Гельминтоскопия - гельминттерді немесе олардың бөлшектерін, үзіктерін іздестіруге арналған әдістер
Презентация қосу
Жоғары аграрлық-техникалық
колледжі
Сабақ тақырыбы:
«Гельминтозды баламалау»
Арнайы пән оқытушысы:Токтамысова Самал
Каиргалиевна
Гельминтокопрологиялық зерттеулер 3 үлкен топқа
бөлінеді:
Гельминтоскопия – гельминттерді немесе олардың
бөлшектерін, үзіктерін іздестіруге арналған әдістер.
Гельминтоовоскопия – гельминттердің жұмыртқаларын
іздестіруге арналған әдістер.
Гельминтолавроскопия – гельминттердің балаңдарын
( личинка) іздестіруге арналған әдістер.
Гельминтоскопия (гельминттерді н/е олардың
бөлшектерін,үзіктерін іздестіруге арналған
әдістер)
Жануардан нәжіс сынамаларын алу әдісі
1.Зерттеуге алынатын нәжіс сынамалары (пробалары) әрқашанда таза
болуы тиіс.
2.Нәжісті тік ішектен сұқ саусақпен немесе қынап айнасының көмегімен
алуға болады.
3.Ұсақ жануарларға арналған қынап айнасының сыртын вазелинмен
майлайды, сонан соң бір қолмен қойдың құйрығын көтеріңкіреп қойып,
оны оң не сол жағына қайырады.
4.Екінші қолмен айнаны еппен тік ішекке енгізеді.
5. Артына бүріккіш (спринцовка) немесе эсмарх ыдысы арқылы жылы су
жібереді. Ішектен бөлініп шыққан нәжісті құйрықтың астына астауша
төсеп жинап үлгіреді.
Нәжісті гельминтоскопия әдісі арқылы зерттеу
Нәжіс арасынан ірі ішқұрттарды, олардың бөлшектерін жай көзбен
де байқауға болады.
Ал көлемі шағын гельминтерді немесе олардың үзіктерін, таспа
құрттардың бунақтарын іздеу үшін, қой құмалақтарын не бұзау
жапасын түбі қара шұңғылдау ыдысқа салып (кішкентай келіге,
фотокюветке, Петри табақшасына т.б.) үстінен су құйып, жақсылап
араластырып, біраз тұндырады. Кейіннен сұйықтың жоғарғы бөлігін
төгіп тастайды. Бірнеше дүркін жуып шайған соң, ыдыс түбінде
нәжіс тұнбасы әбден тазарып, ішіндегі гельминттер, олардың мүше
бөліктері айқын көрінеді.
Ішқұрттарды бөліктерімен бірге ұшы иілген имек инемен немесе
қылқаламмен теріп алады. Табылған гельминттерді қажет болса
үлкейткіш әйнекшемен (лупамен) немесе стереоскопиялық
микроскоптың көмегімен зерттейді. Осы әдістермен иттердің
тениидоздарын, күйістілердің мониезиоз, тизаниезиоз және
авителлиноз ауруларын анықтауға болады.
ГЕЛЬМИНТООВОСКОПИЯ (гельминттердің
жұмыртқаларын іздестіруге арналған әдістер)
Нәжіс жұғындысын қарау
1.Таза әйнек пән (төсеніш) шынының бетіне глицерин мен су
қоспасының 1-2 тамшысы тамызылады.
2.Тамшыға шыны немесе ағаштан жасалған таяқшамен (сіріңке
жарайды) жас нәжістің шамалы бөлігі жақсылап араластырылады
(глицерин орнына жай суды пайдалануға болады, бірақ глицерин
барда жұмыртқалар айқын көрінеді және олар тез арада кеппейді).
3.Езінді сұйықтың үстіне жұқа жапқыш шынымен бастырып
микроскоппен қарайды.
Ескерту: Бір жануардан 2-3 сынама нәжіс езіндісін дайындап
зерттеген жөн.
1.Шегеру-тұндыру, немесе нәжісті біртіндеп
сумен шаю әдісі
1.Ұсақ түліктен 3-5 гр жас құмалақ, ірі малдан 5 гр мөлшерінде нәжіс
алынады.
2.Оны арнайы кәрлен (фарфор) келішеге (ступка) салып, үстіне
шамалы су құйып келісаппен езіп, қойыртпақ дайындайды.
3. Қойыртпақты дәке не темір елеуіш , не капрон сүзгімен астына
тосылған кішкене шыны аяққа (копрологиялық стакан) сүзіп құяды.
4.3-5 минуттей тұндырып, тұнбаның бетіндегі сұйықты ептеп төгіп
тастап,оның орнына бұрынғы мөлшердегідей етіп су құяды.
5.Осылайша бірнеше рет қайталап шайғаннан соң ыдыс түбіндегі
тұнба тазарады.
6.Ақырында бетіндегі мөлдір сұйықты соңғы рет төгіп тастап,
шөгіндіні аз мөлшерде құйып алып микроскоппен зерттейді. Бұл
әдіспен трематодалардың, аскаридалардың кейбір цестодтардың,
акантоцефалардың жұмыртқаларын анықтайды.
2.Фюллеборнның қалқыту немесе
флотациялық әдісі
1.Өлшеп алынған 5-10гр нәжісті стаканға салады.
2.Оған аздап қаныққан ас тұзы ерітіндісін қосадыда оны
таяқшамен әбден езеді.
3.Нәжіс қойыртпағына ерітінді қосып (қалқыту сұйықпен
нәжістің қатынасы 20:1 шамасындай болуы шарт) сұйылтады да
тағы араластырады.
4.Қойыртпақты тор көзді сүзгішпен (дәке немесе темір елек)
сүзіп таза шыны ыдысқа қотарып 30-40 минут тұндырып қояды).
5.Сұйықтықтың үстіңгі бетінен сым ілмекшемен 2-3тамшы
сынама іліп алып төсеніш шынысына еппен сілкіп тамызады
және жапқыш шынымен бастырып микроскоппен тексереді. Бұл
әдіспен ас қорыту жүйесінің стронгиляттар, стронгилоидес,
тауықтардың гетеракис және аскарида, күйістілердің монезия
жұмыртқаларын анықтайды.
3. Дарлинг әдісі.
1. 5-10 г нәжісті не құмалақты шағын көлемдегі сумен араластырып
езеді де сым елеуіштен өткізіп сүзеді.
2. Сүзілген сұйықты шыны түтікке қотарады да центрифуга аспабына
салып 2-3 минут айналдырады.
3.Түтіктегі сұйықтың жоғарғы бетін төгіп тастап, тұнбаға Дарлинг
сұйығын ( тепе –тең мөлшерде глицерин және қаныққан ас тұзы
қоспасы ) құяды.
4.Түтіктегі затты сыртқа төгілмейтіндей етіп шайқап , аспапқа қайта
салып тағы да 2-3 минут айналдырады.
5. Сым тұзақшамен сұйықты (2-3 тамшы) бет жағынан сыдырып
алып ақырын ғана пән (төсеніш) шыныға тамызып, үстін жапқыш
шынымен жауып микроскоппен қарайды.
Бұл әдіспен стронгилядтардың, аскаридалардың, кейбір цестодтардың
жұмыртқаларын, кокцидиялардың ооцисталарын анықтайды.
Гельминтолавроскопия(гельминттердің
балаңдарын (личинка)іздестіруге арналған әдістер)
1. Гельминтолавроскопиялық Вайд әдісі.
1. Ұсақ күйістінің 2-3 жас құмалағын төсеніш шыныға (сағаттың қақпақ
әйнекшесіне , зертханалық Петри табақшасына) орналастырады.
2. Әр құмалаққа 1-2 тамшыдан жылымшы су тамызып оларды 7-10
минут ұстайды .
3. Аталған уақыт өткен соң құмалақтарды алып тастап, шыныда қалған
сұйықтан (оны жапқыш шынымен де жабуға болады) диктиокаульдің
балаң құрттарын іздейді.
4. Ал простронгилидтердің личинкаларын іздестіру үшін құмалақты қақ
жарып екі түйіршік бөлігіне су тамызған соң оларды 30-40 минут
ұстайды.
5. Содан соң оны Берман аспабына қотарып үстіне 370-400 С
аралығында тиісті мөлшерде жылы су құйады.
6. 4-6 сағат өтісімен аспаптың шүмек қысқышын босатып,
микроскоппен зерттейді. Бұл әдіспен тыныс алу жүйесінің
стронгиляттар, яғни диктиокаул , спротостронгилидтер балаңдарын
анықтайды.
2.Гельминтолавроскопиялық шұғыл-тұндыру
әдісі.
1. 3-5 гр қой немесе ешкінің жас құмалағын тепкіш шыны
түтікке салып, үстіне жылығы 25-260 С су құяды
2. Оны центрифуга аспабының ұясына орнықтырып ,
минутына 1000-1500 жылдамдықпен айналдырады.
3. Аталған уақыт өтісімен түтіктегі құмалақтарды алып,
суды тұнбаға дейін төгіп , қалдықты шайқап, пән
шынысына тамызып , жапқыш шынымен жауып ,
микроскоппен қарайды. Бұл әдіспен тыныс алу жүйесінің
стронгиляттар, яғни диктокаул, протостронгилидтер
балаңдарын анықтайды.
Назарларыңызға
рахмет!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz