ЕДІГЕ БАТЫР ЖЫРЫ




Презентация қосу
ЕДІГЕ БАТЫР ЖЫРЫ

Орындаған: Дүзелбаева Күнсұлу Сағындыққызы.
Тексерген: Тулегенова Шынар Исланбекқызы.
ЕДІГЕ БАТЫР
«Едіге батыр» – батырлық жыр.
Тарихта болған атақты батыр, ел билеуші
Едігенің ерлік істерін жырлауға арналған.
«Едіге батыр» жыры қазақтарда ғана
емес, түркі тілдес халықтардың біразында
кездеседі. Жырда тарихи оқиғалар мен
эпостық-ертегілік сарындағы қиял-
ғажайып, әсірелеу сарындары араласа
келеді. Эпоста тарихта есімдері
мәлім ӘмірТемір, Тоқтамыс хан жайлы да
сөз болады. Жыр қазақ даласына кең тарап,
халықтың сүйікті шығармасына айналған.
Жырдың қазақ тілінде бірнеше нұсқасы бар.
Олардың ішінде құндылары – Шоқанның
әкесі Шыңғыс Уәлиұлы Уәлиханов жазып
алған нұсқа. 1905 ж. ғалым
П.М.Мелиоранский осы нұсқаны Санкт-
Петербург қаласында жеке кітапша етіп
шығарды.
«Ер Едіге»

Академик Қ.И.Сәтбаев жас кезінде ел
аузынан жазып алған жыр нұсқасын 1927
ж. Мәскеуде «Ер Едіге» деген атпен
бастырды. Ол осы жыр үшін кейін, 1950 ж.
қуғынға ұшырады. «Едіге батыр» жыры
жарты ғасырға жуық уақыт баспа бетін
көрмеді. 1989 ж. «Қазақ халық әдебиеті» көп
томдығының батырлық жырларға арналған
топтамасында Мұрын жырау жырлаған
«Қырымның қырық батыры» циклі бойынша
«Едіге» жыры 5-томда жарияланды. Сәтбаев
жариялаған жыр нұсқасы 1995 ж. «Ер Едіге»
деген атпен қазақ және орыс тілдерінде жеке
кітап болып жарық көрді. 1996 ж. ғалымдар
Р. Бердібайдың алғы сөзімен және
О.Ә.Нұрмағамбетованың құрастыруымен
«Едіге батыр» жинағы басылды.
Едіге кім және жырдың тарихилығы

«Едіге» жырының басты кейіпкері Едіге — өмірде
болған адам. Оның өмірбаянын Еуропа тарихшылары,
араб тарихшылары жазып қалдырған. Орыс
жылнамаларында бар. Тарихшылардың айтуынша, ол
1352 жылы туып, 1420 жылы өлген. Едіге Тоқтамыс
ханның, Ақсақ Темірдің тұсында өмір сүрген.
Тоқтамыс, Ақсақ Темір жөнінде көп жазылған. Бұл
үшеуі де «Едіге» жырының кейіпкері. Тоқтамыс
Алтын Орданы 18 жыл басқарған. Ақ Орда, Көк Орда
болып екіге бөлініп тұрғанда, біріктірген, бұрынғы
жерлерді қайтып алу үшін күрескен. Ақсақ Темір
туралы жырдың қазақ нұсқасында аз айтылады, ал
қарақалпақ, татар нұсқаларында көп орын берілген.
Еуропалықтар, орыстар Ақсақ Темірді мақтайды,
өйткені ол Алтын Орданы қиратты ғой. Соның
арқасында орыстардың бостандық алуына мүмкіндік
туған.
Ер Едігенің үлкен еңбегі

Ер Едігенің үлкен еңбегі сол — іргесі сөгіле бастаған Алтын Орданы қалпына
келтірген. 1398 жылы Литваның, Польшаның, Батыс Ресейдің біріккен
армиясы Алтын Орда аумағын бөліп алмақ болған. Алтын Орданың ханы
Темір Борсықты деген жерде, қазіргі Қазақстанның батысының Ресеймен
шектес аумағында кездескен. Еділ мен Жайық арасында ұлысты басқарып
отырған Едіге осы соғыста керемет ерлік көрсеткен. Үш жыл бойы
дайындалып келген еуропалық әскерді тас-талқан етіп, Киевке дейін қуып
барады. Мұны тарихшы Карамзин «Мұндай жеңісті Бату да, Шыңғыс хан да
көрген жоқ» деп жазады. Бұл түркілер үшін шешуші майдан болған еді.
Тоқтамыс ханның тұсында әскердің сол қанатын басқарған Едіге Мәскеу
княздығы Алтын Ордаға шарт бойынша төленетін салықты төлемей қойғанда,
әскер басқарып барып төлеткен. Жалпы тарихта орыс патшасына екі рет салық
төлеткен.Өкінішке қарай, бізге Алтын Орда тарихын кері түсіндіріп келді,
моңғолдарға қатысты деп. Алтын Орданың аумағы, жері осы біздің жер —
Ресейдің шығысы мен Қазақстанның батысы.Міне, осындай қаһарман адам
кейін аңызға айналып, содан «Едіге» жыры туған.
«Едіге» жырының зерттелуі қалай?

Жалпы жыр — түркілердің жыры. Қазақ, ноғай,
татар, башқұрт, қарақалпақ, өзбек, түрікмен және
басқа түркі халықтарына ортақ жыр. Кешегі
кеңестік дәуірде тыйым салғанға дейін осы
халықтардың бәрі жырлаған. Тек қазақтың өзінде
14 нұсқасы бар. Негізінен Шоқан, Нұрым,
Нұртуған нұсқалары кең тараған. Шоқан нұсқасы
1400 жол ғана. Ең көлемдісі қарақалпақта —
16328 жол. Мұны Қияс нұсқасы деп атайды.
Олардағы Өтенияз нұсқасы 14 мың жолға жақын.
Нұсқаның көлемі ғана емес, саны жөнінен де
«Едіге» жыры бірінші орында тұр. 50-ге тарта
нұсқасы бар екен түркі халықтарында.
Едіге жыры түркі халықтарының әрқайсысында бар.
Олардың айырмашылықтары мынада:

Айырмашылықтары: Мәселен, қазақ
нұсқасындағы 14 варианттың
әрқайсысы әртүрлі. Сол секілді түркі
тектес халықтардың «Едіге» жырлары
да ерекшеліктерімен көрінеді. Бірақ
негізгі ұстын сақталаған. Бәрінде де
айналып келгенде, «Едіге деген ер еді,
елдің қамын жер еді. Ел шетіне жау
келсе, мен барайын дер еді» болып
келеді. «Еділ тоңса кім өтпес, Едіге
өлсе кім келмес» дейді. Халықтың
жоқтауы ғой. Едіге өлгесін Алтын Орда
ыдырады, жау қаптады. Ал Едігенің
тұсында сыртқы жаулардың
ешқайсысы бата алмаған
Едіге жырының маңызы

«Едіге» жыры —
түркілердің басын қосатын,
бірлігін нығайтатын, өткен
тарихын білдіретін жыр.
Түркі халықтарының бірлігі
болса, экономика дамиды,
мәдениеті жақындасады,
өзара байланыс күшейеді.

Ұқсас жұмыстар
Қазтуған Сүйінішұлы (XVII ғасыр)
Батырлар жыры
Жансейіт күмбезі
Бекет батыр жыры
Әжем айтқан ертегі
Жүк бірақ әлі күнге орнында тұр, Бірыңғай тартпаған соң бәрі тегіс
Қазіргі Қазақстандағы этнопедагогикалық ойларға шолу
Әлем әдебиеті
Оқуға құштар мектеп
Хайуанаттар ертегілері
Пәндер