Денсаулық және медицина



«ӘЛЕУМЕТТАНУ» пәні
«Халық, урбанизация және қоғамдық қозғалыстар.
Денсаулық және медицина »
24. 03. 2022 ж.

Дәріс мақсаты: жаңғыру және урбанизация, миграция және жаһандық урбанизация, денсаулық және медицинаны зерттеудің әлеуметтанулық бағытың карастыру, қоғамдық денсаулық түсінігінің, денсаулық сақтау мәселелерін қарастыру, себептеріне, түрлеріне түсініктеме беру және талдау.
Дәріс жоспары:
Жаңғыру және урбанизация
Денсаулық және медицинаны зерттеудің әлеуметтанулық бағыты

1. Жаңғыру және урбанизация
«Демография» тек «халықты санап» қоймайды, ол одан әлдеқайда кең мағынаны білдіреді. Оның қарастыратындары:
табиғи өсім, жалпы адам санының артуы;
табиғи азаю, өлім фактілері арқылы адамдар санының азаюы;
миграциялық процестер - эммиграция, иммиграция, ішкі миграциялық қозғалыстар, көші-қон себеп-салдарлары;
халықты орналастыру (расселение), оның географиялық, әлеуметтік және экономикалық, саяси себеп-салдарлары;
маргиналдық әлеуметтік топтар, олардың пайда болуы мен проблемалары;
отбасындағы демографиялық қозғалыстар, оны жоспарлау т. б.
Осыдан-ақ демография әлеуметтанудың аса бір маңызды саласы екенін көруге болады.
Әлем халқы тез өсуде, егер оның жалпы саны 1850 жылы - бір, 1930 жылы екі миллиард болса, қазір 7 851 163 856 адам.

Құрылымдық функционализм: қалалар болжамды түрде тауар мен қызметті ең тиімді жолдармен өндіру және ұсыну бағытында өседі не құлдырайды
Конфликт теориясы: қалалар бәсекелес топтар арасындағы экономикалық және саяси күрес нәтижесінде өседі және құлдырайды, мемлекеттік субсидиялар ХХ ғасырда қала маңы аймақтарының өсуіне, ал орталық қалалардың кішіреюіне әсер етті
Индустриалдық қалада халық тығыз орналасады және орталық іскер аудан болады
Постиндустриалдық қалада экономиканың үшінші секторына ауысу, коммуникация мен автокөлік жолдарының жақсаруы байқалады және қаланың аумағы кеңіп, халық тығыздығы азаяды
Артта қалған елдерде урбанизация қарқынды жүзеге асады және ондағы ірі қалалардың көлемі он жыл ішінде екі есеге артады

XХ ғ. басында қаланың өмірі арнайы әлеуметтік феномен ретінде, немесе урбандалу процесі әлеуметтік ғылымдардағы талап ететін нысанға айналды.
Чикаголық мектептің антропологтары мен әлеуметтанушылары урбанизм теориясын әлеуметтік өмірдің ерекше типі ретінде қарайтын теорияны дамытты.
Р. Парктың шәкірті Луис Вирт 1938 жылы «Урбандану өмір сүру бейнесі ретінде» мақаласында, қаладағы адамдардың өмірінің психологиялық және мінез-құлықтық салдарын қарастырды.
Вирт қаланың үш түрлі сипаттамасын және салдарын көрсетті:
Вирттің теориясы бойынша, қала өмірі адамдар арасындағы сыйластықтың азаюына алып келеді, сұрықсыз, пішінсіз, жасанды, уақытша әлеуметтік қатынастар кеңістігін қалыптастырады.
Луис Вирттің (1897-1952) көзқарасы

Урбанизация
Урбанизация (лат. urbs - қала, urbanus - қалалық) - еңбек бөлінісінің қоғамдық және аумақтық тұрғыдан тарихи қалыптасуынан пайда болып, әлемнің әртүрлі елдері мен өңірлерінің өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес дамитын әлеуметтік-экономикалық, демографиялық, географиялық секілді көп жақты қырлары бар күрделі құбылыс.
Көне латын тіліндегі мағынасы «қалалық» деген ұғымды білдіреді, яғни, урбанизация, бұл - қала тіршілігі мен тұрмысы және мәдениетінің үстемдікке ие болуы.
«Урбанизация» - процесс
«Урбанизациялану» - процесс барысында қол жеткен көрсеткіш денгейі
Урбанизацияның негізгі көрсеткіші - елдегі қалалық тұрғындардың үлес салмағының арту қарқыны («урбанизация қарқыны») .

Жақсы жақтары:
коммуналдық көркейту сұрақтары шешілген
білім алу мүмкіндігі туады
мәдениет жоғары деңгейде дамиды
медициналық көмектің жоғары деңгейі
жеке және жалпы гигиена, дене мәдениеті, бұқаралық спорт және демалыс мүмкіншіліктерінің жеткіліктігі
Жағымсыз жақтары:
қаладағы қоршаған ортаның қатты ластануы
халықтың жоғары тығыздығы
мертігу қауіптілігінің жоғарлауы
еңбек, оқу, демалу, тамақтану режимдерінің бұзылуы
эпидемиологиялық қауіп
ақпараттың көптігі
табиғат ортасында аз болу және адамның «екінші» ортада болу ұзақтығының ұлғаюы

Урбандалу кезеңдері

Урбандалу үрдісінің арқауы:
қала халқының табиғи өсімі
ауылдық елді мекендердің қала статусын алуы
қала маңы аудандарының пайда болуы
ауылдық жерлерден қалаға қарай миграция
Урбандалу түрлері:
субурбандалу - қалалық агломерациялардың қалыптасуының нәтижесінде ірі қалалардың қала маңындағы аймағының өсу және даму процесі
контрурбандалу - урбанизацияға кері процесс
жалған урбандалу - қала халқының санының өсуі, бірақ жұмыс орындары емес, үйсіз-күйсіздердің артуы

Агломерация
Елді мекендер агломерациясы - экономикалық, мәдени және тұрмыстық жағынан бір-бірімен тығыз байланысты елді мекендердің (әсіресе қалалардың) шағын аумаққа топтануы, шоғырлануы.
Урбандалу процестерінің бірі және негізінен индустриалдық аймақтарға ғана тән құбылыс.
Агломерация көбінесе жеке ірі қаланың (ядроның) төңірегінде қалыптасады; кейде бірнеше ядролы агломерация да болады.
(ең ірі агломерация - Токио, 38 млн халық)

Қала
Мемлекет
Халық саны
Ауданы, км2
Халық тығыздығы/км2
1
Токио - Иокогама
Жапония
37 239 000
8 547
4 400
2
Джакарта
Индонезия
26 746 000
2 784
9 600
3
Сеул - Инчхон
Корея Республикасы
22 868 000
2 163
10 600
4
Дели
Үндістан
22 826 000
1 943
11 800
5
Шанхай
Қытай
21 766 000
3 497
6 200
6
Манила
Филиппин
21 241 000
1 437
14 800
7
Карачи
Пакістан
20 877 000
803
26 000
8
Нью-Йорк
АҚШ
20 673 000
11 642
1 800
9
Сан-Паулу
Бразилия
20 568 000
3 173
6 500
10
Мехико
Мексика
20 032 000
2 046
9 800
11
Пекин
Қытай
18 241 000
3 497
5 200
12
Гуанчжоу - Фошань
Қытай
17 681 000
3 173
5 600
13
Мумбаи
Үндістан
17 307 000
546
31 700
14
Осака - Кобе - Киото
Жапония
17 175 000
3 212
5 300
15
Мәскеу
Ресей
15 788 000
4 403
3 600
Дүние жүзіндегі ең үлкен қала агломерациялар (2016)

Қаладағы урбандалу үдеріс
Қала халқы үлесінің өсуі - республиканың индустриялық көрсеткішінің жоғары деңгейінің белгісі.
Қалаларда өнеркәсіптік өндірістер, транспорт, сауда, мәдени, ғылыми және өзге де нысандар шоғырланады. Көптеген қалалық елді мекендер әкімшілік-аумақтық қызметтерді атқарады. Қала типтес кенттерде бір немесе бірнеше өнеркәсіп орналасады. Қалалардың қалыптасуы оның индустриялық дамуы, сәулеттік бейнесі мен тұрғындар саны бойынша ажыратылады.
Қалаларды жіктеу: қаланың ауқымы және қызмет түрлері қалыптасады.

Урбандалу сипаттары
Көрініс мысалдары
Қала халқының тез өсуі
ХХ ғ. екінші жартысында қала халқының үлесі 16% -ға өсті (сонымен қатар қала халқының саны жыл сайын 50 млн адамға артады)
Негізінен ірі қалаларда халықтың шоғырлануы
ХХ ғ. басында, ірі қалалар (халық саны 100 мыңнан астам адам) 360 болса, қазіргі кезде 2500-ден аса;
Миллионер қалалар саны 200 болса, халық саны 10-млн-нан жоғары 20 қала бар
Қалалардың «тарамдалуы» арқылы аумағының үлкеюі
Агломерацияларды қалыптастыру: мысалы, Мехико, Сан-Паулу, Токио, Нью-Йорк 16-20 млн халқы бар.
Мегаполистерді қалыптастыру: Босваш (45 млн адам. ), Токайдо (60 млн адам) және басқалар
Дүниежүзілік процесс ретінде урбандалудың елдерге тән ортақ сипаттары бар

Жоғары урбандалған елдер
Орташа урбандалған елдер
Әлсіз урбандалған елдер
Қала халқының үлесі
50%-дан жоғары
Қала халқының үлесі
20-50%
Қала халқының үлесі
20%-дан төмен
100%:
Гонконг
Сингапур
Кувейт
Монако
Науру
Қазақстан 104 орын, 57, 5%
(50-100% - 1-130 мемлекет)
Босния и Герцеговина
Сенегал
Филиппины
Египет
Мальдивы т. б.
(20-50% 130-185 мемлекет)
Судан
Сент-Люсия
Шри-Ланка
Самоа
Руанда
Малави
Нигер
Лихтенштейн
Бурунди
Папуа-Новая Гвинея
(20% 186-195 мемлекет)
Урбандалу деңгейі бойынша елдерді жіктеу (2020) :

Қазақстандағы халық саны бойынша қалалар жіктелуі:
кіші (20 мың адамға дейін)
орта (50 мың адамға дейін)
үлкен (100 мың адамға дейін)
аса ірі (500 мың адамға дейін)
миллионер қалалар
Қазір Қазақстанда 89 қала мен 200-ден аса қала типтес елді мекен бар.
Егер ХХ ғасырдың 20-жылдарында қалаларда халықтың 9%-ы ғана тұратын болса, қазір оның үлесі бүкіл қала халқының 57, 8%-ын құрайды, болжам бойынша жақын арада 60%-ға жетеді.

Миграция
халықаралық
(мемлекетаралық)
ішкі миграция
Мерзімдік
белгілеріне қарай:
қайтып оралмайтын
(ішкі көшіқон, эмиграция,
иммиграция)
қайтып оралатын
миграция (ұзақ мерзімді,
мезгілдік, үздік- создық,
ауық-ауық көші-қон)
Түрлеріне қарай:
ерікті көші-қон
мәжбүрлі көші-қон
заңсыз көші-қон
Қөші-қоны
себептеріне қарай:
экономикалық
әлеуметтік
әскери
демографиялық
(отбасы бірлесуі,
некелік миграция)
мәдени
саяси
діни
этникалық
Миграция (лат. migratio - көші-қон, қоныс аудару) - адамдардың (мигранттардың) қандай да бір аумақтардың шекарасынан өтіп, ұзақ уақытқа немесе біржолата қоныс тебу процесі.


Миграция





2. Денсаулық және медицина
Денсаулық сақтау - қоғамның әлеуметтік өмірінің маңызды саласы. Бірнеше рет қайта құруларды басынан кешіріп, алдағы уақытта да дамытылуы жоспарланып отырған ұлт денсаулығы - еліміздің ұлттық саясатының басты бағыттарының бірі болып табылады.
Денсаулықты зерттеуге арналған теориялық көзқарастар:
Құрылымдық-функциялық теория: науқастың рөлін түсіндіруі, бұл тұжырымдама аурудың қоғамға деген жағымды әсері мен қоғамның сол ағымға кедергі келтірмеуі үшін ауруды қалай азайтатынын түсіндіреді.
Конфликт теориясы: ауруды тудыратын жағдайды қуаттап, одан пайда табатын топтар бар; конфликт теориясы медикализация құралдарынан ауру анықтамасының қалай дамитынын және түрлі ауруларды анықтаудағы бәсекелес топтардың мүдделерін түсіндіруге көмектеседі.
Символдық интеракционизм теориясы: науқастың тәжірибесін және емделушілердің нұсқауды орындамауының себебін түсіну үшін пайдалы.

Аурулардың цивилизациясы мен әлеуметтік дезадаптация теориясы
Медицина мен денсаулық сақтау теорияларының ең кең тараған түрі.
Бұл теория қоғамдық денсаулықтың күрт өзгеруі, әсіресе потенциялының төмендеуі мен патологияның пайда болуы сияқты себептерге жауап іздейді.
Бұл себептер мен сұрақтарға жалпы жауап - қазіргі кезде цивилизацияның тез дамуы және оның кері әсері:
урбанизация
индустрализация
технизация
қоршаған ортаның ластануы
яғни адамдардың өмір сүру жағдайының күрт өзгеруі
Бұл теория жайлы 50-шы жылдардың ортасында француз дәрігерлері Э. Гюан және А. Доссер кітабында көрсеткен, олардың айтуы бойынша, қазіргі заманның цивилизациясы адам бойынан оның үйреншікті әдеттерін жояды, оның дисгармониялық ритмі бұзылады, оның әсерінен дезадаптацияның арқасында жалпы аурулардың механизмі құрылады.

Э. О. Уилсонның әлеуметтік биологиялық теориясы
70-ші жылдардан бері әйгілі болған теория, ол Э. О. Уилсонның еңбектерінде: «Социобиология: новый синтез» (1975 ж) . «О природе человека» (1978 ж) және К. Ламзденмен бірлесіп жазған «Гены, разум и культура» атты шығармаларында көрсетілген.
Әлеуметтік биология - биологиялық заңдардың негізінде тірі ағзалардың жиынының өзіндік ерекшеліктерін зерттейді.
Бұл ерекшеліктер адамға ауысады, оның тәрбиесі, өмір сүру салты және денсаулығы.

Әлемдік денсаулық сақтау ұйымы (ӘДҰ)
денсаулық сақтау жүйесінің алдында тұрған үш мақсаттық тапсырманы нұсқайды:
Денсаулықтың жақсаруы, әкімшілік реформаны жүргізу арқылы денсаулық сақтау жүйесін дамытуға байланысты
Халыққа қажетті ықыластық, медициналық қызмет сапасын жоғарлатуды тұспалдау, науқастың құқығының сақталынуы мен абыройына деген құрмет көрсету, сондай-ақ, тұрғындардың барлық әлсіз топтары мен оның тұтынуын жоғарлату есебінде жүрмек
Қаржылық әділеттілікті, қаржылық институттардың тұрақтылығын жасау, денсаулық сақтау қызметінің барлық құрмет көрсетілуін қамсыздандыру және алғашқы екі мақсатты қолдануға жағдай жасау

Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы 1948 жылы «денсаулық - ауру немесе физикалық кемшіліктердің жоқтығы ғана емес, толық физикалық, рухани және әлеуметтік амандық жағдайы» ден сипаттады.
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы «денсаулықтың жоғарғы дәрежесін меншіктену бұл әрбір адамның негізгі құқықтарының бірі» деген қағиданы жария етті.
Денсаулықты зерттеудің дәрежелері:
1-ші дәреже - жеке адамның денсаулығы
2-ші дәреже - кіші немесе этникалық топтар денсаулығы - топтық денсаулық
3-ші дәреже- халық денсаулығы, яғни белгілі бір әкімшілік-териториалдық бірлікте (облыс, қала, аудан және т. б. ) тұратын адамдар денсаулығы
4-ші дәреже - қоғамдық денсаулық - қоғамның, мемлекет, континент, әлем тұрғындарының денсаулығы

Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтаудың өзіндік әдістемесі мен зерттеу әдістері
Статистикалық әдіс: тұрғындар денсаулығының дәрежесін, емдеу-алдын алу мекемелерінің жұмысының эффективтілігі мен сапасын объективті анықтау
Тарихи әдіс: зерттелетін мәселенің мемлекет дамуындағы әр түрлі тарихи кезеңдерде бақылап отыру
Экономикалық әдіс: экономиканың денсаулық сақтауға және денсаулық сақтаудың мемлекет экономикасына әсерін орнату, халық денсаулығын эффективті қорғау үшін мемлекеттік қаржыны жұмсаудың тиімді жолдарын анықтау
Тәжірибелік әдіс: медициналық мекемелердің, денсаулық сақтаудың жеке қызметтерінің зерттеулердің жаңа және тиімдірек түрлері мен әдістерін іздеуге арналған тәжірибелерді жасау; мысалы, поликлиника жұмысына ұсынылған жаңа түрлері сарапталып, оның экономикалық мақсатқа лайықтылығы мен эффективтілігі тексеріледі (хронометражды әдістер қолдану мүмкін)
Экспертік бағалау әдісі: медициналық көмектің тиімділігі мен сапасын зерттеу және жоспарлау
Социологиялық әдістер: (интервью ұйымдастыру, анкеталық әдістер), зерттеу объектісі немесе үрдісі туралы адамдар тобының жалпы ойын білу мүмкіндігін береді

Денсаулық пен аурудың әлеуметтік себептері
Алдын алуға болатын өлімнің жартысынан көбіне мынадай тоғыз фактор себеп:
темекі
нашар тамақтану
дене қимылының аздығы
алкоголь
бактериялар мен вирустар
лас жұмыс орны мен аудандар
автокөліктер
қару-жарақтар
жыныстық қатынасқа шақырған мінез-құлық
заңсыз есірткі
Аурудың рөлі - науқас адамдарға қатысты төрт әлеуметтік нормадан тұрады. Олардың қалыпты әлеуметтік рөлін орындамаудың себептері бар және олар ауруға шалдыққаны үшін жауапты емес деп есептеледі. Олар ауруды жағымсыз жағдай деп санайды. Сондықтан денсаулығын жақсартып, жұмыс істеу үшін дәрігерлердің нұсқауын ұстануы тиіс. Алайда науқас рөлінің үлгісі кейбір ауруларға басқалардан гөрі жарасымды келеді.
Денсаулыққа байланысты сендіру үлгісі. Бұл «егер нақты қауіп төніп тұрғанын білсе, адамдар денсаулығын сақтауға тырысады, қиындық туған сәтте осындай алдын алу әрекеті оларға төнетін қауіпті азайтады» деп болжайды.

«Қазақстан-2050»
стратегиясындағы міндеттер:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz