Монополиялық қызмет түсінігі, түрлері



Кәсіпкерлік қатынастарды монополияға қарсы реттеу.

Жоспары:
1. Монополиялық қызмет түсінігі, түрлері
2. Антимонополиялық органның өкілеттіктері.
3. Жосықсыз бәсекелестік түсінігі мен нысандары.

Монополиялық қызмет дегеніміз, заң актілеріне қайшы келетін, бәсекелестікті шектеуге, болдырмауға бағытталған, тұтынушылардың заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін, рынок субъектілері мен мемлекеттік органдар тарапынан жасалатын әрекеттер.
Монополиялық қызметпен айналысуға субъектінің рыноктағы үстем жағдайы ықпал етуі мүмкін. Үстем жағдай дегеніміз, рыноктағы бәсекелестіктің дамуына, басқа субъектілердің рынокқа енуіне кедергі келтіретін, тауар рыногындағы субъектінің ерекше жағдайы.

Монополиялық қызмет мынадай нысандарда болады:
-монополиялық жоғары (төмен) баға белгілеу;
-бағаны жоғарылату, тауар тапшылығын қалыптастыру мақсаттарында
-тауарды айналымнан алып тастау;
-басқа субъектілердің рынокқа енуіне кедергі келтіру;
-баға белгілеу тәртібін бұзу;
-сұранысқа ие тауарлардың өндірісін негізсіз шектеу немесе тоқтату.

-антимонополиялық қызметке байланысты жалпыға міндетті актілер қабылдау;
-антимонополиялық заңдардың сақталуын тексеру;
-антимонополиялық және тұтынушылардың құқықтарына байланысты актілер бұзылған жағдайда сотқа талап-арыз беру;
-монополиялық құқық бұзушылық жасаған рынок субъектілеріне, лауазымды тұлғаларға айыппұл салу;
қылмыстық іс қозғау мақсатында құқық қорғау органдарына материалдар жіберу;
Монополиялық қызметпен күрес жалпы алғанда барлық мемлекеттік органдардың құзіретіне кіреді. Бұл салада 19. 01. 2001ж. қабылданған «Бәсекелестік және монополиялық қызметті шектеу туралы» ҚР Заңы жұмыс істейді. Монополиялық қызметті болдырмау, онымен күресу арнайы құрылған антимонополиялық органның міндеті. Антимонополиялық орган мынадай өкілеттіктерге ие:

Жосықсыз бәсеке ұғымына жеке, заңды тұлғалардың, мемлекеттік органдардың кәсіпкерлік қызметте бәсекені шектеу арқылы артықшылықтар алуға бағытталған барлық әрекеттер жатады. Бұл мәселеге байланысты қатынастарды 9. 06. 1998ж. қабылданған «Жосықсыз бәсеке туралы» ҚР Заңы реттейді.
Мемлекеттік органдарға жосықсыз бәсекені қалыптастыратын, жекелеген субъектілерге артықшылықтар беретін немесе мүмкіндіктерін шектейтін актілер қабылдауға тыйым салынады. Заңның 5 бабында жосықсыз бәсекенің түрлері көрсетілген:

-кәсіпкердің тауарлық белгісін, фирмалық атауын заңсыз пайдаланып, тұтынушыларды өндіруші жөнінде жаңылыстыру;
-тауардың сыртқы пішінін қолдану арқылы бәсекелес тұлғаның өнімін көшіру;
-бәсекелестің өнімінің сапасы, тұтынушылық қасиеттері т. б. жөнінде жалған ақпарат тарату;
1
2
3

-бәсекелестің өнімін салыстыру арқылы кемсіту,
-тауардың сапасын, қасиеттерін жарнамалық ақпаратта бұрмалап көрсету;
-коммерциялық, өндірістік құпияны рұқсатсыз жариялау т. б.
4
5
6

Осы әрекеттерді жасау және оларға көмектесу үшін рынок субъектілері, мемлекеттік қызметшілер айыппұл төлейді. Сонымен қатар олар заң бұзушылықты тоқтатуға, келтірілген шығындарды өтеуге, заңсыз кірістерді бюджетке аударуға міндетті болады.
Арнайы белгіленген мемлекеттік орган жосықсыз бәсеке әрекеттерін анықтау, міндетті тапсырмалар беру, құқық қорғау органдарына қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шешуге қажет құжаттарды беру, әкімшілік жауапкершілік қолдану сияқты әрекеттерді жүзеге асырады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz