ТҰҚ компаниялар




Презентация қосу
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

СОӨЖ: Қазақстандағы холдингтік
және ТҰК компаниялардың
қызметтері

Орындаған: Мек205 Ермахан.Ә
Қабылдаған: Оқытушы PhD,
ассоц.профессор Каримова М.Д
Қазақстандағы холдингттік компаниялар.
«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі
1 «Бәйтерек» холдингі
2 «Бәйтерек» холдингі-құрамы
3 Жарғылық капитал құрылымы
ТҰҚ компаниялар
ТҰК даму кезеңдері мен түрлері
Холдингтік компания корпорация ұйымдастырудың
жетекші нысанының бірі болып табылады. Холдинг
иеленуші компания – басқа компаниялардың қызметін
бақылау және басқару мақсатында, олардың бақылау
акцияларын иелену үшін құрылатын қаржы
компаниясының ерекше түрі ретінде саналады.
Холдингтерді құрудың негізгі мақсаты - корпоративтік
басқаруды жетілдіру және елдің қор нарығын дамыту
жолымен мемлекет қатысатын компаниялар
холдингтерінің құрамына кіретін ұзақ мерзімді
құндылықты барынша көбейту. Сондықтан да
мемлекеттік холдингтер бүкіл Қазақстанның бизнесі
үшін корпоративтік жүріп-тұрудың моделіне айналуға
тиіс.
Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық
холдингтердің, ұлттық компаниялардың
тізбесі
• Ұлттық басқарушы холдингтер
1. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы.
2. "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы\

• Ұлттық холдингтер
1. "QazBioPharm" ұлттық холдингі" акционерлік қоғамы

• Ұлттық компаниялар
6. "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы.
7. "Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы "KEGOC" (Kazakhstan Electricity Grid
Operating Company) акционерлік қоғамы.
8. "Қазпошта" акционерлік қоғамы.
9. "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы.
10. "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық, атом компаниясы" акционерлік қоғамы.
11. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы.
12. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы.
13. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы
14. "Қазақстан инжиниринг" (Kazakhstan Engineering) ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы.
15. "Қазақстан Ғарыш Сапары" үлттық компаниясы" акционерлік қоғамы
«Бәйтерек» Ұлттық
басқарушы холдингі
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ (бұдан әрі –
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «Бәйтерек» холдингі, Холдинг) – корпоративтік
басқарудың озық стандарттарына сәйкес келетін және Қазақстан
экономикасын әртараптандыру, инновацияларды қолдау, экспортты
дамыту, еңбек өнімділігін ұлғайту жолымен орнықты дамыту жөніндегі
міндеттерді іске асыруды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы
Үкіметінің негізгі институты
«Бәйтерек» холдингі-құрамына 7 еншілес ұйым
кіретін интеграцияланған даму институты:
• холдингтің 100 пайыз қатысуымен акционерлік
қоғамдар болып саналатын «Қазақстанның Даму
Банкі» АҚ,
• «Отбасы Банкі» Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»
АҚ,
• «Даму» АҚ, «Қазақстанның тұрғын үй құрылысы»
АҚ,
• «Kazakh Export» ЭСК» АҚ,
• «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ,
• «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ.
2021 жылдың наурызында Мемлекет
басшысының тапсырмасы бойынша
«ҚазАгро» ҰБХ» АҚ «Бәйтерек»
холдингіне бірігу арқылы қайта құрылды.
Сондай -ақ, «Қазақстандық ипотекалық
компания» АҚ негізінде тұрғын үй
құрылысының бірыңғай
операторы (қазіргі «Қазақстандық
тұрғын үй компаниясы» АҚ) құрылды.
Сонымен қатар, компанияның капиталына
тікелей инвестициялау құралы
шеңберінде Холдингтің еншілес
компаниясы 59 компанияның ішінде
әр түрлі меншік үлестеріне ие болып
отыр.
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ миссиясы мемлекеттік саясатты іске
асыру және «2050 – Стратегиясында» қойылған
мақсаттарға қол жеткізу үшін ҚР тұрақты экономикалық
дамуына көмектесу болып табылады.

Қызметтің стратегиялық бағыттары:
Ірі бизнес сегментінде кәсіпкерлікті қолдау;
ШОБ сегментінде кәсіпкерлікті қолдау;
Тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру;
Экспорттық әлеуетті арттыру;
Инновациялар енгізу және трансферті.
«Бәйтерек» холдингі келесі мемлекеттік және
Үкіметтік бағдарламаларды жүзеге асырудағы
негізгі оператор болып табылады:

⊸ Ұлт Жоспары - «100 ⊸ Қазақстан
нақты қадам» Республикасын
⊸ "Бизнестің жол картасы- индустриялық-
инновациялық
2025" бизнесті қолдау
дамытудың 2020 - 2025
мен дамытудың
жылдарға арналған
мемлекеттік
мемлекеттік
бағдарламасы
бағдарламасы
⊸ Қазақстан
⊸ Нәтижелі жұмыспен
Республикасының
қамтуды және жаппай
агроөнеркәсіптік
кәсіпкерлікті дамытудың
кешенін дамытудың
2017 – 2021 жылдарға
2017 - 2021 жылдарға
арналған мемлекеттік арналған "Еңбек"
мемлекеттік
бағдарламасы
бағдарламасы

⊸ ⊸ Тұрғын үй-коммуналдық
«Қазақстан
дамудың «Нұрлы жер»
Республикасының
мемлекеттік
ұлттық экспорттық
бағдарламасы
Холдинг құрамында келесі еншілес ұйымдар жұмыс істейді:
Ірі кәсіпорындарды қолдай отырып, «Қазақстан Даму Банкі АҚ, «KazakhExport»
экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ, «Qazaqstan
Investment Corporation»АҚ борыштық және үлестік қаржыландыру, экспорттық
операцияларды сақтандыру, лизингтік қаржыландыру сияқты қолдау құралдарын
ұсынады және тұтастай алғанда шикізаттық емес экспорттаушыларға қолдау
көрсетеді.
Микро, шағын және орта бизнес үшін – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ
кәсіпорындарға қолдаудың үш құралын ұсынады – сыйақы мөлшерлемесін
субсидиялау, кредиттерге кепілдік беру және қаражатты екінші деңгейдегі
банктерде шартты түрде орналастыру.
«Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ («Отбасы банк» АҚ) және «
Қазақстан Тұрғын Үй Компаниясы» АҚ тұрғын үйді жалға беру, ипотекалық
несиелеу және банктер арқылы жеңілдетілген қаржыландыру.
«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ ауылдағы ірі, орта және шағын
кәсіпкерлікті қаржылай қолдау арқылы елдің агроөнеркәсіптік кешенінің (АӨК)
тұрақты дамуына және техникалық жарақтандырылуына жәрдемдеседі.
«Bereke Bank» АҚ – бөлшек клиенттердің және нарықтағы шағын, орта
ойыншылардан бастап ірі ойыншыларға дейінгі корпоративтік бизнес
сегменттерінің қажеттіліктерін қанағаттандыратын бірегей қаржы институты .
Жарғылық капитал құрылымы
Тіркелген (жарияланған) акциялардың саны, түрі– 5 000 086 550 дана жай акциялар.
Жарияланған, бірақ орналастырылмаған акциялар саны – 3 648 990 577 дана жай акциялар.
Орналастырылған акциялар саны – 1 351 095 973 дана жай акциялар.
Бір акцияның номиналдық құны (құрылтайшылар төлеген кезде) – 1 000 (бір мың) теңге.
Акционерлер құрамы:
Холдингтің Жалғыз акционері - Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті болып табылады.
2013 жылғы 26 маусымда Холдингтің мемлекеттік акциялар пакетін иелену және пайдалану
құқығы Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне
берілді.
2021 жылғы 27 сәуірде «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының
кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 наурыздағы
№ 175 қаулысына сәйкес холдинг акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және
пайдалану құқығы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне берілді.
Осылайша, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі заңнамада және
Эмитенттің Жарғысында Жалғыз акционердің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша
шешімдер қабылдайды және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің
уәкілетті адамдарының бұйрықтарымен ресімделеді.

Акциялармен берілген құқықтар:
1) «Мемлекеттік мүлік туралы» және «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңдарға сәйкес
Жалғыз акционердің қарауына ұсынылған барлық мәселелер бойынша шешім қабылдау
құқығы;
2) Холдингтің таза кірісі болған жағдайда, дивидендтер алу құқығы;
3) Холдинг Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен таратылған
кезде оның мүлкін алу құқығы.
Холдингтің ақпараттық жүйелері
1. Digital Baiterek
2. Қазынашылық операцияларды басқару жүйесі.
3. «1С Бухгалтерия», 1С «Жалақы және Қызметкерлерді басқару»
4. BPM жүйесі Simbase
5. Ұжымдық жұмыс жүйесі
6. "Электрондық келісімшарттар" сервисі
Трансұлттық корпорация (ТҰК) – келісілген саясат пен ортақ
стратегия жүргізуге мүмкіндік беретін шешімдер қабылдау
жүйесіне сәйкес екі немесе одан көп елде жұмыс істейтін
бөлімшелері бар, орналасқан еліне, меншік нысанына тәуелсіз
жекеше, мемлекеттік немесе аралас кәсіпорын; шетелге тікелей
қаржы (инвестиция) салушы фирма. Трансұлттық
корпорацияның қай елдікі екені оның штаб-пәтері орналасқан ел
бойынша анықталады. Төлем балансы тұрғысынан шетелдік
кәсіпорынның кез келген несие беруі немесе акцияларды сатып
алуы шетелдің тікелей қаржы салуына жатады. Бас компанияға
тиесілі капиталдың көлеміне, сонымен қатар бас компанияның
ықпал ету салаларындағы фирманың құқықтық жағдайы мен
бағыныштылық деңгейіне қарай келесідей үлгіде жіктеуге
болады: филиалдар, еншілес компаниялар, ассоциаланған
компаниялар және бірлескен мекемелер.
ТҰК өзінің дамуында бірнеше кезеңдерден өтті. Алғашқы ТҰК ХІХ ғасырдың
соңынан бастап бірінші дүниежүзілік соғыс (1914-1918ж) кезеңдерінде пайда
болды. Ол кезде Азия, Африка елдерінде шикізат ресурстарын өндірумен
айналысты. Олар көбіне картель және синдикат ретінде қызмет атқарды.

Екінші кезең (1918-1939 ж) дүниежүзілік соғыс кезінде болғандықтан табыс
әкелетін іспен, яғни қару-жарақ және әскери техниканы өндірумен айналысты.
Ол елдерге Еуропа, Жапония, Американы жатқызуға болады.

Үшінші кезең екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі уақытты қамтыды. Бұл
кезеңде ғылыми-техникалық кезең, ғылым және өндіріс (атом энергетикасы,
электронды құралдар, космос) зерттеулері. Көбіне ұйымдық қатынас бойынша
концерн, конгломератқа ұқсас болды.

Төртінші кезең 1970-1980 жылдары дами бастады. Нарық дами бастағасын,
бәсекелестік деңгейі жоғарылап, дамушы дүниежүзілік ТҰК құрылды.

Бесінші кезең ХІХ ғасырда аумақтық экономикалық интеграция кезінде дамыды.
Бірлескен экономикалық аумақтар пайда болды.
Бас компаниялар мен олардың еншілес мекемелерінің
өзара қатынасы түрі жөнінен барлық трансұлттық
компаниялар үш түрге бөлінеді:

Этноцентрлік (этноорталықтық)

Полицентрлік немесе аймақтық

Геоцентрлік
Этноцентрлік түр ТҰК жоғары басқаруының біртіндеп бас компанияның
приоритетіне бағытталуымен сипатталады. Бұл типте корпорациялар үшін
шетелдік нарықтар ең алдымен бас компания орналасқан мемлекеттің ішкі
нарығының жалғасы болып табылады. ТҰК бұл жағдайда шетелдегі
филиалдармен ең маңыздысы арзан шикізаттың тұрақты жеткізілуі немесе
шетелдік нарықты өніммен қамтамасыз ету үшін ашады. Бұл типтегі ТҰК бас
компания тарапына шетелдік филиалдар қызметін қатаң бақылайды, шешім
орталықтандырылу арқылы қабылданады.

Полицентрлік немесе аймақтық түр бойынша ішкі нарыққа қарағанда сыртқы
нарық ТҰК қызметінің мәнді секторы болып есептелетін кезеңде сыртқы нарық
маңыздылығының артуымен сипатталады. Бұндай ТҰК – да шетелдік филиалдар
ірірек және көптүрлі, олар бас компанияның өнімін сатып қана қоймай, оларды
талап еткен нарық орнында шығарады. ТҰК-ның бұл түрі басқару қызметінің
орталықсыздандырылуы, құзыретін еншілес компанияларға беруімен
сипатталады.

Геоцентрлік көзқараста ТҰК бөлек мемлекеттердің нарықтарына емес, аймақтарға
бағытталады. Шетелдік филиалдар бұл қатынаста жеке мемлекеттерде
орналасқанмен, бағытты бүкіл аймаққа болады.
ТҰК экокономикадағы негізгі салаларда алатын орны. Сараптама
бойынша 100 ірі қаржылық емес ТҰК-лар арасында 13-і
химикалық-фармацевтикалық құрылым (SA, BASF AG,Pfiser Inc.,
Procter&Gamble, Bayer AG, Du Pont (E.I.) De Nemours), 12-сі
бөлшек сауда және қызмет көрсету бойынша(Wal-Mart Stores,
Carrefour SA), 10-ы автокөлік өндірісі бойынша(Ford Motors
Company, General Motors, Toyota Motors Corporation Volkswagen
Group), коммуналдық қызмет көрсету 9 және электронды
жабдықтар өндірушілер 9 (General Electric, Siemens AG, IBM, Sony
Corporation, Hewlett-Packard), 8-і мұнай өндірушілер(Dutch/Shell
Group, Total Fina Elf, ExxonMobil, ChevronTexaco) және 7-і
телекоммуникция(Vodafone Group Pls, France Telecom, Telefonica
SA, Deutsche Telekom AG). Сонымен қатар сусындар мен азық-
түліктер, металлургия бойынша 5 ТҰК және 2 көлік пен қағаз
басып шығарумен айналысушы ТҰК жатады.
Пайдаланылған дереккөздер тізімі

•https://melimde.com/transltti-korporaciyalardi-azasta
n-ekonomikasinda-alatin-roli.html
• https://baiterek.gov.kz/ru/
• https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1100000376
• https://stud.kz/referat/show/45039
Назарларыңызға
Рақмееет!

Ұқсас жұмыстар
Ұлтаралық компаниялардың дүние жүзі экономикадағы ролі
Әлемдік нарықта баға құрудың ерекшеліктері
Бағалы аң терісінің жартылай өнімдерінің тауарлық қасиеттері
Жүн талшығының құрылымы
Азық - түлік компанияларының өнеркәсібіне терроризмнің болмашы қаупі
Қасқыр мен аюдың Бас сүйегінің бағалануы Қасқыр мен аюдың терісінің бағалануы
Тері шикізатының тауарлық қасиеттері
Өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру
МАҚТА ӨСІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Маркетнигтік экономикалық маңызы
Пәндер