ЖАСАНДЫ ТЫНЫС АЛУ


Slide 1

Зардап шекендерге алғашқы дәрігерге дейінгі көмек.

Slide 2

Алғашқы медициналық көмектің негізгі мақсаты - адам өмірін құтқару. Ең бастысы - алғашқы секундтарда дұрыс әрекет етуге үйрену, дәрігерлер келгенше апатқа ұшыраған адамның өмірін сақтап қалу.

Алғашқыкөмектің халықаралық белгісі

Slide 3

NEEDS

BUYER'S JOURNEY

АПАТҚА ТҮСКЕН АДАМДЫ АПАТ ӘСЕРІНЕН ҚҰТҚАРУ (ӨРТТЕН, СУДАН ШЫҒАРУ) ;

ЖАСАНДЫ ДЕМАЛДЫРУ, ЖҮРЕККЕ ЖАБЫҚ МАССАЖ ЖАСАУ, АПАТҚА ТҮСКЕН АДАМДЫ ТЕЗІРЕК ЕМДЕУ МЕКЕМЕСІНЕ ЖЕТКІЗУ

АПАТТЫҢ ЗИЯНДЫ ӘСЕРІН ТОҚТАТУ (АДАМДЫ ЖЫЛЫТУ, ИІС ТИСЕ ТАЗА АУА ЖҰТҚЫЗУ) ;

ҚАН ТОҚТАТУ, ЖАРАНЫ БАЙЛАУ, СЫНҒАН АЯҚТЫҢ НЕМЕСЕ ҚОЛДЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫН ТЕЖЕУ;

ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТЕТІН ДӘРІГЕРЛЕР ТОБЫН ШАҚЫРУ.

Алғашқыкөмектің негізгі шаралары:

Slide 4

АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК ЕРЕЖЕЛЕРІ

Алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде екі негізгі ережені сақтау керек. Бұл оқиға орнын тексеру, жәбірленушіні тексеру, жедел жәрдем шақыру және жәбірленушіні қайта тексеру. Алғашқы медициналық көмек әдетте оқиға орын алғаннан кейінгі алғашқы сәттерде жасалады.

Slide 5

Жәбірленушіні тексеру. Тыныс алу және жүрек-қантамыр жүйесінің жай-күйін тексеру керек. Егер науқас ес-түссіз жатса, оның тірі екеніне көз жеткізу қажет. Ол тыныс алған кезде кеуде тұсы қозғалады. Сондықтан алақанды науқастың кеуде тұсына қойып, оның қозғалысын бақылау қажет. Егер ол тыныс алмай жатса, оны қолдан дем алдыру керек.

Оқиға орнын тексеру. Жәбірленушінің, айналадағы адамдардың өміріне не қауіп төндіруі мүмкін екенін тексеру керек. Мысалы, ашық жатқан электр сымдары, қирандылардың құлауы, түтін немесе терең су сынды факторлар. Егер сіздің өміріңізге қауіп төнуі мүмкін болса, онда жедел жәрдем шақырып, көмек көрсетуді мамандарға қалдыру керек. Зардап шеккен адамды сабырға шақыруға тырысыңыз.

Slide 6

Жарақаттар - бұл адам ұлпалары мен органдарының зақымдануы, сыртқы себептердің аяқ-қолдың сынуы мен буынның шығуынан, жұмсақ ұлпаның жаралануы мен дененің сыдырылуынан, органдардың зақымдануынан және көптеген басқа жәйттардың әсерінен ұлпалары мен органдары тұтастығы мен қызметінің бұзылуы.

Slide 7

механикалық;

техникалық;

психикалық (қорқыныш) ;

химиялық;

спецификалық (рентген сәулесі, радиоактивті сәулелер, электр тоғы) ;

Жарақат түрлері:

Slide 8

Механикалық жарақаттар ашық және жабық болуы мүмкін.

Жабық зақымдану - бұл тері жамылғылары мен кілегейлі қабықтар тұтастығы бұзылмайтын зақымдану түрлері. Бұған терінің сыдырылуы, сіңірдің созылуы, жұмсақ ұлпалардың ажырауы (бұлшық еттің, жүйкенің, сіңірдің), буын мен сүйектің зақымдануы жатады (буынның таюы, сүйектің сынуы) .

Ашық зақымдану - бұл органдар ұлпаларының зақымдалуы, артынша тері жамылғылардың кілегейлі қабықтардың тұтастығы бұзылады (жарақаттар, сүйектің ашық сынуы) .

Slide 9

ТЫНЫС АЛУ ЖОЛДАРЫНДАҒЫ НЕМЕСЕ ӨҢЕШТЕГІ БӨГДЕ ЗАТТАР

Slide 10

ЖАСАНДЫ ТЫНЫС АЛУ

Өкпені жасанды желдендіру (ӨЖЖ) - адамның өкпесінің табиғи желдетілуін қалпына келтіру үшін, оның тыныс жолдарына ауаны (немесе оттегіні) жіберу. Бұл әрекет қарапайым реанимациялық шара болып есептеледі.

ӨЖЖ-ні қажет ететін қалыпты ахуал:

- автомобиль апаты;

- судағы оқиға;

- тоқ соғу және басқа.

Қазіргі кезде медицинада ӨЖЖ-нің әртүрлі тәсілдері бар. Маман емес адамның алғашқы көмек көрсетуі кезінде ең тиімдісі «ауыздан-ауызға» және «ауыздан- мұрынға» жасанды тыныс беру тәсілі.

Егер зардап шегушіні қараған кезде табиғи тыныс алуы сезілмесе, дереу өкпені жасанды желдендіру өткізілуі керек.

Slide 11

«Ауыздан-ауызға» жасанды тыныс беру:

Үстіңгі тыныс жолдарының өтімділігін қамтамасыз етіңіз. Зардап шегуші адамның басын жанына қарай бұрып, ауыз қуысын шырыштан, қаннан және басқа бөгде заттардан саусағыңызбен еппен тазалаңыз. Зардап шегушінің мұрын қуысын тексеріңіз; қажет болғанда тазалаңыз.

Зардап шегушінің мойынын бір қолмен демеп, басын шалқайтыңыз.

Slide 12

Жүректі жанамалай уқалап, сылаудың әдісі:

- Зардап шегушінің жанына тізе бүгіп тұрып, оның жағасының түймелерін ағыт, оны тегіс қатты жерге шалқасынан жатқыз. - семсер тәріздес талшықты саусағыңмен сипала; - қолдың екі саусағын мойынға қарай бағыттап қой;

- қолдарды созып денеңнің салмағын қажетті нүктеге тіктеп түсір, күш созылған қолдар арқылы берілетін болсын.

- мойынға қарай бағыттап оның қасына алақаныңды бас.

- келесі қолыңның алақанын, қойылған қолдың үстіне қойғанда, екі қолдың саусақтары да жоғары қарап тұруы тиіс;

Slide 13

Үлкендерге - минутына 60 - 70 -тен кем болмауы тиіс;

Балаларға - үлкендердің бір қолының күші жеткілікті (100 рет) ;

Жас өспірімдердің кеуде клеткасын 4 см-ге дейін (70-80 рет) қысады;

Нәрестелерге - екі саусақтың күші жеткілікті (минутына 100 - 120 рет) .

Қысу тәртіптері:

Slide 14

Егер тыныс алуымен бірге адамның пульсі де жоқ болса, онда жүрекке жанама массаж жасау қажет.

Жанама немесе, мамандардың айтуынша жүректің жабық массажы немесе көкірек қуысының компрессиясы - адамның жүрегі тоқтап қалған кезде қан айналымын демеуге арналған, кеуде мен омыртқа арасында жүрек бұлшықетінің қысылуы. Бұл әрекет қарапайым реанимациялық шараға жатады.

Назар аударыңыз! Жүректің жабық массажын адамның пульсі болған кезде жасауға тыйым салынады.

ЖҮРЕККЕ ЖАНАМА МАССАЖ ЖАСАУ

Slide 15

Зардап шегушіні тегіс қатты жерге жатқызыңыз. Төсекте және басқа жұмсақ жерде көкірек қуысының компрессиясын жасауға болмайды.

Зардап шегушінің семсер тәрізді шеміршегінің орналасуын анықтаңыз. Семсер тәрізді шеміршек - көкіректің ең қысқа және тар, төменгі бөлігі.

Семсер тәрізді шеміршектің жоғарысынан 2-3 сантиметр өлшеп алыңыз - бұл компрессияның нүктесі.

Алақанның негізін компрессияның нүктесіне қойыңыз. Әрі реанимация жасайтын адамның қалай тұрғанына байланысты, бас бармақ зардап шегушінің иегін немесе ішін көрсетіп тұруы керек. Бір қолдың үстіне екінші алақынды қойыңыз. Тек алақанның негізімен ғана басуды жүргізеді - Сіздің саусақтарыңыз зардап шегушінің төсіне тимеуі керек.

Төс сүйегін қаттырақ, жайлап, тек тіктеп, өзіңіздің салмағыңызбен ырғақпен басасыз. Жиілігі минутына 100-110 басу. Әрі төс қуысы 3-4 сантиметрге иілуі керек.

ЖҮРЕККЕ ЖАНАМА МАССАЖ ЖАСАУ ТЕХНИКАСЫ

Slide 16

Белгілері:

І дәрежедегі күйік: дене қатты қызарып, домбығады, дуылдап аурады.

ІІІ дәрежедегі күйік: терініңтүсісары- қоңыр (тері жансызданады, некроз), ауруды сезіну үдейді, естен тану белгілері байқалады.

ІІ дәрежедегі күйік: қатты қызарған теріде көлкілдек бүршік пайда болады (сары сұйық жинақталады), ауру жанына қатты бата бастайды.

ІV дәрежедегі күйік: терінің, бұлшық еттің және сүйектің қарайып күюі, ауруды сезіну белгілері үдейді, естен тану белгілері әлдеқашан байқалған.

Тұрмыстық күйіктер

Slide 17

СЕНІҢ ӘРЕКЕТТЕРІҢ:

Кешіктірмей күйік себебін жойыңыз (мысалы жалынды сөндіру) .

Денесінен тұтанған немесе ыстық май, су, химиялық зат сіңген киімді, ол теріге жабысқан жерлерін қалдырып, өзге жерлерін шеш.

Күйген жерді суық судың астында 10-15 мин (ағынды су) ұстаңыз.

Егер дененің зақымдалған үлкен жерінің көлемі үлкен болса, оның үстін суық суға малынған ақжаймамен жабыңыз.

Салқындатқаннан кейін құрғақ таңғыш, дәкі немесе ақжайма қолданыңыз. Егер зардап шегуші есінен айрылмаған болса, оған суық су бер.

Slide 18

Сүйек сынғанда

тыныштық;

зақымдалған дене бөліктерін қозғамау;

салқын ауа;

Барлық сынық кезінде алғашқы көмек бірдей болады және сүйектің тұтастығын қалпына келтіруге, қан кетуді тоқтатуға, жараны антисептикалық өңдеуге, аяқ-қолды иммобилизациялауға бағытталған. Науқасқа көмек көрсету кезінде мыналарды қамтамасыз ету қажет:

Slide 19

Сынық кезінде алғашқы көмек:

1. Зардап шегушінің жағдайының ауырлығын бағалаңыз, сынықтың орнын анықтаңыз.

Қан кетіп тұрса, оны тоқтатыңыз.

ТЖ мамандары келгенше зардап шегушіні басқа жерге қозғаудың мүмкіндігі бар-жоғын анықтаңыз.

Омыртқасына зақым келген жағдайда, зардап шегушіні қозғамаңыз және оның орнын ауыстырмаңыз!


Ұқсас жұмыстар
Жасанды тыныс алдыру
Тыныс жеткіліксіздігі
Жүрек - өкпе реанимациясының әдістері
ЗАРДАП ШЕГУШІНІ ЖАНТАЛАС НЕМЕСЕ КЛИНИКАЫҚ ӨЛІМ ЖАҒДАЙЫНДА АЛЫП ШЫҚҚЛАН
Жасанды тыныс алу тәсілдері
Клиникалық өлім
Жүрек астындағы бүкіл денеде қан айналымын кем дегенде
Өкпенің тіршілік сыйымдылығы
Электр тоғынан қорғану қауіпсіздігі
ҚҰЛАҚТАҒЫ БӨГДЕ ЗАТТАР
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz