Сөйлеу қабілеті бұзылған балалар




Презентация қосу
Сөйлеу қабілеті бұзылған балалар

Орындағандар: Сәрсен Нұрай
Танысбек Сымбат
Сөйлеу қабілеті бұзылған балалардың
ерекшелігі
Сөйлеу тіліндегі мүкістердің патологиялық
дәрежелеріне, белгілі бір мүшелерінің атқаратын Тіл бұзылуының себептері
қызметтерінің бұзылуына, зақымдануының
уақытына, басты кемістіктердің ықпалынан
пайда болатын екінші бір ақаулықтардың
көрінуіне байланысты олардың бір-бірінен
айырмашылықтары да әр алуан болып келеді.
Олар әрқайсысының өзіне тән симптоматикалық
және динамикалық ерекшеліктеріне қарай әр органикалық функциональдық
түрлі салаға бөлінеді. Мұндай салаға дауыстың
бірқалыптылығының бұзылуы, сөйлеу тіліндегі
дауыс ырғағының бұзылуы, тұтықпа, дислалия, мұнда органикалық
түрлі зақымдардың
ринолалия, дизартрия, алалия, афазия, жазу тілі нәтижесінде тіл зақымдану
мен оқу тілінің бұзылуы жатады. аппараты мен жүйке болмайды, тек
жүйесінің бөлімдерінің сөйлеу
Тіл бұзылуының себептері органикалық және механизмдерінің
бұзылуы.
функциональдық болып бөлінеді. функциясы бұзылады
Тілдің бұзылуы түрлі жаста, әсіресе жас балаларда көп кездеседі.

Сөйлеудегі бұзылу келесі топтарға бөлінеді:

Фонетикалық бұзылулар – бір дыбысты немесе бір топқа жататын дыбыстарды айта
алмау (ызың, шұғыл, тіл ортасы, тіл алды дыбыстардың бұзылуы; дауыссыз
дыбыстардың қатаң – ұяң – үнді айтылуының бұзылуы, дыбыстарды дұрыс қабылдау
қабілетінің бұзылуы). Бұған дислалия, дизартрия, фонетикалық-фонематикалық жетілмеу
жатады.

Лексикалық-грамматикалық бұзылулар. Бұған енетіндер: шектеулі сөздік қор, жадағай
фраза; фразадағы және сөйлемдегі сөздердің өзара қиыспауы, шылаулар мен жалғау-
жұрнақтарды қате қолдану (сөйлеудің жалпы жетілмеуі).

Әуендік – екпіндік бұзылулар: екпінді дұрыс қоймаумен байланысты, дауыстың күші мен
жоғарылығы, тембрінің бұзылуына қарай (ақырын, қарғылыңқы, бақылдақ және т.б.).
мысалы: дисфония, ринолалия, ринофония т.б.
Қарқындылық – ырғақтық бұзылулар: мидағы қозу үдерістерінің басымдылығымен
байланысты болатын шапшаң қарқын (брахилалия); тежелу үдерістері басым болатын
баяу қарқын (брадилалия); үзік-үзік қарқын (қажетсіз паузалар, сүріну, құрысу сипатты
емес кекештену – физиологиялық итерациялар, полтерн және құрысу сипатындағы –
тұтығу немесе кекештік).

Жазба тілдің бұзылуы: жазуда: фонеманың графемаға қате айналуы; толық жазбау;
сөздегі әріптерді тастап кету немесе шатастыру; сөйлеудегі сөздердің өзара қиыспауы
немесе орындарының ауысуы; жазу жолынан шығып кету т.б., оқуда: дыбыстарды
алмастыру мен шатастыру; әріптеп оқу; сөздің дыбыстық-буындық құрамын бұрмалау;
оқылғанды түсінудің бұзылуы; аграмматизмдер. Мысалы: дислексия мен дисграфия.

Сөйлеудің жүйелі бұзылуы: сөйлеу мүмкін емес немесе былдырлау мүмкіндігі ғана
болады, мысалы, алалия және афазия.
Дислалия – сөйлеу тілі мүшелерінің анатомиялық кемістіктерінен дыбыстардың
бұзылып айтылуын сипаттайды. Дислалия сөйлеу тіліндегі ең көп тараған
мүкістіктер.Пайда болу себептеріне қарай дислалия механикалық және
функционалдық болып бөлінеді.
Ринолалия – ауыз бен мұрын қуыстарының дұрыс қызмет етпеу нәтижесінде
дауыс құбылысының өзгеруі мен сөйлеген уақытта дыбыстың бүлінуі.
Ринолалияның түрлері:
Ашық ринолалия – сөйлеген уақытта ауа ауыз және мұрын қуысы арқылы өтеді.
Жабық ринолалия – ауа тек ауыз арқылы өтеді, бұл әсіресе «м,н» әріптерін
атағанда білінеді.
Ашық ринолалияның себептері: таңдайдың бөлінуі, жұқа таңдайдың қысқалығы,
таңдайдың параличі.
Жабық ринолалияның себептері: мұрын қуысының бітелуі, мұрын қуысындағы
ісіктер, мұрын қалқасының қисайып қалуы.
Дислалия сөйлеу тіліндегі бұзылған дыбыстардың санына қарай қарапайым және күрделі
болып бөлінеді. Егер баланың сөйлеу тілінде мүкістердің саны төрт дыбысқа дейін байқалатын
болса – оны қарапайым дислалия деп атайды, ал егер бесеу және одан да көп болса – оны
күрделі дислалия деп атайды.

Сөйлеу тіліндегі дыбыстардың мүкістік ерекшеліктеріне қарай бөлінетін дислалияның түрлері:
Сигматизм – ызың дыбыстардың («с», «з», «ц», «ж», «ч», «ш», «щ») айтылуындағ мүкістіктер.

Бұлар сөйлеу тіліндегі кемістіктердің ішіндегі ең көп тараған түрі;
Ротацизм – «р» дыбысының айтылуындағы мүкістік;
Ламбдацизм – «л» дыбысының айтылуындағы мүкістік;
Таңдай дыбыстарының айтылуындағы мүкістіктер;
Каппацизм – «к» дыбысы;
Гаммацизм – «г» дыбысы;
Хитизм – «х» дыбысы;
Йотацизм – «й» дыбысы;
Алалия грек сөзі, «қолдануға жарамайтын болымсыз тіл» деген мағынаны
білдіреді. Демек алалия деген ұғымға баланың құрсақтағы немесе тілі шыққан
нәрестелік даму кезеңінде бас миы қабыршағының сөйлеу тілін қалыптастырып
жетілдіретін аймағының органикалық зақымдануынан сөйлеу тілінің жүйелі түрде
дамымауы немесе мүлде болмауы жатады. Сөйлеу тілінің мұншалықты
бұзылуына негізінен орталық жүйке жүйесінің зақымдануы себеп болады.
Органикалық зақымдануға мидың қабынып ісінуі, сырттан болатын қатты
соққыдан зақымдануы, босанған кезде миға қан кетуі және нәрестенің құрсақтағы
дамуы кезеңінде және толғақ кезінде, сондай-ақ дүниеге келгеннен кейінгі бір
айлығынан бір жас аралығындағы дамуында ағзадағы зат алмасу процесінің
бұзылуы жатады.
Тұтығу – ең ауыр кесел. Оның себептері:
Қорқу;
Баланың түрлі инфекциялық аурулармен жиі ауруы;
Ата-анасының тұтығуы;
Шамадан тыс жазалау әдістерін қолдану.
Бұл әдетте, 2-5 жас арасында кездесетін құбылыс. Алдын-ала оларға
шара қолданбаса, ол асқынып, кей уақытта бой бермей кетуі мүмкін.
Тұтығудың пайда болу себептері көп. Кейде олар жұқпалы аурулардан
кейін, дене әбден әлсірегенде пайда болады. Баланың қоршаған
ортаның оған көзқарасы, ол туралы әділетсіз баға да, жалтақ сөйлеуге,
қорқып сөйлеуге әкеп соғады. Осындай фактілердің жиіленіп
қайталануы – баланың тұтығуына әкеп соғады.
Тұтығатын бала күдікшіл болады, өзінің құрдастарының алдында сөйлеуге
ұялады. Тұтыққан баланы өзге балалардың мазақтауынан сақтау керек.
Мүмкіндігнше, дұрыс күтім жасап, баланың ойнауына, оқуына ыңғайлы жағдай
туғызу керек.
Тұтығу асқынбастан арнайы мамандарға көрсетіп, уақытылы кеңесіп отыруы
қажет, ал оның зардабынан дауыстың реңі мен әуезділігі және дыбыстардың
айтылуы бұзылуы мүмкін.
Мысалы, кейбір ата-аналар балаларының қабілетін жұртқа мақтаныш ретінде
көрсеткісі келгендей, миы әлі қатып үлгермеген жас балаға көлемді өлең,
тақпақтар, ертегілер, өлеңдер оқытқызады. Осының өзі баланың орталық нерв
жүйесін шаршатып, тілдік сөйлеу анализаторын бұзып, тұтығуға жол береді.
Дисфония – дауыс шығаратын аппараттың патологиялық кінәратқа
шалдығуынан дыбыстың мүлдем болмай қалуын немесе әуезділік үннің
бұзылуын сипаттайды.

Брадилалия – сөйлеу тілі мүшелерінің қимыл-қозғалыстарының патологиялық
сылбырынан дыбыстар созылып шұбалаңқы айтылады.

Тахилалия – сөйлеу тілі мүшелерінің бірқалыпты жылдамдық қимылдарының
патологиялық ауытқуынан дыбыстардың қарқындық ырғағы бұзылып,
быдықтанып айтылуы.

Афазия – мидың белгілі бір жерінің жинақталып зақымдануынан бұған дейін
қалыптасып, дұрыс жетіліп келе жатқан сөйлеу тілінің толық немесе ішін-ара
жойылып кетуін сипаттайды. Афазия көбінесе ересек адамдарда кездеседі.
Сөйлеуі бұзылған балалардың түйсігі мен қабылдауы.
Есту арқылы қабылдау. Сөйлеуі бұзылған балаларда, фонетико-фонематикалық қабылдау
кемшілігі кездеседі және сқйлеу – есту мен сөйлеу қозғалу анализаторларының байланысы
міндетті түрде байқалады. Г.Ф. Сергееваның зерттеуі бойынша, сөйлеу-қозғалу
анализаторлары қызметінің бұзылуы, әсіресе, дизартрия мен ринолалияда, фонемаларды
есту арқылы қабылдауға қатты әсер етеді. Демек, мұнда үнемі дыбыстау және дыбысты
қабылдау кемшілігі болады. Кейбір жағдайда, айтылуда қарама-қайшылығы жоқ фонемалар
ажыратылады, енді бір жағдайда айтылуда сараланатын фонемалардың өзі
ажыратылмайды.
көру арқылы қабылдау. Сөйлеу патологиясы бар балаларда, аталған психикалық қызмет
тежеле дамиды. Зерттеулер көрсеткендей, нақты объектілер мен бейнелерді көру арқылы
қабылдау, бұл балаларда анағұрлым төмен деңгейде болады. Әсіресе, таныс емес ракуста
берілген мен заттарды тану қиындық туғызады. Олар заттың бейнесін қабылдау үшін,
ұзағырақ уақытты қажет етеді. Мысалы, перцептивтік әрекеттерді қажет етеді. Бұлар
бағдарлаудың ең қарапайым түрлерін ғана қолданады, айталық, үлгіге сәйкестендіру сияқты.
Мысалы, фигураларды салыстыруда олардың пішіндеріне емес, түстеріне сүйенуі мүмкін.
Ал, қалыпты дамудағы балалар, негізінен көру арқылысалыстыру жолын қолданады.
Пайдаланған әдебиеттер
Қ.С. Тебенова; А.Р. Рымханова «Арнайы психология» Алматы 2011ж
Грищенко Л. Л. «Устранение дефектов речи», «Семья и детский сад» №1 2005
г.
Зайцева Г. Л. «Дактилология. Жестовая речь» М., 1991 г.
Малдыбаева А.О., Орынбаева Э.Ә. «Дефектология негіздері» Шымкент 2007
ж.
Намазбаева Ж. «Дефектологтың кеңесі» А., 1980 ж.
Өмірбекова Қ., Серікбаев Қ. «Логопедия» А., 1996 ж.
Филичева Т.Б., Чевелева Н. А. «Логопедическая работа в специальном
детском саду» М., 1997 г.
«Специальная педагогика» под ред. М.Н.Назаровой. М., 2000 г

Ұқсас жұмыстар
Мүмкіндігі шектеулі түрлі категориядағы балаларға инклюзивті білім беру жағдайлары
Есту қабілеті бұзылған балалар
Есту қабілеті бұзылған балалардың тәрбие жұмыстарының ерекшеліктері
Дамуында ауытқушылығы бар балалар категорияларының жіктелуі
Мектеп жасындағы балалардың сөйлеу тілін тексерудің негізгі бағыттары
Ерікті назар
Сөйлеу қабілетінің дамуы
Есту қабілеті зақымдалған балаларды тәрбиелеудің маңызды және даму ерекшеліктері
Есту бұзылыстары бар балалардың оқыту ерекшеліктері
Сөйлеуді дамытуға бағытталған ерте жастағы балалармен қолданылатын заманауи білім беру технологиялары мен әдістері
Пәндер