Атау теориясы мен сөзжасам: номинацияның табиғаты және семантикалық үшбұрыш

Көптілді білім беру факультеті
Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасы
Тіл дамуы әлем бейнесін танып-біліп, олардың әр түрлі белгісі мен қасиеті, сапасы мен саны, қимылы мен әрекеті, амалы мен сипатына атау беруі арқылы орындалады. Заттар мен құбылыстардың белгілеріне атау, есім беру халық танымымен, ой-санасының өсуімен, ұлттық психология мен менталитетіне байланысты анықталады. Болмыстағы кез-келген зат не құбылыс ұғым тілдік таңба арқылы таңбаланып, өзінің сөздік бейнесін жасайды. Бұл таңбаланған бейне сөзжасамдық процесс арқылы жасалып, атау ретінде танылады.
Back to Agenda
Back to Agenda
Болмыс
Ұғым
Есім
Адам қоршаған ортаны танып-біліп, алған білігін, таныған ұғымын сөзбен таңбалайды, атау туғызады.
Атау мен сөзжасам теориясы бір-бірімен ТЫҒЫЗ байланысты. Сөз жасаудың негізгі мәселесі жаңа атау туғызу болса, атаудың тууы табиғаттағы заттар мен құбылыстардың адам санасында бейнеленген "мүсіннің" таңбалануы арқылы анықталады.
Сөз шындық өмірдегі болмыстың адам санасында бейнеленген тілдік таңбасы, осы таңбанын тілде белгілі заңдылыққа бағынып, қалыптасқан тәсілдер арқылы жасалуын сөзжасам саласы зерттейді.
Пайдаланылған әдебиет: