Кәсіпкерлік қызмет саласындағы міндеттемелік қатынастар: негіздері, лизинг және факторинг


Slide 1

Кәсіпкерлік қызмет саласындағы міндеттемелер

Slide 2

Жоспары:

1. Кәсіпкерлік қызмет саласындағы міндеттемелік қатынастардың негізі және ерекшеліктері.

2. Лизинг шарты.

3. Ақшалай талапты беріп қаржыландыру (факторинг) .

Slide 3

Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру барысында көптеген азаматтық-құқықтық міндеттемелер жасалып жүзеге асады. Кәсіпкерлер өндірістік қызметті жүзеге асыру барысында өзара міндеттемелік қатынастарға түседі. Ондай міндеттемелік қатынастарды реттеуде азаматтық, кәсіпкерлік заңнамамен қатар іскерлік айналым дәстүрлері де қолданылады.

Slide 4

Кәсіпкерлік қызмет саласындағы міндеттемелік қатынастардың пайда болуы шартпен тығыз байланысты. Шарт дегеніміз, екі немесе одан да көп тұлғалардың арасында жасалатын, азаматтық құқықтар мен міндеттерді қалыптастыруға, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған келісім.

Slide 5

Кәсіпкерлік қызмет саласында кәсіпкер мен тұтынушы арасындағы міндеттемелік қатынастар ҚР Азаматтық заңнамасындағы жария шарттарға арналған ережелерге бағынады. Жария шарттың бірнеше белгісі бар:

- шарттың бір тарапында міндетті түрде тұтынушыларға тауар сатумен, қызмет көрсетумен айналысатын кәсіпорын болады;

- шарттың пәні кәсіпорынның тауар сатуға, қызмет көрсетуге байланысты жоғарыда аталған әрекеттері;

Slide 6

Лизинг шарты бойынша лизинг беруші лизинг алушы белгілеген сатушыдан мүлікті меншікке алып, лизинг алушыға уақытша кәсіпкерлік мақсатта пайдалануға беруге міндеттенеді.

Slide 7

Лизинг беру қызметін жүзеге асыратын банктер мен жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын басқа ұйымдар ҚР Ұлттық Банкінен лицензия алуы тиіс. Басқа тұлғалар лизингті лицензиясыз жүзеге асырады.

Лизингтің нысандары:

- ішкі лизинг - шарттың тараптары түгелдей ҚР резиденттері болады;

- халықаралық лизинг - лизинг алушы немесе лизинг беруші ҚР резиденті емес.

Slide 8

Лизингтің түрлері:

- қайтармалы лизинг - сатушы затты лизинг берушіге сатады және өзі ол затты қайтадан лизинг алушы ретінде жалға алады;

- банк лизингі - бұл жерде лизинг беруші банк болады;

- толық лизинг - бұл жағдайда затты техникалық жабдықтауды, ағымдағы жөндеу жұмыстарын лизинг беруші орындайды;

- таза лизинг - бұл жағдайда затты техникалық жабдықтауды, ағымдағы жөндеу жұмыстарын лизинг алушы орындайды;

Slide 9

Ақшалай талапты беріп қаржыландыру шарты (факторинг) бойынша бір тарап (қаржы агенті) екінші тараптың (клиент) билігіне ақша береді немесе беруге міндеттенеді, ал клиент өзіндегі үшінші тұлғаға деген талап ету құқығын қаржы агентіне береді немесе беруге міндеттенеді.

Slide 10

Шарттағы негізгі қатынастар қаржы агенті мен клиент арасында қалыптасады. Қаржы агенті болуға банктер немесе лицензиясы бар басқа коммерциялық ұйымдар құқылы. Шарттың пәні қаржы агентіне берілетін ақшалай талап. Талап ақшалай болмаса, факторинг шартының ережелерімен реттелмейді.

Факторинг пәнінің екі түрі бар:

- орындалу уақыты орнаған ақшалай талап. Ол қаржы агентіне шарт жасалған кезде ауысады;

- болашақта пайда болатын ақшалай талап. Ол қаржы агентіне талап ету құқығы пайда болған кезде ауысады;


Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру: қаржылық орта, көздер, несиелеу, лизинг және факторинг
Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру: кәсіпорын қаржылық ортасы, қаржыландыру көздері және қаржылық құралдар (несие, лизинг, факторинг)
Лизинг пен факторинг: тарихы, артықшылықтары және негізгі айырмашылықтары
Кәсіпкерлік қызмет саласындағы заңдық жауапкершіліктің ұғымы, түрлері мен ерекшеліктері
Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру: кәсіпорынның қаржылық ресурстары, жоспарлау және лизинг операциялары
Азаматтық құқықтың субъектілері және коммерциялық емес қызмет саласындағы қаржылық қатынастар
Құрылыс саласындағы кәсіпкерлік: ұғымы, түрлері, негізгі қатысушылар және Қазақстандағы заңнамалық негіздері
Лизинг негіздері: анықтама, қатысушылар, түрлері және артықшылықтары мен кемшіліктері
Туризм саласындағы кәсіпкерлік субъектілері мен объектілері
Міндеттемелік құқық: орындалу негіздері, тараптар, үшінші жақ пен орындалу тәртібі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz