Дәстүрлі емес сабақтар


Slide 1

Сабақ - оқытудың негізігі формасы. Оқыту әдістері, оқытудағы диагностика және бақылау

Slide 2

Жоспары:

1. Сабақ - оқытудың негізгі формасы. Дәстүрлі және дәстүрлі емес сабақтың түрлері

2. Оқытудағы диагностика және бақылау, мұғалімнің кәсіби іс-әрекетіндегі оқыту технологиялары.

Slide 3

Сабақ - оқытудың негізгі формасы.

Оқытудың сыныптық-сабақ жүйесі XVII ғасырда пайда болып, үш жүзжылдық уақыт бойы әлі дамып келе жатыр. Мұндағы сынып дегеніміз - жас ерекшелігіне қарай тұрақты, бірге оқитын оқушылардың құрамы, бұл жүйеде оқушылар мұғалімнің тапсырмасын сабақ барысында және үйге берілген тапсырманы орындайды.

Оқытудың бұл жүйесінің теориялық тағылымын XVII ғасырда- атақты чех педагогі Ял Амос Коменский жасаған. Басқа оқытудың түрлерімен салыстырғанда, сыныптық - сабақ жүйесінің көптеген ұтымды тұстарын атап өтуге болады: сабақ құрылымын тиімді етіп құру, барлық оқу-тәрбие үрдісін тәртіптеуді камтамасыз ету, оны қарапайым дәрежеде басқару, сынып сабақ жүйесін терең зерттеді.

Slide 4

«Жақсы ұйымдастырылған мектеп заңдары» деген еңбегінде сынып сабақ жүйесінің бөліктерін атады. Олар:

оқушыларды мектепке белгілі бір уақытта қабылдау, сабақ аяқталмай, ешкімді босатпау;

оқушыларды сыныптарға бөлу;

әр сыныпқа бір бөлме беру;

күніне 4 сабақ өткізу;

әрбір сағатта істелетін жұмыстарды жоспарлау;

қоңыраудың соғылуы;

тәртіп;

бір сабақтың ұзақтығы 1 сағаттан аспау керек;

сабақты күзде бастау;

Slide 5

Сабақ - оқытудың негізгі формасы.

Slide 6

Дәстүрлі сабақ

Дәстүрлі сабақ деп - бұрыннан қалыптасқан, бір жүйемен жүргізілетін сабақ түрлерін атаймыз. Сабақтардың қазір қолданылып жүрген жүйесін М. Н. Скаткин мен И. Я. Лернер ұсынған. Онда мынадай элементтер болуы мүмкін:

Ұйымдастыру бөлімі. Оқушыладың сабаққа әзірлігін тексеру, сабақ тақырыбын таныстыру, мақсатын анықтау.

Жаңа білімді баяндау, жаңа материалды талдау.

Өтілген тақырып бойынша оқушылардың білімін ауызша тексеру жүргізілуі мүмкін.

Үй тапсырмасын тексеру әртүрлі түрде орындалады. Кейде оқушылардың жұмысын көріп шығу да жеткілікті болады

Өтілген тақырыпты бекіту. Ол әртүрлі формада жүргізілуі. Жаттығу жұмыстарында оқушыға мұғалім көмектесуі мүмкін.

Үйге тапсырма беру.

Өтілген материал бойынша оқушылар білімін анықтау (өзіндік жұмыс) 5-6 минут.

Slide 7

Дәстүрлі емес сабақ

Дәстүрлі емес сабақтар - қалыптан тыс, күнделікті сабақтан өзгеше сабақтың жаңартылған түрлері.

Дәстүрлі емес сабақтарды өтілу нұсқасы мен мақсат-міндеттеріне қарай 3 топқа бөлуге болады: ой қорыту сабағы, ойын сабағы, жарыс сабақтары. Дәстүрлі емес сабақтар

Ой қорыту сабақтары

Жарыс сабақтары-Сайыс

Ойын сабақтары-Саяхат

-Дәріс -Семинар-XXI ғасыр көшбасшысы

-Қосар сабақ

-Модульдік сабақ

- Не? Қайда?- Қашан ?

- КТК (көңілді тапқырлар клубы)

-Тренинг-Жұлдызды сағат

-Ғажайыптар алаңы

-Ойлан, тап

-Аукцион

Ой қорыту сабақтары оқушылардан нақты тұжырым, қорытындыларды, ой-түйіндерді талап ететін дәстүрлі емес сабақтардың түрлері.

Жарыс сабақтары -ең көп тараған түрі. Жарыс сабақтарының ерекшелігі - оқушылардың бойында, адамгершілік қасиеттерінің қалыптасып, олардың жеке тұлға болып қалыптасуына өз үлестерін қосады.

Ойын сабақтары - дәстүрлі емес сабақтардың ең көп тараған түрлері. Ойын сабақтары оқушыларды қайырымдылыққа, достыққа үйрете отырып, олардың бойындағы белсенділік қатынастардың дамып, шығармашылықтарының артуына себебін тигізеді

Slide 8

Білім беру саласының қызметкерлері алдына қойылған мақсат - оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда оқытушылар сабақ барысында инновациялық және интерактивтік технологияларды пайдаланып, сабақтың сапалы және жоғары дәрежеде өтуіне ықпал етіп отыр.

Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру - жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Жаңа технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегі алғы шарттар қажет:

Мұғалімнің кәсіби іс-әрекетіндегі оқыту технологиялары.

Slide 9

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

http://engime. org/penni-ou-edistemelik-kesheni-fizikani-oitudi-jaa-tehnologiyala. html?page=2

http://engime. org/destrli-emes-sabatar-arili-oushilardi-penge-degen-izifushilifi. html

https://baribar. kz/student/4495/dasturli-sabaq-turleri/

http://ulagat. com/2020/06/29


Ұқсас жұмыстар
Логикалық ойлау Шығармашылық ойлау
Зиялы педагогтар еңбектері
Білім берудің құзіреттілік үлгісі
Электрондық жорнал модуліне қойылатын талаптар
Дәстүрлі емес сабақтардың өзектілігі
КРЕДИТТІК ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУ ДУАЛДЫ ОҚЫТУ
Белсенді оқыту әдістері
Сурет салудың дәстүрлі емес әдістері
Қазіргі кездегі оқыту жүйесіндегі білімді тексеру, бақылау және бағалаудың жаңа технологиясы
Мектептегі әдістемелік жұмыс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz