Педагогтың тұлғасы және кәсіби құзыреттілігі: XXI ғасыр мұғалімінің үздіксіз кәсіби өсу факторлары


Slide 1

Педагогтың тұлғасы және оның кәсіби құзыреттілігі, үздіксіз кәсіби өсуінің факторлары

Практика 3

Slide 2

Жоспары:

ХХІ ғасыр мұғалімі қандай болу керек?

Мұғалімнің кəсіби шеберлігінің негізі

XXI ғасыр мектеп мұғалімнің азаматтық тұлғасы

Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі

Кәсіби құзыреттіліктің түрлері

Негізгі құзыреттіліктер түріндегі күтілітін нәтижелер:

Slide 3

Қазіргі заман мұғалімі -

рухани дамыған əрі əлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі əрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ол жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты деген.

Мұғалімнің кəсіби білігін шыңдаудың үздіксіздігі оның шығармашылық қабілетінің дамуының кепілі жəне өзіндік жеке педагогтік тəжірибесінің дамуының алғы шарты болып табылады.

Slide 4

Мұғалімнің кəсіби шеберлігінің негізі:

Біріншіден, мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымы.

Екіншіден, пəнді жетік білуі, ойын оқушыларға жеткізу үшін жан жақты, терең дайындықпен баруы, оқушылар бойына əдеп, əдет, дағды сияқты жақсы қасиеттерді сіңіруі, моральдық нормаларды білуі.

Үшіншіден, оқыту мен тəрбиелеудің əдіс- тəсілдерін табысты қолдана білуі.

Slide 5

XXI ғасыр мектеп мұғалімнің азаматтық тұлғасы

Қазақ елінің жəне өз мектебінің елжанды патриоты;

өзінің қызметтік міндеттеріне жауапкершілікпен қарайтын, адамгершілік деңгейі жоғары тұлға;

мектепте моральдық ахуалды жасап, командалық, серіктестік рухты қолдаушы;

салауатты өмір салтын ұстанушы.

Slide 6

Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі -нәтижелі білім берудің негізі, оның жан-жақты білімімен, ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгеруімен өлшенеді. Педагог қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оның құзыреттілік аясы да соғұрлым кең болмақ.

Slide 7

«Құзыреттілік» ұғымы педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым.

«Құзырлылық»-белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар, білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді шешім шығара алады дегенді білдіреді

Slide 8

Негізгі құзыреттіліктер түріндегі күтілітін нәтижелер:

Студенттерді өз бетінше талдауға;

Өз қызметіне мақсат қоюға;

Жоспарлауға, жинақтауға;

Қорытындылауға, салыстыра дәлелдеуге;

Өзін-өзі бағалауға;

Өз әрекетінің әлсіз және күшті жақтарын көрсете білуге;

Slide 9

Кәсіби құзыреттіліктің түрлері

1. Арнайы, немесе қызметтік кәсіби құзыреттілік жоғары кәсіби деңгейде қызметті меңгерумен және тек арнайы білімді игеріп қоймай, сонымен бірге оны тәжірибеде қолдануды білумен сипатталады.

2. Әлеуметтік кәсіби құзыреттілік кәсіби қоғамдастықта қабылданған кәсіби қарым-қатынас тәсілдерін, біріккен кәсіби қызмет және серіктестік әдістерін игерумен сипатталады.

Slide 10

3. Жеке кәсіби құзыреттілік өзін-өзі көрсету және өзін-өзі дамыту әдістерін, кәсіби деформацияға қарсы тұру құралдарын меңгерумен сипатталады. Және осыған маманның өз кәсіби қызметін жоспарлауды, өз бетімен шешім қабылдауды, проблеманы көруді енгізеді.

4. Дара (индивидуальды) кәсіби құзыреттілік өз-өзін басқара білу тәсілдерін, кәсіби өсуге дайындық, кәсіби қартаюға берілмеу, кәсіби мотивацияның табанды болуы қасиеттерін меңгерумен сипатталады.


Ұқсас жұмыстар
XXI ғасыр мұғалімінің кәсіби құзыреттілігі мен педагогикалық имиджі
Педагогтың тұлғасы мен кәсіби құзыреттілігі: тұжырымдама және құрамдас бөліктері
ХХІ ғасыр мұғалімінің кәсіби құзыреттілігі: түрлері, талаптары және қалыптасу шарттары
ХХІ ғасыр мұғалімінің кәсіби құзыреттілігі: талаптары мен қалыптасу жолдары
Педагогтың кәсіби құзыреттілігі: құрылымы, теориялық және практикалық дайындығы
Педагогтың кәсіби өзін-өзі тануы және үздіксіз кәсіби дамуы
Педагогтың кәсіби өзін-өзі тануы мен үздіксіз кәсіби дамуы
Информатика мұғалімінің кәсіби құзыреттілігі: заманауи талаптар мен инновациялық оқыту технологиялары
Мұғалім тұлғасы және оның кәсіби құзыреттілігі: заманауи талаптар мен қалыптастыру шарттары
Педагогтың өзін-өзі тануы және үздіксіз кәсіби дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz