ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ РЕФЛЕКСИЯ
Презентация қосу
Сабақтағы
кері байланыс
⃝ Қазіргі қоғамымызда белгілі бір жетістіктерге қол жеткізу үшін алған
білімнің сапалы да жүйелі болғаны дұрыс. Сондықтан білім беруші
мұғалімге де, білім алушы оқушыға да ізденіс пен шығармашлықта
жұмыстану талап етіледі. Мұғалімдер үнемі даму үстінде болып, өз
идеяларын оқытудың барысында жаңашылдықпен жетілдіріп отырғаны
дұрыс. Ал, жаңашылдықтың артуына байланысты рефлексияның
педагогикадағы алатын орнының мәні артып отыр.
РЕФЛЕКСИЯ
⃝ Рефлексия - адамды, білімді дамытудың шарттарының бірі.
Соңдықтан бұл қазіргі кездегі білім саласындағы көкейтесті мәселелер
қатарына жатады. Рефлексияның мәні – адамның өзінің білімін,
білімінің негізін, оларды меңгерудің жолдарын анықтау.
⃝ Рефлексивтік іс-әрекет оқушыға өзіндік талдау кезінде ғана
байқалатын өзіндік жеке дара ерекшеліктерін тануына мүмкіндік
туғызады. Білімді саналы түрде өзіндік қорыту, яғни рефлексия
нәтижесінде ғана жүзеге асады. Рефлексия нәтижесі дегеніміз –
міндеттерді шешу тәсілдерін түсіну. Рефлексияның қай түрі болмасын
мақсатпен тікелей байланысты.
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ РЕФЛЕКСИЯ
⃝ Шығармашылық рефлексия – жекетұлғалық құндылық сапаларын
қалыптастыруда және өзіндік даму бағытын айқындауда, оқушының
жеке тұлғасын қалыптастыруға бағытталған шығармашылық іс-
әрекетте ішкі жан дүниесі ресурстары арқылы ой қорытуы.
⃝ Көрнекті ғалымдар Ш.А.Амонашвили, В.И. Загвязинский т.б.
педагогикалық рефлексияны жаңаша ойлау стиліне жатқызады. В.А.
Кан-Калик, А.В.Мурдик, т.б. маманның педагогикалық әрекетке
дайындығының құрамына даралық, шығармашылық, авторлық
ізденістер мен қатар жетілген педагогикалық рефлексияны да
жатқызады.
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКАДА
ҚОЛДАНУҒА БОЛАТЫН МЫСАЛДАР
⃝Педагогикалық практикада қолдануға болатын мысалдар келтіре
кетсек: бастауыш сынып оқушылары өзі жасаған әрекеттеріне
ауызша баға беру, суреттер салу түрінде, ал орта және жоғарғы
сынып оқушылары сабақтарда кестелер, диаграммалар,
сауалнамалар толтыру, эссе жазу сияқты рефлексифті жұмыс
түрлерімен айналыса алады.
Рефлексияның тиімділігін атап
көрсетер болсақ,
ОҚУШЫ ҮШІН:
- Рефлексия – оқушыны өз – өзіне есеп беруге баулиды;
- Рефлексия арқылы оқушының қажеттілігін біле аламыз;
- Рефлексия арқылы оқушының өзіндік көзқарасы қалыптасады
- Рефлексия арқылы білім беру барысының сапасын жақсартуға
болады
- Рефлексияның нәтижесінде сыни көзқарас қалыптасады
- Өз – өзіне баға бере алады
- Білім алуға деген қызығушылық жоғарылайды;
Мұғалім үшін:
- Ақпаратпен күнделікті жұмыс;
- Шығармашылыққа деген ынта-жігері ;
- Әрбір оқушының пікіріне құлақ түру;
- Пәндік білім сапасының артуы;
- Өзіндік сынның қалыптасуы;
- Сыни ойлауға жтелеу;
РЕФЛЕКСИЯНЫҢ ТӨМЕНДЕГІДЕЙ ТҮРЛЕРІ БАР:
1 -оқу материалының мазмұнының
рефлексиясы
2 -көңіл-күй және эмоционалдық жағдайдың
рефлексиясы
3 - іс-әрекет рефлексиясы
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӘРЕКЕТІ
• Оқушылардың әрекеті - зерттеушілік әрекет болу үшін мұғалім нақты
мақсаттар қоя білуі керек, ал ашып айтатын болсам, оқушыларға
ғылыми зерттеудің әдістерін, формаларын, принциптерін, нені ашу
керектігін, қандай әдіс арқылы, қандай нәтиже алу керектігін үйренуге
жетелеу. Танымдық әрекет шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл -
ой әрекеті. Танымдылығы мықты балада өзіндік мақсат, нәтиже
болады. Яғни, қазіргі заманғы сындарлы оқытудың талабы оқушы
бойында «мен» болуы. Оқушының адами әлеуетінің өсуі. Өзін - өзі
немесе «Менін» көрсетудің бір жолы - оқу екендігі және оның басты
мақсат екендігін Маслоудың пікірінен аңғаруға болады. «Мен»
тұжырымдамасы төңірегінде Маслоу мен Роджерс өздерінше түсінік
берді.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz