Экономикалық Отбасы тәрбие


Slide 1

Тұтас педагогикалық үдерістегі тәрбиенің мәні мен мазмұны, отбасы тәрбиесінің негіздері

Slide 2

Жоспары:

1. Тәрбие - тұтас педагогикалық үдерістің бөлігі. Адамзат тарихындағы тәрбие жүйелері. Заманауи тәрбие концепциялар мен моделдері. ҚР-ғы ұлттық тәрбиелік әлеуеті.

3. Отбасы - бала тұлғасын әлеуметтендірудің факторы және белсенді субъектісі.

2. Тәрбиенің түрлері және оларға сипаттама.

Slide 3

Тәрбие - қоғамға аса қажетті адамгершілік қасиеті жоғары, еңбексүйгіш, ғылыми дүниетанымы қалыптасқан, эстетикалық талғам сезімі мен дене күші мығым, белсенді, дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, өмірлік позициясы айқындалған, бойында басқа да игі қасиеттері қалыптасқан жас өспірімді дамытып қалыптастыру.

Қазіргі кездегі тәрбие мазмұнын анықтауға әсер ететін бірқатар идеялар бар.

5) еріктілігі;

6) ұжымдық бағыттылығы.

4) тәрбиенің тұлғалық бағыттылығы;

3) өзін-өзі анықтау;

2) балалар мен ересектердің біріккен іс-әрекеті;

1) тәрбие мақсатының нақтылығы;

Slide 4

Қазіргі кездегі тәрбие тұжырымдары

Балаға деген көзқарас оны еркін, тұтас тұлға ретінде, мәдени дамуы барысында құндылықтарды өзі таңдай алатын, өзін-өзі жүзеге асыра алатын тұлға деп түсіндіру арқылы қалыптастырады деп есептейді.

Тәрбиенің тұлғаға бағдарланған тұжырымдамасын жақтаушылар Ш. А. Амонашвили, М. Н. Берулава, Е. В. Бондаревская, Ю. И. Турчанинова, И. С. Якиманская және т. б.

Slide 5

Е. В. Бондаревская тұлғаға бағытталған тәрбиелеу парадигмасына төмендегілерді ұсынады:

Slide 6

Тәрбие беру стильдері Тәрбие жүйесі өзара байланыстылық, иерархиялық, құрылымдылық, көпдеңгейлілік, компоненттілік, шарттылық сияқты белгілерімен ерекшелінеді. Тәрбие процесіндегі қарым-қатынас стильдері: авторитарлық, демократиялық, либералдық, еркін, прагматикалық, аксиологиялық, ұжымшылдық, жекелік тәрбие жүйесінің даму кезеңдері ашылды.

Тұлғаға ізгілік қарым-қатынас:

тұлғаға деген шынайылық, махаббат, сүйіспеншілік, оның тағдырына үлкен жауапкершілікпен қарау;

тұлғаға сенім арту, оның болашағына оптимистік көзқарас таныту;

қарым-қатынас ынтымақтастығы;

тікелей зорлық жасамау (күштеп, зорлап оқытпау, тәрбиелемеу) ;

іс-әрекетті үнемі ынталандырып отыру.

Тұлғаға жариялылық қарым-қатынас:

тәрбиеленуші (бала) мен тәрбиешінің (педагог) құқықтары бірдей;

тұлғаға таңдау құқығын беру;

тұлғаның қателесуге құқығының бар болуы;

тұлғаның әр нәрсеге өзінің жеке көзқарасының болуы;

баланың құқығы туралы Конвенцияны сақтау;

тәрбиеленуші мен тәрбиешінің арасындағы қарым-қатынас: тыйым салмау, дұрыс жол көрсетіп бағыттау, күш көрсетпеу, сендіру, шектемеу, тек таңдау құқығын қалдыру.

Slide 7

Тәрбиенің түрлері:

Ақыл-ой тәрбиесі

Экономикалық тәрбие

Эстетикалық тәрбие

Дене тәрбиесі

Экологиялық тәрбие

Адамгершілік тәрбиесі

Отбасы тәрбиесі

Құқықтық тәрбие

Еңбек тәрбиесі

Slide 8

Ақыл-ой тәрбиесі қоршаған әлемге, өзіне, өзгелерге эмоционалды құндылықты қатынасының қалыптасуымен, өздігінен білім алу қажеттілігінің дамуымен және меңгеру процесінде ақпараттық мәдениетке дағдылануымен анықталады.

Адамгершілік тәрбиесі - жеке тұлғаның қоғамдық мораль талаптарына сай санасына, сезіміне, әдет-қылығына, мақсат бағытына жүйелі түрде ықпал етуі.

Еңбек тәрбиесі - еңбекке деген қатынасты, рухани және материалдық игілікті жасауға деген жеке тұлғаның әрекетін мақсатты қалыптастыру процесі.

Эстетикалық тәрбие болмыстағы және өнердегі сұлулық пен әсемдікті дұрыс қабылдауға, эстетикалық түсінікті, сезім мен талғамды қалыптастыруға тәрбиелейді. Өнерде және өмірде сұлулықты жасау, оған қатысу қабілетін, қажетсінуін қалыптастырады.

Slide 9

Экологиялық тәрбие - тұлға бойында экологиялық білім, көзқарас, сенім жүйесін қалыптастырып, сол арқылы оның табиғатқа, қоршаған ортаға парасаттылық, жауапкершілік қарым-қатынасын жан-жақты қалыптастырып, дамыту.

Құқықтық тәрбие - өзінің туған елінің заңы мен құқықтық ережесін, белгілі нормаларын сақтау, қорғау, сыйлау рухында тәрбиеленген, жеке тұлғаны тәрбиелеу.

Экономикалық тәрбие - тұлғаны экономикалық білімдер негіздерімен қаруландыру, қоғамның экономикалық саясатын ұғындыру, қатынастарды тәжірибеде меңгерту.

Дене тәрбиесі - тұлғаны жан-жақты үйлесімді қалыптастырып дамыту процесінің негізгі бір саласы. Себебі, дене тәрбиесі тұлға денесінің қалыпты жетілуін, Отанды қорғауға дайындауда аса маңызды қызмет атқарады.

Отбасы тәрбиесі - болашақ жеке тұлғаның негізі қаланатын қоғамның бастауыш құрылым бірлігі, баланың алғашқы ұжымы, оның табиғи даму ортасы.


Ұқсас жұмыстар
Тәрбие түрлеріне сипаттама
Отбасы тәрбиесі
Тәрбиедегі жаңашылдық
Қазақ отбасы тәрбиесінің ерекшеліктері
Отбасы тәрбиесінің негізі
Педагогикалық үрдістің қозғаушы күштері
Отбасы функциялары Экономикалық Қорғаныс Репродуктивтік Балаларды оқытып-тәрбиелеу
Отбасы функциялары
Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі тәрбие жұмысының негізгі бағыттары
Тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру формалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz