Биосфераның ластануы




Презентация қосу
Биосфераның ластануы.
Биосфераның
трансформациясы

Орындаған:Маханбет Аяулым
Тексерген:Муратова Айдана
Биосфера — тірі организмдердің осы
уақыттағы немесе өткен уақыттағы
әрекетінен пайда болған Жер қабықшасы.
Қазіргі уақытта тірі организмдер
кездесетін биосфераның бөлігі қазіргі
заман биосферасы деп аталады. Биосфера
термині алғаш рет 1875 жылы аустриялық
геолог Э. Зюсс өз еңбегінде, жер бетін
қаптайтын жұқа қабықты сипаттау үшін
қолданылған. Кейінірек орыс ғалымы В.И.
Вернад­ский біздің планетаның ғаламдық
жүйесін сипаттау үшін қолданған болатын.
Ол өз еңбегінде, «Тірі зат», бүкіл
биосфераның ішіне өтіп, оны қайта
құрады», — деп жазған. Биосфе­ра үш
фазада: сұйық, қатты және газ заттар
арқылы бөлімдердің беткейлері арасында
өтеді, күн сәулесінің күшті радиациясы
салдарынан зат пен энергия арасындағы
белсенді зат алмасу жүреді, ол тіршіліктің
пайда болуына және ары қарай дамуына
бастама береді. Биосфера литосфераның
Ластану — адамға және табиғи экожүйеге зиянды әсер ететін
физикалық-химиялық және биологиялық заттардың қоршаған
ортаға залал келтіруі.

Ластанудың салдарынан зиянды және улы заттардың мөлшері
көбейіп, қоршаған ортаның экологиялық тепе-теңдігі
бұзылады.

Тіршілік ортасы мен орнына қарай: ғарыштық, атмосфералық,
гидросфералық, т.б.;
Ерекшеліктеріне қарай:физикалық (электрмагнитті,
радиоактивті, сәулелі, жарықты, жылулы)химиялық (мұнай,
ауыр металдар және олардың тұздары мен тотықтары)
биологиялық (микробты, бактериялық, вирусты)механикалық
ластану (агенттердің өз арасындағы ластану, мысалы, қоқыс)
болып бөлінеді.

Ластану көздеріне қарай:өндірістіккөліктікауыл
шаруашылықтұрмыстық, т.б. болып ерекшеленеді.
Биосфераның ластануы — адамның іс-әрекетінің нәтижесінде
биосферада зиянды заттар мөлшерінің көбеюі, жаңа химиялық
қосылыстардың пайда болуы, температураның көтерілуінен
климаттың өзгеруі. Негізгі себептері: өнеркәсіптің (энергетика,
транспорт, т.б.) тез қарқынмен дамуы, ауыл шаруашылығы мен
күнделікті тұрмыста химиялық жетістіктерін кеңінен пайдалану
, халық санының өсуі және урбанизациялану (қалалардың өсуі).

Кен қазындыларын өндіру кезінде жер қойнауынан жылына 100
млрд. т тау жыныстары алынады. Оның 10%-і ғана іске асады да,
90%-і жарамсыз қалдықтарға айналып жер бетін ластайды. Жыл
сайын шартты түрдегі 1 млрд. т отын жағылады, атмосфераға 20
млрд. т СО2, 300 млн. т СО, 50 млн. т NO,150 млн. т SO2, 5 млн. т H2S,
400 млн. т-ға жуық күл, түтін, шаң-тозаң түседі. Ал гидросфераны
600 млрд. т-дай өндірістік және тұрмыстық ағын сулар ластайды.
Мұнай өндіру және мұнай өнімдерін тасымалдау кезінде әлемдік
мұхитқа 10 млн. т-ға жуық мұнай өнімдері төгіледі. Бұл ондағы
тіршілікке үлкен зиян келтіреді. Жыл сайын топыраққа
100 млн. т-дай минералды тыңайтқыштар сіңіріледі.
Соңғы жылдары атмосферадағы
қорғаныштық рөл атқаратын озон
қабаты жұқарып, кейбір аймақтарда
(мысалы, полюстерде) “озон ойықтары”
пайда бола бастады. Олардың пайда
болуына өндірістерден бөлінетін N, Cu,
Fe, Mn, Cl, F, Br оксидтері мен ғарыш
кемелерін ұшыру әсер етеді. Әсіресе,
метан, этан, пропанның хлорлы және
фторлы туындыларын (фреондар)
өнеркәсіпте кеңінен пайдалану — озон
қабатының жұқара түсуіне үлкен
әсерін тигізіп отыр. Ал озон қабатының
бұзылуы — Жер бетіндегі бүкіл
тіршілікке үлкен зиян. Азот тотықтары
мен күкірттің сумен қосылыстары “
қышқылды жаңбыр” жаудырып
, биосфераға орасан зор қауіп
төндіруде. Биосфера ластануының
тағы бір қауіпті де қатерлі көзі —
қоршаған ортада радиоактивті
Назарларыңызға рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Қалалық тіршілік ортаның ластануы
Жер геосфералары
Антропогендік іс әрекет және гидросфера. Антропогенез және педосфера
Химиялық ластану
Атмосфера қабаты
Оттек айналымы
Ресурстар проблемасы
Ғаламдық проблемалардың типтері
Жоғарғы атмосфераның антропогендік ластануы
Гидросфера - биосфераның элементтері және табиғи қоры ретінде
Пәндер