Абылай қолбасшы
Презентация қосу
АБЫЛАЙ ХАН
(шын есімі Әбілмансұр)
1771—1781 жылдар
аралығында билік құрған
Қазақ хандығының 18-ші
ханы.
Қазақ Ордасының
тарихындағы ең ұлы
хандардың бірі.
АБЫЛАЙ ХАННЫҢ АТА ТЕГІ
Әз-Жәнібекте үш ұл болған:
Қасымхан, Сөк, Жәдік.
Оның кіші баласы Жәдіктен - Шығай
хан, одан - Есімхан, одан - Жәңгір хан
(жұрт оны "Салқам Жәңгір" деп атап
кеткен), одан - Уәлибақы, одан -
"Қанішер" Абылай, одан - "Көркем"
Уәли, одан - Абылай хан (Әбілмансұр)
туған (1711ж).
БАЛА ШАҒЫ
Абылай – Жәңгір ханның бесінші ұрпағы,
Рахметтің досы. Жәңгір ханның Уәлибақы,
Тәуке деген екі ұлы болады. Жәңгір қайтыс
болып, таққа Тәуке отырғанда Уәлибақы
хандыққа өкпелеп, Үргенішті билеген нағашы
атасы Қайып ханның қолына барады.
Уәлибақының баласы Абылай жекпе-жекке
шыққанда жауы шақ келмейтін батыр болып,
қанішер Абылай атаныпты.
Осы Абылайдан көркемУәлитуады. Оның
баласы Әбілмансұр (кейін қазаққа хан болып
Абылай атанған) «ақтабан шұбырынды»
жылдарында жетім қалып, үйсін Төле бидің
қолына келеді. Аш-жалаңаштықтан жүдеген
өңіне, өсіп кеткен шашына қарап Төле би оған
«Сабалақ» деп ат қойып, түйесін бақтырады.
ӘБІЛМАНСҰРДЫҢ АБЫЛАЙ АТАНУЫ
1730-33 жылдар аралығында
болған бір ұрыста бұрын белгісіз
жас жігіт Әбілмансұр жекпе-
жекке шығып, қалмақтың бас
батыры, қоңтажы Қалдан
Сереннің жақын туысы Шарышты
өлтіреді. Үлкен әкесінің аруағын
шақырып, жауға Абылайлап ат
қойған Әбілмансұр жеңісті
ұрыстан соң, Орта жүздің сұлтаны
деп танылып, қазақ даласындағы
ең беделді әміршілердің біріне
айналады. Бұдан соңғы жерде
Әбілмансұр есімі ұмытылып,
Абылай атанады.
ЦИН ӘСКЕРІНЕ ҚАРСЫ СОҒЫС
1738-1741 ж. Абылай бастаған қазақ
қолы жоңғар басқыншылырына
бірнеше мәрте соққы берді.
1742 ж. Абылай тұтқиылдан шабуыл
жасаған жоңғарлардың қолына
тұтқынға түседі.
Сол кездегі ойрат басқыншыларына
қарсы күрестің ең белсенді
ұйымдастырушыларының біріне
айналған Абылайдың жау қолына
түсуі қазақ қоғамында абыржушылық
туғызып, Абылайды босатып алу
үлкен саяси мәселеге айналады.
Тарихи жырларда қазақ
билеушілерінің атынан Төле би мен
Әбілқайыр хан Орынбор әкімшілігінен
Абылайды тұтқыннан босатып алуда
ара түсуге өтініш жасайды.
Абылай көреген саяси қайраткер бола отырып,
қалмақтармен аса ауыр соғыстардан қалжыраған
елінің есін жиғызу үшін дипломат жолдарды да
тиімді пайдалаңды.
1740 ж. тамызда ол Орта жүз ханы Әбілмәмбетпен,
тағы да басқа 120 старшынмен Орынборға келіп,
орыс өкіметінің «қамқорына» кіруге келісім
білдіреді. Сонымен бір мезгілде қазақ халқының
тұтастығын сақтау мақсатында Шың
империясымен де қарым қатынасын суытпады.
Петербург пен Пекинге елшіліктер аттандырды. Ол
Ресей мен Қытай империяларының өзара
қайшылықтарын қазақ хандығы мүддесіне
пайдаланып отырды.
Абылай 1745 ж. Қалдан Серен дүние салғаннан
кейін, Жоңғарияның билеуші топтарының тақ
таласынан әлсіреп, бұрынғы әскери қуатынан
айырыла бастауын және жоңғар-қытай соғысын
Шығыс Түркістанмен іргелес өңірдегі ойраттардың
уақытша билігінде қалған қазақ жерлерін
қайтаруға, елдің дербестігін толық қалпына
келтіруге пайдалану үшін барынша күш салды.
1745ж. Орта жүздегі Әбілмәмбет, Абылай және
Барақ сұлтан қатар аталса, 3-4 жылдан кейін
мұндағы жағдай мүлдем өзгерді. 1749ж. тамыз
айында Неплюевпен кездесуінде Жәнібек тархан:
«бұрын Орта жүзде Әбілмәмбет хан болған, бірақ
ол біраздан бері Ташкентте тұрып жатыр, ел
басқарудан қалған. Бірақ сұлтан зұлымдық ісі үшін
ЖОРЫҚТАР
Жазба деректерде Абылайдың шетел
басқыншыларына қарсы табанды соғыс
жүргізгендігі айқын көрсетіледі.
1752ж. ол бастаған қазақ әскері шамасы 15-
20 мың адамдай ойраттар қолының
шабуылына тойтарыс берді.
1753ж. желтоқсанда Абылай 5 мың
жауынгерімен жоңғар әскерлерімен
шайқасып, бірталай қазақ жерін азат етті.
1754ж. сәуірде Абылай бастаған 1700 қазақ
әскері 10 мың қалмақпен соғысуға мәжбүр
болса, (Қаратал өз бойынша), сол жылдың
шілде-тамыз айында 4 мың әскермен
Жоңғарияға жорық жасап, 3000 қалмақты
тұтқынға алып келген.
1756ж. Абылайдың бастауымен қазақтар
қытайлар мен қалмақтардың біріккен күшімен
екі рет шайқасып, оның бірінде жеңіліп,
екіншісінде жеңіске жетеді
Өмірінің соңғы 15 жылында
Орта Азия хандықтарына
қарсы тынымсыз күрес
жүргізді. 1765-67 ж. Абылай
қолының қоқан билеушісі
Еркенбекпен соғысының
нәтижесінде Түркістан,
Сайрам, Шымкент қалалары
қайтадан қазақтар иелігіне
өтті. Ташкент алым төлеп
тұратын болды.
СОҢҒЫ ЖЫЛЫ
1771 жылы жасы жеткен
Әбілмәмбет хан дүние салды.
Қалыптасқан дәстүр бойынша
Орта жүздің ханы болып не
Әбілмәмбеттің інілерінің бірі,
не үлкен ұлы Әбілпейіз
сайлануға тиіс еді. Алайда
басты сұлтандардың,
старшындардың, Әбілпейіздің
өз қалауымен үш жүздің
басшы өкілдері Түркістанда
Абылайды хан көтерді. Абылай
іс жүзінде жалғыз Орта
жүздің ғана емес, бүкіл Қазақ
ордасының ұлы ханы болды.
Абылай хан «Жеті Жарғы» заңдар
жинағын негізге ала отырып,
мемлекеттің ішкі жағдайын күшейтуге
бағыттады. Қазақтың тайпа, ру
басыларын жылына бір рет жинап,
хандықтың сыртқы және ішкі
жағдайына қатысты іргелі
мәселелерді талқыға салды. Ішкі
саясатта хандық билікті нығайту
бағытын ұстанып, шаруашылық пен
сауданы дамытты, тұрғындардан
салық жинаудың жаңа түрлері мен
мөлшерін енгізді.
ХҮІІІ ғасырдың орта кезінен бастап
Абылай қазақ елінің ерікті, іргелі
біртұтас ел болуын, ата қонысына
жайғасып, бейбіт еңбек етуін қалады.
Ол елді отырықшылыққа көшіруді,
Үш жүздің басын қосуды, туған
Отанын жаудан қорғауды мақсат етті.
Орыс казактары салып жатқан
бекініс, қамалқалалардың
маңындағы жайылымды жерлерден
айырылып қалмау үшін, орыс
мұжықтарынан қазақтарға егіншілікті
үйретуге әрекет етті.
қазақтың тәуелсіздігін нығайтты
ағаш үйлер салғызды Мәмілегер
Хан
елін қорғады
Абылай қолбасшы
Не істеді? Кім?
саясаткер
халықты біріктірді күйші қайраткер
егіншілікті дамытты
Абылай хан өмір жолын ат
үстінде жорықтарда өткізіп,
Арыс өзені жағасында 1781
жылы қайтыс болады.
Сүйегі Түркістан
қаласындағы Қожа Ахмет
Иасауи кесенесінің ішінде
Қабырхана мен Ақсарай
арасындағы дәлізде
жерленген.
Абылай хан
ХҮІІІ ғасырдағы
хандардың ішіндегі
құдіреттісі.
В.В.Бартольд
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz