Сын есімнің сөзжасамы



Сын есімнің сөзжасамы
Орындаған: Қожан Гүлназ

Жоспары:
Сын есім дегеніміз не?
Сын есімнің сөзжасамы
Сөз жасам категориясы

Сын есім - заттың түсін, сапасын, белгісін, күйін, салмағын, көлемін, иісін т. б. қасиеттерін білдіретін сөздер.
Қазақ тілінде сын есімдердің сұрақтары - қандай? қай?
Тұлғалық жағынан сын есім негізгі және туынды болып екіге бөлінеді.
Негізгі сын есімдерге - түбір сын есім жатады. Түбір сын есмі жұрнақсыз, басқа сөздермен бірікпей, қосарланбай, тіркеспей, жеке тұрып-ақ сындық мағына береді. Мысалы, көк, сары, кең, жылы, терең, таза, алыс.

Күрделі сынның жасалу жолдары
Сапа сындарының бір-бірімен тіркесуі арқылы күрделі сын жасалады: қызыл ала, қоңыр күрең, қара сұр, қара көк, көк алат. б.
Сапалық сыны мен қатыстықсынның тіркесуі арқылы жасалады: қалың қамысты (көл), ақ қанатты (құстар), кең маңдайлы көк көйлекті (қыздар) т. б.
Есім сөз бен қатыстық сын есімнің тіркесіарқылы жасалады: түлкі тымақты (кісі), қос ішекті (домбыра), былғары етікті (жігіт), қасқыр ішікті (азамат) т б.
Қатыстық сын менқатыстық сынның тіркесі арқылыкүрделі сын есім жасалады: қазақы мінезді (жігіт), толықша денелі (әйел), сәнді киімді (қыз), өткір көзді (жігіт), сапалы білімді (азамат) т. б.

Сын есімнің табиғи қызметі зат есімге анықтауыш мүше болу. Ол зат есімге тіркесіп анықтауыш қызметін атқарғанда ешқандай өзгеріске үшырамайды: анықталатын зат есім көптік, септік, тәуелдік формаларының қайсысында қолданылса да, сын есім . еш уақытта да тәуелденбейді, көптелмейді және септелмейді.
Сонымен бірге, бір алуан сын есімдер зат есімді анықтауларымен қатар, етістікті де анықтап, үстеу сөздердің қызметтерін атқарады. Мысалы: Семіз сөйлеп, арық шыққанша, арық сөйлеп, семіз шық (мақал) .
Сын есім, өзінің табиғи жаратылысына сәйкес, сөйлемде көбінесе анықтауыш мүше болып қызмет атқарады. Мысалы: Үш-ақ нәрсе - адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек (Абай) .

Сын есімнің сөзжасамы
Сын есім туындылар есім сөздерден де, етістіктен де жасала береді. Мысалы, хабардар, мәдени, жолақ - зат есімнен, жетілік, үштік (шам) - сан есімнен, жақсылы-жаманды, ұзынды-қысқалы - сын есімнен жасалған сын есім туындылары. Сын есім туындыларға негіз болатын сөздер негізгі түбір, күрделі түбір, күрделі сөздерден де болады: сақалды, ақылды - негізгі түбірден, ерттеулі, жинаулы - туынды түбірден, адырақ көзді, кабырға қайысарлық, майда тілді - күрделі негізден жасалған сын есім туындылары.
Сын есімнің сөзжасамдық жұрнақтары құрамы жағынан жалаң және құранды болып бөлінеді. Жалаң жұрнақтар бір ғана морфемадан тұрады, құрамын бөлуге болмайды. Мысалы, мұртты, күндік, батыл, қарыздар, тарихи, ызақор туынды түбірлеріндегі -ты, -дік, -ыл, -дар, -и, -қор жұрнақтары - дара жұрнақтар.

Сын есім өзінің құрамын басқа сөз табы арқылы толықтырмайды. Сын есім сөзжасамының басқа сөз таптарының сөзжасамынан негізгі ерекшеліктерінің бірі де осы белгіге байланысты. Сын есім сөзжасамына тек сан атаулары ғана негіз болады, басқа сөз таптары сын атауларының жасалуына негіз бола алмайды.
Сын есімдер өзінің ішкі мүмкіндігі арқылы ғана байып, толығып, басқа сөз табының қатысын керек етпейді. Мұндай ерекшелік басқа сөз таптарында кездеспейді. Сондықтан оны сын есім сөзжасамына байланысты негіз-гі ерекшеліктердің бірі санауға әбден болады.
Ол -мпаз=м+паз, -ыңқы=ың+қы, -малы=ма+лы морфемаларының кірісуінен жасалған.
Сын есімнің туынды атаулары құрамы жағынан дара және күрделі болып бөлінеді. Дара туындыларға бір сөзден тұратын жұрнақ арқылы жасалған туынды түбір сын атаулары жатады. Мысалы, көктемгі, атақты, ақылсыз, инабатты, қалалық, пікірлес, көйлекшең, ашушаң т. б.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz