Банк жүйесі жабық жүйе



ҚР БАНК ЖҮЙЕСІ
Орындаған: Абилькаирова Д. Б. М1-001 тобы
Тексерген: Касенов Д. С.
"Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті" КеАҚ

Банк жүйесі жабық жүйе. Өйткені, банктердің кейбір ақпараттары банкілік құпия болып саналады. Банк жүйесі өзін-өзі басқара алады. Ол дегеніміз, егер елде саяси ахуал, экономикалық жағдайлар және басқа да ахуалдар өзгеріп жатса, осыған қарай, банктер өздерінің саясатын өз бетінше, аралымдылықпен өзгерте алады. Мысалы, Ұлттық банк, екінші дәрежелі банктер үшін қайта қаржыландырудың өлшемдемесін өзгертсе, екінші дәрежелі банктер өздерінің проценттік саясатын өзгертеді немесе Үкімет ұлттық валютаның бағамын анықтау тәртібін өзгертсе, екінші дәрежелі банктер, ауыстыру бекеттеріндегі валюта бағамын қайта қарайды.

Бүгінде қоғаммен мемлекеттің экономикалық-қаржылық мүдделері қамтамасыз етуді көздей отырып
Қазақстан Ұлттық Банкі ;
Қазақстанның Даму Банкі;
Қазақстан Республикасының тұрғын -үй құрылысы жинақ банкі
жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасының банк жүйесі жоғарғы (бірінші) деңгейі егемен Қазақстанның орталық банкі болып табылатын Қазақстан Ұлттық Банкінен тұрады.
Мемлекеттің монета аралық билігінің және мемлекеттік банктік менеджменттің басты органы Қазақстан Ұлттық Банкі өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының экономикалық-қаржылық мүддесін тиісінше қамтамасыз етуге ат салысады.
Қоғам мен мемлекеттің мүддесіне сай инвестициялық-қаржылық және кредиттік құзыреті бар Қазақстанның Даму Банкі өзінің ерекше құқықтық мәртебесіне орай деңгей аралық мемлекеттік банк ретінде көрініс тапқан.

Қазақстан Республикасы банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейін:
1. Мемлекетаралық банктер;
2. Қазақстан Республикасының резидент банктері (заңды тұлғалар-коммерциялық ұйымдар) ;
3. Қазақстан Республикасындағы резидент емес банктер;
4. Шетелдік қатысуы бар Қазақстан Республикасының резидент банкі- аралас капиталы бар банктер құрайды.

Қазақстан Республикасының осындай нарықтық үлгідегі банк жүйесінің құрылуы және оның нормативтік құқықтық негіздерінің айтарлықтай қалыптасуы елімізде үзбей жүргізіліп жатқан экономикалық және құқықтық реформаның жемісті нәтижесіне жатады.
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің нормативтік құқықтық негізін құрайтын банктік заңнамалық актілердің нормаларының өзара генетикалық, функционалдық және құрылымдық байланыстары банктік заңнаманың банк жүйесі ауқымында жүзеге асырылатын банктік қызмет (банктік операция, мәміле, іс-әрекет) барысында туындайтын қоғамдық банктік қатынастарды жан-жақты реттей алатынын көрсетеді.

Қазақстан Республикасының бүгінгі банк жүйесінің сипаттамалық белгілері мынадай:
1. Қазақстан Республикасының банк жүйесі күрделі әлеуметтік жүйе тобына жатады;
2. Банк жүйесінің қоғам мен мемлекеттік мүдделеріне жұмыс істеуіноның нормативтік құқықтық базасын құрайтын банктік заңнамалық актілер және заңға тәуелді нормативтік банктік актілер, сондай-ақ халықаралық банктік келісімдер мен банктік стандарт ережелері қамтамасыз етеді;
3. Қазақстан Республикасының банк жүйесі мемлекеттік банктік менеджмент (мемлекеттік басқару - реттеу ықпалы) ауқымында жұмыс істейді;
4. Банк жүйесі Қазақстан Республикасы қаржы - кредит жүйесінің аса маңызды бір бөлігі болып саналады;
5. Қазақстан Республикасының банк жүйесі екі деңгейлі иерархиялы, бір тұтас және өзіндік ұйымдастырылуға қабілетті құрылым болып табылады;

6. Жоғарғы және төменгі деңгейлі банк жүйесі Қазақстан Ұлттық Банкінен, Қазақстанның Даму Банкінен, Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысы жинақ банкінен, коммерциялық банктерден, мемлекетаралық банктерден, банктік инфрақұрылымнан және банктік рыноктан тұрады;
7. Банк жүйесінің жоғарғы бірінші деңгейдегі Қазақстан Ұлттық Банкі белгілі бір дәреже - көлемде тиісті мемлекеттік билік органдарының ықпалына тәуелсіз, кредиттік - қаржылық сипатты айрықша құқықтық мәртебесі бар экономикалық субьект - мемлекеттік монетарлық биліктің басты органы болып табылады;
8. Қазақстан Республикасының банк жүйесі, оның ұйымдастырылу нысандары мен басқа да иәе - жайлары Қазақстан Республикасы Конституциясымен, ҚР банктік заңнамалық актілермен, қатысы бар өзге де заңнамалық актілермен, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкінің заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілермен регламенттелінеді;
9. Банк жүйесі экономикалық саясатын іске асыруға айтарлықтай септігін тигізеді және дүниежүзілік экономика аясындағы халықаралық банк жүйесімен өзара тиімді қары қатынас миханизмін құрады;

Банк жүйесінің кредиттік- қаржылық орталық ретіндегі мәні мен маңызы, нағыз өркенлеп даму шағы нарықтық экономика жағдайында көрініс табады.
Банк кредиттік - қаржылық процестерді мемлекеттік корпоративтік және т. б. тұрғыдан басқаратын Қазақстан Респпубликасындағы банктер елдің қаржы жүйсінің орталық буыны болып табылады, сондай-ақ олар ақша-кредит жүйсінің, ұлттық валютлық жүйенің тиімді жұмыс істеуін және тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Банк жүесіндегі банктік қызмет Қазақстан Ұлтық Банкі құзырының ауқымында және екінші деңгейдегі банктердің өкілеттіктері шегінде жүзеге асырылады. өйткені банктік қзымет тиісті заңнамалық актіде белгіленген банктік опрецияларды жұзеге асыру және банктердің құқықтық мәртебесі мен функциялары ауқымымен шектелген.

Назарларыңызға рақмет!!!
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz