Ядролық қару: жарылыс түрлері мен физикалық және радиациялық әсерлері


Slide 1

ЖАППАЙ ҚЫРЫП ЖОЮ ҚАРУЫ.

Slide 2

Ядролық қару деп зақымдағыш әсері ядролық бөліну немесе синтез реакциялары кезінде бөлінетін энергияға негізделген қаруды айтады. Бұл жаппай қырып-жоятын қарулардың ең қуатты түрі болып табылады.

Ядролық қару адамдарды жаппай қыруға, әкімшілік және өнеркәсіп орталықтарын, әр түрлі аймақтарды, ғимараттарды, техниканы талқандауга, қиратуға немесе жоюға арналған қару.

Slide 3

өте кіші (1 мын т- дан аз)

Ядролық жарылыстың әсері ондағы оқ-дәрінің қуатына, жарылыстың түріне, ядролық зарядтың түріне байланысты. Қуаты бойынша оқ-дәрілер

кіші (1-10 мың т. )

орташа (10-100 мың т. )

үлкен (100 мың - 1млн т. )

өте үлкен (1 млн т-дан астам)

Slide 4

Ядролық жарылыс түрлері:

Су асты ядролық жарылысы

Әуелдегі жарылыс

жер бетіндегі

Slide 5

Жер үстіндегі ядролық жарылыс

Жер үстіндегі ядролық жарылыс - жер бетінде немесе жарылыстың жарқыраған аумағы жерге жанасатындай биіктікте жүргізілген және формасы жарты сфераға ұқсас жарылыс. Жер үстіндегі жарылыс кезінде жерде шұңқыр пайда болады, оның диаметрі мен биіктігі жарылыстың биіктігіне, қуатына және топырақтың түріне байланысты.

Жер үстіндегі жарылысты өте берік ғимараттарды қирату үшін және сол аумақты көбірек радиоактивті жарақаттау үшін пайдаланады.

Slide 6

Әуедегі жарылыс

Әуедегі жарылыс - жарқыраған аумағы жерге жанаспайтын және формасы сфера сияқты жарылыс. Аласа әуедегі жарылыс кезінде соққы толқын жерге тиіп, қайта көтеріліп, жарқыраған аумақтың төменгі жағын біраз өзгертіп жіберуі де мүмкін.

Беріктігі нашар ғимараттарды қирату үшін, үлкен аумақтағы адамдар мен техниканы жарақаттау үшін немесе сол аумақты күшті радиоактивтік залалдауға жол берілмеген кезде әуедегі ядролық жарылыс қолданылады.

Slide 7

Су асты ядролық жарылысы

Су асты ядролық жарылысы (Подводный ядерный взрыв) - су астында белгіші бір тереңдікте өткізілген ядролық зарядтың жарылысы. Жарылыс кезінде буғаздық көпіршіктер жасалуына әкелетін жоғары температура мен қысым аумағы құралады. Оның тез кеңеюі нәтижесінде ауадағы соққы толқыны жыддамдығынан 4-5 есе артық жылдамдықпен таралатын өте қуатты су асты соққы толқыны туындайды.

Slide 8

Соққы толқыны. Жарылыстың соққы толқыны өте күшті, әрі зор энергяға ие болады. Ол жарылыс болған жерден бірталай ара қашықтықтағы адамдарды жарақаттап, әр түрлі ғимараттарды, үйлерді әскери техниканы және т. б. қиратады. Соққы толқынының таралуына және оның қиратқыш әсерлеріне жарылыс болған жердің бедері, орман алқабы және ауа-райынада әсері бар.

Жарықтық сәулелену. Ядролық жарылыстың жарықтық сәулеленуі деп ядролық жарылыс кезіндегі жарқылдың ультрокүлгін, көрінетін және инфрақызыл спектрі аумағында электромагниттік сәуле шығаруын айтады.

Өткіш радиация. Ядролық жарылыстың өткіш радиациясы деп жарылыс аумағы мен бұлтынан шығатын гамма - сәулеленуі мен нейтрондар түйдегін айтады.

Slide 9

Сіңірілген доза - иондағыш сәулеленудің биологиялық ұлпаларға әсер етуін дәл сипаттайды. Адам ағзасының бір қайтара сәуле шалу дозасына байланысты сәуле дерті төрт дәрежеге бөлінеді.

Сәулелік дерттің І дәрежесі (жеңіл) - сәулеленудің дозалар жиынтығы 100-200 рад болғанда пайда болады. Жасырын кезең 3-5 аптаға созылады, одан кейін әлсіздік пайда болады, жүрек айниды, бас айналады, температура жоғарылайды. Аурудан айыққаннан кейін адамдардың еңбек ету қабілеті сақталады.

Сәулелік дерттің ІІ дәрежесі (орта) - сәулеленудің дозалар жиынтығы қосындысы 200-400 рад болғанда пайда болады. Алғашқы 2-3 тәулік бойында ағзаның алғашқы күшті реакциясы (жүрек айну және құсу) байқалады. Одан 15-20 тәулікке созылатын жасырын кезең басталады. Дерттің белгілері енді айқын білінеді. 2-3 ай жақсы емделуден кейін науқас айығады. 20% жағдайда адам өледі.

Slide 10

Сәулелік дерттік ІІІ дәрежесі (ауыр) сәулеленудің дозасы 400-600 радта пайда болады. Алғашқы реакция айқын байқалады. Жасырын кезең 5-10 тәулік. Ауру жедел және ауыр түрде өтеді. Сәтті жағдайда 3-6 айдан кейін айығуы мүмкін. 20-70% жағдайда адам өледі.

Сәулелік дерттің ІV дәрежесі (аса ауыр) 600 радтан аса дозада пайда болады. Өте қауіпті, аурудың барлығы дерлік өліммен аяқталады.


Ұқсас жұмыстар
Ядролық қару қолданылған төтенше жағдайлардағы медициналық-эвакуациялық және радиациялық қорғаныс шараларын ұйымдастыру
Иондаушы сәулелердің генетикалық әсерлері және радиациялық мутагенез
Радиациялық қауіпсіздік: әсерлері, көздері және Қазақстандағы басқару принциптері
Семей ядролық полигоны: тарихы, инфрақұрылымы және радиациялық-әлеуметтік зардаптары
Семей ядролық полигоны: радиациялық ластану және халық денсаулығына әсері
Ядролық жарылыстардың зардаптары және Оңтүстік Қазақстан облысының радиациялық фоны: Семей полигонының әсері және өлшеу нәтижелері
Семей ядролық полигонының радиациялық әсері: қоршаған орта мен адам денсаулығына экологиялық-медициналық бағалау
Ядролық энергия: физикалық негіздері, алу әдістері және тәуекелдері
Датчиктер мен түрлендіргіштердің түрлері, физикалық әсерлері және жұмыс принциптері
Ядролық жарылыстың зақымдаушы факторлары мен жергілікті радиоактивті зақымдану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz