эстетика және Эстетикалық идеал
ТӘРБИЕНІҢ МАЗМҰНЫ
Эстетика және өнер
Құқықтың дүниетанымдық мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz