Өрмекшітәрізділердің зиянды формаларымен күрес жолдары




Презентация қосу
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
«Жаратылыстану ғылымдары» факультеті
«Биология» кафедрасы

Білімгердің өзіндік жұмысы
Тақырыбы: «Өрмекшітәрізділердің классификациясы, таралуы, маңызы,
зиянды формалармен күрес жолдары»

Орындаған: Таймуратова О.Б.
Қабылдаған: Байтурсинов Қ.К.
Пәні: Омыртқасыздар зоологиясы
Тобы: ЖБЛ-111
Мазмұны
2 Өрмекшітәрізділер класы. Олардың
классификациясы
Өрмекшітәрізділердің таралуы.
Өрмекшілердің даму циклі

2 Өрмекшітәрізділердің зиянды
формаларымен күресу жолдары

3 Өрмекшітәрізділер класының маңызы.
Қызықты әлемге саяхат
Өрмекшітәрізділер класы. Өрмекшітәрізділердің классификациясы

• Өрмекшілер (лат. Araneae, лат. Aranei,
көне грекше: ἀράχνη) — жануарлардың өте
ежелгі топтарының бірі: олардың қазіргі
кескіні өте ертеде, динозаврлар дәуірінде,
жүздеген миллион жыл бұрын қалыптасқан.
Қазіргі ғылымда 70 мыңнан астам түрі
белгілі және осыншасы, тіпті одан да көбі әлі
белгісіз. буынаяқтылардың түрлер санынан
екінші орын алатын отряды.
Өрмекшітәрізділер құрлықта тіршілік ететін, өкпемен немесе
трахеямен тыныс алатын буынаяқтылар. Денелері баскеуде және
құрсақ болып екіге бөлінеді. Ал кенелерде (Асагі) баскеуде мен
құрсақ бөлімі бірігіп кеткен. Баскеуде бөлігінде 6 жұп аяқтары
орналасқан, оның бір жұбы ауыздың үстінде, ал қалған 5 жұбы
ауыздың артқы жағында орналасқан.

Аяқтарының алғашқы жұбы хелицералары (сһеіісегае) қысқарған
екі-үш буыннан тұрады, ол қысқыш немесе тырнақ тәрізді.
Көпбуынды аяқтарының екінші жұбы пышақтәрізді және олар
қорегін ұстау мүшесінің қызметін және сезу қызметін атқарады
бұлар педипальпалар (pedipalpi), ал қалған 4 жұбы жүргіш аяқтары.
Денесінің артқы бөлігі - құрсақ әдетте сегменттелген.
Өрмекшітәрізділер қласында оншақты отряд, 60000-нан астам
түрлері бар. Үзындығы 0,1 мм-ден 17 см-ге дейін.
Өрмекшітәрізділердің классификацисы

Өрмекшілер-Aranei-27000 Құршаяндар-Scorpiones-750

Жалған құршаяндар- Pseudoscorpiones- Қылаяқтылар – Pedipalpi-180
1300
Пішеншілер- Opiliones-4000 ға
жуық түрелері бар;

Түкті бүйі немесе сольпугалар- Solifugae-70
түрі кездеседі;

Кенелер- Асагі-300 ге жуық тұқымдас,
20000 ға жуық түрлері бар;
Өрмекшітәрізділердің таралуы аймақтары

Өрмекшітәрізділер жер шарының
барлық түкпір түкпіріне таралған.
Оларды тропиктік аймақтардан да,
тундрадан да күн қақтаған
шөлдерден, биік таулардан да
кездестіруге болады. Олар табиғатта
көбінесе паразитті жолмен тіршілік
етеді.
Қарақұрт-Орта Азия мен
Қазақстаннаң шөл және шөлейтті
аймақтарында кездеседі;
Су өрмекшісі-су астында өрмектен
қоңырау тәрізді ұя жасап, оны су
асты заттарға немесе өсімдіктерге
жабыстырып, ауамен толтырады;
Ұн кенелері-астық, ұн сақталатын қоймаларда жиі кездеседі және көп
зиян келтіреді;
Демодицид кенелері- адамның май бездерінде, тері астында паразиттік
тіршілік етеді, теріні қабындырып, беттің безеулігін қоздырады;
Құршаяндар отряды-тропиктік және субтропиктік аймақтарда
кеңінен таралған;
Өрмекшілер отряды-үйлерде, далаларда, тоғайларда, тіпті су астында
кездесетін түрлері де бар;
Түкті бүйі немесе сольпугалар отряды – Solifugae-тропикалық және
субтропикалық далалар мен шөлдерде кездесетін өрмекшітәрізділердің
ең ірілері сольпугалар.
Кенелердің дамуында жұмыртқа, личинка, нимфа және ересек
сатылары бар. Личинкаларында жүру аяқтарының төртінші жұбы
болмайды, яғни олар үш жұп жүргіш аяқтарымен ерекше және тыныс
алу, жыныс тесіктері болмайды. Келесі сатысы нимфа. Онда 4 жұп
аяғы мен тыныс алу тесіктері бар, ересек түріне ұқсас, тек жыныс
мүшесі толық дамымаған. Нимфалық жасы 1-3-ке дейін. Оларды
протонимфа, дейтонимфа және тритонимфа деп атайды.
Нимфалық жасында тыныштық сатысы - гипопусы (hypopus) болуы
мүмкін.
Өрмекшітәрізділердің зиянды формаларымен күрес жолдары

Өрмекшітәрізділердің көптеген түрлері паразитті болып табылады.
Сол себепті біршама аурулар туғызады. Мысалы, искодалық кенелер
бруцеллез, туляремия, пироплазмоз, қайталама сүзек, энцефалит,
чума ауруларын таратушылар. Олар аурулардың қоздырғыштарын
(спирохеталарды, бактерияларды, вирустарды) кемірушілерден,
насеком қоректілерден, құстардың, жабайы жануарлардан өздеріне
жұқтырып алып, бірнеше жыл бойы сақтап, адамды шаққанда адамға
жұқтырады.

https://youtube.com/shorts/R-oQAw1MEoc?
feature=share
Шаралар
Күресу шаралары: тек химиялық жолмен ғана күресіледі, гигиеналық
талаптарды сақтау;
Қолданылған ыдыстарды, қолданылған заттарды екінші реттік
пайдаланбау;
Тірі туляремиялық вакцинаны егу — аурудың алдын алудың негізгі және
сенімді әдісі.
Алдын алудың басқа маңызды шарасы — туляремия жұқпасын тасушы
кеміргіштерді жою. Мақсатты агротехникалық іс-шараларды жүргізу
кеміргіштер санының азаюына мүмкіндік туғызады. Бұдан басқа,
кеміргіштердің табиғи жаулары бар — үкі, лашын, түлкі, сасық күзен,
аққалақ, ақсары ителгі және басқа жыртқыш аңдар мен құстар. Сондықтан
мүмкіндігінше құстар мен аңдарды қорғау керек.
Симптоматикалық ем тағайындалады, улану белгісіне қарсы сұйықтықтар
беріледі. Витаминдер С және В тобы, антигистаминдік дәрілер
( пипольфен, супрастин, димедрол ) тағайындалады. Физиотерапиялық
емдер қолданылады. Созылмалы түрінде қосымша сұйықтықтар беріледі.
Өрмекшітәрізділердің маңызы:
Топырақ түзілу процесінде үлкен рөл атқарады;
Өрмекшітәрізділер насемкомдармен
қоректеніп, адамға пайда алып келеді;
Өрмекші уы-ұйықтататын және
тыныштандыратын дәрілерді өндіруге арналған
шикізат;
Қоректік тізбектің маңызды элементі;
Сапрофит болғандықтан, өлі органикалық
заттарды ыдыратады;
Өрмекші торы тоқыма өнері, болат пен
шойыннан да мықты болып келеді;
Өрмекші тоқымасынан ең мықты
бронежилеттерді жасау үшін қолданылады;
Кабельдер жасау мақсатында пайдаланылады;
Тақырыпқа байланысты бейнематериалдар:

https://youtube.com/shorts/R-oQAw1MEoc?feature=share –
микроскопиялық құрылысы;

https://youtu.be/aEtV8gtGeyY- кенеден сақтанудың жолдары;

https://youtu.be/iXGXs9H79EQ- кенеден сақтанудық тың, зертханалық әдісі
табылды;
1. ДәуітбаеваК.Ә. Омыртқасыздар зоологиясы: оқулық.1- кітап. –Алматы: Дауир,
2004.-376 б.
2. ДәуітбаеваК.Ә. Омыртқасыздар зоологиясы: оқулық.2- кітап. –Алматы: Дауир,
2005.-414 б.
3. Шарова И.Х. Зоология беспозвоночных.-М: Гуманит. изд. центр «Владос», 2002
4. Лихачев С.В. Зоология беспозвоночных: учебное пособие. Изд: Тесса. 2004. –
С.204

Ұқсас жұмыстар
Жәндіктермен күрес шаралары
Зиянды заттар - зардабы
РАДИОАКТИВТІ ЛАСТАНУДЫ ҚАЛПЫНА
НАРЫҚТЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУ МЕХАНИЗМІ
Жұқпалы аурулар туралы
Азжылдық, көпжылдық арамшөптер және олардың өкілдеріне сипаттама
Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы - ұзақ, созылмалы ауруы
Орман ағаштары жеміс және тұқым зиянкестері мен аурулары және олармен күресу шаралары
ТЕМЕКІ ТАРТУМЕН КҮРЕС
МИКРОБИОЛОГИЯЛЫҚ ӘДІСПЕН ӨСІМДІК ИНФЕКЦИЯЛАРЫМЕН КҮРЕС ШАРАЛАРЫ
Пәндер