Жоспар Тоқсандық жиынтық бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру


Slide 1

Тоқсандық жиынтық бағалау

Slide 2

Жоспар

Тоқсандық жиынтық бағалаудың үдерісі

Тоқсандық жиынтық бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру

Тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерін талдау

Тоқсандық жиынтық бағалау қорытындысын модерациялау

Slide 3

Тоқсандық жиынтық бағалаудың үдерісі

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мазмұнындағы білім, дағды және түсінуге қатысты дәлелдеулерді ұсынады, тоқсандағы оқу барысының ілгерілеуін өлшейді. Тоқсандық жиынтық бағалау тоқсан соңында өткізіледі. Тоқсандық баға қою кезінде есепке алынатын балдар қойылады.

Тоқсандық жиынтық бағалауда бақылау-тексеру жұмыстарын әр түрлі өткізу қарастырылады. Жиынтық бағалау жұмыстарын құрастыру кезінде ойлау дағдыларының деңгейлерін, жетістігін көрсетуін, ойлау деңгейлерінің талдау, жинақтау және бағалау сияқты жоғарғы сатыларымен қоса әр түрлі тапсырмалардан тұруын есепке алу қажет.

Slide 4

Тоқсандық жиынтық бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру

Тоқсандық жиынтық бағалауды жоспарлау мен ұйымдастыру жұмыстары оқу бағдарламалары мен оқу жоспарларына сәйкес жүргізіледі.

Әдістемелік бірлестіктер жасаған оқу жылына арналған жиынтық бағалаудың жоспарында тоқсандық жиынтық бағалаудың рәсімдері көрсетілуі қажет. Тоқсандық жиынтық бағалаудың кестесі мұғалімдерге, білім алушыларға, олардың ата-аналарына таныстырылады.

Slide 5

Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы мазмұнын, құрылымын анықтайтын келесі ақпараттардан тұрады:

• пән бойынша күтілетін нәтижелер;

• пән бойынша ойлау дағдылары деңгейлерінің сипаты;

• ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды тоқсандарға бөлу;

• тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу ережесі;

• тоқсандық жиынтық бағалауға шолу;

• тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы;

• тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының үлгілері;

• тапсырмалардың балл қоюкестелері.

Slide 6

Тоқсандық жиынтық бағалау өткізілетін кабинеттерді мұғалімдер алдын ала дайындайды. Айналасы білім алушыларға таныс болуы, күнделікті сабақ өтіп жүрген кабинеттері болуы ұсынылады. Кабинеттерді дайындау кезінде келесілерді ескеру қажет:

Көшіріп алудың алдын алу үшін білім алушылардың отыратын орнын ойластыру қажет.

Білім алушыларда сұрақ немесе мәселе туындаған жағдайда парталардың арасы мұғалім мен бақылаушының еркін жүріп тұруына мүмкіндік беретіндей орналасуы тиіс.

Негізгі нұсқаулық пен уақыт жазылып тұратын болғандықтан тақта білім алушылардың алдында болғаны дұрыс.

Slide 7

Тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерін талдау

Тоқсандық жиынтық бағалау тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясына сәйкес құрастырылады. Жиынтық жұмыс тапсырмаларына сәйкес балдар қойылатын балл қоюкестесі құрастырылады.

Мұғалім әр жауапқа қойылған балдардың, нәтижелердің дұрыс жазылғанына көз жеткізуі тиіс.

Slide 8

Тоқсандық жиынтық бағалау қорытындысын модерациялау

Модерация кезінде іріктелген жиынтық жұмыстарда көрсетілген білім алушының аты-жөнін жұмысты қарастырған кезде нақты бір білім алушыға қатысты болмауы үшін жасырып қою ұсынылады.

Осылайша, төмендегідей жағдайларды анықтауға болады:

дұрыс жауапесептелмеген, сол сияқты балл қою кестесінде де көрсетілмеген;

жауап синонимдес басқа сөзбен берілген, ал ол жауап балл қоюкестесінде көрсетілмеген;

балл қою кестесінде қателіктер жіберілген;

жалпы балл саны дұрыс есептелмеген жəне т. б.


Ұқсас жұмыстар
Ұзақ мерзімді жоспар
Жаңартылған білім беру бағдаралмасы
Қалыптастырушы бағалау Жиынтық бағалау
Тоқсандық жиынтық бағалау
Сабақ тақырыптары
БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ
ТОҚСАНДЫҚ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫН ҚҰРАСТЫРУ АЛГОРИТМІ
Критериалды бағалау (қалыптастырушы бағалау, жиынтық бағалау)
Сабақ жоспарлау
Тәжірибелік дағдылар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz