Білім беру жүйесіндегі өзгерістерге негізделген әлемдік дамудың негізгі үрдістері қоғам дамуының қарқындылығы




Презентация қосу
Қазақстан Республикасындағы
білім беру жүйесі
Жоспар:

• Білім беру жүйесі
• Қазіргі заманғы білім беру моделінің
• талаптары
• Заманауи білім берудің ерекшелігі
• Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі
• Білім беру жүйесіндегі өзгерістерге негізделген әлемдік дамудың
негізгі үрдістері
• ҚР “Білім туралы” Заңы
• 12 жылдық білім беру жүйесі
Білім беру жүйесі

Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім
беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей
мен бағыттағы мемлекеттік білім беру
стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі
ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі
және түрдегі білім беру мекемелерінде іске
асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім
беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.
Қазіргі заманғы білім беру моделінің
талаптары
-Функциональдық сауаттылық
-Оқыту процесін ұйымдастыру мен нәтижелерін бағалаудың құралы мен
формалары
-Жаңа формация мұғалімі
-Мұғалімдердің кәсибі біліктіліктерін үнемі арттыруы (деңгейлік курстар)
-”Оқушы- мұғалім- ата- ана” үштігі (қоғамдастық)
-ақпараттық- коммуникативті технологияларды сабақта пайдалану
-Қазіргі заманғы технологияларды сабақтарға енгізу (Сын тұрғысынан
ойлау т. б.)
-Үштілділік- қазіпгі заман сұранысы
Заманауи білім берудің ерекшелігі

1. - жаңа ақпарат беру;
2. - заманауи технологияны меңгерту;
3. - іздендіру;
4. - өз бетімен жұмыстарды орындату;
5. - ой-қиялын, сынай ойлауын дамыту;
6. - іскерлік пен дағдыны қалыптастыру;
7. - қызығушылықты, ынта-ықыласты арттыру;
8. - топпен жұмыс істеуді үйрету және т.б.
Қазақстан Республикасының білім беру
жүйесі
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту

Бастауыш білім беру

Негізігі орта білім беру

Орта білім беруді (жалпы орта білім беру және кәсіптік білім беру)

Орта білімнен кейінгі білім беру (арнайы орта білім)

Жоғары білім беру (бакалавриат)

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру (магистратура)

Докторантура
Білім беру жүйесіндегі өзгерістерге негізделген әлемдік
дамудың негізгі үрдістері
• қоғам дамуының қарқындылығы; - постиндустриалдық,
• ақпараттық қоғамға көшу,
• мәдениаралық өзара қатынас ауқымының кеңеюі;
• халықаралық ынтымақтастық нәтижесінде шешілуі мүмкін
ғаламдық проблемалардың туындауы және өсуі;
• қоғамның демократиялануы;
• экономиканың қарқынды дамуы,
• бәсекелестіктің өсуі;
• адам капиталы мәнінің артуы
Қазақстан Республикасының Білім беру туралы Заңы —
республика азаматтарының білім алуға конституциялық құқын
қамтамасыз етуге арналған заң.

Алғаш рет 1999 жылы 7-маусымда қабылданды.

ҚР «Білім туралы» Заңы 2007 жылы 27 шілдеде қайта қабылданды.

2011 жылы 24 қазанда өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Қазақстан Республикасының
Білім беру туралы Заңында:

мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері, орталық және түрлі деңгейдегі
жергілікті атқарушы органдар арасының білім беру саласындағы құзыретін
шектеу белгіленген.
Заңда білім беру саласындағы қоғамдық қарым-қатынастарды реттейтін,
білім процесі субъектілерінің құқылары мен міндеттері, өкілеттілігі мен
жауапкершілігі белгіленген.
Білім беру жүйесінің міндеттері көрсетіліп, осы сала ұйымдарының
ережелері, бағдарламалары мен білім деңгейлері айқындалған.
Сондай-ақ, білім беру жүйесін басқару мен оның экономикасы, білім беру
саласындағы халықаралық қызмет көрсетілген.
ҚР-ның білім беру саласында мұнан басқа да жекелеген нормативті актілері
бар.
Оқытудың 12 жылдық
білім беру жүйесі

12 жылдық жалпы білім беру мектебі «Жеке тұлға жетістігі» негізгі
идеасы үлгісімен таңдалынып алынды.
12 жылдық оқытудағы негізгі әдістер: оқушының жеке бас ерекшелігін,
ішкі қажеттіліктерін ескере отырып жеке тұлғаға бағдарлап оқыту мен
тәрбиелеу.
12 жылдық оқытудағы басты мақсат - қарқынды дамып келе жатқан
ортада өмір сүруге қабілетті, өзін өзі дамытуға, өз ойын еркін айта білуге,
өз қалауы мен қоғам талабына сай өзін көрсете білуге бейім, жоғары
білімді шығармашыл дамыған тұлғаны қалыптастыру.

Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Коммуникативтік құзіреттілік
Қазіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық рөлі
Білім берудің тенденциялары
Академиялық ұтқырлық - заманауи білім
Азаматтық қоғам ұғымы, оның құрылымы мен функциялары
Білім беру жүйесі
МЕЙІРБИКЕ ІСІ ҒЫЛЫМЫ МЕН ЗЕРТТЕУЛЕРІНІҢ ТАРИХЫ МЕН ФИЛОСОФИЯСЫН ТАЛДАУ
Педагогика ғылымы жүйесіндегі жоғарғы мектеп педагогикасының алатын орны
Қазақстан - 2050 жолдауының негізгі бағыттары
Пәндер