Жүсіп баласағұн
Презентация қосу
Жүсіп баласағұн
«Құтты білік»
дастаны
Орындаған: Орынбек Асемай
Тексерген: Абдыханова Ғалия
Жүсіп Баласағұни, Жүсіп Хас Хажиб
Баласағұни (1020) - ақын, ойшыл,
ғалым, мемлекет қайраткері.
Өмірі туралы мәліметтер аз
сақталған. философиа, математика,
медицина, астрономия, астрология,
өнертану, әдебиеттану, тіл білімі,
тағы басқа ғылым
салаларының дамуына зор үлес қосқан. Жүсіп
Баласағұнидің есімі әлемдік әдебиет пен мәдениет
тарихында "Құтадғу білік" дастаны арқылы қалды. Жүсіп
Баласағұни бұл дастанын хижра есебімен 462 жылы, қазірғі
жыл санау бойынша 1070 жылда жазып бітірген. Дастанды
"хандардың ханы" - Қарахандар әулеті мемлекетінің (942 -
1210) негізін салушы Сүлеймен Арслан ханға (908 - 955)
тарту етеді. Сол үшін хан өз жарлығымен Жүсіп
Баласағұниға "хас хажиб" - "бас уәзір" немесе "ұлы
кеңесші" деген лауазым берген. Дастанның бізге жеткен
үш нұсқасы бар. Біріншісі, Герат қаласындағы 1439 жылы
көне ұйғыр жазуымен екіншісі, 14 ғасырдың 1-жартысында
Египетте араб әрпімен көшірілген. Ал Наманған
қаласынан табылған үшінші нұсқа 12 ғасырда араб әрпімен
Құтты білік
дастаны ненізгі 4
принцпке
негізделіп
жасалған
Біріншісі, мемлекетті дұрыс басқару үшін
қара қылды қақ жаратындай әділ заңның
болуы. Автор әділдіктің символдық
бейнесі ретінде Күнтуды патшаны
көрсетеді.
Екіншісі, бақ-дәулет, яғни елге құт
қонсын деген тілек. Бақ-дәулет мәселесі
патшаның уәзірі Айтолды бейнесі
арқылы жырға қосылған.
Үшіншісі, ақыл-парасат. Ақыл-
парасаттың қоғамдық-әлеум. рөлі
уәзірдің баласы Ұғдүлміш бейнесінде
жырланады.
Төртіншісі, қанағат-ынсап мәселесі. Бұл
мәселе дастанда уәзірдің туысы, дәруіш
Ордгүрміш бейнесі арқылы әңгіме
болады.
Құтты білік дастаны
• “Құтты білік” дастаны орта ғасырларда бүкіл түркі әлеміне
түсінікті болған Қарахан әулеті мемлекеті түріктерінің тілінде
жазылған. Жүсіп Баласағұн «Құтты білікті» 1069-1070 жылдары
Баласағұн қаласында бастап, он сегіз айдың ішінде Қашқар
қаласында аяқтаған. Оны Қ.Каримов өзбек тіліне (1971), Н.Гребнев
(1971) пен С.Иванов орыс тіліне (1983), А.Егеубаев қазақ тіліне
(1986), бір топ аудармашылар ұйғыр тіліне (Пекин, 1984) тәржіма
жасады. Қарахан әулеті билік жүргізген дәуің тілген. Кезінде
“Құтты білік” дастаны Шығыстың әр елінде әр түрлі аталып кеткен.
Бір елде – “Айнак ул-мамлакат” (“Мемлекет тәртібі”), екіншісінде –
“Панунаман мулук” (“Әкімдерге насихат”), үшіншісінде – “Адаб ул-
мулук” (“Әкімдердің әдептілігі”) деген атпен мәлім. Бұл
атаулардың бәрі – “Құтты білік” дастаны, негізінен, мемлекетті
басқару мәселесіне арналған шығарма екенін растай түседі.. Ақыл-
парасаттың қоғамдық-әлеум. рөлі уәзірдің баласы Ұғдүлміш
бейнесінде.
Ж.Баласағұн адам мен Жаратушы арасындағы байланысты
Құран кітабы аясында түсіндірді. Мысалы, Алла адамға ақыл,
ерік пен таңдау берген. Ақыл мен ерікті бірдей дамыта білген
адамға Алланың құты тұрақтайды, сондықтан нағыз мұсылман
әрдайым Аллаға құлшылық жасап, одан жол көрсетуін тілеуі
қажет. Адам Алланың құты арқылы жақсылыққа жетіп, оның
көркем бейнесін көре алады. Жақсы, дұрыс, адамгершілігі мол
адам ғана қоғамда
Ойшыл сенімді
мұрасында орнығады деп, баяндаған
«дүниеқұмарлық .
ашкөздік, пендешілік
және де жаман істер адамды түрлі пәлекетке ұрындырады,
Алланы ұмыттырады. Адамның ең басты үш дұшпаны бар:
дүние, тән және шайтан. Алланы аузыңа алсаң, шайтан
қашады, дүниеден бас тартсаң, құтыласың, ал тәннен қалай
бас тартасың? Өле-өлгенше біргесің. Өліп барып құтыласың.
Сондықтан тәннен, яғни оның қажеттілігі мен құмарлығын
тежеу арқылы тән дұшпандығынан құтылуға болады» деп
түсіндірген. Және де ол: «Алла әр нәрсені мақсатпен
жаратқан. Соның ішінде адамды Алла жердегі өзінің
орынбасары еткен. Әрбір жаратылғанның өзіндік қызметі бар.
Барлық жаратылғандар Жаратушыға ұмтылады, оған қайта
оралады. Себебі, әлем Жаратушысымен ғана мәнді. Адам,
табиғат, рух, қоғам өзара үйлесімділікпен жаратылған.
Сондықтан олардың арасындағы тепе-теңдікті сақтау адам
баласының парызы болып табылады» деген. Баласағұн
табиғаттың төрт элементін от, су, ауа, топырақты Әбу Бәкір,
Дастанда мынадай ой-пікір бар:Патша ел-жұртын қылыштың күшімен қатал
тәртіппен басқарып отырады, ал ғалымдар - қалың бұқараны ақыл -парасатымен
басқару керек.Әрине, Жүсіп Баласағұн халыққа үстем таптың өкілі ретінде
қарайды. Сондықтан ол қарапайым халықты қоралы қойға , ал білімді адамды - сол
қойлардың соңына ерткен серкеге теңейді. Ақын дастанда өзі өмір сүрген дәуір
талап еткенде бірқатар маңызды мәселелерге өзінше жауап беруге әрекет жасаған .
Жүсіп Баласағұн өзінің дидактикалық сарында жазылған шығармасында мораль ,
этика, әдептілік, тәлім-тәрбие туралы өсиет-ғибрат сөздер айтады . Қоғамдағы
адамдардың өзара қарым-қатынасы, сөйлесуі, сыйласуы , әсіресе , тіл әдептілігі
егжей-тегжейлі сөз болады. Ақын маскүнемдікті, жалқаулықты , әдепсіздікті ,
дөрекілікті, жылпостықты
Шығармада , жаман
жақсылық мінез-қылықтарды
пен жамандық өлтіре
, әдептілік дөрекілік. , шындық пен
пен сынайды
өтірік, аңқаулық пен қулық өзара қарама-қарсы қойылған . Сол арқылы автор айтар
пікірін тереңдете түседі. Мәселен, ақын: ауырмаса - денсаулықтың қадірін білмейді ,
өлім болмаса - тірі кездің қадірін білмейді, қайғысыз адам - қуаныш сезімінің
құдіретін толық сезе алмайды деген секілді бірқатар философиялық пікірлер
қозғайды .
Н.Келімбетов : «Құтты білік» дастанында автор ерекше мән беріп , зор шабытпен
жазылған аса маңызды мәселелердің бірі - адамдардың бірін -бірі құрметтеуі , ізет
көрсетуі, сыйлауы болып табылады. Атап айтқанда, мұнда жастардың қарттарға ,
қариялардың жастарға, әкімдердің өз қол астындағы қызметшілеріне ,
жалшылардың өз қожаларына, балалардың өз әке-шешесіне, ата-ананың өз
перзенттеріне деген ізгі құрметі қандай болу керек деген сауалға жауап берілген
Жүсіп Баласағұн әдептілікті жырлай келіп, солардың ізіндегі ең бастысы - тіл
әдептілігі деген қорытынды жасайды. Дастанның бір тарауы , дәлірек айтсақ ,
жетінші тарауы түгелдей осы мәселеге - тіл әдептілігіне , яғни мәнерлі , мәнді ,
сыпайы сөйлей білу өнеріне арналған. Автор оқушысын абайлап , ойланып -
толғанып барып сөйлеуге, тілге сақ болуға шақырады. Қысқаша әрі мазмұнды
сөйлей білу - әдептілік басы деген пікір айтады.
Сөйтіп, Жүсіп Хас-Хажыб Баласағұн қоғамдық-әлеуметтік көзқарасында кейбір
қайшылықтары бола тұрса да өз дәуірі үшін прогрессивті роль атқарған бірқатар
ағартушылық моральдық, этикалық принциптерді жырлап, оларды әлеуметтік
Қорытынды
• Қорытындылай келе “Құтты білік” Х. Сүйіншәлиев айтқандай,
“орта ғасыр ескерткіштерінің ең көлемдісі және көркемдігі
жағынан зерттеушілерінін таңқалдырған әдеби көркем
туынды. Орта Азия мен Қазақстан жерін мекендеген
түркілердің және олардың мәдениетінің жарық жұлдызы деп
айтарлық мәдени мұра. Бұл өлкенің бір кездегі өркендеген
мәдениетін танытарлық тарихи куә тамаша
ескерткіш”.Баласағұн еңбегі жалпы философиялық
мәселелерді алға тартқан өмірлік, эстетикалық тұрғыда
жазылған кең ауқымды жүйелі еңбек. Баласағұн бұл кітапты
жазуға итермелеген себептердің бірі бәлкім туған тілге
деген құштарлығы, отан сүйгіштігі болған шғар. “Құтты білік”
тек саяси емес өз дәуіріндегі ғылым мен мәдениеттің сан-
саласынан мол хабар беретін білімдер жиынтығы онда
Баласағұн өмірге деген көз қарас адам баласының іс әрекеті
тағдыры және оның қоғам мен табиғат алдындағы ролін
қарастырған. Жүсіп Баласағұн “Құтты білік” кітабы сол
замандағы ресми әдебиет тілі болып саналады араб тілінде
емес түркі халықтарының тілінде жазылған алғашқы
энциклопедиялық еңбек болып табылады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz