Қазақстанда стоматология саласындағы зерттеулер 1960 жылдары басталып, республикадағы мед
Презентация қосу
<<Терапиялық және балалар стоматология>> кафедрасы
ПРЕЗЕНТАЦИЯ
Тема:Стоматология – медицина саласы .
Орындаған :Назирла .А
Группа :СТҚБ-03-22
Қабылдаған :Абенова К.А
Шымкент 2022
Стоматология (көне грекше: στόμα – ауыз + λογος – ғылым) — тіс, ауыз іші, жақ сүйектері мен бет
аурулары, оларды анықтау, емдеу, олардан сақтану туралы ғылым; клиникалық медицина
саласы. Стоматология (грек. stoma, stomatos – ауыз және logos – ілім) – клиникалық медицинаның
тіс, ауыз қуысы, жақ сүйектері, бет пен мойынның оған шектесетін бөліктерінің ауруларын
зерттейтін саласы. Тіс аурулары мен ауыз қуысы жөніндегі алғашқы ғылыми мәліметтер Сушрут
(Үндістан), Гиппократ, Гален, Цельс, т.б. еңбектерінде кездеседі. Бірақ стоматологияның өз алдына
жеке ғылым ретінде дамуы 20 ғасырдың 1-жартысынан басталады. Ғылым пән ретінде
стоматологияның негізін салған француз хирургы П.Фошар (1690 – 1762) болды. Стоматология
емдеу тәсілдеріне байланысты терапия, хирургия, ортопедия (протездік) стоматология және
балалар стоматологиясы болып бөлінеді. Терапиялық стоматология – арнайы хирургия көмекті
қажет етпейтін ауруларды (тіс, тіс айналасындағы тіндердің және ауыздың шырышты қабығының)
дәрі-дәрмекпен, физиотерапия әдістермен емдейді және аурудың алдын алу жолдарын
қарастырады. Ортопедиялық стоматология – тісті шегендейді, тіс, жақ, таңдай және бет
кемістігіне протез жасайды. Хирургиялық стоматология – әр түрлі қабыну процестерін, жақ, бет,
тіс сүйектерін хирургиялық операция арқылы емдейді. Сондай-ақ емдеуге келмейтін тісті жұлады.
Балалар стоматологиясы бала тістері мен ауыздың шырышты қабықтарын емдеуді жетілдіру және
алдын алу шараларын қарастырады.
Қазақстанда стоматология саласындағы зерттеулер 1960 жылдары басталып, республикадағы
мед. жоғары оқу орындары мен Алматыдағы Дәрігерлер білімін жетілдіру институтының
стоматологиялық кафедраларында жүргізіліп келеді. Қазіргі уақытта Қазақстанда 10 мыңнан
астам стоматолог-дәрігерлер, оның ішінде 23 ғылым докторы, 150-ден астам ғылым
кандидаттары бар (2005). 1995 жылы ҚР стоматологтарының Ассоциациясы құрылып, 1996 жылы
Дүниежүзілік стоматологтар Ассоциациясының (FDҚ) құрамына қабылданды. Қазақстанда
“Стоматология мәселелері”, “DENTҚST Қазақстан”, “Қазақстан стоматологиясы”,
“Стоматологический вестник” газет-журналдары шығып тұрады. Әдеб.: Бүгінгі жағдайдағы
стоматологияның даму жолдары. Қазақстан стоматологтарының Қ (ҚV) съезінің материалдары, А.,
1998; Мырзабеков О., Организация стоматологической службы в условиях рыночной экономики,
А., 2002.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz