Эстетикалық сезім



Адам өмірінің эстетикалық өлшемі. Эстетикалық тәрбие.
Орындаған:Тұраш Н, Мұхтар А.
Қабылдаған:Қуандыкова Э. Ж.

Адам өмірінде әсемдіктің, сұлулықтың, жалпы эстетиканың орны өте ерекше. Біз күнделікті өмірде әрбір істеген ісімізді, жүріс-тұрысымызды, сырт-келбетімізді, өмір сүретін әлемімізді тек қана әсем, сұлу қалыпта көргіміз келеді. Әрқашан сұлулыққа, әсемдікке мән беру біздің ішкі жан дүниеміздің тыныштықта, үйлесімде болуына тікелей әсер етеді

Әсемдік адам өмірінің сәні болып қана табылмай ол оның мәні десек те қателеспейміз. Өйткені еңбек адамды адам еткен болса, сұлулық адам бойын қуаныш әсем сезімге бөлейді, сол еңбекке деген талпынысты, құштарлықты оятады, сұлу қимылдар мен әсем де әдемі қылықтарды әдеттерді қалыптастырады.

Әсемдік - материалдық және рухани дүниенің адамды ләззатқа бөлейтін сипаты. Эстетикалық ұғым ретіндегі әсемдік әдемілікпен тектес. Бірақ әдемілік объектілердің сыртқы ішкі қырларын бірдей қамтыса, әсемдік құбылыстардың сыртқы көзге түсетін және пішіндік ерекшеліктерін эстетикалық тұрғыдан қабылдауға жатады.

Сұлулық
Сұлулық - көзіміз бен жан-жүйемізді жаулаған, рухымызда қуаныш пен келісім сезімдерін оятқан, содан жалғасып ары қарай ішкі дүниемізде әсемдікке айналып үлгерген және бізге суреттеп беруге оңайға соқпаған ең қызық дәуренді, балғын балауса сәттерді туғызып отырған мән, мағына, мазмұн және сурет сынды эстетикалық негіздер, не болмаса, осы негіздердің бір бөлігін тамашалатқан ішкі әлеует.

Maybe you need to plan your month
Эстетика - адамның дүниені эстетикалық тұрғыдан ұғынып-түсіну заңдылықтары туралы, әсемдік заңдарын арқау еткен шығармашылықтың мәнісі мен формалары туралы ғылым. Эстетика ғылым ретінде осыдан 5 мың жыл бұрын - Мысырда, Вавилонда, Үндістанда және Қытайда дүниеге келіп, Ежелгі Грекия мен Римде кеңінен дамыған.

Демокрит, Аристотель, Эпикур, т. б. өз еңбектерінде сұлулықтың объективті негізі - шындық өмірдің заттық қасиеттерінде, байланыстарында, қатынастарында, заңдылықтарында деп білді. Эстетика ұғымын ғылыми қолданысқа XVIII ғ. орта шенінде неміс философы Александр Баумгартен енгізді. Ол эстетиканы грек тіліндегі «айстетикос» сөзінен құрастырып шықты. Этимологиялық тұрғыдан алғанда «айстетикос» - сезім, сезіммен қабылданатын деген мағынаға ие.

Этимологиялық түбір әлі күнге дейін «анестезия» сөзінде кездеседі. Эстетикалық тәжірибе адам баласына өте ерте замандардан тән болды, оның алғашқы көрінісі архаикалық адамның протоэстетикалық практикасынан көрінеді. Яғни олардың өз тұрмысын әрлендіру үшін жасаған, қазіргі кезде біз өнер саласына жатқызатын феномендер оның алғашқы көрінісі болып табылады. Кейінірек эстетикалық тәжірибе мен эстетикалық сана өнерде, күнделікті өмірде тығыз байланыста көрініс береді.

Ертедегі Үндістанда, Қытайда, Грекияда мазмұнында эстетикалық мәселелер теориялық деңгейде көтерілген өнер туралы трактаттар мен философиялық мәтіндер пайда болды. Ғарыштың (космостың) хаостан пайда болу тұжырымдамасы («космос» сөзі ежелгі грек тілінде ғарыштан басқа «әшекей», «сұлулық», «тәртіп» деген мағыналарға ие), әсемдікті, үйлесімдікті, тәртіпті, ритмді, өнердегі ұқсастықты санадан өткізуге және сипаттауға ұмтылыс шын мәнінде эстетикалық сананың алғашқы рефлексиясы, эстетиканың ғылым ретінде пайда болуының алғашқы қадамы болып табылады. Яғни, эстетиканың ғылым ретіндегі қалыптасуы өз бастауын осы ежелгі дүниедегі идеялардан алады әрі қазіргі эстетиканың терминологиялық базасын ежелгі грек тілінің сөздері құрайды.

01
02
03
Сократқа дейінгілер сұлулықты әлемнің сапасы деп таныды. Сократ тарихтағы ең алғашқылардың бірі болып «Әсемдіктің табиғаты мен мәні қандай?» деген сұраққа толық жауап беруге тырысады. Ол тек «не көркем?» деген сұраққа ғана емес, бірақ «көркем не нәрсе бар?» деген сұраққа да жауап тапқысы келді. Сократ алғаш рет әсемдік түсінігін аралас ұғымдармен салыстыру арқылы анықтауға тырысты.
Эстетикалық тұрғыдан ұғынып-түсінудің субъективті жағы - ішкі сезімдерді, талғамдарды, бағалауды, күйзелісті, идеяларды, мұраттарды эстетиканы объективті өмірлік процестер мен қатынастарды көрсете бейнелеудің өзіндік формасы ретінде қарастырады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz