ЛИРИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ОҚЫТУ
Презентация қосу
ЛИРИКАЛЫҚ
ШЫҒАРМАЛАРДЫ ОҚЫТУ
Дайындаған:Қожан Гүлназ
Қабылдаған :Шаймағанбетова Қадыргүл
Мазмұны:
◦ Лирика дегеніміз не?
◦ Лириканың түрлері
◦ Лирикалық шығармалардың мазмұндық түрлері
◦ Лирика жайлі әдебиет өкірдерінің пікірлері
◦ Әлемдік және қазақ лирикасына шолу
◦ Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
◦
Лирика деген не ?
◦ Лирика-адамның көңіл-күйін, сезім дүниесін тікeлей бейнелеп
көрсетеді. лирикалық шығармалар өлеңмен жазылады, онда
автордың немесе кейіпкердің дүниеге көз қарасы, оның сезімін, нақты
ойі көңіл-күйін суреттеу, әсерлеп бейнелеу арқылы көрсетіледі. Кез
келген сезіну мен толғаныс лирика тудыра алмайды, әлеуметтік-
толғаныстар лирика тудырады.
◦ Лириканың бас қаһарманы – ақынның өзі. Мұның эстетикалық қасиеті де,
тәрбиелік күші де айрықша үлкен. Себебі бұл арада өлеңді жазған адам
оқыған адамға айналып, ақын мен оқырманның көңіл-күйі бір-біріне ұштасып,
бірігіп, біте қайнасып кетеді. Ақын оқшау образ жасап, оқырманға «содан
үйрен, не жирен» деген тенденциямен ғана тынбайды, оған тура өз
басындағы сезім мен сырды тұп-тұтас көшіре салады. Сонда ақын
көкірегіндегі сезім – оқырман сезімі, ақын көңіліндегі сыр – оқырман сыры
болады да шығады.
Лирика күші неде?
◦ Лириканың күші – әсерлілінде; әсерлілік – айтайын деген ойды сырлы суретке
айналдыру, яғни лириканың күші – баяндауда емес, суреттеуде жатыр. Ал
лириканың суреттейтін шындығы ұланғайыр, шындықты қамту құлашы кең; шын
мәніндегі шебер лирик ақынды не жалаң қайғының, не бірыңғай қуаныштың
ақыны, не мұңшыл, не күлкішіл ақын деуге болмайды; талантты лириктің
өлеңдерінде соның бәрі түгел, тұтас жатады; оның сырлы жырларындағы сәл
ғана, ең бір жай сезінудің өзі, оқыған жанның сана-сезімін түгел баурап, көңіл-
күйін түгел тербетіп, барлық пердені бірден басып, барлық шекті бірден
сөйлеткендей сайрап кетеді.
◦
Сондықтан шын мәніндегі шынайы лирика сырдаңдық атаулыдан әрқашан аулақ
тұрады. Мұндай лириканың үлгілерін Гете мен Пушкин, Абай мен Шевченко,
Блок пен Мағжан, Элюар мен Хикмет секілді әлемдік әдебиеттің әйгілі
классиктерінің бәрінен табуға болады.
◦ Лирикада мінез болады. Ол – ақынның мінезі: өлеңім өзіме тарт дегендей, әр
өлең тек иесіне ғана тартады. Сондықтан оқырманның өлеңді сынайтыны
секілді, өлең оқырманды да сынайды. Біздің жаңа дәуірдің алғашқы
жылдарында, мысалы біреулер Маяковскийге құмартса, біреулер Есенинді
ұнатты. Бұл жайдан-жай емес, әркім өлең мінезіниөз қабілетіне, өз мақсат-
мұратына қарай танып-білмек. Бұл – өлең мен адам арасындағы қарым-
қатынас.
◦ Лирикалық жанр түрлері көрсетпек болған өмір құбылыстарын қалай
суреттеуі, ақынның көңіл күйін қалай берілуіне байланысты. Бұл жанрға тән
ақынның дүние танушылығы, көзқарасымен өзінің ішкі сезімін, күйініш-сүйініш
дайым ұштастыра жырлау десек, айырмасы, жоғарғы айтылғандар тәрізді,
қалай жырлауында ғана. Кейде шаттық, қуаныш, асқақтық білдірсе, кейде
мұң, зарды, кейде көңілдің би-жай қоңыр күйін сездіру мүмкін.
Лирика тарихына шолу
◦ Міне, осы сипаттарына қарап, лирикалық жанр әлденеше түрлерге бөлінеді.
Әр халықтың лирикалық өлеңдері оның атам заманғы ауыз әдебиетінен
басталған. Мысалы қазқ лирикасының басы баяғы салт-өлеңдерде: тойбастар,
жар-жар, сыңсу мен беташарда немесе мұң-шер өлеңдерінде: қоштасу мен
көңіл айтуда, естірту мен жоқтауда жатыр. Солардан өрбіген лирикалық
сарын толассыз жамырап әртүрлі ән-өлеңдеріне, толып жатқан толғау
жырларға тоғысқан да, одан лиро-эпосқа келіп сіңген.
◦ Орта ғасырда роман (француз, испан, итальян) елдерінің поэзиясында туып
қалыптасқан лириканың ерекше түрі – баллада (итальянша ballare – билеу)
лиро-эпостық сипаттағы шағын сюжетті өлең. Мұнда ақын өзінің көңіл-күйін,
толғанысын жырлап қана қоймайды, сол сезімді туғызған себептерді оқиғаға
айналдыра суреттеп көрсетеді. Балладаның мазмұны көбіне тарихи шындық,
оқшау фантастикалық хал, ерлік әрекет (мысалы ағылшынның Робин Гуд
жайлы халық балладалары) болып келеді.
◦ Лириканың антикалық әдебиетте көп тараған түрлерінің бірі
– идиллия, әлдебір парықсыздау салтанат, әрекетсіз, қызық, уайым-қайғысыз
қызғылт өмір туралы жыр. Идиллиялық өлеңнің тақырыбы – мал баққан, шөп
шапқан, егін салып, балық аулаған адамдар тұрмысы, олардың сұлу табиғат
құшағында өтіп жататын той-думаны, сауық сайраны.
◦ Ежелгі Эллада ақыны Пиндардан рим ақындары Гораций мен Овидийге, одан
орыс ақындары Лермонтов пен Державинге дейін екі мың жылдан аса ғұмыр
кешкен бір лирикалық түр – ода (грекше ode-ән) – есімі елге тараған жеке
адамдарды не батырларды мадақтаған я болмаса ел ішіндегі елеулі
оқиғаларды дәріптеген аса көтеріңкі, көңілді жыр.
◦ Бір таптық топтың ең керекті санаған адамы не нәрсесі туралы ақынның өте
қуанышты, өте көтеріңкі тілмен жазған лирикалық өлеңдерді ода деп атайды
(мысалы, әскердің жеңуі, сарайда болған мейрам т.б.). Ресейде ода
жазушылар Ломоносов, Державин т.б. болды. Қазақ хандарының дәуірлеп
тұрған кезінде ханның қасындағы ақындардан ода шығарушылар көп болған.
Жәңгірдің хан боп тұрған кезінде ханның сарай ақыны болған Байтоқ
ақынның одаға жататын бірнеше өлеңдері бар.
◦ Лириканың әдемі түрлерінің бірі – сонет(итальянша sonetto, sonare-сылдырау,
сыңғырау) – арнаулы өлшеммен, әр түрлі тақырыпқа жазылатын сыршыл
өлең; ХІІІ ғасырда Сицилияда туған; Данте, Петрарка көп жазған; кейін Батыс
Европаның басқа елдеріне кең тараған; классикалық үлгілерін Шекспир
жасаған.
◦ Сонеттің арнаулы өлшемі бар; көлемі – он төрт жол, алғашқы сегіз жолы –
бірінші бөлім – катрен де, соңғы алты жолы – екінші бөлім – терцет. Алайда
мазмұн жағынан бұл екі бөлімнің ара жігін ажырату қиын. Сонет қазіргі қазақ
лирикасында да бар. Соңғы кезде лириканың бұл түрімен Е.Әукебаев
айналысып жүр. Қ.Аманжоловтың «Құрдас туралы» деп аталатын сонеті бар.
◦ Элегия – бір мұң, бір сарын аралас назды сарын. Элегия деп өзінің жай
өмірімен байланысты, басында болған күйініш-сүйініштерді (сүйіспендік,
табиғат күйін т.б.) суреттеген шығармаларды айтады. Элегияда көңілдің
қайғысын суреттеу өте жиі ұшырайды.
◦ Сондықтан элегия қайғылы өлең деген түсінік туды. Элегияның өрбіген дәуірі
феодалдық-крепостнойлық құрылысты капиталдық жаңа қатынас әлсіретіп,
феодал құрылысы құлауға айналған дәуірде болды. Соның салдарынан жеке
бақыттылық, жеке рақатты аңсаған қайғылы ой, жеке өмірді көксеген тілек
элегияда терең із қалдырды. Қазақ әдебиеті тарихында элегияның күшейген
кезін ХІХ ғасыр деп айтуға болады. Қазақ хандығы жойылып, отарлау саясаты
күшейіп, қазақтың ескі феодалдық өміріне өзгеріс кіре бастаған кезде кейбір
қазақ ақындарында элегияға берілушілік көп болды.
◦ Элегия – бір мұң, бір сарын аралас назды сарын. Элегия деп өзінің жай өмірімен байланысты, басында
болған күйініш-сүйініштерді (сүйіспендік, табиғат күйін т.б.) суреттеген шығармаларды айтады. Элегияда
көңілдің қайғысын суреттеу өте жиі ұшырайды.
◦ Сондықтан элегия қайғылы өлең деген түсінік туды. Элегияның өрбіген дәуірі феодалдық-крепостнойлық
құрылысты капиталдық жаңа қатынас әлсіретіп, феодал құрылысы құлауға айналған дәуірде болды.
Соның салдарынан жеке бақыттылық, жеке рақатты аңсаған қайғылы ой, жеке өмірді көксеген тілек
элегияда терең із қалдырды. Қазақ әдебиеті тарихында элегияның күшейген кезін ХІХ ғасыр деп айтуға
болады. Қазақ хандығы жойылып, отарлау саясаты күшейіп, қазақтың ескі феодалдық өміріне өзгеріс кіре
бастаған кезде кейбір қазақ ақындарында элегияға берілушілік көп болды.
◦ Мысалы, Шәңгерей ақынның көп өлеңдері элегияға жатады. Лирикалық жанрға ән өлеңі, сатиралық
лирика секілді өлең түрлері де жатады. Лириканың бұлардан басқа түрлері де толып жатыр: арнау (кейде
арнайы шарықтау, кейде көлемді лиро-эпикалық шығармаға беташар, кейде жеке адамдарға бағыштау
түрінде жазылған өлең), ой (әр тақырыпта туған әр алуан философиялық толғау), канцонетта (баяғының
серілік сезімдерін мадақтайтын көне әуен), романс (сүюді жырлау), пастораль (малшы сазының бір
түрі), эклога(ауылдағы сауық жырының бір түрі), эпиталама (жас жұбайлардың жарастығын мадақтайтын
көне өлеңнің бір түрі), эпитафия (дүниеден өткен әлдебір қадірлі кісі жайлы жоқтау), эпиграмма (жеке
біреулерді мінеп, мысқылдайтын сықақ өлең) т.б.
◦ Лирикалық шығармалар кейде тақырыбы, мазмұнына қарай бөлінеді:
◦ саяси-азаматтық лирика (тақырыбы да, мазмұны да әлеуметтік мәні зор ірі
мәселелерді сөз етеді),
◦ сүйіспендік, махаббат лирикасы (негізгі әңгіме махаббат туралы, кейде
қуанышты, кейде қайғылы болуы мүмкін),
◦ философиялық лирика (ақын лирикалық өлеңін философиялық терең
мазмұнға құрады. Мұндай лирикалар қазақтың толғауына жақын келеді).
◦ Табиғат лирикасы
◦ Көптеген эпикалық шығармаларда автордың айтпақ ойы, мінез қырлары,
көзқарастары кейіпкерлер арқылы жүзеге асып жатады. Айталық, әйгілі
француз жазушысы Гюстав Флобердің: «Мадам Бовари – ол мен» дегені н/е
Лев Толстойдың «Анна Каренина» романындағы Левин бейнесі т.с.с. Көркем
шығармада автор тұлғасының көрініс табатыны жөнінде В. Гете: «Өз
шығармаларында әрбір жазушы белгілі дәрежеде, тіпті еркінен тыс өзін
бейнелейді»,-десе, В.В.Стасов: «Кез келген көркем туынды оны жасаушының
ақиқат айнасы, онда өзінің тұлғасын жасырып қалу ешкімнің қолынан
келмейді»,-деген екен.
Лирика жайлы ой-пікірлер
◦ «Поэзия – өнердің асыл тегі, өмірдің әрі мен нәрі, қайнап қорытқан жамбысы»,
- (В. Белинский)
◦ «Лирика – поэзияның жаны лирика мылқау түйсікке тіл бітіріп, образ
жасайды», (Ә.Тәжібаев)
◦ «Лирика – өмір құбылысына ақынның көзқарасы, түсінуі, сезімі, күйініші,
сүйініші, онда адам өмірінің асқақтығы да , кейде қоңыр күйі де
көрінеді»(Қ.Жұмалиев)
◦ «Лирика – нұрлы ой, ішкі сырлы дүние жанры, Лирикадағы бас қаһарман ақынның өзі . Лириканың
күші әсерлілігінде» - (З. Қабдолов)
◦ «Поэзияда қорытындылау, жинақтау мен даралау, ортақ сипаттар ұштасып, ұласып жатады. Осы екі
жағы тұтасып, бірігіп келгенде ғана көркем бейне туып, өмірдің көркем суреті жасалады» (З.Ахметов)
◦ Поэзия!
◦ Менімен егіз бе едің?
◦ Мен сені, сезесің бе неге іздедім?
◦ Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
◦ Қарауытқан таулардан сені іздедім.
◦ (М.Мақатаев)
Лирикалық шығармаларды оқытуға
қойылатын басты талаптар:
◦ а) Өлеңді әуенмен, сазымен мәнерлеп оқуға, жатқа оқуға ерекше көңіл бөлу;
◦ ә) Өлеңдегі ақынның көңіл күйін бағдарлату, оқушылардың өз сезіміне,
өлеңнің әсеріне де назар аудару;
◦ б) Тақырыпқа сай музыканы, бейнелеу өнерін, басқа да өнер туындыларын
тиімді пайдалану;
◦ в) Өлеңді оқушының қабылдауына жағдай жасау;
◦ г) Өлеңнің поэтикалық көркем тіліне назар аудару;
◦ ж) Шығармашылық жұмыстар жүргізу арқылы оқушының өлең оқуға
қызығушылығын арттыру, шабыттарын ояту .
◦ Ең бастысы лирикалық шығармалардың пихологиялық иірімдері баланың
рухани дүниесінің байытуға әсері зор екендігін естен шығармаған абзал.
◦ Шығарманың әсем сазы,ақынның сөз қолданысы оқушыны ой құшағына
бөлейтіндей, мәнерлеп оқу, проблемалы оқу, т.б. арқылы бар ынта-ықыласын
туындыға аудару барысында арнайы әдеби тапсырмаларды орындатқан
дұрыс.
◦ Адам сезіміне жүрек дірілі – лупілінің суретін салу тек лириканың ғана
қолынан келеді. Лирикалық туындыны ұлы сыншы В.Белминсукии музыкаға
балайды әннің әсем сазы тек музыкалық аспапта ойналғанда ғана немесе
керемет әнші шеберлікпен төгілте орындағанда ғана адамның бүкіл жан
дүниесіне әсер етеді.
◦ Мұнда лириканың барлық ырғақ сазы, барлық тынысы, әуені тоғыса келіп,
естілуі қажет. Сонда ғана берер әсері мол болмақ. Лириканы түсініп оқытудың
негізі біріншіден, ақыннң сөз сырына үңілу, айтар ойын түсіну, өзіндік
тұжырым жасап, ой құшағына бөлену, туындыға оқушының қызығушылығын
ынта ықыласын туғызуда болып табылады.
◦ Автор бейнесінің белсенділігі көркем туындының жанрына байланысты
әртүрлі деңгейде көрінеді. Лирикада автор бейнесінің белсенділігі ерекше
байқалады. Көп жағдайда лирикалық бейне мен авторлық «мен» тұтасып
кеткендей болады. Эпоста автор бейнесі әрқилы қалыпта көрінеді. Эпикалық
туындыларда автор образы әрқилы көрініс табатын жазушының суреткерлік
мақсатына, яғни идеясына, қаламгердің стиліне, таңдалып алынған өмір
шындығының сипатына байланысты. Кез келген шығармада бейнеленген
өмірлік материалға белгілі дәрежеде автордың қатысы болады.
Пайдаланылған әдебиеттер
◦ Мақпыров С. Әдебиеттің тектері мен түрлері. Алматы, 1994.
◦ Қабдолов З. Сөз өнері. Алматы, 1992, 2002.
◦ Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. Алматы, 1969.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz